Файл: Бастауыш сыныпта жаа дістсілдерді пайдалану арылы оушыны абілетін арттыру Асылмурат Дария.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 56
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Бастауыш сыныпта жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы оқушының қабілетін арттыру»
Асылмурат Дария
Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі,
Ақсу қаласы
Бастауыш мектеп-оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім — үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс.
Бастауыш мектеп балаға білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу,қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Оқушыларға білім жүйесін терең әрі тиянақты беру үшін оқыту әдісін жетілдіру-әр ұстаздың жеке міндеті. Оқушылардың сабақтағы қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастырудың жолдары сан алуан.Біздің міндетіміз – оқушыларға білім беруде жаңа технологиялар мен жаңаша оқыту әдістерін тиімді қолдану, білім сапасын көтеру, жан-жақты дамыту.
Жаңа технологиялар баланы тек үйретуші ғана емес өзіндік ой-пікірі бар, жан-жақты дамыған дара тұлға дәрежесіне дейін тәрбиелеуді мұрат тұтады.
Түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі. Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.
Оқушыларды ізденіске баулып өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.Олардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.
Бастауыш сынып оқушылары жаны жаңалыққа құмар, барлығын игеріп, білгілері келіп тұрады. Сондықтан да жаңа технологияларды бастауыш сыныпқа пайдаланудың маңызы зор.
Бүгінде бастауыш мектептерде жиі қолданылып жүрген технологиялардың бірі «Сын тұрғысынан оқу мен жазуды дамыту» технологиясы. Сонымен қатар». Ойын арқылы оқыту»технологиясын бастауыш сынып мұғалімдері жиі пайдаланады, себебі бастауыш сынып оқушыларын оқуға тек ойынмен ғана қызықтыруға болады. Ойын ойды қозғайды.Ойын – баланың интеллектуалдық ой-өрісін тереңдей түсуіне, шығармашылықпен ойлауына алып келеді, білім сапасын арттырады.Мысалы сабақ барысында оқушылардың білімін шыңдау үшін
ӘУЕ ШАРЫ
Қалыптастырылатын дағдылар:
-
басқалармен жұмыс; -
ойлану, шешім қабылдау, мәселені шешу; -
ақпаратты басқару.
Жалпы сипаттама
Бұл
әдісті жоспарлау құралы ретінде пайдалануға болады. Ол оқушыларда проблемаларды салыстырып, оның салдарын болжау, белгілі бір іс-шараны жоспарлап, ұйымдастыруда құрылымдық тәсілді қолдану дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сыныпты жоспарлау
Оқушылар тақтаның немесе қабырғаның жанында, болмаса топтар үстел басында жұмыс істей алады.
Ж ұмыс алгоритмі
-
Оқушыларға әуе шарының суреті беріледі. -
Оқушыларға белгілі бір тақырып бойынша бірқатар құрылымдық сұрақтар беріледі:
-
Әуе шарында кім болуы керек? Оқушылар бұл мәселе бойынша басты кейіпкерлердің есімдерін жазады: шарды әуеге көтеріп, оны басқару үшін онда болуға тиіс адамдар. -
Жоба табысты болуы үшін оларда не болуы керек? Оқушылар жобаның табысты болуы үшін қажетті деп санайтын барлық нәрселерді шарға жазады. -
Оны не кідіртеді? Зәкірдің жанына оқушылар жобаның табысты басталуына кедергі жасайтын факторларды жазады. -
Оған қатты жылдамдықпен ұшуға не көмектесе алады? Оқушылар әуе шарына тікелей қатысы жоқ, алайда жобаның алға жылжуына септігін тигізетін жұмысқа қабілеттілік, ынта және креативтілік сияқты факторларды белгілейді. -
Шарды бағытынан не шатастыра алады? Оқушылар шардың екі жағына жобаны орындау барысында туындауы мүмкін проблемаларды жазады.
Тапсырманы аяқтағаннан кейін оқушылар жоспарлау үдерісін одан әрі жақсарту мақсатында өздерінің шарларын салыстыра алады.
Идеяларды одан әрі зерделеу үшін «Бес сұрақ
» сияқты қосымша тәсілдерді пайдалануға болады.
ПАЗЛ
Қалыптастырылатын дағдылар:
-
ойлау, шешім қабылдау, проблеманы шешу; -
бірлескен жұмыс.
Жалпы сипаттама
Бұл әдіс жаңа топтар үшін «мұзжарғыш» ретінде, командалық тапсырма, ақпарат жинақтау құралы ретінде, белгілі бір тақырыпқа кіріспе немесе алдағы жоспарлау, шешім қабылдау немесе егжей-тегжейлі пікірталас жүргізуге түрткі болатын, жетелейтін алғашқы қадам ретінде қолданылуы мүмкін. Ол сабақтың қызықты өтуіне ықпал етіп, балалардың оқуға деген ынтасын арттыруға көмектеседі. Осы әдіске ұқсас тапсырма қажет болса,
«Ойтамыздықты» қарауға болады.
Сыныпты жоспарлау
Оқушылар пазлдың келесі бөлігін табу үшін кабинеттің ішінде еркін жүрулері керек.
Сондай-ақ алдын ала бөлінген топ өз пазлдарын партада жинастыра алады.
Жұмыс алгоритмі
-
Мұғалім үстіне жазылған тапсырмасы бар пазлды алдын ала жасайды. Оны А4 форматты қағазда/жұқа картонда жасап, содан кейін кесуге болады немесе арнайы бағдарлама пайдаланылады. -
Оқушыларға пазл бөліктері таратылады. -
Оқушылар өз пазлының бөлігі бар басқа оқушыны табу үшін бөлме ішінде жүреді. Пазлдар, мысалы, әртүрлі түске боялуы мүмкін. -
Оқушылар өздерінің кездейсоқ топтарын тапқаннан кейін, олар командада жұмыс істеп, пазлды құрастырады және тапсырманы орындайды. -
Ж арыс элементін қосу мақсатында мұғалім регламент орната алады. -
Тапсырма орындалғаннан кейін жауап алу жүргізіледі. -
Бұл тапсырмадан кейін қосымша тапсырма ретінде «Идея іздеушіні» өткізуге болады.
Жаңа әдіс-тәсілдерді жүзеге асыру, тиімділігіне қарай пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсат - мүддесіне байланысты,өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады.
Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа әдіс-тәсілдердің айтарлықтай ықпал жасайтыны сөзсіз және бұл қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт.
Оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады:
1. Балаларға белгілі тақырыпта әңгіме оқып, оқушыларға басқаша аяқтауға кілт боларлық сюжет ұсыну;
2. Әңгіменің, ертегінің сюжетін бастап беру, аяқтауды оқушыларға тапсыру;
3. Ертегіні ұжым болып тыңдау;
4. Ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру;
5. Қиялдау арқылы сурет салғызу, рөлмен ойнату;
6. Арнайы тақырыпта пікірталас тудыру. Сондықтан да болар қазіргі кезде біздің ұстаздар да осы жаңа әдіс-тәсіл элементтерін өздерінің тәжірибелерінде пайдаланып жүр.
Енді бірнеше бастауыш сынып оқушыларының негізгі пәндеріне арналған әдіс – тәсілдер мен ойындарға тоқталайын.
1. «Ыстық орындық » әдісі. Берілген тапсырмаларға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі орындық ыстық.
2. «Автор орындығы » Оқушының өзі жазған шығарма, эссесін оқытқанда отырғызып оқытуға болады. Бұл әдістер үй тапсырмасын сұрауда, өткен сабақты бекітуге тиімді.
3. «Бинго» ойыны. Лотоға түскен сандарға байланысты сұрақтар беру. Әртүрлі сұрақтар қойылады. Алдымен оқушыларға жауап бергізіп, соңынан дайын жауапты ашып салыстыру « әдіс алмасу »
4. Интербелсенді әдіс – тәсілдер
Сұхбат алушы Жауап беруші
Үнтаспаны жазушы А сұрақ қояды, В жауап береді, С сұрақ жауаптарды жазып, анализ, талдау жасайды. Әрбір интервьюден кейін, рөлдер ауысып отырады.
5. Ғажайып алаңы. Барабанды айналдырғанда бір санға келіп тоқтайды. Сандардың астындағы сұрақтар немесе тапсырмаларға, есептерге жауап бер
6. Ойымды аяқта. Қазақ тілі пәнінде ертегі не мәтін аяқталмай беріледі. Оны оқушы өз ойы бойынша аяқтайды.
7. «Кемпірқосақ ойыны». 1 минут ішінде түстері әртүрлі бес затты ретімен тез айтып шығуға тапсырма беріледі.Мыс: қарбыз (қызыл), лимон (сары), аспан (көк), жапырақ (жасыл), топырақ (қоңыр) кімде кім түске сәйкес заттың атын таппаса ойыннан шығады.
8. «Алма ағашы».әдісі оқушыларға екі түсті алма беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін барлық тапсырманы
жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл күйім жоқ дегенді білдіреді.
9. «Бір сөзбен » әдісі. Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады.
Төзімділік, ашу, қуаныш, немқұрайлылық, қанағаттану,шабыт, зерігу, алаңдау, тыныштық, сенімділік, сенімсіздік, рақаттану.
Сыныбымдағы әр оқушының пән бойынша ізденімпаздық деңгейлері анықтаймын. Сонымен қатар пәнге қабілеттілігі, қызығушылығы анықталады. Шығармашылық әр оқушының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін, танымдық іс-әрекеттері мен дағдыларының дәрежесін көрсетіп береді. Шығармашылық жұмыстарды тәжірибемде мынадай тәртіппен орындаймын: мақсаты жұмыс барысы, алынған нәтижелері бойынша өзіндік ұстауы, сондай-ақ оқушылардың пікірлері енгізіледі, таңдаулы жұмыстардың авторларына қорғау қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі жүргіземін, жұмыс мектеп көрмесіне қойылады немесе шығармашылық жұмыс жинақта жарияланады т.б. Оқушылар өздері таңдаған шығармашылық жұмыстарды ықыласпен тындайды. Кейбір оқушылар жыл бойына әр түрлі пәннен 10-15 шғармашылық жұмыс орындағанын тәжірибемде кездесті. Шығармашылық ай қорытындысы бойынша ғылыми жұмысқа қабілетті оқушылар іріктеліп, белгілі бір тақырып бойынша ғылыми жұмыстар беріледі.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін көтеруді мұғалім алдына мақсат етіп қояды. Мұғалім оқушы күйіне кіріп, олардың тақырыпқа қатынас әрекетін ойлайды, өтілетін сабақтың проблемасына қажет жағдайда жоспарланған сабақ мазмұны мен оқыту әдістеріне түзетулер енгізеді.Сабақ тақырыбы бойынша мұғалім оқулықтар, кітаптар, әдістемелік кітаптар, басқа да материалдармен танысады. Мұғалім өзіне, оқушыларға мықты болатын мәселелерді іздестіреді. Осы мәселелер жөнінде көптеген материалдарды қарастырып, мамандардың пікірлерін ескере отырып, табу қажет.