Файл: абанбай батыр ауылы 41 ом аылшын тілі пніні малімі Шахантаева Жанна Радиевнаны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 27

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қабанбай батыр ауылы №41 ОМ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Шахантаева Жанна Радиевнаның

үйде оқитын 7 «а» сынып оқушысы Алпысбаев Қуанышпен жасалған жұмыстары бойынша

Есебі
7«а» сыныбында оқитын оқушы Алпысбаев Қуаныш жартыжылдық қорытындысы бойынша «5» (үздік) деген бағамен бағаланды. Қуаныш өте ұқыпты, оқуға деген талабы жоғары оқушы. Берілген тапсырмаларды бұлжытпай орындайды, мұғалімнің келуін асыға күтіп отырады. Оқушы жалпыға ортақ бағдарламамен оқуға қиынсынбайды. Баланың физикалық және қол моторикасының дамуында біраз кемшіліктер байқалады. Қуаныштың зейіні тұрақты, қимыл-қозғалысы баяу болғанымен материалды қабылдау жылдамдығы жақсы деңгейде, тез шаршайды, бірақ сабаққа ынтасы жоғары.Сабақ барысында, Қуаныштың қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі көрнекіліктер, карточкалар, жұмыс парақшаларын қолдануға тырысамын. Өзі жайлы қысқаша мәліметті қиналмай бере алады. Тез шаршатпау мақсатында денсаулық ерекшеліктеріне сәйкес сергіту сәттерін орындатамын. Нәтижесі жақсы болды, оқушы үлкен қызығушылықпен берілген тапсырмаларды орындайды. Әсіресе, Қуаныш аударуға арналған тапсырмаларды ұнатады, үлкен қызығушылықпен орындайды. Қуанышты оқытудағы кездесетін қиыншылықтар деп оның тез шаршап қалуы, ағылшын тіліндегі дыбыстарды дыбыстаудағы тілдік кедергілер, қимыл-қозғалыс моторикасының жеткілікті деңгейде дамымағандығы. Қуаныштың физиологиялық тұрғыдан кейбір мүмкіндіктері шектеулі болғанымен, интеллектуалдық жағынан өзінің мектепте оқитын сыныптастарынан кем түспейді десем артық емес. Сондықтан, болашақта Қуаныш үлкен жетістіктерге жетеді деген зор сенімдемін.