Файл: Пн оытушысы туралы млімет Абасова Гаухар Бегалиевна.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 359
Скачиваний: 4
Ф-ОБ-012/060
| Құзыреттер (Қ) | Білім беру бағдарламасының оқыту нәтижелері (ББ ОН): |
| Р1. Пациенттікүту | ОН 1- клиникалық диагнозды тұжырымдауға, емдеу жоспарын тағайындауға және медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде дәлелді практика негізінде оның тиімділігін бағалауға қабілетті |
| P2. Коммуникация және коллаборация | ОН - пациент үшін үздік нәтижелерге қол жеткізу мақсатында пациентпен, оның ортасымен, денсаулық сақтау мамандарымен тиімді өзара іс-қимыл жасай алады |
| Р3. Қауіпсіздік пен сапа | ОН3- медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді бағалауға және неғұрлым тиімді әдістерді пайдалануға қабілетті |
| Р5. Зерттеулер | ОН 5- адекватты зерттеу мәселелерін тұжырымдауға, кәсіби әдебиетті сыни бағалауға, өзінің күнделікті қызметінде Халықаралық деректер базасын тиімді пайдалануға, зерттеу командасының жұмысына қатысуға қабілетті |
Пәннің оқыту нәтижелері:
| Қ | ББ ОН | Пәннің оқыту нәтижелері (ПОН) |
| Р1. | ОН 1 | ПОН 1- Стационардағы неврогиядағы теоретикалық негіздерді меңгергенін көрсетеді. ПОН 2- Жүйке жүйесі ауруына шалдыққан науқасты зерттеу әдістерін меңгереді. ПОН 3-. Топикалық, ажыратпалы және клиникалық диагнозды қою әдісін игергенін көрсетеді. ПОН 4- Жүйке жүйесі ауруларындағы жедел патологиялық жағдайларды диагностикалауды және дәрігерлік көмекті көрсете алады. |
| P2. | ОН 2 | ПОН 5-пациент үшін үздік нәтижелерге қол жеткізу мақсатында пациентпен, оның ортасымен, денсаулық сақтау мамандарымен тиімді өзара іс-қимыл жасай алады ПОН 6- науқастармен жұмыс жасаған кезде әртүрлі жағдайда коммуникативті дағдыларды меңгергендігін көрсете алады. |
| Р3. | ОН3 | ПОН 7- медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді бағалауға және неғұрлым тиімді әдістерді пайдалануға қабілеттін көрсете алады. ПОН 8-Неврологияда қолданылатын диагноздаушы зерттеулер (Эхоэнцефалография, электроэнцефалография, электронейромиография, ультрадыбысты допплерография, магнитті-резонансты томография, компьютерлік томография, электрокардиография, эхокардиография) жүргізуге көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері, тиімділігі, қауіпсіздігі және қатерін бағалай біледі және алдын алуға қабілеттілігін көрсетеді |
| Р5. | ОН 5 | ПОН 9-Неврологиялық аурулардың және шекаралық күйлердің этиологиясы, патогенезі, клиникалық симптомдары, жіктелуі, ажырата диагноздалуы, емделуі және алдын алуы жайындағы қазіргі заманғы көзқарастарды қалыптастырады. ПОН 10- адекватты зерттеу мәселелерін тұжырымдауға, кәсіби әдебиетті сыни бағалауға, өзінің күнделікті қызметінде Халықаралық деректер базасын тиімді пайдалануға, зерттеу командасының жұмысына қатысуға қабілеттілігін көрсете алады |
Ішкі аурулар, балалар аурулары, неврология негіздері, психиатрия және наркология, клиникалық фармакология, коммуникативті дағдылар, дәлелді медицина негіздері
Постреквизиттер: Неврология, ересектер, балалар
1.8 Пәннің саясаты және шаралары:
1. Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-і медицина кластерінің 2015-2016 оқу жылындағы «Медициналық білім беру саласындағы педагогикалық стратегия» талаптарына сәйкес резиденттің білімін бағалау формативті (электронды журналға енгізілмейтін) және суммативті (қорытынды сабақ, аралық бақылау, емтихан) түрде жүргізіледі.
2. Университеттің оқу үдерісін ұйымдастыру және емтихан регламентінің 7 бабына сәйкес резиденттердің сабаққа қатысуы міндетті. Резиденттің сабаққа келмеген күндері, әрбір семестр бойынша жеке есептегенде жалпы оқу бағдарламасындағы сағат мөлшерінің 10% аспауы тиіс. Денсаулығы бойынша сабаққа келмеген күндері осы пайыздық шектеу ішіне кірмейді. Денсаулығы туралы анықтамасы университет клиникасына үш күнде тіркеліп, сабаққа деканаттан өтеуге рұқсат қағазымен келуі тиіс. Себепті жіберген сабақтарын блокқа дейін өтеуі қажет. Резидент сабаққа қатыспаған кезде өтілген тақырыптарды және пән оқытушысы тарапынан берілген тапсырмаларды өз бетінше орындауы қажет. Сабаққа келмеген резиденттер үшін өтілген сабақ қайталанбайды.
3. Резидент семестр соңындағы немесе оқу жылы соңындағы емтиханға кіруі үшін, денсаулығына байланысты сабақтан қалған күндерін есептемегенде, пән бойынша аудиториялық сабақтардың ең кемі 90%-на қатысуы қажет. Сабақтарға қатыспауына немесе өтпелі балл жинай алмауына байланысты емтиханға жіберілмейтіні туралы, сессия басталмас бұрын пән оқытушысы тарапынан резидентке хабарланады. Сессия басталмас бұрын кафедра меңгерушісінің ұсынысы негізінде ол резидент деканат тарапынан емтиханға жіберілмейді.
4. Кафедра жұмысы мемлекеттік білім стандартына сай терең теориялық және практикалық дайындықтан өткен, мамандандырылған білім, іскерлік және дағдыларды меңгерген мамандарды дайындау. Қазіргі заманға сай ғылым белестерін меңгерген халықтық және жалпы адамдық қасиеттерге ие тұлғаны дамыту.
2. Бағдарлама
2.1 Кіріспе
Стационардағы неврология пәні болашақ невролог дәрігерлерге-резиденттерге неврология мамандығының негізін, жүйке жүйесінің анатомиясы мен физиологиясын, неврологиялық патологиялардың келіп шығуын, неврологиялық науқастарды тексеру әдістерін үйретеді. Стационардағы неврология пәнінде резиденттер негізгі неврологиялық аурулардын этиологиясы, патогенезі , клиникасы және диагностикасын, емдеу және реабилитация негіздерін үйренеді.
2.2. Пәннің мақсаты:Стационардағы невропатология курсының негізгі мақсаты стационардағы невропатологияның теоретикалық негіздермен резиденттерді үйрету, жүйке жүйесі ауруымен неврологиялық ауруларды зерттеу әдістерін, неврологиялық диагнозды қоюға және емдеу тактикасын өндіру болып табылады. 2.3. Оқыту міндеттері:1. Стационардағы невропатологиядағы теоретикалық негіздерді меңгеру. 2. Жүйке жүйесі ауруына шалдыққан науқасты зерттеу әдістерін меңгеру.3. Топикалық және клиникалық диагнозды қою әдісін игеру. 4. Жүйке жүйесі ауруларындағы жедел патологиялық жағдайларды диагностикалауды және дәрігерлік көмекті көрсетуді меңгеру. Неврологиялық стационар қызметкерлерінің құрылымы және есептік-есеп беру құжаттамаларды білу. Жүйке жүйесінің анатомиялық-функционалды ерекшеліктері. Неврологиялық аурулардың пропедевтикасы: неврологиялық статус, жүйке жүйесінің зақымдану синдромдары мен сиптомдарының әдістемесін бағалау. Жүйке жүйесі ауруларының топикалық диагноздалуы. Неврологияда зерттеудің зертханалық және аспаптық әдістері. Неврологиялық бұзылуларды емдеудегі және диагноздаудағы нейровизуализация әдістері. Неврологиялық аурулардың және шекаралық күйлердің этиологиясы, патогенезі, клиникалық симптомдары, жіктелуі, ажырата диагноздалуы, емделуі және алдын алуы жайындағы қазіргі заманғы көзқарастар. Аурулары және басқа ағзалар мен жүйелердің зақымданулары (инфекциялық, аутоиммундық, метаболизмдік, онкологиялық аурулар, жүрек-қантамыр, эндокринді және басқа жүйелер және мүшелер) кезіндегі жүйке жүйесінің әртүрлі құрылымдық зақымданулары. Неврологиялық бұзылыстарды хирургиялық емдеуге көрсетулер. Госпиталдық неврологиядағы диагноздау кезеңіндегі шұғыл жағдайларОқытушының жетекшілігімен жұмыс жасау:
-
Таңертеңгілік дәрігерлік, ғылыми-тәжірибелік, патанатомиялық конференцияларға, ана және перинатальдық патологиялардың клиникалық талдауларына қатысу; -
Факультативті проблемалық дәрістер; -
Семинарлық сабақтар; -
Тақырыптық және клиникалық талдаулар; -
Клиникалық шолулар, консилиумдар; -
Аурухананың неврология бөлімшелерінде, қабылдау бөлімшесінде жұмыс жасау (науқастарға курация жасау, бағдарламада қарастырылған диагностикалық және емдік процедураларды орындау, медициналық құжаттарды рәсімдеу); -
Диагностикалық бөлмелерде және бөлімшелерде жұмыс жасау (УДЗ, ЭКГ,
лаборатория, рентген бөлмесі, егу бөлмесі т.б.) -
Жетекші бақылауында тәжірибелік машықтарды және дағдыларды жетілдіру; -
Интерндер курация жасаған науқастардың ауру тарихтарын экспертті бағалау; -
Жетекші бақылауында медициналық құжаттарды рәсімдеу; -
Ауруханада кезекшілікте тұру, таңертеңгілік дәрігерлік конференцияда есеп беру (айына 4 реттен кем емес);
Дәрігер-резиденттің сабақ кезіндегі өзіндік дәрігерлік жұмысы:
-
Арнайы бөлмелерде жұмыс жасау (рентген-бөлмесі, КТ, ЭКГ, УДЗ т.б.). -
Науқасты клиникалық талдауға, бөлім меңгерушісінің, кафедра меңгерушісінің, профессордың немесе доценттің қарауына дайындау; -
Дәрігерлік конференцияға тақырыптық хабарламаларды дайындау; -
Медициналық құжаттарды рәсімдеу; -
Ғылыми-зерттеу жұмыстары, кафедраның ғылыми үйірмесіне қатысу; -
Ғылыми конференцияларда баяндама жасау; -
Ппроф.қарауларына және диспансеризациясына қатысу; -
Неврологтар Ассоциациясы жұмыстарына, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, симпозиумдарға қатысу; -
Дәрігерге міндетті көлемде санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу.
-
1-2 семинар, -
1-2 тақырыптық немесе клиникалық талдаулар, -
1 ғылыми-тәжірибелік конференция, -
1 ауру тарихын экспертті бағалау бойынша сабақ;
-
Резиденттің өзіндік жұмысының жоспары: индивидуальды тапсырмаларды орындау, клиника бөлімдеріндегі жұмыс, кезекшілік, консилиумдарға, ауыр науқастардың консультациясына қатысу, ғылыми және практикалық, патолого-анатомиялық конференцияларға қатысу