Файл: 4тосанны жиынты баалау спецификациясы 4тосанны жиынты баалауына шолу Жиынты баалауды ткізілу уаыты.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 19
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
4-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
4-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты - 40 минут
Балл саны - 25
Тапсырмалар түрлері:
КТБ- Көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ- Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ -Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді.
Нұсқа: 18 тапсырмадан тұрады: соның ішінде бірнеше жауап нұсқаларынан тұратын сұрақтар, қысқаша жауапты қажет ететін сұрақтар, толық жауапты қажет ететін тапсырмалар берілген.
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім | Тексерілетін мақсат | Ойлау дағдыларының деңгейі | Тапсырма саны* | № тапсырма* | Тапсырма түрі | Орындау уақыты, мин* | Балл* | Бөлім бойынша балл |
Бейоргани- калық қосылыстар- дың негізгі кластары. Генетикалық байланыс | 8.3.4.7 Оксидтердің жіктелуін және қасиет-терін білу, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру | Қолдану | 1 | 4 | ҚЖ | 2 | 1 | 10 |
8.3.4.8 Қышқылдардың жіктелуін, қасиеттерін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру | Қолдану | 2 | 5,7 | ҚЖ | 3 | 3 | ||
8.3.4.9 Негіздердің жіктелуі мен қасиеттерін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру | Қолдану | 1 | 6 | ҚЖ | 3 | 2 | ||
8.3.4.12 Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланысты зерттеу | Жоғары деңгей дағдылары | 1 | 10 | ТЖ | 8 | 4 | ||
Көміртек және оның қосылыстары | 8.4.3.1 Көміртек неліктен көптеген қосылыстарында төрт байланыс түзетінін түсіндіру; | Қолдану | 1 | 8 | ТЖ | 3 | 1 | 8 |
8.4.3.3 Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерінің құрылысын және қасиеттерін салыстыру; | Білу және түсіну | 1 | 1 | КТБ/ ҚЖ | 3 | 3 | ||
8.4.3.6 Көміртек жанған кезде көміртек диоксиді мен көміртек монооксидінің түзілу жағдайларын сипаттау және тірі ағзаларға иіс газының физиологиялық әсерін түсіндіру; | Қолдану | 1 | 3 | КТБ | 2 | 2 | ||
8.4.3.7 Көмірқышқыл газын ала алу, оны анықтау және қасиеттерін зерттеу; | Қолдану | 2 | 2,11 | КТБ/ ТЖ | 5 | 2 | ||
Су | 8.4.2.8 Судың ластануының қауіптілігі мен себебін анықтау, суды тазарту әдістерін түсіндіру; | Қолдану | 1 | 12 | ҚЖ | 3 | 2 | 7 |
8.4.2.9 Судың «кермектігін» анықтау және оны жою тәсілдерін түсіндіру; | Қолдану | 1 | 9,13,14 | КТБ/ ТЖ | 8 | 5 | ||
Барлығы | | | | | | | | 25 |
Химия пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары. 8-сынып.
1.Көміртегінің аллотропиялық түрөзгерістері мен олардың қасиеттерін сәйкестендіріңіз
1.Алмаз | | А)Электр тогы мен жылуды нашар өткізеді,түссіз,кристалл зат |
2.Графит | В)Жартылай өткізгіштік қасиеті бар,қара түсті ұсақ кристалды ұнтақ | |
3.Карбин | С)Электр тогы мен жылуды жақсы өткізеді,қара сұр түсті кристалды зат |
[3]
2. Лабораторияда көмірқышқыл газын алу және оны анықтау реакция теңдеулерін көрсетіңіз
А) CH4 + 2O2 = CO2 +2H2O
В) CO2 + H2O = H2CO3
С) MgCO3 + 2HCl = MgCl2 + CO2 + H2O
Д) Ca(OH)2 + CO2 = CaCO3 + H2O
Е) 2CO + O2 =2CO2
F) 2NaOH + CO2 = Na2CO3 + H2O
G) CaCO3 + 2HCl = CaCl2 + CO2 + H2O
H) 2KOH + CO2 = K2CO3 + H2O [1]
3. Көміртек қосылыстарын қасиеттерімен сәйкестендіріңіз.
1. Көміртек диоксиді | А. Түссіз,иіссіз,улы газ |
В. Оттек жеткіліксіз болған жағдайда түзіледі | |
2.Көміртек монооксиді | С.Түссіз,иіссіз,суда еріп,қышқыл түзетін газ |
Д.Оттектің артық мөлшерімен әрекеттескенде түзіледі |
[2]
4. Негіздік, қышқылдық, амфотерлі оксид орналасқан қатарды табыңыз.
A) ZnO, Na2O, SO3
B) K2O, Al2O3, P2O5
C) Na2O, SO2, ZnO
D) Al2O3, MgO, CaO [1]
5. Кестені толтырыңыз.
Қышқыл | Сутек атомдарының санына қарай | Құрамына қарай |
HCl | | |
H2SO4 | | |
6. а) Амфотерлі негізге бір мысал келтіріңіз.
б) Осы негіздің тұз қышқылымен реакция теңдеуін жазып,теңестіріңіз____________________________________________________________________
7. Судың кермектігін жою суды жұмсарту деп те аталады.Уақытша кермектілікті жою әдістерін көрсетіңіз.
А) Ca(HCO3)2 + 2HCl = CaCl2 + H2O + CO2
В) Ca(HCO3)2 + Na2CO3 = CaCO3 + 2NaНCO3
С) MgSO4 + К2CO3 = MgCO3 + К2SO4
Д) CaCO3 + H2SO4 = CaSO4 + H2O + CO2
Е) Ca(HCO3)2 = CaCO3 + H2O + CO2 [1]
8. Төменде фосфордың қосылыстары келтірілген.Фосфордың генетикалық қатарын құрастырыңыз, реакция теңдеулерін жазып, теңестіріңіз.
1.P2O5 2.Na3PO4 3. P 4. H3PO4 [4]
9. Көмірқышқыл газын тексеру жолдарын анықтаңыз.
-
көмірқышқыл газын әк суы арқылы өткізгенде әк суы лайланады -
шала жанған шыраны көмірқышқыл газына апарғанда лапылдап жанады -
жанып тұрған шыраны көмірқышқыл газына апарғанда шыра сөніп қалады -
жанып тұрған шыраны көмірқышқыл газына апарғанда "ПАХ!!!" деген дыбыс шығарып, жанады
-
тек 1, 3 -
тек 2, 4 -
1, 3, 4 -
2, 3, 4
[1]
10. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша жер бетіндегі сырқаттардың 80% -ы су сапасының нашарлығынан және судың санитарлық талаптарға сәйкес келмеуінен туындаған.
а) судың ластану себебін түсіндіріңіз:__________________________________________________
б) суды тазартудың қандай әдістерін білесіз: __________________________________________ [2]
11.Табиғи шипалы сулардың құрамы әр түрлі мөлшердегі еріген тұздардың болуымен сипатталады. Кейде осы тұздар тұрмыста қолданылатын ауыз суының құрамында да кездеседі. Бұл тұздардың судың сапасын төмендетіп, пайдалануға жарамсыз ететін жағдайлар да жиі кездеседі. Оның себебі кермектілікті тудыратын Ca2+және Mg2+ иондарының мөлшерден тыс көп болуынан. Мұны, біз күнделікті өмірде үйде пайдаланатын ыдыстың, ал өнеркәсіпте бу қазандықтарының ішінде қақ тұруынан байқаймыз.
а) Бұл кермектіліктің қандай түріне жатады?
[1]
б) Ыдыстың немесе бу қазандықтарында қақтың пайда болуын түсіндіріңіз.
[1]
12. Кермек суда сабын көбіктенбей іріп кетеді. Сондықтан судың кермектілігін жою үшін оны қайнатады. Кей кездері кермектілік қайнатқаннан кейін де жойылмайды. Бұл кермектіліктің түріне байланысты.
а) Қайнатқаннан кейін де кермектіліктің жойылмауы кермектіліктің қандай түріне жатады? Осы кермектіліктің құрамына кіретін анионның бірінің
формуласын жазыңыз.
[1]
б) Бұл кермектілікті жоюдың бір әдісін ұсыныңыз.
[1]
Балл қою кестесі
№ | Жауап | Балл | Қосымша ақпарат |
1 | 1-А,2-С,3-В | 3 | |
2 | D, G | 1 | |
3 | 1-С,Д 2-А,В | 2 | |
4 | С | 1 | |
5 | HCl-бірнегізді,оттексіз қышқыл, H2SO4 – екінегізді,оттекті қышқыл | 2 | |
6 | Zn(OH)2 Zn(OH)2+ 2HCl = ZnCl2 + 2H2O | 2 | Be(OH)2 Al(OH)3 кез келген дұрыс жауап қабылданады немесе атауы жазылса да қабылданады |
7 | №2 сынауық | 1 | |
8 | көміртек атомының қозған жағдайдағы электрондық конфигурациясын жазады | 1 | |
9 | В,Е | 1 | |
10 | P - P2O5 - H3PO4 - Na3PO4 4P +5O2 = 2P2O5 P2O5 +3 H2O = 2H3PO4 H3PO4 + 3NaOH = Na3PO4 +3H2O | 4 | басқа кез келген дұрыс жауап қабылданады |
11 | А | 1 | |
12 | мұнай және мұнай өнімдерінің төгілуі құм арқылы сүзу,хлорлау | 2 | басқа кез келген дұрыс жауап қабылданады |
13 | (a) уақытша | 1 | |
(б) су қайнаған кезде оның құрамындағы кальций және магний карбонаттары тұнбаға түседі | 1 | | |
14 | тұрақты, Cl- , SO42- , HSO4- | 1 | кез келген бір анион формуласы жазылса қабылданады |
Әк суы,сода,натрий фосфатымен өңдеу | 1 | кез келген дұрыс жауап қабылданады | |
Барлығы | 25 | |