ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 171
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Психология» пәні бойынша тест сұрақтары
| 1. | Эксперименттік психологияның лаборотория әлемін алғаш рет Лейпциг каласында В. Вундт қай жылы ашты? 2. 1857 |
| 2. | Әлеуметтік психология төмендегі жағдайларды зерттейді: 3. адамдармен қарым-қатынаста және өзара әрекеттесуде пайда болатын құбылыстарды |
| 3. | Қарым-қатынаста өз серіктесімен қалай қабылданатынын адамның түсінуі: 1. Рефлексия; |
| 4. | Экономикалық, әлеуметтік, саяси, идеологиялық және басқада қатынастарды біріктіруге болады:
|
| 5. | Сана дегеніміз? 3. психикалық бейнелеудің жоғарғы деңгейі. |
| 6. | Объективті дүниенің субъективті бейнесі бұл: 3. Психика |
| 7. | Табандылық деген не? 4. Өз әрекеттерін қойылған мақсаттарға бағындыра білу |
| 8. | Мінездің қалыптасуына не әсер етеді? 4. Әлеуметтік орта. |
| 9. | Тек адамға ғана тән психикалық бейнелеудің жоғары формасы: 2. Сана |
| 10. | Интервью келесі әдіс тобына кіреді 3. Ауызша сұрау |
| 11. | Психология ғылымының зерттейтін пәні: 5. Психиканың фактілері, заңдылықтары, механизмдері |
| 12. | Маслоудың қажеттіліктер құрылымындағы ең төменгі деңгейі қалай аталады? 4. физиологиялық қажеттіліктер |
| 13. | Табиғи эксперименттің зерттеу стратегиясын алғаш ұсынған ғалым: 2. А.Ф. Лазурский |
| 14. | Шапшаңдығымен, құбылмалығымен және көпшілдігімен ерекшеленетін ширақ темперамент типі: 2. Холерик |
| 15. | Темперамент -... 3. жүйке жүйесінің тума қасиеттері |
| 16. | Қай темперамент әлсіз типке жатады… 2. меланхолик |
| 17. | Адам әрекетінің динамикалық және эмоциялық жағын сипаттайтын тұлғаның жеке дара - типологиялық ерекшеліктер жиынтығы: 4. темперамент |
| 18. | И.П.Павлов бойынша, нерв жүйесінің күшті, ұстамсыз және қозғалмалы типі… тән: 4. холерикке |
| 19. | Денсаулықтың психологиялық себептері, оны сақтау, нығайту және даму әдістері мен құралдары туралы ғылым: 2. Денсаулық психологиясы |
| 20. | Қандай да бір аурудың немесе ақаудың болмауы ғана емес, толық физикалық, психикалық және әлеуметтік салауаттылық жағдайы: 2. денсаулық |
| 21. | Денсаулық психологиясы – ... 2. денсаулықтың психологиялық себептері, оны сақтау, нығайту және дамыту әдістері мен құралдары туралы ғылым |
| 22. | Өзін-өзі реттеу - ... 3. адамның әр түрлі күшті және сапалы эмоциялардың әсерінен өз іс-әрекеті мен мінез-құлқын басқара алу |
| 23. | «Мен – концепциясы» ұғымы … психология ғылымының негізінде туындаған: 4. гумандық |
| 24. | Жоғары жүйке әрекетінің типтері туралы ілімді жетілдірген: 5. И.П.Павлов |
| 25. | Әркімнің өз ойына, ісіне, қылығына талдау жасап, баға бере алу қабілеті. 3. рефлексия |
| 26. | Адамның эмоцияларды тану, басқа адамдардың және өздерінің ниеттерін, мотивациялары мен тілектерін түсіну дағдылары мен қабілеттерінің жиынтығы, сонымен қатар практикалық мәселелерді шешу үшін өзінің эмоциялары мен басқа адамдардың эмоцияларын басқару қабілеті: 3. эмоционалды интеллект |
| 27. | Адамды іс-әрекетке итермелейтін процесс 3. мотивация |
| 28. | Дэниел Гоулман эмоционалды интеллекттің бес түрлі категориясын сипаттады: 4. өзін-өзі тану, өзін-өзі реттеу, мотивация, эмпатия, әлеуметтік дағдылар |
| 29. | Басқа адамның ішкі көңіл күйін сезіне алу қабілеті: 3. эмпатия |
| 30. | Майер, Саловей және Карузо бойынша эмоционалды интеллект компоненттеріне не кірмейді: 5. Эмоцияларды ұмыту |
| 31. | Алғаш рет әртүрлі темпераменттердің бейнелеріне психологиялық сипаттама берген: 2. Гиппократ |
| 32. | И. П. Павлов бойынша жүйке жүйесінің күшті, тепе-тең және қозғалмалы түрі кімге тән сипат: 1. сангвиник |
| 33. | И. П. Павлов бойынша жүйке жүйесінің күшті, тепе-тең емес түріне сипат кімге тән: 2. холерик |
| 34. | Белсенділігімен, көпшілдігімен және ашықтығымен ерекшеленетін темперамент түрі: 3. сангвиник |
| 35. | Іс-әрекет пен қарым-қатынаста қалыптасып, көрінетін тұлғаның жеке қасиеттері: 4. темперамент |
| 36. | Темпераменттің сангвиниктік типінің өкілінің бойында мінездің қай қасиетін қалыптастыру оңай? 1. көпшілдік |
| 37. | Темпераменттің табиғи негізі: 2. жүйке жүйесінің түрі |
| 38. | Құндылықтар түрлерін көрсетіңіз: 5. материалдық, рухани, жеке, ұжымдық |
| 39. | Психологиялық денсаулықтың төмендеу критерилері – ... 2. еліктегіштік, негізсіз ашу, дұшпандық, пассивті өмірлік ұстаным, жаман әдеттер, қатыгездік және жүрексіздік |
| 40. | Іс-әрекетке итермелеуші күш: 3. мотив |
| 41. | Адамның өмірі барысында қандайда бір затқа мұқтаж болуы: 1. қажеттілік |
| 42. | Мінез-ол: 3. әрбір адамның жеке басына тән психикалық қасиеті |
| 43. | Басқа адамның ішкі көңіл күйін сезіне алу қабілеті: 4. эмпатия |
| 44. | Дыбысты сөйлеуді қажет етпейтін қарым-қатынас түрі: 4. вербальді емес қарым-қатынас |
| 45. | Коммуникация- ол: 3. екі жақты мағлұмат алмасу |
| 46. | Ым-ишара, мимика, дауыс ырғағы … жатады 4. вербальді емес коммуникацияға |
| 47. | Бір немесе бірнеше адамның өзара ақпарат алмасу мақсаты мен бірлескен әрекеттері: 2. қарым-қатынас |
| 48. | «Индивид», «тұлға», «әрекет субъектісі», «даралық» түсініктерінің ішіндегі мазмұнының кеңдігі жағынан қарапайымы: 3. индивид |
| 49. | Жеке адамға қатысты (денелік,биогендік) жиынтық : 5. индивид |
| 50. | Өзін - өзі бақылау түсінігінің синонимі: 2. интроспекция |
| 51. | Жеке тұлға дамуына әсер ететін факторлар: 3. Биологиялық, әлеуметтік, оқыту мен тәрбие. . |
| 52. | Адамның саналы және санадан тыс субъектінің сәйкестену сипаты арқылы өзге адамды түсіну амалы: 2. идентификация |
| 53. | Бақылау, анкета, эксперимент – бұл: 3. зерттеу әдістері |
| 54. | Жануарлар психикасының ерекшелігін қарастыратын психология саласы: 3. Зоопсихология психологиясы. |
| 55. | Оқыту мен тәрбиенің заңдылықтарын зерттейтін психологияның қолданбалы саласы: 3. Педагогикалық психология. |
| 56. | Төмендегі келтірілген пайымдаулардың ішінен тек эксперименталды әдістерге арналған талаптарды тандаңыз: 2. зерттеуші оны қызықтыратын психикалық процесті тудыру жағдайларын ұйымдастырады. |
| 57. | Сыналушыдан нақты, алдын – ала құрастырылған сұрақтарға жауап алу міндетіне негізделген әдіс: 1. тест |
| 58. | Адамның тұлға болып қалыптасуының басты шарты: 5. Әлеуметтік қатынастар |
| 59. | Адам іс-әрекетінің негізгі түрлері 2. Ойын, оқу, еңбек. |
| 60. | Қажеттіліктер пирамидасының авторы 4. Абрахам Маслоу |
| 61. | Психология жан туралы ғылым ретінде: 5. 2000 жылдан астам бұрын. |
| 62. | Бихевиоризмнің негізін салушы: 2. Дж.Уотсон. |
| 63. | Жануарға тән емес сипат: 1. сана |
| 64. | Психиканың онтогенетикалық даму ерекшелігін зерттейтін психология 1. Жас ерекшелік психологиясы. |
| 65. | Психикалық денсаулықтың алдын алудың ең маңызды шарты: 1. Мінез-құлықтың жақсы болуы |
| 66. | Халықаралық денсаулық сақтау ұйымы бойынша «денсаулық» ұғымына берілген анықтама 4. психикалық, физикалық кемістіктердің болмауы, толық физикалық, рухани және әлеуметтік салауаттылық |
| 67. | Денсаулық психологиясы қандай екі ғылымды біріктіретін ғылыми бағыт? 4. Психология және валеология |
| 68. | Өзін-өзі реттеу анықтамаларына жатпайтын нұсқа: 2. индивидтің мінез-құлқы мен іс-әрекетіндегі сыртқы және ішкі өзара әрекеттесу |
| 69. | Психосоматикалық бұзылулардың психологиялық себептері 2. стресс, мазасыздық, депрессия |
| 70. | Қарым-қатынастың вербалды емес жүйесі: 4. Кинесика, паралингвистика, экстралингвистика, проксемика, визуалды қарым-қатынас |
| 71. | Оқушы, әкесінің ұлы, студент, аға болып жүріп, адам сол арқылы әр түрлі ............. орындайды. Бос орынды толтырыңыз:
|
| 72. | Дұрыс жауапты таңдаңыз. Қоғамдық, әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қарастырылатын адам:
|
| 73. | Коммуникатордан шыққан ақпарат екі типті болады: 5.Қоздырушы, тұрақтаушы |
| 74. | Топтық қақтығыстың бұл түрі - адамдар арасындағы қақтығыстар «талаптар мен үміттерден» туындаған кезде пайда болады. 5.Жұбайлық. |
| 75. | Психологиялық конструктивті әсер ету үш критерийге сәйкес келеді (жауап береді) – біріншіден, оған қатысушы адамдардың тұлғасын және олардың қарым-қатынасын бұзбайды; екіншіден, психологиялық тұрғыдан дұрыс (қатесіз, сауатты) және үшіншіден, бұл .... 5.Екі жақтың да қажеттіліктерін қанағаттандырады. |
| 76. | «Коммуникатордың ұстанымы оған қайшы келсе, рецепиент көзқарасы күшейеді» - қандай эффект туралы айтылып тұр:
|
| 77. | Адамның түрлі органикалық қажеттеріне туып отыратын қысқа ситуациялы көңіл күйі:
|
| 78. | Ол адамның мінез-құлқын сапалы түрде меңгеруі, белгілі бір мақсатқа жетуде, іс-әрекетті орындап шығуда қиындықтарды жеңе білуі, сонда жарқырап көрінетін ішкі қуат көзі: 3.Ерік |
| 79. | Субъект үшін маңызды өмірлік жағдайлардың күрт өзгеруіне байланысты және саналы іс-әрекеттегі күрт өзгеріске және айқын қозғалу көріністеріне байланысты күшті және салыстырмалы түрде қысқа мерзімді эмоционалдық жағдай: 2.Аффект |
| 80. | Стресс туралы ілімнің негізін қалаушы ғалым: 4.Г. Селье |
| 81. | Адамның тұлғалық немесе дене бiтiмiне өмiрiнде қауiптiң төнуi кезiнде пайда болатын эмоция:
|
| 82. | Бұл эмоциялық жағдай, ол негізінен өзінің әлсіз немесе орташа күшімен және көп жағдайда тұрақтылығымен ерекшеленеді: 4.Көңіл-күй |
| 83. | Адамның көзқарасымен, адамгершілік мінез-құлық ережелерімен және эстетикалық бағалаулармен анықталатын сезімдер:
|
| 84. | Дүниедегі құбылыстарды қабылдауда адамдардың көңіл-күйі және бұл құбылыстарды қоғамның қалыптасқан ережелерімен салыстыруды айтады: 2.Адамгершілік (моралдық) сезімдер |
| 85. | Қоғамның даму үрдісінде адам моралдық талаптармен ғана емес, сонымен қатар сұлулық ұғымдарын басшылыққа ала отырып, қоршаған дүниенің құбылыстарын қабылдау қабілеттілігіне ие болады: 3.Эстетикалық сезімдер |
| 86. | Адамның ақыл-ой іс-әрекетімен байланысты сезімдер: 4.Интеллектуалды сезімдер |
Адамның қиындықтарын жеңуді талап етіп, мақсатты әрекеттерді жүзеге асыру қабілетінен көрінетін сананың реттегіштік жағы қалай аталады:
4.Ерік-жігер.
| 211. | Эмоцияларды анықтау, позитивті түрде пайдалану, түсіну және басқару қабілеті, стрессті жеңілдету, қиындықтарды жеңу және жанжалды басу қабілеті 5. Эмоционалды интеллект |
| 212. | Айналаңыздағы адамдар сізге үнемі жеткізуге тырысатын белгілерді түсіну қабілеті 1. Әлеуметтік дағдылар |
| 213. | Эмоционалды интеллектіні қалыптастыруға әсер ететін қабілеттер 3. өзін-өзі тану, өзін-өзі бақылау, эмпатия, мотивация, әлеуметтік дағдылар |
| 214. | «Стресс – адам өмірінің ажырамас бөлігі, одан қашып құтылу мүмкін емес» деп айтқан кім? 2. Ганс Селье |
| 215. | Бір дәуірлік мәні бар жетістіктерге арқау болған қабілеттердің ең жоғары деңгейі 1. Данышпандық |
| 216. | Адамның әрқилы іс-әрекеттерге орай көрініс беретін психикалық мүмкіндіктерін анықтаушы тума анатомиялық – физиологиялық және өмір барысында меңгерген реттеу-түзету сапаларының жиынтығы 1. Темперамент |
| 217. | Дұрыс емес пікірді белгілеңіз 2. Стресс ауыр психикалық ауру |
| 218. | Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнататын темперамент типі 3. Флегматик |
| 219. | Тапқырлық, зеректік, құмарлық, әуестік қандай мінез бітістеріне жатады 3. интеллектуалды |
| 220. | Эмоционалды мінез бітістеріне жататындар: 2. қайырымдылық, қызбалық |
| 221. | Т.И. Петракова бойынша табиғи құндылықтарға жататындар: 4. ақыл-ой, сезім, күш-жігер |
| 222. | Абсолютті құндылықтарға жататындар: 2. қиянат жасамау, ақиқат, дұрыс әрекет |
| 223. | Адамгершілікке бағытталған идеалдар .... деп қарастырылады. 3. құндылықтар |
| 224. | Адамның жақсылыққа ұмтылуы, басқаларға жанашырлық білдіруі, айналадағы адамдарға қайырымдылығы, өмірді дұрыс сүру мәселелері жайында ізденуі, өзін-өзі танып, өзін-өзі бағалап, сол арқылы дүниені, әлемді тануын сипаттайтын құндылықтар 2. рухани-адамгершілік |
| 225. | «Мен-концепциясына» берілген анықтамаларының қайсысы шынайы? 4. бұл адамның өзі туралы идеяларының салыстырмалы түрде тұрақты, азды-көпті саналы жүйесі |
| 226. | «Мен-концепциясын» анықтайтын негізгі компонент бұл ... 1. өзінің сөзі 2. өзінің есі 3. өзіндік қабілет???? 4. өзіндік құрметтеу 5. өзіндік еңбек |
| 227. | «Мен-концепциясы» идеясын дамытқандар 2. У.Джеймс, К. Роджерс |
| 228. | «Мен-концепциясы» бойынша - діни, саяси және рухани құндылықтарының ұстанымдары 4. «Рухани Мен» |
| 229. | Адамның басқа адамдар туралы түсінігін белгілі бір түрде қалыптастырып, оларға мінездеме беру қабілеті 2. Арнайы қабілеттер |
| 230. | Бірлескен іс-әрекеттерді үйлестіретін және өздерін бір бүтін ретінде қарастыратын салыстырмалы түрде оқшауланған бірлестік 1. Қарым-қатынас жүйесі 2. Қақтығыс топтары 3. Әлеуметтік топ 4. Деструктивті топ 5. Девиантты топ |
| 231. | Либералды басқару стилі 3. топ өмірінің бір жақты шешім күтетін, жауапкерлі мәселелеріне араласпауды ұстаным еткен басқару түрі |
| 232. | Демократиялы басқару стилі 2. жұмыс бабындағы ынта мен белсенділігіне ыждағатты тану және топ мәселелерін ортақтаса талқылау сипатындағы басқару түрі |
| 233. | Табиғи эксперименттің зерттеу стратегиясын алғаш ұсынған ғалым: 2. А.Ф. Лазурский |
| 234. | Бақылауды ұйымдастырудағы қажетсіз талаптар: 3. зерттеу салаларының көрінісінен арылмайтын арнайы жағдай туғызу |
| 235. | Гуманистік психология теориясының негізін қалаған: 5. К. Роджерс |
| 236. | Психикалық процесті немесе жалпы жеке тұлғаны бағалайтын стандартталған психологиялық сынақ: 3. тестілеу |
| 237. | Психологиялық әдістердің қайсысына бір сыналушыны ұзақ уақыт бойы зерттеу жатады: 1. Лонгитюд |
| 238. | Сана қызметінің тіл әрекетінен негізгі айырмашылығы: 3. болмысты бейнеге келтіруде |
| 239. | Белгілі мақсатпен қойылған сұрақтарға жазбаша жауап алу әдісі: 4. Сауалнама |
| 240. | Әлемдегі ең алғашқы эксперименталды лаборатория өз әрекетін … бастады: 2. 1879 ж. |
| 241. | Материалды және рухани құндылықтар жасауға бағытталған ересектер іс-әрекеті: 5. Еңбек |
| 242. | Психикалық қалыпқа жататындар: 2. Көңіл-күй. |
| 243. | Зерттеудің жоғары нақты нәтижелерін сипаттайтын әдіс: 1. лабораториялық эксперимент |
| 244. | Адамның қоғамдағы іс-әрекетінің мінез-құлық заңдылықтарын зерттейін ғылым: 3. Әлеуметтік психология. |
| 245. | Балалық шақта қоршаған орта шындығын игеруге бағытталған іс-әрекет түрі: 3. Ойын |
| 246. | Мектепке дейінгі кезеңдегі жетекші іс-әрекет: 4. Oйын |
| 247. | Іс-әрекетте және қарым-қатынаста көрінетін дербес адамның жеке даралық ерекшеліктерінің бірлігі: 3. Мінез |
| 248. | Жаттығу процесінде қалыптасатын автоматтандырылған әрекет: 1. Дағды |
| 249. | Психологиялық зерттеулерде қолданылатын қосалқы әдістерге жатпайды: 3. бақылау |
| 250. | Төмендегі келтірілген пайымдаулардың ішінен тек эксперименталды әдістерге арналған талаптарды тандаңыз: 2. зерттеуші оны қызықтыратын психикалық процесті тудыру жағдайларын ұйымдастырады |
| 251. | Экспериментгік психология білімінің негізін салушы: 4. В.Вундт |
| 252. | Шетел психологтарының қайсысы жеке тұлға теориясын жасай отырып, адамның негізгі талабы – «өзін-өзі дамыту» - деді 1. А. Маслоу |
| 253. | Тұлғалардың қызығушылығынан пайда болған топ түрі: 4. Ассоциация |
| 254. | Жеке адамға байланысты «мен» ұғымының мәні: 1. Өз қадірін сезе білу |
| 255. | Мотивацияны психикалық құбылыстардың қандай формасына жатқызуға болады? 1. Жеке адамның дара – психикалық қасиеттері |
| 256. | Эксперименттік әдіске жатпайтын әдіс: 3. Тест |
| 257. | Тұлғалық норманы саналы қабылдайтын және топтың қоғамдық маңызды әрекеттерінің құндылығы, А.В. Петровскийдің айтуы бойынша көрінісі: 5. Ұжымдық |
| 258. | «Психология» терминін ғылымға енгізген: 3. Х. Вольф |
| 259. | Қабылдау, ойлау, эмоциялар, нұсқау, құмарлық, түс көру бұл құрама бөліктері: 1. Сананың |
| 260. | Жанның табиғаты туралы пікірлер айтқан кім? 2. Аристотель |
| 261. | Тест әдісін алғаш қолданған ғалым кім? 2. А.Бине |
| 262. | Тұлғаның өзін-өзі саналы түсінуімен байланысты, өзін-өзі реттеу қасиеттерінің жиынтығы:
|
| 263. | Басқа адамға деген тұрақты жағымды сезімнің қалыптасуына негізделген тану формасы 3. аттракция |
| 264. | Қақтығыс түрлері 3. тұлға-ішілік және әлеуметтік |
| 265. | Субъекті – субъекті мен өзара байланысты процестердің арқасында пайда болған ұйымдардың, қауымдастықтардың символдық бейнесі 5. Корпоративті имидж (ұйым имиджі) |
| 266. | Ақпарат тапшылығы жағдайында қалыптасқан құбылыстың немесе адамның тұрақты, көбінесе жеңілдетілген бейнесі 2. стереотип |
| 267. | Басқа адамды түсіну тәсілі өзін саналы немесе бейсаналық сәйкестендіру арқылы оның ерекшеліктерін танып білу 5. идентификация |
| 268. | Екі (немесе одан да көп) адамның күш-жігерін біріктіре отырып, ортақ нәтижеге қол жеткізу мақсатына бағытталған өзара әрекеті 3. қарым-қатынас |
| 269. | Қарсыластардың немесе өзара әрекеттесу субъектілерінің қарама-қарсы мақсаттарының, мүдделерінің, ұстанымдарының, пікірлерінің немесе көзқарастарының қақтығысы 4. конфликт |
| 270. | Егер екі тараптың арасында келіспеушілік туындаса да, оны екі жаққа да тиімді етіп шешуге болатын қақтығыс түрі 3. перцептивті |
| 271. | «Жүзеге аспаған тілектер конфликтісі» және «Рөлдік конфликт» қақтығыстың қай түріне жатады? 2. тұлға ішілік |
| 272. | Қақтығысты шешу кезінде компромисс сипаты қандай болады? 5. ымыраға келу |
| 273. | Бір жағынан, әлеуметтік ортаға кіру арқылы адамның әлеуметтік тәжірибені игеруін қамтитын екі жақты процесс, екінші жағынан, адамның белсенді қызметі арқылы әлеуметтік байланыстар жүйесін белсенді түрде көбейту процесі - бұл: 3. әлеуметтену |
| 274. | Біреуге зиян келтіруге бағытталған физикалық және ауызша мінез-құлық: 2. агрессия |
| 275. | Қарым-қатынас өзара әрекеттесу ретінде келесі әрекеттердің бірі болып табылады: 4. пікір алмасу |
| 276. | Қарым-қатынасты кеңістіктік және уақыттық ұйымдастыру нормаларымен айналысатын «кеңістіктік психологияның» арнайы саласы: 1. проксемика |
| 277. | «Шағын топтардың» әртүрлі классификациялары бар. Оларға жатпайтындар: 4. көпшілік, аудитория |
| 278. | Конфликттің қай кезеңінде жанжалды шешу мүмкіндігі ең жоғары: 2. бастапқы кезең |
| 279. | «Жанжал» латын тілінен аударғанда: 5. қақтығыс |
| 280. | Психикалық құбылыстар әдетте келесідей бөлінеді: 3. процестер, күйлер, қасиеттер |
| 281. | Эмоциялардың қайсысы белсенділікке ұзақ мотивация береді: 4. қызығушылық |
| 282. | Депрессия сияқты психикалық бұзылыстың негізінде ... эмоциясы жатыр. 3. мұң |
| 283. | Темперамент классификациясын кім жасады? 2. Гиппократ |
| 284. | Психикалық құбылысқа ... жатқыза аламыз: 1. анализатор 2 |
| 285. | Берілген схемалардың қайсысы психологиялық ғылымның дамуының негізгі тарихи кезеңдері туралы түсінік береді: 3. жан - > сана - > мінез-құлық - > психика; |
| 286. | Психикалық күйлер: 4. психикалық процестер (сезімдер, танымдық процестер, ерік; |
| 287. | Достық, мейірімділік, таңдану, қарым-қатынасты ынталандыру, назар аудару, көмек көрсету арқылы көрінетін біреуге немесе бір нәрсеге тұрақты оң көзқарас. 3. Симпатия |
| 288. | Күрделі эмоцияларға қайсысы жатады: 3. аффект |
| 289. | Сезімдер тобына кірмейтін психологиялық құбылыс 4. мінез |
| 290. | Психологиядағы жеке тұлғаның ерікті қасиеттері: 2. кедергілерді жеңуге және ерік-жігерді дамытуға байланысты өмірлік тәжірибе барысында қалыптасқан қасиеттер |
| 291. | А. Маслоудың пікірінше, адамның ең жоғары қажеттілігі қандай? 1. Өзін-өзі тануда |
| 292. | Жануарлар психикасының ерекшеліктерін зерттейтін психология саласы: 5. Зоопсихология |
| 293. | Мақсатқа жету үшін қажетті ерік-жігер дәрежесі - ... 4. Ерік күші |
| 294. | Кейбір мәселелерді шешу туралы жедел хабардар болу немесе кез келген проблеманы күтпеген түрде түсіну және оның шешімін табу: 4. Инсайт |
| 295. | Психологияның дамуының екінші кезеңінде зерттеу пәні болды: 4. сана |
| 296. | Байсалды, баяу, орнықты тип 1. флегматик |
| 297. | Адамның адамды қабылдауы кезінде олардың біреуінің екіншісі үшін тартымдылығының пайда болуы ... болып табылады. 5. аттракция |
| 298. | Психологияның әдіснамалық негізі ... ғылымы 2. Педагогика |
| 299. | Түрлі әдіс-тәсілдерді (қорқыту, «көзге шаң тастау», алдау, мейірімділік таныту) қолдана отырып, басқа адамнан пайда алуға бағытталған қарым-қатынас ... қарым-қатынас болып табылады. 3. манипуляциялық |
| 300. | Мен-тұжырымдама бұл: 2. жеке тұлғаны өзі туралы түсініктер жүйесі |