ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 24
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқамерзімді (сабақ) жоспары
Бөлім: | 2.4 Жинақ және жинақтау |
Педагогтің Т.А.Ә. (болғанжағдайда) | |
Күні: | |
Сынып: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтыңтақырыбы | 2.4.3 Жинақ түрлері |
Сабақтыңмақсаты | Жинақтардың түрлері бір-бірінен қалай ерекшеленетінін түсінеді. Жинақтардың қандай түрлері бар екенін біледі. Жинақтардың әртүрлі түрлері үшін қаржылық тәуекелдерді анықтай алады. Алған білімдерін өмірлік жағдайларда қолданады |
Құндылықтарды дарыту | Өзіне және айналадағыларға құрметпен қарау, пәнге деген қызығушылығын арттыру. |
Сабақтыңбарысы
Сабақтыңкезеңі/ уақыт | Педагогтіңәрекеті | Оқушыныңәрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы | Ой шақыру Суретке қарап не айтамыз Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру | Оқушы өз ойларын ортаға салады. Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді | ҚБ «Мадақтау сэндвичі» | Тақырыптық суреттер сілтемеде суреттер | ||||||
Сабақтың ортасы | Ақшаны тез жинаудың 3 тәсілі
Шығындарды қалай бақылау керек? Әр адамға сай келетін біз ұсынған тізім: Жинақтау қорына тым болмағанда ең төменгі мөлшерді, табысыңыздың 10%-ын, қарастырыңыз. Бұл сомада ақша БІРДЕН тиісті орнына жіберілуі керек. Пәтерақы, телефон, Интернетке кететін шығын. Қаласаңыз да, қаламасаңыз да бұл — төлеуіңіз қажет шығындар. Айлық түскенде, бірден осы қажеттіліктерге ақша бөліп қойыңыз. Ас-ауқатқа жұмсалатын шығын. Бұл да бірден есептелуі қажет. Әр күн сайын тамаққа шығарған шығынды жазып отырыңыз. Мейлінше, пайдалы әрі көлемі тым артық емес тағамдар алуға тырысыңыз. Түскі асты жұмысыңызға үйден алып келсеңіз, тіптен керемет. Себебі шығынның басты көзінің бірі — аста. Үйде дайындалған тамақ әлдеқайда арзан әрі үнемді болады.Киімдерге шығарылатын шығын. Гардеробыңызға қарап, тізім жасауға қысылмаңыз. Сатып алынуы керек қажетті киім, оның орташа бағасы және қанша уақытқа киілетіндігін жазып қойыңыз. Бұл тізім бір жылға жазылуы керек. Тұрмыстық заттарға арналған шығын. Күнделікті сабын, жуатын ұнтақ, тіс пастасы және т.б. — еріксіз қалтаңыздан белгілі сомада ақша бөлуді талап ететін шығын түрі. Оларды да есептеуді естен шығармаңыз. Жол, көлік қозғалысына кететін шығын. Көлікті сақтандыруға, жөндеуге кететін шығындарды алдын ала есептеп, бөліп қойған тиімді. Сондай-ақ бір айға шығатын шығынды жазып қойыңыз. Демалыс пен көңіл көтеруге арналған шығындар. Ақшаны тезірек жинау керек болса да, көңіл көтеруден түбегейлі бас тартпаңыз! Бұл күйзеліске алып келуі мүмкін. Сондай-ақ сіздің ақша жинауға деген мотивацияңызды солдыртып тастауы да ғажап емес. Жеткілікті түрде шығын шығаруға қорықпаңыз. Үш жақты түсіндірме күнделігі
ЕБҚ оқушы (көру және есту қабілеті төмен) сұрақтарға жауапты жазбаша ұсынады. | Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады. Дескриптор: Жинақтардың түрлері бір-бірінен қалай ерекшеленетінін түсінеді. Жинақтардың қандай түрлері бар екенін біледі. Жинақтардың әртүрлі түрлері үшін қаржылық тәуекелдерді анықтай алады. Алған білі өзгерістерін жіктейді | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Мадақтау сэндвичі» ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Өзін-өзі бағалау» | Ақпараттық мәтін Үлестірмелі қағаздар Суреттер Тірек-сызбалар Кесте ҚБ парағы | ||||||
Сабақ тың соңы | Сабақты қорытындылау Егер ақшаны тез жинақтауды қаласаңыз, не нәрсеге қатысты үнемдеу керек екендігін анықтау қажет. Кері байланыс 1.Мен сабақ қызықты, қызықсыз болды деп ойлаймын. 2. Мен сабақта: көп нәрсені, үйрендім, үйренгенім аз болды. 3. Мен басқаларды мұқият зейінсіз тыңдадым. 4. Мен пікірсайыстарға жиі сирек қатыстым. 5.Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын риза емеспін. Үйге тапсырма Жинақ түрлерін біліп келу | Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады | Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды | А4, конспект |