Файл: Трбие жмысыны баыттары бойынша ісшаралар жоспары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 102

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Төрлет Жаңа жыл»

Күні




Класс жетекші:




Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтыңтақырыбы: Эпиграфтар (тақырыпмазмұнынашатын)




Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. 

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларға жаңа жыл мерекесі туралы тереңірек түсінік беру.

Өз ойын жинақтап, толық жеткізуге дағдыландыру

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптықкөрмелерменақпараттықстендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті



Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз. Қазақтар үшін 'Жаңа жыл мерекесін наурыздың 22-сінде, күн мен түн теңелген қасиетті мезгілде басталған. Түрлі тарихи басылымдарда Жаңа жылды әшекейлі шыршамен қарсы алу дәстүрін Ресейде 1700 жылы қаңтардың 1-інде I Петрдің енгізгені, дәл осы жылы Ресейде жаңаша жыл санау басталғаны, I Петрдің өзі басқарған Мәскеудегі мейрамның таңға дейін созылғаны жазылып жүргенімен, бірқатар этнограф-тарихшылар қыпшақтардың шырша мерекесі болғанын, Жаңа жылдың – көшпелілердің де байырғы мейрамы екенін жазады.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.





Компьютер



Сабақ басы (13 мин)


Гвинея

Гвинеяда көшеге піл жетектеп шығады екен. Жұрт осы пілдерді айнала би билеп, ән салатын көрінеді.

Куба

Кубада сағат 12-ні соққан кезде, әркім 12 түйір жүзім жейді екен.

Қазақстан

Қазақстанда жыл басы мерекесі наурыз айында тойланады. Бұл қазіргі күн есебі бойынша наурыздың 22-ші жұлдызына сәйкес келеді. Бұл күні адамдар жұмыс істемейді, сапарға шықпайды ,кір жумайды, ешкімді ренжітпейді. Барлық үйде мерекелік дастарқан жайылады. Бұл күні күн мен түн тенеседі.

Қытай

Қытайда Жаңа жыл мерекесі көшеде барабандар, темір тәрелкелер соғылып, фейерверктер атылып, жаңа жыл салтанатын билеген айдаһарлар шеруі бастайды екен. Дастарқанға туралған нарцис гүлін қою дәстүрге айналған. Жаңа жыл мерекесі он бес күнге созылады. Бұл қаңтардың аяғы мен ақпан айының басына келеді.

Ұлыбритания

Ұлыбритания алғаш ашық хаттарды (открытка) шығарған ел болып есептеледі. Сондықтан да Жаңа жылда осы елдің әр жанұясы таныстарын ашық хат арқылы құттықтағанды ұнатады.

Мұсылман мелкеттері оның ішінде біршама араб мемлекеттерінде жаңа жыл тойланып жатады. Мысалы Египет, Ливан, Сирия, Біріккен Араб Әмірлігі.


Оқушылар әр елдің жаңа жылдары туралы мағұлмат береді



Бейне

материал

 



Соңы


Демек, Жаңа жылды тойлағанда бұл мерекенің де көшпелілер пайымымен байланысты екендігін ескерген жөн. Өкінішке орай, бұл деректер бүкіл халықтың жадының игілігі бола алмай келе жатыр. Қысқасы, сол деректерге ден қойғанда, Жаңа жыл таза көшпелілердің мейрамы екенін мойындауға тура келеді. Бірақ Еуропаға бұл мейрам жерсінді. Бұған Аяз ата, шырша, шырақ жағу деген сияқты Еуропа елдері өздерінің этнографиялық реңктерін беріп, байытты. Содан бүгінгі күні мүлдем танымастай өзгеріп, Еуропалық мейрам болып шыға келді



Комппютер

слайд



Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Қазақстан халықтарының мәдениеті»

Күні




Класс жетекші:




Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтыңтақырыбы: Эпиграфтар (тақырыпмазмұнынашатын)

«Қазақстан халықтарының мәдениеті»

Сабақтың мақсаты:

Көрнекі материалдарды зерделеу негізінде қазақ халқының көшпенділік тұрмысын сипаттау.

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар қазақ халқының мәдениетімен танысады

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптықкөрмелерменақпараттықстендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу ,балалармен «Амандасу» тренингісін өткізу

Оқушыларды топтау. (Сынып 2 топқа бөлінеді).Тақырыпқа байланысты суреттер арқылы, сол суреттер артында топтың аты жазылады

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.

Әрбір топ мүшесін міндетіне сай рөлдер тағайындайды: спикер, Әр топтан көшбасшы сайлау (топ басшысы, дизайнер, бақылаушы, бағалаушы, таймкипер)




Компьютер


Сабақ басы (13 мин)


«Қазақ халқының материалдық мәдениетінің қазыналары»
«Венн диаграммасы»

Қазіргі таңдағы қазақ халқының мәдениетімен салыстыру

Оқушылар постер құрастырады


«ВЕНН ДИАГРАММАСЫ»

толтыру

Маркер

А4 формат

 



Ортасы (20 мин)


Қазақтар – Қазақстан Республикасының негізгі тұрғындары. Қазақстанның байтақ даласы – қазақтардың атамекені. Негізгі кәсібі – мал шаруашылығы. Сондықтан белгілі бір қалыптасқан жүйемен көшіп-қонып жүрді, яғни көшпелі ел болды. Жоғары дамыған мәдениеті болды.

Баспанасы – көшіп-қонуға ыңғайлы, жиналмалы киіз үй. (Ұ) таңғажайып сәт: Айжамал әжеге қонаққа бару үшін Айсұлу мен Қуаныштың келуі.

Ауылға бәріміз бірге барамыз.

Бірге отырған жөн емес. Одан да бір-біріміздің артымыздан жүреміз. Енді өзеннен де жүземіз. Тау мен үңгірден де өтеміз. Міне, қазақ үйдің оюы да көрінді. Балалар қимылмен көрсетеді.

Бірақ ауылды орнынан таба алмайды. Айсұлу мен Қуаныштан көмек сұрайды.

Педагог сұрақ қояды:

Сендер қалай ойлайсыңдар, қандай жағдайдың болуы мүмкін? Ауыл қайда кетті? Балалар өздерінің тәжірибесін қолдана отырып салыстырып, ойларын айтады, талдау жасайды. Сендерге «көшіп-қону, көшіп кетті» деген сөз таныс па? Сендер ол сөзді қалай түсіндіресіңдер?




слайд

Соңы


Қазақстанның байтақ даласы – қазақтардың атамекені. Негізгі кәсібі – малшаруашылығы. Сондықтан белгілі бір қалыптасқан жүйемен көшіп-қонып жүрді, яғни көшпелі ел болды. Жоғары дамыған мәдениеті болды. Баспанасы – көшіп-конуға ыңғайлы, жинамалы киіз үй.

Киіз үй – дәстүрлі қазақ мәдениетінің басты белгісі, біздің дана ата-бабаларымыз ойлап тапқан ерекше сәулетті құрылыс. Уақыт өте қазақ халқы отырықшы болды. Басқа да шаруашылықтармен айналысты. Қалалар мен ауылдар пайдаболды.Кәсіпорындардамыды.Қазіреліміз–тәуелсіз мемлекет. Елімізде көптеген ұлттар тату-тәтті мекенетеді.



Оқушылар тыңдайды


Слайд көрсетіледі



Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Роза Бағланова»100 жыл

Күні




Класс жетекші:




Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтыңтақырыбы: Эпиграфтар (тақырыпмазмұнынашатын)

Роза Бағланова 100 жыл

Сабақтың мақсаты:

Ұлтымыздың вокалдық өнерін дамытуда үлес қосқан қайраткерлер өмірі арқылы тәрбие беру .

Құндылықтарды дарыту

Қазақ халқының әншісі Р. Бағланова өміріне тоқталу . Шығармашылығымен таныстыру .

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптықкөрмелерменақпараттықстендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)




Роза Бағланова (қаңтардың 1, 1922ҚазалыҚызылорда облысы — Ақпанның 8, 2011Қызылорда облысы) — Роза Тәжібайқызы Бағланова – әнші, Қазақстанның (1955) және бұрынғы КСРО халық артисі (1967), Халық қаһарманы (1996).Қызылорда облысының Қазалы қаласында 1922 жылы бірінші қаңтарда туған. Өнер жолын Ташкент филармониясының ән-би ансамблінде әнші болып бастаған. Сол ансамбльмен 2-дүниежүзілік соғыс жылдары майдан даласында өнер көрсетіп, 1945 жылы тоғызыншы мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысады. 1947 – 1949 жылдары Қазақ опера және балет театрының, 1949 – 1960 жылдары Қазақ филармониясының, 1960 жылдан Қазақконцерттің әншісі болып, ұлттық ән өнерін дамытуға үлкен үлес қосты, ерекше сазды әншілік мектептің қалыптасуына ықпал жасады. Роза Бағланова қазақтың халық әндерін, замандас композиторлар әндерін, шет ел халықтарының (венгр, өзбек, қырғыз, тәжік, украин, грузин, әзербайжан, корей, қытай, моңғол, орыс, үнді, чех, швед, т.б.) әндерін нақышына келтіре орындады. 1946 жылы Мәскеуде өткен бүкілодақтық эстрада әншілері 2-конкурсының дипломаты, 1949 жылы Бухаресте өткен бүкіл дүниежүзілік

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.




Оқушылар

қабылдайды, қабылдаған ақпаратты талқылап, талдайды, ақпарат негізінде білімін жүйелейді, жинақтайды, одан қорытынды шығара алады.

Компьютер



Сабақ басы (13 мин)



1949 жылы Бухарестте өткен бүкіл дүниежүзілік жастар мен студенттердің 2-фестивалінің лауреаты атанды. 1949-1960 жж. Жамбыл атындағы Республикалық филармонияда жұмыс істеді. 1960 жылдан Қазақконцерт солисі. Роза Бағланова сирек талантты әнші, әлем халықтары әндерін шебер орындаушы. Ол бүкіл Қазақстанда, КСРО-ның бұрынғы республикаларында, шетелдерде болып, Отан,махаббат пен достықадам мен табиғат туралы әндерді шырқады. Гастрольдік сапарға шығарда Р. Бағланова міндетті түрде сол баратын елінің тіліндегі әнді үйренеді. Бірақ, қазақтың халық әндерін оның орындауында тыңдау ләззатына ештеңе тең келмейді.



Әнші туралы қосымша деректермен танысады

Компьютер

 
слайд

Ортасы (20 мин)


, Жастар менстуденттердің 2-фестивалінің лауреаты. ЛенинЕңбек Қызыл Ту, «Халықтар достығы» ордендерімен, Шапағат медалімен марапатталған.]1922 жылы Қызылорда облысында туған. 1941 жылы Қызылорда педагогикалық институтын бітірген. Оның шығармашылық жолы Ұлы Отан соғысы жылдары басталды. 1945 жылы 9 мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысқан. 1947-1949 жж.Абай атындағы қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрында істейді. 2011 жылы қаңтардың 8 Алматы қаласында Роза Бағланова қайтыс болды.



Компьютер

Соңы


Роза туралы бейнежазба көрсетіледі



Бейне жазба



Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Дені саудың жаны жау»

Күні




Класс жетекші:




Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтыңтақырыбы: Эпиграфтар (тақырыпмазмұнынашатын)

Дені сау ұрпақ болашағымыз

Сабақтың мақсаты:

Жас ұрпаққа адам денсаулығының басты байлық екендігін түсіндіру. Денсаулық негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада дұрыс жүру екенін ұғындыру.

Құндылықтарды дарыту

Шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу.

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптықкөрмелерменақпараттықстендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


«Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әлқуаты» тармағында азаматтарымыздың өмірі соңына дейін сау болуы ж/е жас ұрпақ дұрыс жетіліп, өсуі үшін денсаулығын күтуі керек. Бүгінгі тәрбие сағатымыз салауатты өмір салтын сақтаға арналады.

Әдісі : ойын түрінде
Топтарды таныстыру:
1 - топ – «Шымыр» тобы


2 - топ – «Сымбат» тобы


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.





Компьютер



Сабақ басы (13 мин)



Мәңгі бақи есте қалар, қызықты бір ойын болсын,
Білімдірек шәкірт озар, сұрақтары қиын болсын.
1. Бәйге сайысы.
1. Пайдалы тағамдар /айран, балық, ет, өсімдік майы, сәбіз, пияз/.
2. Пайдасыз тағамдар /фанта, бәліш, чипсы, шоколад, кока – кола/.
3. Зиянды әдеттерді атаңдар?/темекі шегу, қолды аузына салу/.
4. Лондонда өткен олимпиадалық ойындарда біздің құрама неше алтын, неше күміс, неше қола жеңіп алды? /7 + 1 +5/
5. Қазақстанның әуесқой боксшысы, Лондон Олимпиядасының чемпионы, алтын жүлдегер кім?/Серік Сапиев/
6. Ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада жеңімпазы атанған бірінші қазақстандық кім?
7. Қазақ халқының ұлттық ойындарын ата? /көкпар, қыз – қуу, асық ату, аударыспақ/.
8. Қазақтың ұлттық тағамы (бесбармақ)




Оқушылар топпен жауап береді


слайд

 



Ортасы (20 мин)


, «Кім жылдам» ойыны. / қарындашпен астын сызу/
«Шымыр» тобы Денсаулыққа пайдалы факторлар.
«Сымбат» тобы – Денсаулыққа кері әсер ететін факторлар.
Еңбек, еріншек, күн, жалқаулық, су, ауа, арақ, жеміс – жидек, насыбай, дұрыс дем алу, үйірмелерге қатысу, спортпен айналыспау, көп ұйықтау, ластық, дұрыс тамақтану, тамақты асығып жеу, қолды сабындап жу, дастарқан басында қисаймай түзу отыр, тамақтанып отырғанда сөйлеу, қасықты оң қолыңмен ұстау, күн тәртібін сақтамау, тамақтанып отырып сөйлемеу, ащы мен тұщы тағамдарды көп жеу. нан екі қолмен үзіп жеу, тамақтан соң аузыңды шәю, жеміс – жидектерді жумау, асқа бата беру.




Жарнама. «Денсаулық – зор байлық».

«Шымыр» тобы: Мынау айран. Бұл сүттен жасалады. Оның денсаулыққа пайдасы зор. Спрайт ішкенше, осы айранды сатып алып ішкен тиімді. Әрі арзан, әрі дәмді.
«Сымбат» тобы: Мынау сиырдың сүтінен жасалған құрт, оның тіске көп пайдасы бар. Ол тісті қатайтады. Орбит алғанша, осы құртты сатып алған тиімді.
«Шымыр» тобы: Мынау алма, кәмпит басқа да тәттілерді жегенше жеміс – жидектерді же.
«Сымбат» тобы: бұл сабын. Бұл сабынның пайдасы денедегі микробтарды жояды. Бетті, қолды күнде жуып отыру керек.
«Шымыр» тобы - Денсаулықтың тағы бір дауасы – таза ауа. Табиғат ананың адам ағзасының жетілуіне тартар сыйы көп. Ауасыз өмір сүру мүмкін емес. Сондықтан ауаның ластанбауына өз үлесімізді қосайық.
«Сымбат» тобы -
Денсаулық мықты болуы үшін ми демалысы – ұйқының орны ерекше. Адамға су, ауа, ас қалай қажет болса, ұйқы да сондай қажет. Дені сау бала тәулігіне10 сағат ұйықтауы керек. Бала күн сайын белгілі бір мезгілде ұйықтап, бір, бір мезгілде тұруы керек.



слайд

Соңы


Тақырыпты қорғау.

І топ «Шымыр тобы. Ағзаға пайдалы тағамдар

ІІ топ «Сымбат» тобы Ағзаға зиянды тағамдар


Оқушылар өздеріне берілген тақырыпты қорғайды


слайд




Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Нашақорлыққа жол жоқ»

Күні




Класс жетекші:




Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтыңтақырыбы: Эпиграфтар (тақырыпмазмұнынашатын)




Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды жат әдеттен аулақ ұстау

Құндылықтарды дарыту




Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптықкөрмелерменақпараттықстендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы