Файл: Ш. Улиханов Саяси жйені нормативтік жйешесі саяси мірді реттеуші ыты жне моральды нормалар, саяси дстрлер.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 162
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
15. Саяси технология - бұл: қажетті саяси нәтижеге жетуге арналған әрекеттер жүйесі
16. Салыстырмалы саяси зерттеулерді анықтайтын термин: компаративистика
17. Халықаралық саясат – бұл: әлемдік деңгейде мемлекеттік мүдделерді жүзеге асыру үшін іс-әрекетті, мемлекеттердің қатынастарын реттейтін саясат
18. Әлемдік динамиканы үлгілеуде қарастырылатын бес бір-бірімен байланысты өзгергіш нәрсе-жағдай (халық, капиталды салу, орнына келмес ресурстарды пайдалану, қоршаған ортаның ластануы, азық-түлікті өндіру) көрсетілген тұжырымдама: орнықты даму тұжырымдамасы
19. Мүмкін немесе тілекке сәйкес болашақты, жағдайды, шешімді сипаттауды көздейтін болжаудың аспектісі: алдын-ала болжау (теориялық-танымдық)
20. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы қай жылы құрылды- 1995 жылғы 1 наурызда
21.Индивидтің субъективті көзқарасы тұрғысынан билікті зерттейтін тәсіл - психологиялық
22. Саяси жүйелер теориясының негізін салған - Д.Истон
23. .Саяси субмәдениет бұл - қоғамның бір тобының саяси мақсаттары, құндылықтары
21.Элитаның қай іріктеу жүйесі жабықтылықпен, үміткерлерді элитаның өзінің төмен жігінен жоғары лауазымға іріктеуімен сипатталады - гильдий жүйесі
22. question>Басқарушылар мен басқарылатындардың арасындағы ерекше қарым-қатынас түрі ретіндегі билік ұғымының анықтамасы - құрылымдық
23.Аймақтың, тілдің, мәдениеттің, шаруашылық өмір мен тұрмыстың бірлігінде тайпалық қатынастардың ыдырау нәтижесінде қалыптасқан адамдардың қауымдастығы - ұлыс
24.Өзінің қозғалысына сипаттама беру үшін тоталитаризм терминін саяси лексиконға енгізуші - Муссолини
25.Ұлттық мүдделерді есепке алуға, үйлестіруге және іске асыруға бағытталған мемлекет тарапынан жүргізілетін шаралар жүйесі - ұлттық саясат
26.Олигархияның темірдей заңы теориясының авторы кім - Р.Михельс
27.Ресми билікке қатынасына байланысты лидердің жіктелуі
28.Саясат туралы ілімнің негізін салушы - Аристотель
29. Саяси билікті конституциялық тәртіп бойынша жүзеге асырумен сипатталатын саяси режим қалыптасқан мемлекеттің түрі - құқықтық
30.Мақсат тәсілді ақтайды деген формула түрінде көрсетілген имморалистік саясаттың аталуы - макиавелизм
31.Қоғамды жаппай саясаттандыру, экономиканы, мәдениетті және басқа да саяси басқарудан шығатын саясат тұжырымдамасы - тоталитарлық
32.Саяси құбылыстар мен үрдістерді талдау тәсілдері мен амалдарын жасаудағы саяси ғылымның қызметі - методологиялық
33.Котолик шіркеуінің бұғауынан босанып, ар-ұждан еркіндігінің жарияланып 16 ғасырдағы батыс және орталық Еуропаның бірқатар мемлекетін кең қамтыған қоғамдық-саяси қозғалыс - Реформация
34.Утопиялық социализм теориясының негізін салушы - Т.Мор
35.М.Вебердің анықтамасы бойынша, қоғамдағы саяси үстемдік бұл - билікті ұйымдастыру түрі
36.Төменде аталған саяси жүйелердің қайсысы олардың тұрақтылыққа немесе өзгерістерге негізделетінін сипаттайды - консервативтік және трансформацияланушы
37.Азаматтардың билікке заңды ықпал жасаушы құралдардың көмегімен,яғни сайлау, шерулер арқылы белсенді түрде ықпал етуге ұмтылатын,азаматтықбелсенділікпен,қызығушылықпен, ерекшеленетін саяси мәдениет түрі - белсенділікті
38.Саяси мәдениеттің дәстүрлік, бағынушылық, белсенділік типологиясының авторлары - Г.Алмонд, С.Верба
39.Азаматтық қоғам бұл - мемлекет өз алдына бөлек және тәуелсіз қоғамдық институттар
40.Саяси жүйелер теориясының негізін салған: Д.Истон
41.Саяси жетекшінің, билеушінің бойындағы шын немесе алдамшы қасиеттеріне негізделген легитимдіктің түрі - харизматикалық легитимдік
42.Қазақстан саяси ой ілімдерінің алғашқы қайнар көзі - фольклор
43. Билік функцияларын жүзеге асыратын индивидтер мен топтардың ұйымдасқан өзара әрекеттері - саяси қызмет
44. Белгілі бір территорияда, қандай да бір мемлекеттің егемендігінде қолданылатын, арнайы мемлекеттік күштеу аппаратымен жүзеге асырылатын билік - мемлекеттік билік
45.Билікті заң шығарушы, атқарушы және сот билігі деп жіктейтін теорияның авторы - Ш.Монтеське
46. Билік туралы ғылым қалай аталады - кратология
47.ХІХ ғасырдағы қытайдың отаршылдық басқару жүйесіне талдау жасаған қазақ ойшылы - Ш.Уәлиханов
48. Мемлекет, партиялар, қоғамдық қозғалыстар және т.б. көмегімен саяси қызметтердің жүзеге асуын зерттейтін саясаттанудың әдісі - институтционалдық
49. Саяси тәртібі бойынша билік формаларының жіктелуі - авторитарлық, тоталитарлық, демократиялық
50 Ұлттық ерекшелік пен ұлттық артықшылықты насихаттаудан тұратын идеология мен саясат - ұлтшылдық
51
52. Билік туралы аңыздармен байланысты, белгілі бір мақсаттарға жету ретіндегі билік ұғымының анықтамасы - телеологиялық
53.Саяси мәдениет типіне байланысты саяси жүйелердің түрі - ағылшын-американдық, континенталды-еуропалық
54. Әлеуметтік-экономикалық құрылым формациясы мен сипатының типіне сәйкес саяси жүйелер мынандай болады - құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, социалистік
55. Қазақстан Республикасында ұлттық саясат принциптері
саяси тұрақтылық, ұлтаралық келісім
56. Қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер әкелген ірі реформатордан қалған тұжырымдар
57 .Билікті үстемдік етудің қайнар көзі ретінде қараудағы тұлғаның типі:
сезімдерде берілген объективтік шындық
60. Қалыпты өмір сүріп отырған құрылыстың негіздерін өзгертпей, өмірдің кейбір саласын біршама жетілдіру мен қайта құруды атаңыз
61. Саяси ұйымдасқан қоғамды анықтау үшін “мемлекет” терминін алғаш қолданған ойшыл? Н.Макиавелли
62. Өздерінің кейбір амал-әрекеттерін үйлестіріп,белгілі бір мақсаттарды(әскери,сыртқы саяси және т.б.) жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдер одағы:
63. «Халық басқаруы, халық таңдаған және халық үшін таңдалған» деген демократияның анықтамасы кімдікі? А.Линкольндікі
64. Мемлекеттің құдайдың қалауымен құрылғанын түсіндіретін тұжырымдама: теократиялық
65. Платонның кемелді мемлекетінде басқарушы бола алатындар кімдер? философтар
66. әығуын басқарушы мен азаматтардың арасындағы келісім деп - келісім-шарттық
67.Рационалды таңдау теориясының жетістіктерін салыстырмалы саясаттанудың мәселелеріне қолданылатын тәсіл - неоинституционализм
68, Басқару түрі бойынша Қазақстан – бұл- президенттік-парламенттік республика
Әлеуметтану тест
-
Әлеуметтану – бұл: жалпы қоғамның ерекше жұмыс істеуі мен дамуының заңдылықтары туралы ғылым -
Әлеуметтанудың ғылым ретінде негізін салған кім? О.Конт -
Әлеуметтану өз алдына ғылым ретінде қай ғасырда пайда болды? 19 ғасырда -
«Социология» (әлеуметтану) терминін алғаш қолданған кім? О.Конт -
Әлеуметтану бойынша алғашқы еңбек қалай аталды? О.Конттың «Позитивтік философия курсы» -
Микроәлеуметтану нені зерттейді? адамдардың күнделікті өмірдегі жүріс-тұрысын, олардың өзара әрекеттерін және мотивтерін -
Макроәлеуметтану нені зерттейді? қоғамды біртұтас жүйе ретінде, оның әлеуметтік құрылымын және әлеуметтік институттарын -
Қоғам жөніндегі басқа ғылымдармен салыстырғанда әлеуметтанудың өзіндік ерекшеліктері неден көрінеді? оның қоғамды зерттеуінен, оның элементтерін құрайтындардың өзара байланысы мен әрекетінің өмір сүруі мен дамуынан -
Әлеуметтанудың объектісі: тұтас жүйе ретіндегі қоғамға тән адамдар арасындағы әлеуметтік байланыстар және қатынастар, оның әлеуметтік құрылымы, сонымен қатар онда жүріп жатқан процестер -
Әлеуметтанудың кешігіп пайда болу себебін немен түсіндіруге болады? оның зерттеу объектісінің күрделілігімен -
Адамдардың қызметімен байланысты туу, өлім-жетім және көші-қон мәселелерін зерттейтін тәсіл қалай аталады? Демографиялық -
Қоғамда әр түрлі топтардың пайда болуын зерттейтін тәсіл қалай аталады? Ұжымдық -
Қоғамдық ережелер мен құндылықтар сияқты мәдениеттің элементтері негізінде адамдардың мінез-құлқын талдауға көмектесетін тәсіл қалай аталады? Мәдениеттанулық -
Қоғамдық өмірді адамдардың өзара қарым-қатынас жүйесі ретінде зерттейтін тәсіл қалай аталады? Интеракционистік -
Көптеген мектептерді, теорияларды, бағыттарды көрсететін, қоғамдық даму ерекшелігін өз ұстанымдары тұрғысынан түсіндіретін әлеуметтанулық деңгейдің аталуы? теориялық әлеуметтану -
Нақты әлеуметтанулық зерттеулермен байланысқан әлеуметтанудың деңгейі қалай аталады: қолданбалы әлеуметтану -
Қоғамдық қатынастарды жақсартатын және жетілдіретін әлеуметтанудың функциясы қалай аталады: гуманистік -
Ақпаратты жинауды, жүйелендіруді және топтастыруды іске асыратын әлеуметтанудың функциясы : ақпараттық -
Қоғамның барлық саласында мақсатты бағытталған саясат жүргізу үшін әлеуметтанудың мәліметтерін атқарушы билік органдарына, әртүрлі саяси партиялар мен қозғалыстарға пайдалануға мүмкіндік беретін функция: әлеуметтік басқару -
Ғылымға "қоғамдық-экономикалық формация" терминін енгізген ғалым: Маркс К -
«Түсінуші әлеуметтану» тұжырымдамасының авторлары: Зиммель Г., Вебер М. -
«Позитивтік философия курсы» еңбегінің авторы: О. Конт -
Позитивизм бағытын (ағымын) негіздеген: О. Конт -
Адамның қоғамдағы әлеуметтік мінез-құлқының типтерін бөліп көрсеткен ғалым: М.Вебер -
Қоғамдағы адамның ауытқыған мінез-құлқын алғашқылардың бірі болып зерттеген, ұжымдық сана теориясының авторы: Э. Дюркгейм -
Қоғамдық келісім-шарт теориясын жасаған кім ? Т.Гоббс, Ж. Руссо -
Әлеуметтанудағы алғашқы бағыт: позитивизм -
Қоғамның революциялық жолмен дамуын жақтаған кім? К. Маркс -
«Әлеуметтік дарвинизм» бағытын негіздеген: Г.Спенсер -
Қай ойшылдың ілімі бойынша адам санасы дамудың теологиялық, метафизикалық және позитивтік деп аталатын үш сатысынан өтеді? О.Конт -
«Идеалдық типтер» тұжырымдамасының авторы: М.Вебер -
«Синтездік философия жүйесінің» авторы: Г. Спенсер -
Қоғамда тәртіп орнатудың тірегі - орта тап деп есептеген ежелгі грек ойшылы: Аристотель -
Қоғамның әлеуметтік құрылымын алғаш талдаған ежелгі грек ойшылы: Платон -
Қоғам және мемлекет теориясын жасаған жаңа заман ойшылы: Николло Макиавелли -
«Құрылым» және «функция» ұғымдарын ең алғаш пайдаланған ғалым: Г.Спенсер -
Айналымға «қоғамдық-экономикалық формация» ұғымын енгізген ғалым: К.Маркс -
Утопиялық социализм тұжырымдамасының авторын атаңыз: Ш.Фурье және А.де Сен-Симон -
Ресей әлеуметтануының ерекшелігі немен анықталады? ХІХ ғасырдағы Ресей әлеуметтік-саяси дамуының ерекшеліктерімен -
Қай бағыттың өкілдері қоғам дамуына адам факторы қатты ықпал етеді деп санады? психологиялық бағыт -
Анархиялық бағыттың негізін қалаған: М.Бакунин -
Қай еңбекте Ресей әлеуметтануындағы субъективтік идеализмнің негізгі идеялары баяндалды? П. Л. Лавровтың «Тарихи хаттарында» -
Жағырафиялық бағыттың негізін қалаған, «Өркениет және ұлы тарихи өзендер» атты кітаптың авторы: Л.И.Мечников -
Ресейде субъективті әлеуметтанудың іргесін қалаған кім? Н. К. Михайловский -
Орыстан шыққан американың XX ғасырдағы атақты әлеуметтанушысы: П.А. Сорокин -
П.А.Сорокин өзінің қай еңбегінде қоғамның әлеуметтік жіктелу тұжырымдамасын ашып көрсетті? «Әлеуметтік мобильдік» -
П. А. Сорокин қай тұжырымдаманың авторы болып саналады? әлеуметтік стратификация мен мобилдік -
Қызметтің өзара байланысқан екі формасы: 1) ойлап табу, еліктеу, бейімделу және 2) мінез-құлық ережелерінің біртіндеп өсуі мен дамуының көмегімен сипатталатын әлеуметтік өзгеріс әлеуметтанулық зерттеудің пәні болып табылады деп есептеген ғалым: М. Ковалевский -
«Қазіргі демократияның шығуы» атты еңбегінде экономикалық құрылысты онда экономика мораль, өнер, дін және ғылым арқылы ықпал ететін саяси-құқықтық құрылыстың базисі ретінде айқындаған кім? М. Ковалевский -
1908ж. Ресейде тұңғыш рет Психоневрологиялық университетте әлеуметтану кафедрасын құрушылардың бірі: Де-Роберти -
Ресейдегі неопозитизмнің авторы: П. Сорокин -
Әлеуметтану қоғамдық құбылыстарды зерттеуде ғылыми тәсілдерге негізделуі тиіс деп тұжырымдаған ресейлік ғалымды атаңыз: Де-Роберти -
Ресейдегі марксизмнің дәстүрлі бастамасы осы ғалыммен байланысты: Г. Плеханов -
Ғасырлар тоғысында Ресейді көбірек толғандырған проблемалардың бірі: әлеуметтік прогресс -
Ресейде әлеуметтанудың туындауының бастапқы кезеңі үшін Батыстан әкелінген бір мезетте пайда болған екі бағыт: позитивизм және марксизм -
Ресейдегі органицизм бағытының авторлары: П. Лилиенфельд және А. Стронин -
Де-Робертидің әлеуметтану бойынша жазған іргелі еңбегін атаңыз: «Әлеуметтану» -
61. Ш. Уәлиханов өзі өмір сүрген қазақ қоғамының кұрылысын қалайша белгіледі? патриархалды-феодалдық -
Ш. Уәлиханов қазақ қоғамын саяси басқару туралы не айтты? халық өзін-өзі басқарады -
Ш. Уәлихановтың қоғамды реформалау жөніндегі көзқарасы: реформалар туралы мәселе аса үлкен сақтықты, терең пайымдауды талап етеді, өйткені олардан халықтың «болу немесе болмауы» шешіледі -
Ш. Уәлиханов халықтың әлеуметтік жағдайы туралы: байлар мен белгілі адамдардың мүдделері бұқараның, халық көпшілігінің мүддесіне қарсы -
Ы. Алтынсарин қазақ қоғамының алдыңғы қатарлы өркениеттен артта қалу себептерін неден көрді? қазақтар арасындағы оқу-ағарту ісінің болмауынан -
Ы. Алтынсарин көшпелі қазақ қауымынық әлеуметтік дамуының басты бағыттары туралы: елге сауаттылықты тарату, қол өнерді дамыту, отырықшылыққа көшу, жер шаруашылығына өту жолдарымен қоғамды эволюциялық дамыту -
Ы. Алтынсариннің қазақ қоғамының әлеуметтік-таптық кұрылымы туралы көзқарасы: бай-феодалдар, орта шаруа, кедей жатақтар -
Абай қоғамдағы әлеуметтік әділетсіздіктің себептерін немен түсіндірді? қоғамның байлар мен кедейлерге бөлінуі және олардың мүдделерінің қарама-қайшы болуымен -
Абай әдеттегі қазақ құқын жетілдіруде қандай үлес қосты? 100-ден аса баптардан тұратын әдеттегі құқықтың жиынтығын құрастырды -
Абайдың анықтауы бойынша ғылым қандай әлеуметтік рөл атқарады? ғылым адамды қараңғылықтан құтқарады, білімсіздіктен шығудың жолын көрсетеді -
Абайдың еңбектің әлеуметтік рөлі туралы көзқарасы: еңбектің барлык түрлері пайдалы, сонымен қатар жалдамалы енбек те пайдалы -
Тұлғаның әлеуметтенуіне ықпал ететін Абай айтқан алғышарттар: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым -
Байтұрсыновтың қоғамның даму жолдары жөніндегі көзқарасы: эволюциялық, реформалық жолмен іске асыру -
Ә.Бөкейхановтың кадет партиясынан шығуына себеп болған жағдай: партия бұратана халықтарға, соның ішінде қазақтарға автономия алу мүмкіндігін бермейтіндігін білгендіктен -
АҚШ өндірістік кәсіпорындарында әлеуметтанулық зерттеу жүргізген ғалым: Мэйо Э. -
Эмпирикалық әлеуметтану әлеуметтанымдық зерттеулердің дербес бағыты ретінде қай елде қалыптасты? АҚШ-та -
1957 жылы авторитарлық, демократиялық және аралас басқарудың үш стилін ерекшелейтін басқару стилі туралы теорияны жасаған автор: Макгрегор Д. -
Э.Берджес пен Р. Парктың оқулығы эмпирикалық әлеуметтанудың дамуындағы елеулі кезең болды. Онда олар эмпирикалық зерттеулердің өздеріне мәлім принциптері мен әдістемелерінін жиынтығын беруге тырысты. Бұл оқулық қалай аталады? «Әлеуметтану ғылымына кіріспе» -
Құрылымдық функционализм деп аталған құрылымдық-функционалдық әдістің негізін қалаған ғалым: Парсонс Т. -
Әлеуметтік интеракция (өзара әрекет) теориясының авторы: Дж. Мид -
Қазіргі әлемдегі қылмыстың себептері туралы аномия теориясы қай автордың еңбектерінде дамыды? Мертон Р. -
Американ әлеуметтанушысы Л. Козердің тұжырымдамасы бойынша қоғамдық өмірдің негізі болып табылатын не? құрылымдық шиеленіс (конфликт) -
Тұлғаның базалық (азық-түлікке, киім-кешекке, қауіпсіздікке және т.б.) және өндірістік (әділеттілік, аман-саулық, тәртіп және т.б. қажеттіліктер) қажеттіліктерін екі топқа бөліп қажеттіліктің иерархиялық теориясын жасаған ғалым: Маслоу А. -
1892 жылы АҚШ-тың қай қаласында әлемдегі тұңғыш әлеуметтану университеті пайда болды? Чикаго -
Күнделікті өмірді театрдағы әрекетпен салыстыруды негіз еткен драматургиялық әлеуметтанудың авторы: Э.Гофман -
Этнометодология тұжырымдамасының авторы: Г. Гарфинкель -
Феноменологиялық әлеуметтанудың авторын атаңыз: А.Шюц -
Жүріс-тұрыстың сыртқы емес, ішкі механизмін ашатын теорияны атаңыз: этнометодология -
Адамдардың сый-сияпат алу үшін ұмтылыс жасайтын жақсы мінез-құлқының мотиві жөніндегі әлеуметтік айырбас теориясының авторын атаңыз: Дж.Хоманс -
Неміс ғалымының типтеуіне сәйкес қоғамдық қатынастар типі бойынша үстемдік және аралас және жолдастық болып бөлінеді, осы ғалымды нұсқаңыз: Ф.Теннис -
Тарихи үрдістің мәні – бұл жеке меншік пен байлыққа бақылау қою үшін күрес деп санаған «Капитал» атты шығарманың авторын атаңыз: К.Маркс -
Әлеуметтік шиеленіс теориясын жасаған және әлеуметтік тұрақсыздықтың негізгі себебі капитал емес, билік деп есептеген неміс ғалымы: Р.Дарендорф -
Көбіне көп қазіргі қоғамның бет-бейнесін анықтайтын билеуші элитаны зерттеу әлеуметтанудың негізгі міндеті болуға тиіс деп есептеген ғалымды атаңыз: Ч.Миллс -
Әлеуметтану тұрғысынан қоғам дегеніміз – бұл: өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында адамдардың тарихи формаларымен біріккен, өзара байланыстары мен өзара әрекеттері туындайтын адамдар жиынтығы -
Бұл ғалымдар 1967 жылы әлеуметтік біріктірудің: тұрақты аумақ, өзін-өзі өндіру, жоғары дамыған мәдениеттің болуы және саяси тәуелсіздік сияқты жағдайларын анықтап, оны қоғам деп есептеуді ұсынды: Марш Р., Шилз Э. -
Қоғам дамуының негізгі жолдары: революциялық пен эволюциялықтың үйлесімділігі -
Революция деген - бұл: өмір сүріп отырған әлеуметтік құрылыстың негіздерін қиратып қоғамдық өмірдің бүкіл немесе көптеген жақтарын толық немесе кешенді өзгерту -
Ескірген техника мен технологияны жаңа, мейлінше жетілген техника мен технологияға алмастыру қалай аталады? ғылыми-техникалық прогресс -
Қоғамды жүйелік тұрғыда зерттеу деген: құрылымдық, функционалдық, динамикалық тұрғыда зерттеу -
Жаһандық деңгейде қоғам әлемдік жүйеге айналады, оны үш бөлікке: өзекке, жартылай шетаймаққа және шетаймаққа (ядро, периферия, полупериферия) бөлуге болады деп санаған ғалым: Валлерштайн И. -
Қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларын ішнара және біртіндеп жетілдіру қалай аталады? Реформа -
«Қоғамдық еңбек бөлінісі туралы» атты еңбегінде әлеуметтануда қоғам дамуының алғашқы теорияларының бірін жасаған ғалым: Дюркгейм Э. -
Адамдардың материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыратын сала қалай аталады? экономикалық сала -
Бұл саланың міндеті - қоғамдағы әлеуметтік тәртіпті қатамасыз ету, қақтығыстарды тоқтату, билікті қорғау және т.с.с.: саяси сала -
Жаңа білімдер ашу, оларды келесі ұрпаққа жеткізу, көркемдік құндылықтарды жасау қай саланың міндеті болып табылады: рухани сала -
Адамның қоғамдағы әл-ауқаты үшін жауап беретін сала – бұл: әлеуметтік сала -
Кезуші аңшылар, көсемдер, мал щаруашылығы мен жер шаруашылығы, неолит революциясы, ежелгі мемлекеттер, аграрлық қоғам, қазіргі заманғы қоғам – бұл: қоғам дамуының сатылары -
Әр түрлі қоғамдық бірлестіктердің ұқсас белгілері: қоғамның даму типтері -
Әрбір кейінгі даму сатыларына бұрынғыларына қарағанда аз уақыт кетеді деп есептейтін заң – бұл: тарихи уақытты жеделдету заңы -
Осы заңдылыққа сәйкес халықтар мен ұлттардың даму жылдамдығы әр түрлі: заңдылық заңы -
Қоғам қашан пайда болды? 40 мың жыл бұрын -
Қоғамның өзіндік жетілгендігінің басты белгісі: экономикалық -
Әлеуметтік институттың басты артықшылығы: алдын-ала болжам жасау, сенімділік, тұрақтылық -
Әлеуметтік институттар пайымдау үшін мыналарды негіз етіп береді: қажеттіліктің сапалық деңгейде қанағаттандырылуын -
Институт ең алдымен неге негізделеді? ара қатынастарды әлеуметтік реттеушілікке -
Институттардың тиімділігін арттыруда не мүмкіндік туғызады? еңбек бөлінісі және кәсібилік -
Төменде көрсетілген әлеуметтік институттендірілген байланыстардан формальды еместерін бөліп көрсет: достық -
Әлеуметтік институт туралы толық түсінік берген американ әлеуметтанушысы және экономисі: Т. Веблен -
Адамдардың бірлескен қызметін ұйымдастырудың тарихи тұрғыдан қалыптасқан тұрақты формалары бұл: әлеуметтік институт -
Әлеуметтік мәртебелер мен ролдерді, нормалар мен ережелерді анықтау және бекіту үрдісі қалай аталады? Институционалдандыру -
Бұл еңбегінде Торстейн Бунде Веблен қоғамның эволюциясын әлеуметтік институттардың табиғи сұрыпталу үрдісі ретінде қарастырған: «Парықсыз тап теориясы» -
Әлеуметтік институттың беделінің түсуін сипаттайтын кері үрдістің аталуы: институционалдық дағдарыс -
Институттың: а) жүріс-тұрыс ұстанымы мен үлгісі; б) символдық мәдени белгілері; в) утилитарлық мәдени белгілері; г) ауызша және жазбаша кодексі; д) идеология сияқты белгілерін бөліп көрсеткен авторды атаңыз: С. Фролов -
Әлеуметтік институттардың қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатынастарын реттейтін қызметі қалай аталады? Реттеушілік -
Әлеуметтік топ мүшелерінің топтасуын, өзара тәуелділігін және өзара жауапкершілігін қамтамасыз ететін функцияны атаңыз: біріктірушілік -
Келер ұрпаққа тәрбиені жеткізетін функцияның аталуы: трансляциялау -
Қоғам мүшелерінің жүріс-тұрысын бекітіп, қалыпқа келтіретін және бұл жүріс-тұрысты күні бұрын білдіретін функцияның аталуы: қоғамдық қатынастарды бекіту және ұдайы өндіру -
Нәтиже беретін, бір бағыттағы және қайталанбалы әлеуметтік әрекеттердің жиынтығы қалай аталады? әлеуметтік процесс -
Қоры шектеулі және тең бөлінбеген құндылықтарды иемдену үшін индивидтер, топтар немес қауымдастықтар арасындағы күрестің аталуы: бәсекелестік -
Жаңа ортаның мәдени нормаларын, құндылықтарын және әрекет эталондарын индивидтің немесе топтың қабылдауы қалай аталады? Бейімделу -
Жаңа мақсаттар мен тәсілдерді толық немесе жартылай қабылдау жолымен индивидтің немесе топтың өзгерген жағдайлар мен мәдениетке келісуін білдіретін бейімделу формасы:1 2 3 4 5
мәміле
Барлық қатысушылардың жалпы мәдени үрдіске қатысуы арқылы тұлғалар мен топтардың өзара мәдени араласу үрдісінің аталуы: сіңісу
Әлеуметтік құрылым – бұл: әлеуметтік жүйедегі элементтердің тұрақты байланысы, әлеуметтік байланыстар мен қатынастар
Маркстік теория бойынша әлеуметтік құрылымның өзегі: таптар
Қоғамның әлеуметтік құрылымы туралы тұжырымдамаға қарсы тұрған теория: әлеуметтік стратификация
П.Сорокиннің теориясына сәйкес әлеуметтік стратификацияның үш түрі бар: экономикалық, саяси, кәсіби
«Страт» түсінігі нені білдіреді? Жіктерді
П.Сорокиннің әлеуметтік стратификация теориясының негізіне адамдардың бірігуі алынған: әлеуметтік жіктерге
Әлеуметтік мобилдік терминін 1927 жылы әлеуметтануға енгізген кім? П.Сорокин
Өндіріс құралдарын меншіктенген немесе меншіктенбеген, табысқа қол жеткізудің ерекшелікті тәсілімен сипатталатын адамдардың үлкен тобы қалай аталады? Тап
П.Сорокиннің теориясына сәйкес әлеуметтік мобилдік қандай әлеуметтік саты бойынша қозғалуды білдіреді? тік және көлденең бағытпен
Индивидтің туғанынан немесе өзінің жеке басының сапасына орай әлеуметтік иерархияда белгілі бір орын алуына мүмкіндік беретін жағдай қалай аталады? Мәртебе
Құлдық, касталар, сословиялар, таптар – бұлар....... Құлдық, касталар, сословиялар, таптар – бұлар....... стратификацияның тарихи типтері
«Страта» ұғымы әлеуметтануға қай ғылымнан ауысты? Геология
Таптарға анықтама берілген В.Лениннің еңбегін атаңыз: «Ұлы бастама»
К.Маркстің көзқарасына қарсы әлеуметтік теңсіздік туралы өз пікірін айтқан ағылшын ғалымы: Г.Спенсер
Адамның өзі туғаннан бастап мүшесі болуға міндетті әлеуметтік топты немесе стратты атаңыз: каста
Дәстүрлерде немесе заңдарда бекітілген және мұраға берілетін құқықтар мен міндеттерге иелік ететін әлеуметтік топты атаңыз: сословия
20 ғасырдың 30 жылдарында АҚШ-та пайда болған батыс әлеуметтануындағы стратификацияның барынша танымал үлгісін жасаған ғалым: У. Уотсон
Шаруашылық және қоғамдық дәнекерлікпен байланысқан туысқандар тобы қалай аталады? Клан
Адамдарды басыбайлылыққа салудың әлеуметтік, экономикалық және заңдық формасы қалай аталады? Құлдық
Жалпы, бүкіл адамдарға тән сапалар мен қабілеттерді сипаттау үшін қолданатын ұғым:
адам
Адамзаттың, топтың немесе әлеуметтік қауымдастықтың бір ғана өкілі болып саналатын: индивид
Қоғамдық өмірде басқа адамдармен өзара әрекет процесінде жүзеге асатын қасиеттер мен сапаларды сипаттау үшін қолданылатын термин: тұлға
Тұлғаның рөлдік теориясына сәйкес қоғамдағы адамның жүріс-тұрысын «әлеуметтік мәртебе» және «әлеуметтік рөл» сияқты екі негізгі ұғымдармен бейнелеуге болады деп бірінші жазған: Мид Дж.
Әлеуметтану тұрғысынан тұлғаны зерттеу тұлғаның қай қасиетін ерекше бөліп көрсетеді: әлеуметтік сапаларын
Ескі жүріс-тұрыстың орнына жаңа жүріс-тұрыстың құндылықтарына, нормаларына, рөлдеріне және ережелеріне оқыту процесі қалай аталады? Реәлеуметтендіру
Тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқын реттететін диспозициялық теорияның негізін салғандар: Ф. Знанецкий, У.Томас
«Айнадағы Мен» теориясының авторы: Ч.Кули
Қоғамда табысты өмір сүру үшін қажетті мінез-құлық үлгілерін, әлеуметтік нормалар мен құндылықтарды индивидтің меңгеру процесі қалай аталады? Әлеуметтендіру
Әр адамның жүріс-тұрысын тіл, салт, әлеуметтік институттар, бұқаралық ақпарат құралдары және т.б. әлеуметтік орта арқылы бақылайтын жүріс-тұрыс тұжырымдамасының авторы: Дж.Хоманс
Еліктеу, ұқсастыру, ұят және кінә сезімі сияқты психологиялық механизмдердің көмегімен әлеуметтендіру процесін қарастырған ғалым: З.Фрейд
Билік өкілеттілігін пайдаланудың көмегімен қоғамдық тәртіпті қолдаудың ерекше механизмі – бұл: әлеуметтік бақылау
Әлеуметтік бақылау тұжырымдамасының авторы: П.Бергер
Адамның ішкі дүниесіне әлеуметтік нормалар мен құндылықтардың ену процесі қалай аталады? Интериоризация
Индивидтің әлеуметтік-экономикалық жағдайларға, ролдік функцияларға, әлеуметтік нормаларға бейімделуі қалай аталады? үйрену (адаптация)
Тарихи-мәдени мектептің авторы: Л.Выгодский
Инстинктвизм теориясының авторы: З. Фрейд
Тұлғаның енжар, қанаушы (эксплуататорлық), жинақтаушы және нарықтық типтерін бөліп көрсеткен ғалымды атаңыз: Э.Фромм
Әлеуметтік жүйеде осы мәртебені иемденген адам атқаруға тиісті әрекеттердің жиынтығының аталуы: әлеуметтік роль
Девианттық мінез-құлықтың көрсететіні: ресми мойындалған немесе қоғамда қалыптасқан нормаларға сәйкес келмейтін бұқаралық қызметтің формасы
Девианттық мінез-құлықтың қоғамда болуының басты себебі: экономикалық қатынастарда
Қылмыстарды зерттеудің мәліметтеріне қарағанда енбек пен қылмыстық мінездің арасында: тікелей байланыс жоқ
Еңбектің мазмұны мен қоғамға жат тәртіптің арасындағы байланыс психологиямен және моральмен жанама түрде болғанмен олар қайшылықтар туғызады: қызметкердің қажеттілігі мен оның өндірістік жағдайлары арасында
Қоғамға жат ауытқушылықтардың пайда болуының қайнар көзі не? қоғам дамуының ақиқат процесі мен адамдардың ізденіс-талап құқын жүзеге асырудың сәйкеспеуі
Ішкі шиеленістер немен анықталады? жеке бастың моральдық санасының қайшылықтарымен
Адамдардың санасы мен мінез-құлқында болатын мынадай келеңсіз кұбылыстар: немқұрайлылық, дөрекілік, менмендік, қаталдық, арсыздық және т. б. ауытқыған мінез-құлықтың қай түріне жатқызылады? адамдар ара қатынасындағы ізгіліктік принциптердің бұзылуына
Ауытқыған мінез-құлықтың шектен шыққан түрі: қылмыскерлік
Өз бетінше пайда болып, үлкен эмоциональдық пен және конформизммен айрықшаланатын: стихиялық топтар
Стихиялық топтар сана мен мінез-құлықтың бұрмаланған белгілерін қабылдауға тым жақын. Бұл ең алдымен мынаумен түсіндіріледі: топта қоғамдық пайдалы мақсаттардың болмауымен
Делинквентілік неден қолдау таппайды? Заңнан
Шетелде ауытқыған мінез-құлық әлеуметтануы қай еңбектен бастау алды? Э. Дюркгейм. «Өзіне-өзі қол салу»
Ғылымда «білімді игеру» ілімін түсінудің теориялық негізін қалаған психолог: С. Рубинштейн
Сіңу (ассимиляция) және үйрену (аккомодация) Ж. Пиаженің ойы бойынша нені меңгерудің формалары: білімдегі тәжірибені
Бастапқы схемалардың жаңа объектілерінің құрылымдарын өзгерту арқылы бейімделу дегеніміз: үйрену (аккомодация)
Ақпаратты қабылдау процесінде білім тұлғаның өзін дамытып, тұлғалық пішін алады. Мұндай ойлар ілімге қандай тұрғыдан қараудың негізі болады: мәдениетті меңгеру
Ақпаратты қабылдау процесінде білім тұлғаның өзін дамытып, тұлғалық пішін алады. Бұл көзқарастың негізін салған: Л. Выготский
Толық білім мен білім бөлігі ара қатынасы мынадан көрінеді: білімнің пайда болуы мен қызмет етуі міндеттерін атқаруы әлеуметтендіру және тәрбиенің көмегінсіз мүмкін еместігінен
Мектептің пайда болуын ненің шығуы мен дамуы шешті? Ғылым