Файл: Ш. Улиханов Саяси жйені нормативтік жйешесі саяси мірді реттеуші ыты жне моральды нормалар, саяси дстрлер.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 164
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Білім институттары жүйесіне кіретін не? отбасы, мектеп, мәдениет орындары, бұқаралық ақпарат құралдары
Білімнің беделін айқындаушы: қоғамның білімнің маңыздылығын мойындауы
Кәсіби білімнің әр түрлі формаларын адамның таңдау мүмкіндігі мен оған бейімділігіне сүйене отырып білім қандай қызметті атқарады? әлеуметтік мобилдік
Саяси саланың қоғамдық өмірдің басқа салаларымен байланысын зерттейтін ғылым: саясат әлеуметтануы
Әлеуметтік-саяси қатынастарға талдау жасау - бұл: саясат әлеуметтануының объектісі
Мүмкіндіктен шыға отырып анықтайтын, саяси қызметтің көптеген топтық формаларын сипаттайтын, адамдардың индивидуалдық жүріс-тұрысын сараптайтын саясат әлеуметтануының әдісі: бихевиористік
Саяси жүйенің өзегі, оның орталық элементі болып саналатын: мемдәрісет
Билік субъектісінің өзінің мақсатына жетуде биліктің ықпалына объектінің бағынбауына қарамастан, күш қолдану немесе қоқанлоқы көрсету жолдарымен және оның бағыну немесе бағынбау аралығын таңдау мүмкіндігінен айырылуы қалай аталады? Күштеу
Қоғамның әлеуметтік-саяси құрылымының үлгілерін іздестірудің тәжірибелік міндеттерін шешуге бағытталған саясат әлеуметтануының функциясы: практикалық-саяси
Саяси институттардың, рөлдердің, қатынастардың, процестердің жиынтығынан тұратын күрделі түзілім: саяси жүйе
Саяси жүйе теориясын негіздеуші: А.Истон
Билікті бөлудің жобасын ұсынған бірінші автор: Дж.Локк
Биліктің негізгі тармақтары: атқарушы, заң шығарушы, сот
Билік қатынастарының субъектісі болып саналатын: адамдар, адам топтары, қоғам
Қоғамда тәртіпті сақтау үшін биліктің маңыздылығын қамтамасыз ететін биліктің функциясы: идеологиялық
Саяси жүйенің өмір сүру тәсілі, қызмет жағдайы, саяси қатысудың белгілі дәрежесі мен формалары – бұл: режим
Әлеуметтік саяси өмірдің объектілер мен субъектілерінің, әр түрлі элементтерінің қарым-қатынасы мен байланысын ашатын заңдар қалай аталады? өмір сүру заңдары
Саяси институттар мен ұйымдар, саяси принциптер мен нормалар, саяси қатынастар, саяси мәдениет пен сана – бұл: саяси жүйенің компоненттері
Бір субъектінің басқа бір субъектіге өзінің ерік-жігерін таңу мүмкіндігін сипаттайтын қоғамдық қатынастардың ерекше формасы қалай аталады?
Билік
Биліктің негізгі үш легитимдік типін: рационалдық, дәстүрлі, харизматикалық типтерін бөліп көрсеткен ғалымды атаңыз: М.Вебер
Саяси жүйенің бұл функциясының міндеті: индивидтерді саяси құндылықтарға тарту болып табылады: әлеуметтендіру функциясы
Индивидтер өзара әрекет ететін нормалар мен ережелерді енгізу жолымен қоғамға ықпал етудің міндеті: реттеу функциясы
«Үйлесімді әртүрлілік» заңын алғаш ашқан: Платон
«Экономика» терминін айналымға енгізген: гректер
Еңбек бөлінісі туралы жүйелі ілімді тұңғыш рет ұсынған: А.Смит
«Индустриалдық қоғам» терминін ғылыми айналымға енгізген социалист-утопист: А.Сен-Симон
«Әлеуметтік шиеленіс теориясын» жасаған: К.Маркс
Постиндустриалдық өркениет дамуының негізінде жатқан «еңбек түрлерінің шкаласын» жасаған және негіздеген: Г.Зиммель
Ұтымдылық процесін, яғни тауар-ақша қатынастарының жоғары формасын құру мәселесін қарастырған «Протестанттық этика және капитализм рухы» атты кітаптың авторы: М.Вебер
Өзінің «Экономика және қоғам» атты басты еңбегінде М.Вебер әлеуметтік стратификация теориясын қарастырған, соған сәйкес қоғамның жіктер мен таптарға бөлінуінің негізіне үш фактор ықпал етеді: экономикалық мәртебе немесе байлық, саяси мәртебе немесе билік, престиж
Қоғамның тепе-теңдігі мен тұрақтылығын сақтай отырып, қоғамның тұрақтандырушысы болып саналатын тап: орта тап
Басқа топқа енуге шектеу қоюды немесе топтың өз ішінде шектелуін білдіретін, әлеуметтік тұйықталу құбылысын қарастырған: М.Вебер
«Әлеуметтік экономия» деп аталатын экономикалық әлеуметтану бойынша ең бірінші шыққан кітаптың авторы: Т.Грееф
Қоғамда шаруашылықты жүргізуді: натуралды, тауарлы емес (ойкономия) және ақшалай (хрематистика) типтеріне бөліп көрсетуге болады деп есептеген ғалым: Аристотель
Еңбекті ғылыми ұйымдастыру жүйесінің авторы: Ф.Тейлор
«Х» және «У» басқару стилі теориясының авторы: Д.Макгрегор
Қоғам дамуының қандай да бір деңгейінде экономикалық процестердің әлеуметтік аспектілерінің ерекшеліктерін зерттеу қай функцияның міндеті болып табылады? танымдық функциясы
Қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік процестердің дамуын және ондағы әрекет етіп тұрған әлеуметтік институттарды талдау мына функцияның міндеті болып табылады: бағалау функциясы
Қандай да бір әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерді туындататын себептерді зерттеу қай функцияның міндеті болып табылады: түсіндіру функциясы
Экономикалық әлеуметтанудың объектісі: экономика мен әлеуметтік салалардың өзара әрекетінің нәтижесінде пайда болатын әлеуметтік-әлеуметтік үрдістердің күрделі динамикалық жүйесі
Г.Зиммель өзінің ең басты еңбегінде жұмыс күшін дайындау мен көші-қонға, ой еңбегі мен дене еңбегінің арасындағы айырмашылыққа, үстемдік ету мен бағынуға, биржадағы ақша айырбасына, айырбас және тұтыну құнының әрекет ету механизміне терең талдау жасауға талпынған. Сол еңбекті атаңыз: «Ақша философиясы»
Отбасының әлеуметтік институт ретінде пайда болған кезі: алғашқы қауымдық құрылыс
Отбасы – бұл: неке мен қандас туыстықтың негізінде, тұрмыстың ортақтығымен және өзара жауапкершілікпен байланысқан адамдардың бірлестігі
Отбасы өзінің дамуында келесі кезеңдерді басынан өткізді: промискуитет, қандас-туыстық, пуналуальды, жұп, моногамды
Отбасының негізгі функциясы: дүниеге нәресте әкелу
Некенің үш түрін: полигинияны, полиандрияны, моногамияны бөліп көрсеткен ғалымды атаңыз: Мак-Леннан
Неке мен отбасының мәселелеріне арналған Ф.Энгельстің негізгі еңбектерінің бірі – бұл: Семьяның, жеке меншіктің және мемдәрісеттің шығуы
Биліктің құрылымы бойынша болатын отбасы: эгалитарлық және авторитарлық
Адамзат қоғамның бірінші тиым салғаны: қан араласуға
Неке – бұл: ер адам мен әйел адамның арасындағы тарихи қатынастар формасы, соның негізінде қоғам олардың ерлі-зайыптылық құқықтары мен міндеттерін реттейді және бекітеді
Бір еркек пен бірнеше әйелдің некеде тұруы қалай аталады? Полигиния
Бір әйел мен бірнеше еркектің некеде тұруы қалай аталады? Полиандрия
Отбасы қарым-қатынас құрылымына қарай қандай түрлерге бөлінеді? серіктестік және авторитарлық
Өзінің «Отбасы әлеуметтануына кіріспе» атты еңбегінде бұл автор жыныстардың қарама-қарсылығы – бұл некелік одақ құрудың тек базалық негізі ғана емес, сонымен қатар, отбасындағы адамгершіліктік жақындасудың негізгі себебі деп атап көрсеткен. Еркек пен әйелдің бір-бірін ынтыға іздеуі олардың нақ осы өзгешеліктерімен байланысты. Осы ғалымды атаңыз: Э.Дюркгейм
Отбасының бұл функциясы өзін-өзі тәрбиелеумен қатар ерлі-зайыптылардың өзара тәрбиесін де қамтиды:
тәрбиелік
Отбасының бұл функциясының міндеті отбасында моральдық, психологиялық және материалдық көмек пен қолдауды қамтамасыз ету болып табылады: рекреативтік
Отбасының бұл функциясы өз мүшелерінің өзге адамдармен, жақындарымен жақсы қарым-қатынасын қамтамасыз етеді: коммуникативтік
«Ирокездер лигасы», «Туысқандық жүйе және адамның отбасының адамдық қасиеті», «Ежелгі қоғам», деген еңбектерінде бұл американдық ғалым отбасылық қарым-қатынастың тарихи дамуының формасын қарастырады: Л.Морган
Бір жағының қалауымен еркін түрде бұзылатын, бір ер адамның бір әйел адаммен әлсіз, тұрақсыз одағының аталуы: жұптық отбасы
Отбасының даму сатысына төменгі атаулардың қайсысы жатпайды? патриархалды отбасы
«Семьяның, жеке меншіктің және мемдәрісеттің шығуы» атты еңбектің авторын атаңыз: Ф.Энгельс
Мәдениет – бұл: генетикалық мұраланбайтын, ерекшелікті тәсілдердің жиынтығы, жүріс-тұрыстың формалары мен үлгілері
Мәдениеттің басты элементі: тіл
Топты көпшіліктен айырықшалайтын нормалар мен құндылықтардың жүйесі: субмәдениет
Этноцентризмнің ұстанымы: басқа мәдениеттерді өз мәдениеті арқылы бағалау
Бұқаралық мәдениеттің басты функциясы: көңіл-көтеру-компенсаторлық
Мәдени реалитивизмнің ойластыратыны: кез келген мәдениеттің абсолюттік өзіндігі
«Мәдениет адамды бұзады: оған жетілгендік табиғаттан берілген» деп санаған: Дидро
«Адамзат тарихы қайсыбір жабайылық күйден басталады да, тек мәдениет қана адамды «адам етеді»» деп санаған: Вольтер
Қазіргі рухани қажеттіліктің жағдайын талдау соңғы кезде мынаны анықтап отыр:
жаңа және ескі қажеттіліктер жіктелісінің көрінуі қарқынының артуын
Өркениет – бұл: қоғамдық дамудағы рухани мәдениеттің деңгейі, сатысы
Мәдениет әлеуметтануындағы негізгі еңбектердің бірі: П. Сорокин. «Қазіргі заман дағдарысы»
Дұрыс жауапты көрсетіңіз: мәдениет пен өркениет бірмезгілде пайда болды
Мәдениеттің адамдардың көптеген ұрпағының әлеуметтік тәжірибесін шоғырландыру қабілеті, сөйтіп әлем туралы бай білімді жинақтап және оны игерумен байланысты мүмкіншіліктер жасауы қандай функциямен байланысты: танымдық
Бұрынғымен, бүгінгімен және келешекпен байланысты қамтамасыз ететін әлеуметтік тәжірибені тарату функциясы – бұл: ақпараттық
Өзара түсіністіктің дұрыстығын қамтамасыз ететін әлеуметтік қарым-қатынас функциясы, кез-келген түрде ақпарат беру – бұл: коммуникативтік
Адамның мінез-құлқын бақылаудағы әлеуметтанудың құралы ретінде көрінетін функция – бұл: басқарушылық
Жоғары мәдениет, халықтық мәдениет, бұқаралық мәдениет, субмәдениет және контрмәдениет – бұл: мәдениеттің формалары
Ақпаратты беру мен алмасудың, қарым-қатынас процесінің, материалдық және рухани әлемнің кез келген объектілерінің байланыс құралы қалай аталады? Коммуникация
Адамдардың коммуникативтік қызметін қай ғылым саласы зерттейді? коммуникация әлеуметтануы
Коммуникация саласында қалыптасқан қарым-қатынастың, өзара әрекеттің және ықпалдың ерекшеліктері болып саналады: коммуникация әлеуметтануының пәні
Әртүрлі жіктердің көңіл-күй көтеру әлемімен байланысқан утилитарлық сұранысты қанағаттандырудың атқаратын функциясы: жарнама-анықтамалық
Коммуникация әлеуметтануын қандай типтегі тұлға қызықтырады? «homo loguens» - сөйлеуші адам
Алдын ала дайындалған бағдарлама бойынша индивидтің мінез-құлқын өзгертуге әкелетін индивид санасын мақсатты ынталандырудың тәсілі – бұл: дегеніне көндіру
Аудиторияның қажеттіліктерін қанағаттандыру тұжырымдамасын жасаған қай ғалым? Б.Берельсон
Мамандандырылған және бұқаралық ақпарат – бұл: әлеуметтік ақпарат деңгейлері
Өзекті әлеуметтік мәселелер бойынша әлеуметтанулық ақпаратқа қысқаша баспасөз беттерінде түсініктеме шолу жарияланған – бұл: әлеуметтанулық түйін
Баспасөз, радио, теледидар – бұлар: бұқаралық коммуникацияның сыртқы формалары