Файл: азастан Республикасыны Оуаарту министрлігі Солтстік азастан облысы кімдігіні білім басарамасы кмм.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 75

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Олардың пішінін жанурлардың тұяқтарындай болатын аттың тұяғындай, сиырдың тұяғындай, ең кішкентайы қойдың тұяғындай.

2. 2 Қазақтың халықтық зергерлік өнері ұлттық мәдениет тарихынан ерекше орын алады. Өнердің бұл түрінің түп төркіні мыңдаған жыл әріде жатыр. Археология мен топонимиканың деректеріне қарағанда, Қазақстан территориясында мыс, қалайы, алтын, тағы басқа асыл және түсті металдарға бай кен орындарын игеру ісінің ежелгі замандарда – ақ қолға алынғандығын айғақтайды.  Қазақ халқындағы зергерлік бұйымдарының бастау кезін алғашқы тайпалық бірлестіктер дәуірлерінен іздеген жөн. Неолит немесе мыс (б.д.д 3-2 мың жылдықтар), қола ( б.з.б. 2 ші мың жылдық – VIII ғғ) замандары мен алғашқы темір кезеңіне (б.д.д. VII-IV ғғ) байланысты қазбалардан шеберлердің зергерлік өнермен айналысқанын айғақтайтын жекелеген заттар мен заттардың фрагменттері табылған. Сондай — ақ, Биғазы, Дәндібай, Отырар төбе, Маңғыстау, Бесшатыр, Шілікті және басқа да обалар мен қорғандарды қазу барысында табылған зергерлік бұйымдары қазақ халқында бұл өнердің ертеден — ақ қанат жайып, өркендегенін дәлелдейді. Бұл адамның өмір сүрген кезінен бері қарай 2000 жыл өтті деп есептеген күннің өзінде зергерлік өнердің қандай деңгейде дамығанын айқын аңғаруға болады. Біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықта Солтүстік Қытайдан Алтай және Жетісу өңіріне дейінгі аумақты Хунну (Ғұн) ірі тайпалар одағы мекендеген. Олардың бай тарихи мұрасы алтын және күміс әшекейлерінде бейнеленген. Көптеген археологиялық қазбалар мен этнографиялық зерттеулер Қазақстан жерінде ерекше шеберлікпен жасалған бұйымдарды бізге жеткізді. Қарғалы қазынасынан табылған әйелдің бас киімі, түйенің мүсіні салынған алтын жүзік, алтын сырға, Ақтас – 1 қорымынан б.з. 2-5 ғ. Жарқырауық тас орнатылған сырғалар табылған. Бұл бұйымдарды әшекейлеуде де қазіргі заманда қолданылып жүрген барлық техникалық тәсілдер қолданылған. Ежелгі сақ, ғұн, үйсін зергерлерінің қолымен жасалынған жүзіктерде, білезіктерде, алқаларда шолпыларда «мүйіз» оюының түрлері, арқардың басы кездескен. Зергерлік бұйымдардың көздеріне шеберлер ақық (агат), теңбіл тас (сланец), перуза (бирюза), маржан (коралл), лағыл (рубин), янтарь сияқты асыл тастарды пайдаланған. Әр зергердің өз қолтаңбасы болған «шебердің қолын» соған қарап таныған. Дәстүрлі қазақ тұрмысында тастарға деген оң көзқарас бүгінге дейін сақталып отыр. Інжу көзге түсетін катарактыны, янтарь зоб ауруын емдейді десе, маржан көз бен тіл тиюден сақтайды, қарғыстан қорғайды, перуза бақыт әкеледі дейді. Зейнет пен қуаныш тасы деп танылған ақық тас қай кезде де үлкен сұранысқа ие.


ІІІ. Зерттеу бөлімі

3. 1 Қазақтың ұлттық зергерлік өнері
Халық арасында зергерлер өте жоғары құрметке ие болып, елдің сүйікті адамына айналған.

Көптеген археологиялық қазбалар мен этнографиялық зерттеулер Қазақстан жерінде ерекше шеберлікпен жасалған бұйымдарды бізге жеткізді. Қарғалы қазынасынан табылған әйелдің бас киімі, түйенің мүсіні салынған алтын жүзік, алтын сырға, Ақтас – 1 қорымынан б. з. 2 - 5 ғ. Жарқырауық тас орнатылған сырғалар табылған. Бұл бұйымдарды әшекейлеуде де қазіргі заманда қолданылып жүрген барлық техникалық тәсілдер қолданылған. Ежелгі сақ, ғұн, үйсін зергерлерінің қолымен жасалынған жүзіктерде, білезіктерде, алқаларда шолпыларда «мүйіз» оюының түрлері, арқардың басы кездескен.

Зергерлер негізінен қоғамның барлық әлеуметтік топтарының сұранысына ие болған әйелдердің әшекей бұйымдарын жасауда эстетикалық жағынан емес, сондай - ақ діни - идеологиялық, әдет - ғұрыптық, салт - дәстүрлік маңыздылықтарын да ескеріп отырған. [ 10. 54]

Зергерлік бұйым түрлері де бірнеше түрлерге бөлінген. Соған тоқтала кеткенді жөн көрдім:

1. Шашқа тағылатын әшекей бұйымдар.

2. Қолға тағатын әшекей бұйымдар.

3. Мойынға және кеудеге тағатын әшекейлер.

4. Иыққа тағатын әшекей бұйымдар.

5. Белге тағатын әшекей бұйымдар.

6. Аяққа тағатын әшекей бұйымдар. [13. 25.]

Мойынға және кеудеге

Белге тағатын

Зергерлік – өте ерте заманнан келе жатқан өнер. Алтын - күміс әшекейлі бұйымдарды жасаумен әуестенушілерді зергер деп атау бүкіл Орта Азия халықтарында ерте кезден - ақ қалыптасқан. Қазақ шеберлер зергерлік өнерін біліп, бірақ алтын - күмісті өздері қорытып, өндіре алмаған. Сондықтан оларды көрші орыс мемлекеттерінен сатып, айырбасқа алып отырған. Кесек күміс пен алтын оңайлықпен табылмағандықтан ол кездегі қазақ зергерлері көбінесе алтын, күміс ақшаларды қайта балқытып немесе ол күйінде пайдаланған.

Ел арасындағы халық шеберлері түрлі көркем, нәзік істерді қарапайым әдіспен орындайды. Көбінесе білезік, өңір жиек, сақина, сырға, тіс шұқығыш (бұрын алтын, күміспен орнектеп жасап, қалтаға салып жүретін), қиықша, қоза, шолпы, алқа, қапсырма, сәукеле түйреуіш, мық, ілгек, сағат бау, үзбе, түйме, түйменің сабағы, бұрама, деңбет (дөңбет), кемер белдік, кісе сияқты адамның өз бойын әсемдейтін заттарды жасады. Ыдыс - аяқ, ағаш төсек, ер - тұрман, қару - жарақ, жазу жабдықтары, темекі салғыш, насыбай шақша, опа сауыт, домбыра, қобыз, сырнай және т. б. алуан түрлі жиһаздарды әшекейледі.



Қорыта айтқанда, барлығы да зергерлік бұйымдардың халық шеберлері – зергерлердің эстетикалық және шеберлік дағдыларын танытады. Әшекейіне қарай әйелдің жасын, әлеуметтік тобын, қай аймақтан екендігін ажыратуға болады. Мысалы, ауқатты отбасынан шыққан әйелдің әшекейлерінде бағалы тастардан көз салынған алтын әшекейлер көп кездеседі. Олар күрделі көркемдік шешімдерімен, техникалық жағынан мінсіз орындалуымен ерекшеленеді. Бай, ауқатты жерден шыққан әйелдер зергерге бірыңғай нақышта жасалған әшекей бұйымдарының толық жинағына тапсырыс бере алады. Бардам жердің қыздары салмағы үш келі шамасы күміс әшекейлер тағынған.
3. 2 Шолпының түрлері, жасалу жолы.

Қыз - келіншектердің өздері қандай көрікті болса, үстіне киген әсем киімі, тағынған сәнді бұйымдары оларды тіпті құлпыртып жібермейді ме?! Қазақ халқының да зергер, ұсталары ерте заманнан - ақ түсті металдардан сан алуан бағалы бұйымдар жасап, нәзік жандылардың көркіне көрік қосқаны, бізге жақсы мәлім. Этнограф ғалымдардың пайымдауынша, солардың ішінде әйел әшекейлері – қазақ қолөнерінің асыл мұрасы

Шолпы — әйел әшекейлерінің ішінде сәнді әрі күрделілерінің бірі. Қазақ арасында оның түрлері өте коп. Шолпыны сән - әшекей ретінде, сондай - ақ оның салмағының әсерінен шаш ұзын болып оседі деп таққан. Мұны байлықтың, баршылықтың белгісі деп те санаған. Қазақ салтында шолпыны қыздар мен жас келіншектер тағады, ал егде тартқан әйелдерге ерсі болса керек. Ал білезік - сақиналарды қарт әйелдер де сала береді. Шолпы, шашбау. Халық арасында «Адам жанының бір ұшы шашының арасын мекендейді» деген наным сақталған. Сондықтан да шолпының ұшына бәле – жаланы маңайлатпайды деп қоңыраулы сылдырмақ тағатын болған. Шолпы, шашбаулар бір жағынан әшекей болып саналса, екіншіден, қыз шашының ұзындығы мен қалыңдығын көрсетіп тұрады. Шашбау асыл тастар мен күміс теңгелерден, ортасына ақық орнатылған шілтерлі майда таналардан құралып, қыз бұрымының ұшына тағылады. Бұрымға тағылған шолпы сыңғыры қара ниетті күштерден қорғауды көздеген. Шолпының тәрбиелік мәні де зор. Жас қыздарға аналары: «Секеңдеп қатты жүруге болмайды. Шолпыңның сылдырлаған дауысы қатты естілсе, сені әдепсіз қыз екен деп айтады» деген сияқты тәлім –тәрбие беріп отырған.

сөйтіп ол қыздардың жүрісі мен бойын тік ұстау мәнерін қалыптастырған.

Шолпыны о баста әйелдер қара ниетті тылсым күштерден қорғану үшін тағып жүрген. Халық адамның жарты жаны шашта болады деп
, оны қорғау мақсатында шолпы, шашбау таққан. Кейде олардың салмағы 3 кг - ға жеткен. [10. 110]

Шолпылардың жалпыға бірдей ел арасына көп тараған түрлерінің мынадай аттары бар:


1. Қоңыраулы (сылдырмақты) шолпы: Қоңыраулы шолпы біріне - бірі тізбектелген бірнеше ромбы бейнелес күміс құтышалардан құралады да, олардың ішіне сылдырмақтар салынады. Құтышалардың сырты әр түрлі өрнектермен безендіріліп, бұрыш - бұрышына күлтелі меруерт, моншақ, теңгелерден салпыншақтар үзбелінеді. Қоңыраулы шолпылардың әрбір детальдарын ұстап тұратын алтын, күміс алақандары бар. Құтышалар мен салпыншақтар көптігіне қарай, біріне бірі төгіліп, ажарланумен қатар шылдырлап, сыңғырлап дыбыстар шығарып тұрады. [11. 63]
2. Қозалы шолпы: Жас қыздар үшін кішкене күміс тиындарды үзбелеп қозалы шолпы жасайды. Оның сыңғырлаған үні әдемі жарасып тұрады. [11. 72]
3. Қос үзбелі шолпы: Үзбелі, қос үзбелі шолпылар көбінесе арналып соғылған әшекейлі шаш теңгелерді, ақша теңгелерді біріне бірін үзбелеп жалғастыру арқылы жасалады. Бұлардың алақандары екі бұрымға екі бөлек жасалып, не әр бұрымға екіден төрт бөлек болып жасалады. Теңгелер мен теңгелердің арасындағы үзбелер кейде лента сияқты күміс баулықтарды дәнекерлеп ұстау арқылы, кейде теңгелерді тесіп шығыр еткізу әдісімен тізбеленеді. [11. 58]
4. Көзді шолпы (асыл тас қондырылған): Қақталған күмістен үш бұрышты немесе сопақша пішінді етіп жасалады да, ортасына асыл тас орнатылады. Төменгі үлкен тұмаршасының етегіне шынжырлап немесе үзбелеп соғып, сөлкебай тіркелген бірнеше салпыншақ тағылады. [11. 93]
5. Көп үзбелі шолпы: күміс, алтын тиындарды көптеп тізіп, үзбелеп жасаған

шолпының бір түрі.[11. 69]
6. Сағат баулы шолпы: лента немесе тері пұшпағын алып, оны сағат баулы етіп сызып, ұшына темір, я болмаса күміс тағады.[11. 97]
7. Маржанды шолпы: мақпал, шұға, барқыт, мауыты тәрізді көк, қызыл, қара түсті әсем маталардан тігеді, бұрымның жуандығына қарай жасайды, кестеленіп әсемделеді, оған маржан, моншақ та тағады, күміс шеттіктермен де әшекейлейді.[11. 102]

8. Шынжырлы шолпы: шынжырдан тізбектелген және оюмен бедерленген қаңылтырлардан тұрады. Шолпының ұшында күміс салпыншақтары болады.[11. 113]
9. Меруертті шолпы: көк, жасыл, қызыл, қара түсті мақпалдардан жасалады. Оның өң жаң бетіндегі мақпалдың айнала шеті, екі жақ басы алтын күміспен зерленеді. Мақпалдың ортасына ою - өрнектің ұнасымды түрін пайдаланып, ақ мерует тізеді.[11. 46]

10. Ақықты шолпы: күмісті немесе тиынды қолдан соғып, домалақ немесе сопақша етіп жасап, ортасына ақық орнатқан. Өте бағалы шолпы.[11. 88]

11. Тізбелі шолпы: әшекейлі шаш теңгелерді, ақша теңгелерді біріне біріне тізбелеп жалғастыру арқылы жасалады.[11. 109]
12. Алтын шолпы: алтыннан соғып, ортасына асыл тас орнатқан өте бағалы шолпы. Дәулетті отбасының қыздары таққан.[11. 115]
13. Күміс шолпы: қолдан күмісті соғып, әшекейлеп ою салып, асыл тастармен безендірген. Дәулетті, орта дәулетті отбасы қыздары таққан. [11. 76]

Жас қыздар үшін кішкене күміс қоңыраушаларды үзбелеп те шолпы жасайды. Оның сыңғырлаған үні әдемі жарасып тұрады. Шолпы бой-жеткеннің бойында ойлылық, зерделілік, биязылық тәрізді қасиеттерді қалыптастырады.

Бұл әшекейлердің сыңғыры шашты қорғау үшін қажет болған, себебі қазақтың нанымы бойынша «Адам жанының бір ұшығы шаш арасын мекендейді». Қоңыраулар мен сылдырмақтар қозғалып, сыңғырлаған кезде жын-шайтандарды үркітеді деген түсінік болған. Бұрым әшекейлерінің салмағы бойжеткеннің шашын артқа қарай тартып, сымбатты мүсін мен әдемі жүрісті қалыптастырған. Күміс теңгелер қозғалыс кезінде әрбір қыздың жүрісіне сәйкес келетін ерекше әуен шығаратын, көбіне осы сыңғыр бойынша қыздың мінезі мен қылығына баға берілген.

Қазақтар адамның шашын кез келген жерге тастамайды.
Олар әйел шашының ұшында тіршіліктің күші бар деп есептейді. Осы наным-сенімге сәйкес қыздардың шашын қимай, бұрым етіп өсіріп қояды. Оның ұшына шолпы, шашбау байлайды.

Ал әжем жас кезінде, Наурыз мейрамдарында, қазақша көйлек киіп, би билегенде осы шолпыны мандайша, шекелік, шаш бау қып тағыпты. Ол күміс тиындарын, маржан қадалған ызылған бауын сол күйінде сақтамай, тізілген ұзын күміс шынжырлы бауыларын жоғалтқанын айтады.

Демек, қазіргі қазақ қыздарының көпшілігі шаштарын әсемдеп өсіретін болғандықтарын айтқым келеді, соларға шолпы дегенді қазіргі қазақ тек мұражайдан ғана көретін болмасын. Шолпының сыңғырын қазақ жігіттерінің құлағы естуден қалмасын! Ал сол шолпы тек сәндіктің құралы емес.

Ол қыз баланың сұлу да сымбатты болып өсуіне қатты мәні бар, шашы ұзарған қыздың сымбатына, бойжеткеннің бойын түзейтін тікелей себепкер бұйым.