ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 35
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
____________________
(білім беру ұйымының атауы)
Бөлім: | 6.3 А XIII – XV ғасырдың І жартысындағы Қазақстан | |
Педагогтің аты-жөні | | |
Күні: | | |
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Ақ Орда Зерттеу сұрағы: Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы Ақ Орданың рөлі қандай болды? | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 6.3.2.5 тарихи оқиғалардың өзара байланысын анықтап, Қазақстан аумағында XIII - XV ғасырларда құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатын түсіндіру | |
Сабақтың мақсаты | Қазақстан аумағында XIII - XV ғасырларда құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатын түсіндіріп, тарихи оқиғалардың өзара байланысын анықтау |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезені/ уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы (10 мин) | Сәлемдесу Түрлі -түсті ұшақтар арқылы топқа бөлу. 1 – топ:Сығанақ 2 – топ :Суяб 3 – топ : Сауран «Ойлан.Жұптас.Талқыла» әдісі Ой-шақыру. Оқушыларға тақтадан Нұр-Сұлтан қаласындағы Президент резиденциясының суретін көрсетіп, төмендегі сұрақтар бойынша топтық талқылауға ұсынамын.
Оқушылардың жауаптарын тыңдағаннан кейін сабақ тақырыбын айтамын. Сабақтың мақсатын түсіндіру. Жаңа сабақтың тақырыбына бейнеролик арқылы ашу Бейне көрсетілім (Ақ Орда) | Оқушылар тақтадағы суретті көріп, өз ойларын айтып, сұрақтарға жауап береді. Бейнеролик көреді. | ҚБ «Ең үздік жауап» | Тақырыптық суреттер www.youtube. com/watch?v= X_OELAnGcS0&t=18s |
Сабақтың ортасы 30 мин. | Презентация арқылы сабақты түсіндіру. Зерттеу және талдау (5 мин.) А қ Орда мемлекетінің мекендеген жерлерін кескін картаға түсіру Мәтінмен жұмыс таблицаға түсіру (8 мин.) Сәйкестендіру кестесі (10 мин.) «Сіз қаншалықты сенесіз» тәсілі (7 мин) Ақ Орда мемлекеті 1.Ақ түсті білдіреді, қазақта қасиетті болып саналатын түс, орда – орталық, астана деген мағынаны білдіреді. 2. Монғол тайпалары ХV ғасырға қарай толықтай түркіленді. 3. Монғол шапқыншылығынан кейін құрылды, дерек бойынша Жошы өзінің ең үлкен ұлы Орда Еженге үлестірген жер иелігі 4. Ақ Орда Жәнібек хан тұсында өзінің ең жоғары өркендеу деңгейіне жетті | Оқушылар топпен кескін картамен жұмыс жасайды Оқушылар мәтінмен жұмыс жасай отырып, Ақ Орда мемлекетінің ішкі-сыртқы жағдайымен танысады. Сәйкестендіру арқылы негізгі оқиғалардың жылын анықтайды. Оқушылар дұрыс және дұрыс емес тұжырымды анықтайды. | Мұғалім әр жауапты мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады. | Карта Ақпараттық мәтін Таратпа материалдар |
Сабақтың соң 5 мин | Сабақтың басында ұшақ арқылы топқа бөлу үшін жасалған ұшақтарымен рефлексия Үй тапсырмасы | Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады | Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды | Суреттер |
Қосымша 1
Ақ Орданың құрылуы. Оның аумағы.
ХІІІ ғасыр мен ХV ғ. басында Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде Ақ Орда мемлекеті өмір сүрді. Ол - монғол шапқыншылығынан кейін Қазақстан жерінде пайда болған этностық негізде құрылған бірінші ірі мемлекет.Шығыс Дешті Қыпшақ, Солтүстік-Шығыс Жетісу, Ертіс өңірі алғашқыда Жошының үлкен ұлы Орда Ежен ұлысына қарады және Көк Орда деп аталды. Ал Жайық, Ырғыз,Тобыл, Сарысу өзендері бойындағы иеліктер, Арал өңірі далалары, Сырдарияның төменгі ағысы Жошының басқа баласы — Шайбани ұлысы құрамына еніп, Ақ Орда деп аталынды. Бұрынғы Қыпшақ хандығының жері Ақ Орданың негізгі аумағын құрады.Аумағы батыста Жайықтан шығыста Ертіске дейін, оңтүстікте Сырдарияның орта ағысы, Арал бойынан солтүстікте Батыс Сібір ойпатына дейін.Ақ Орданың негізін қалаушы – Жошының үлкен баласы Орда Ежен (1226-1280 жж.). Рашид әд-Диннің жазуына қарағанда (ХІV ғ.), Жошы ұлысының шығыс бөлігін (сол қанатын) әкесінің көзі тірісінде Жошының үлкен ұлы Орда Ежен алады. Әбілғазының айтуынша (ХVІІ ғ.) осынау жерді оған інісі Батухан ХІІІ ғ. орта кезінде бөліп береді. Орданың мирасқорлары іс жүзінде дербес билеушілер болды. Астанасы– Сығанақ (Сырдарияның орта ағысы). Ақ Ордада қыпшақ бірлестігінің құрамына кірген халықтардан басқа наймандар, арғындар, үйсіндер, қарлұқтар, т.б. мекендеді.
Ақ Орданың қоғамдық құрылысы
Ақ Орданың тұрғындары негізінен көшпелілер және отырықшылар болып бөлінді. Отырықшы аудандарда шартты жер иелену және меншік түрлері болды. Көшпелі аудандарда жер ортақ меншік болып есептелінді, малға жеке меншік орнады. Малдың көбі ақсүйектердің қолында шоғырлануы, оларды жайылымдық жерлердің қожасына айналдырды. Қарапайым егіншілер мен көшпелілердің еңбегі пайдаланылды. Еңбекші халық хандар мен ақсүйектерге алым-салық төледі, әр түрлі міндеткерлер атқарды.
Мемлекет басында Орда Еженнің ұрпағынан шыққан хан отырды. Жошы ұрпағынан тараған үлесті жер иелерін оғландар деп атады. Өз қол астындағы халыққа әкімшілік-саяси билігін жүргізетін ірі көшпелі ақсүйектерді
бектер, әмірлер, бахадүрлер деп атады. Олар оғландарға бағынышты болды.
Ақ Орда хандарының саясаты
Орда Ежен хан (туылған жылы белгісіз – 1253 жылы дүниеден озған) – Ақ Орданың негізін қалаған хан (1226 – 1253), қолбасшы Шыңғыс ханның немересі, Жошы ханның үлкен ұлы, қазақ хандарының арғы атасы. Орда Ежен 1236 – 1242 жылымоңғолдардың батысқа жасаған барлық жорықтарына белсене қатысты. Жошы ұлысы екі қанатқа бөлінгенде сол қанатын Орда Ежен, оң қанатын Бату хан басқарған.
Ерзен хан (Ибисан) — Ақ Орданың ханы. Сасы Бұқа ханның ұлы. Ол Отырар, Сауран, Жент, Баршынкенттегі көптеген медреселерді, мешіттерді, т.б. қайырымдылық үйлерін салдырды. Әділдігі мен мейірімділігі арқасында ол бүкіл Түркістан өңірін гүлдендірді. Күштілер әлсіздерге қысымшылық жасамады, жастар жасы ұлғайғандарға сый-құрмет көрсетуден ауытқымады. Ерзен хан билік еткен тұстағы халықтардың қауіпсіздігі сақталды, мемлекет ерекше гүлденді.
Мүбәрәк Қожа хан (т.ж.б. – 1345) – Ақ Орда ханы (1337/39 – 1340/41). Шыңғыс хан әулетінен шыққан, Орда Еженнің ұрпағы,Ерзен ханның ұлы. Ол Ақ Орда хандарының ішінде бірінші болып өз иелігін Алтын Орда хандарынан тәуелсіз деп жариялап, 1337–38 жылы Сығанақта өз атынан күміс ақша соқтырды.
Ұрыс хан - 1361-1376 жылдары билік еткен Ақ Орданың ханы.Ұрыс ханныңбилігі кезінде Ақ Орда Алтын Ордадан бөлініп, тәуелсіз хандық болып жарияланды. Ақ Орда Орыс хан тұсында едәуір нығаяды. Әйгілі тарихшы Қадырғали Жалайырдың айтуынша Орыс хан өз заманының қуатты да құдіретті, батыл билеушісі болған. Ол ең алдымен Ақ Орданың саяси тәуелсіздігін нығайтуға мейлінше күш жұмсады. Оның сыртқы саясаты негізінен Әмір Темірдің шапқыншылық жорығына тойтарыс беруге бағытталды. Ал ішкі саясаты
Ақ Орданың экономикасын өркендетіп, мемлекеттік қуатын арттыруды көздеді, ол ең алдымен Сырдария алқабындағы отырықшы егінші аймақтардың егін шаруашылығын өркендетуге және осы өңірдегі шаруашылық, мәдениет орталығы болған қалаларды көркейтуге баса мән берді.
Барақ хан1423-1428 жылдары билік құрған Ақ Орданың ең беделді хандарының бірі болды. Ол Сырдария бойындағы қалаларды қайтарып алу үшін Әмір Темірдің ұрпақтарымен күрес жүргізді. Барақ-Ақ Орданың соңғы ханы.
Ақ Орданың ыдырауы.
ХІV ғ. аяғы – ХV ғ. басында сыртқы саяси ауыр жағдайлар мен ішкі қырқыстар кезінде Ақ Орда әлсіреп кетті. Ақ Орданың әлсіреу себептері: Әмір Темірдің тонаушылық жорықтары және ішкі тартыстар. 1428 жылы Барақ хан қайтыс болып, Ақ Орда мемлекеті ыдырайды, оның орнына Шайбанилер ұрпақтары билеген Әбілқайыр хандығы құрылады.
Қосымша-2
Ақ Орда (XIII ғ. аяғы — XV ғ. басында)
ХІІІ-ХҮ ғ. басында Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде Ақ Орда мемлекеті өмір сүрді. Ол - монғол шапқыншылығынан кейін Қазақстан жерінде пайда болған бірінші ірі мемлекет. Ақ Орданың негізін қалаушы – Жошының үлкен баласы Орда Ежен (1226-1280 жж.). Рашид әд-Диннің жазуына қарағанда (ХІҮ ғ.), Жошы ұлысының шығыс бөлігін (сол қанатын) әкесінің көзі тірісінде Жошының үлкен ұлы Орда Ежен алады. Әбілғазының айтуынша (ХҮІІ ғ.) осынау жерді оған інісі Батухан ХІІІ ғ. орта кезінде бөліп береді. Орданың мирасқорлары іс жүзінде дербес билеушілер болды. ХІҮ ғ. 2-ші жартысында Алтын Орда билігі әлсіреп, Ақ Орда күшейіп, дамудың ең жоғары сатысына жетті.
Саяси тарих XIII ғ. аяғы — XV ғ. басында сыртқы саяси ауыр жағдайлар мен ішкі қырқыстар кезінде Ақ Орда әлсіреп кетті. Ақ Орданың әлсіреу себептері:
-Әмір Темірдің тонаушылық жорықтары және ішкі тартыстар. 1423—1428 жж. Орыс ханның немересі Барақ біраз уақыт бойы Ақ Ордадағы өз әулетінің билігін қалпына келтірді. Ақ Орданың соңғы ханы Барақ Самарқанның билеушісі Темірдің немересі Ұлықбекті жеңіп, Сырдарияның бойындағы көптеген қалаларды өзіне қаратады. Бірақ ол көп ұзамай қаза табады, Ақ Орда жеріндегі билік Шайбан ұрпағы Әбілқайырдың қолына көшеді. Саяси жағынан іс жүзінде дербес, экономикалық жағынан тәуелсіз болған.
Ақ Орда мемлекеттік бірлестігі XIV—XV ғғ. Шығыс Дешті-Қыпшақ пен Түркістан жеріндегі этникалық топтардың, тайпалар мен халықтардың бастарын қосып, біріктіруде маңызды рөл атқарды.
Кейін Ақ Орда мемлекеті Қазақ хандығының құрылуына негіз болды.
Әбілқайыр хандығы. XV ғ. 20-жылдарында Қазақстанның орталық, батыс және солтүстік-батыс аймақтарында тәуелсіз феодалдық иеліктер пайда болды. 1428 жылы Шайбан ұрпағы Әбілқайыр (1428—1468) осы аймақтардағы билікті қолына алды. Ол Сырдария бойындағы қалалар мен Хорезм үшін Темір ұрпақтарымен ұзақ соғысты. Шығыс Дешті-Қыпшақтың бытыраңқы тайпа- ларының басын қосып «Көшпелі өзбектер мемлекетін» құрды. Әбілқайыр хандығының аумағы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдарияның төменгі жағы мен Арал өңірінен солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі ұлан байтақ жерді алып жатты. Астанасы — алғашқыда Тура, 1431 жылдан Орда-Базар, 1446 жылдан Сығанақ.
Ақ Орда хандары - Орда-Ежен, Сартақ, Баян, Сасы Бұқа хан, Ерзен, Мүбәрәк Қожа хан, Шымтай хан, Ұрыс хан, Құйыршық хан, Барақ, Керей, Жәнібек, ж.т.б.
Халқы — өзбектер деп аталған түрік тайпалары (қыпшақтар, қоңыраттар, наймандар, маңғыттар, қарлүқтар, қаңлылар, үйсіндер т.б.). Елді 40 жыл билесе де, Әбілқайыр хан мемлекетінің ішкі саяси жағдайын тұрақты ете алмады. Мемлекет бір орталықтан басқарылмай бірнеше иеліктерге бөлініп, оларды Шыңғыс әулетінің билеушілері басқарып, олардың арасында билік үшін толассыз соғыстар тоқтамады. Әбілқайыр хан өз билігін нығайтып, жаңа жерлер қосып алу үшін көптеген соғыстар жүргізіп 1430 жылы Тобыл өзені бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды жеңді, Хорезмді басып алып, Үргенішті талқандады. Сырдария өңіріндегі далада Жошы әулетінің Махмұд және Ахмет хандарын жеңіп, Орда-Базар қаласын тартып алды. 1446 жылы Мүстафа ханды тізе бүктіреді. Сырдария бойындағы Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркөкті жаулап, Сығанақты астана етті. XV ғ. 50-жылдары Самарқанд, Бұхарды шабуылдап, осы өңірдегі Темір ұрпақтарының ішкі саяси өміріне араласты. Бірақ та 1457 жылы Өз Темір бастаған ойраттардан Сығанақ түбінде жеңіліп, онымен өзін қорлайтындай ауыр шарт жасасты. Бұл жағдай Әбілқайыр ханның саяси беделін төмендетті. Нәтижесінде XV ғ. 50-жылдарының аяғында Көшпелі өзбектер мемлекетінен Жәнібек пен Керей сұлтандар бастаған халықтың бір тобы Моғолстанға көшіп кетті. Оларды жазалау үшін 1468 жылы Әбілқайыр хан Моғолстанға жорыққа аттанып, жолда кенеттен қайтыс болды. Осыдан кейін Әбілқайыр хандығы ыдырап кетті. Әбілқайырдың мұрагері Шайх-Хайдар хан ішкі тартыста өлтірілді. Ал, Әбілқайырдың немересі Мұхаммед Шайбани (1470— 1510) қазақ хандарымен Сырдария мен Қаратау аймағындағы қалалар үшін ұзақ соғыс жүргізді. Қазақ хандығы құрылғаннан кейін Әбілқайырдан тараған Шайбанилер ұрпағының Шығыс Дешті-Қыпшақтағы билігі бітеді. Бұл жерлердегі билік қазақ хандарына толық көшті. XVI ғ. басында көшпелі өзбектердің бір бөлігі Шайбанилердің бастауымен Мәуераннахрға көшіп кетті. Ондағы Темір ұрпақтарының билігінің әлсірегенін пайдаланып, Шайбанилер Орта Азиядағы өкімет билігін тартып алды. Қазақстан жерінде қалған тайпалар Қазақ хандығының қол астына қарайды.