Файл: 3 1 оытуды р трлі кезедерінде ауіпсіздік ережесіні дадылары мен абілеттерін тану.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 336

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Бөлім




Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы


Бір қалыпты жүгіру


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.3.4.1.   Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін аз ғана дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді, оларға жауап қайтарудың кейбір негізгі жолдарын анықтайды


Сабақтың мақсаты


Әр түрлі секіру және лақтырау жаттығуларын орындау, дене қабілетіліктерін, дағдыларын жақсарту, қалыптастыру.

Бағалау критерииі

Секіру және лақтырау жаттығуларын үйлесімді орындайды, дағдыларын көрсетеді. Жүйелі жаттығулар жинағын үйлесімді орындайды, дағдылары қалыптасқан.

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 12-15 мин.Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Бұрылыстарды біркелкі орындау.

Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану.Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау.

Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.

Оқушы өз жұбын табады

Әдіс арқылы қайталау

Сұрақ жауап орындайды

Қол шапалақ


Тренинг жазылған парақшалар

Ортасы

(Ж, ЖЖ, Б, К, Ф) Командалық эстафеталар:

1) Қапшықпен жүгіру;

2) «Сыпырғыштағы мыстан» (бірнеше серіктест бір гимнастикалық таяқта жүгіреді);

3) «Кенгуру» (доптың тізенің арасына қысып, секіру);

4) «Бақалар» (үлкен доптың үстінде секіру);

5) «Ағаштағы қарбыздар» (шеңберге тұрып, допты береді – алдымен аяқты арасына, одан кейін бастың үстіне, оодан кейін күрделендіруге болады: біреу төменне, екіншісі жоғарыда береді);

6) «Сырғанақ қарбыз» (қашықтықты жұппен жүгіріп өтіп, допты екі таяқпен ұстау);

Көңілді старттар:

(ЖЖ, К) «Шарлар»

(команда қатысушыларының арасында әуе шарлары орналасады. Шарларды қолмен ұстауға тыйым салынады. Команда белгілі бір бағытпен жүріп өтуі керек. Шарларды құлатып алмау және жарып алмау);

(ЖЖ, К) «Такси»

(қатысушылар 2 жамылғының бойымен (бір реттік дастарқандар, баннер) біршама қашықтықты жүріп өтеді. Біріншісіне тұрады және алдыға екіншісін жылжытады, екіншісіне тұарды және біріншісін жылжытады және т.с.с.);

(Ж,К,Тәж) «Автобустағы эстафета»

(командалар бірнеше қатарға тұрады. Әрбір қатар бойынша қағаз парақ және қарындаш жіберіледі. Әрі қатысушы оның қатарына жіберілген параққа бес-алты әріптен тұратын сөзді жазуы тиіс. Есептеу кезінде ойының уақыты және жазылған сөздердегі әріп саны (сөздер қайталанбауы тиіс) есептеледі;

(Ж,ЖЖ,К) «Қағаз үшақ»

(ойынға ұшақ керек. Еденге сөре сызығы және мәре сызығы жүргізіледі. Сөре сызығына ұшақты жіберетін бірінші ойыншы тұрады. Ол лақтырғаннан кейін командасына қайта ораады, ал келесі ойыншы ұшақ түскен жерге жүгіріп барады, оны көтереді және сол жерде ұшақты әрі қарай ұшырады. Міндеті: кім ұшақтың көмегімен мәре сызығына жылдам жетеді);

(Ж, К, Ф) «Жаңбыр басталатын сияқты»

(әр команда құрал-сайман алады – плащ, қолшатыр және шляпа. Кезектесіп, команданың әр қатысушысы заттар жатқан үстелге жүгіріп келеді. Плащ пен шляпаны киіп, қолшатырды ашады да, орындыққа отырады, «Жаңбыр басталатын сияқты» деп қатты айғайлайды. Осыдан кейін шешіп, өз командасына кері жүгіреді);

оқушылар акедергі алабынан жақсы өткен тәсілдерін көрсетеді

оқушы басқа оқушыларға кедергілер алабынан қалай өткені туралы түсіндіріп, көрсетеді.

Қайтадан кедергілер алабынан өтді ұйымдастырады

Оқушылардың барлығы жаттығуларын жақсарту бағытындағы мәселелерін орындай алады.

Оқушылардың көбісі жағдайларының себептерін түсініп, оны шығару жолын таба алады.

Оқушылардың кейбіреуі жас ерекшеліктеріне сай нәтиже көрсете алады.


Смаликтер арқылы

ҚБ өзін өзі бағалау

ҚБ «Бағдаршам»

ҚБ «От шашу»


Мектеп алаңы, ысқырық, конустар, құрсаулар, кіші доптар және, нысана.



Сабақтыңсоңы


Сапқа тұрғызу арқылы сыныптың жиыны. Сабақтың қорытындысы. Рефлексияда оқушы сұраққа жауап береді: кедергілер алабынан өтуіне байланысты өз серіктестерінің көмегі қаншалықты ықпалын тигізді?

Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.




Рефлексия парағы



Бөлім




Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Ақ серек көк серек

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.3.1.1  Дене жаттығулар жасау барысында сауықтыру артықшылығын талқылау және сипаттау

Сабақтың мақсаты


Білімалушыларға қозғалмалы ойындар «Ақсерек-көксерек» туралы білімдерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу, оқушылардыңің салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын, спортқа деген белсенділіктерін, шеберліктерін дамыту. Әдептілік, салауатты өмір сүруге, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Бағалау критерииі

- Қозғалмалы ұлттық ойындар арқылы қолайлы оқып-үйрену ортасын қалыптастыру бойынша біріккен, әрі тиімді жұмыс дағдыларын қолданады;

- Қозғалмалы ұлттық ойындар кезінде дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды көрсетеді;

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

I.Топты сапқа тұрғызу. Кезекшіден баяндама қабылдау.

Білімалушылардың сабаққа толық қатысуын тексеру және зейіндерін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын сұрау, Миға шабуыл әдісі.

Әлемдік спорт жаңалықтарымен таныстыру.

Сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

II.Жаттығулар:

(Саптық; жүгіру; жүру; топтық жаттығулар; арнайы жүгіру секіру жаттығулары;ЖДЖ)

1.Саптық жаттығулар; сергіту ойыны;

Саптағы жәй жүріс;

Саптағы тез жүріс (спорттық) ;

2.Жүгіру: (жеңіл жүгіріс,) ;

Демді қалыпқа келтіруге арналған арнайы жаттығу;

3.Жүру:

- аяқтың ұшымен, қол жоғарыда;

- қол желкеде, өкшемен жүру;

- аяқтың сыртымен, қол иықта;

- аяқтың ішімен, қол белде;

- жартылай отыру, қол арқада;

- отыра жүру, қол тізеде;

4.Арнайы жүгіру секіру жаттығулары:

-аяқты артқа сермей жүгіру;

-тізені көтере жүгіру;

-аяқты алдыға соза қайшылай жүгіру;

-оң аяққа сол аяққа секіре тізені көтере жүгіру;

-велосипед тебу тәріздес жүгіру;

т.б

5.Кешендік ЖДЖ

Мойын буындары мен бұлшық еттеріне арналған жаттығулар:

- оңға және солға бұрылу;

- оңға және солға иілу;

- алдыға және артқа иілу;

- айналмалы қозғалыс;

Қол буындары мен бұлшық еттеріне арналған жаттығулар:

- саусақтарды ашып жұму;

- қол білезіктеріндегі айналмалы қозғалыс;

- шынтақ-иық деңгейіндегі шынтақпен ішке сыртқа айналмалы козғалыс;

- иық буындарының қол созылған, иілген түрдегі айналмалы қозғалыс;

- қол иықта, иықты алдыға, артқа айналдыру;

Дене буындары мен бұлшық еттеріне арналған жаттығулар:

- оңға және солға бұрылу;

-оңға және солға иілу;

- алдыға және артқа иілу;

- айналмалы қозғалыс;

Аяқ буындары мен бұлшық еттеріне арналған жаттығулар:

- сол аяққа отырып, оң аяқты жанға созу, денені сол аяқтан оң аяққа ауыстыру;

- сол аяққа отырып, оң аяқты артқа созу, денемізбен астыға устіге серпілу, алдыға артқа ;

- Отырып тұру;

- Тізені алдыға артқа айналдыру

Секіру

- бір аяқпен,

- екі аяқпен

6.Топтық жаттығу:

Екі топқа бөлініп, бірлесіп орындалатын топтық жаттығулар.

7.Он алтылық жаттығу жасату;

8.Аэробикалық жаттығу жиынтығын жасау.

Демді қалпына түсіру

Бастапқы қалып: аяқ иық деңгеиінде, қол астыда

- қол жаннан жоғары қарай – дем мұрынмен

- жылдам алдыға еңкеиу – қолды алдыға – астыға– демді ауызбен шығару




Қол шапалақ


Ұялы телефон


Ортасы

Ақсерек пен көксерек - қазақ балаларының дәстүрлі ұлттық ойынының атауы. Әр кезеңде, әр өлкеде түрліше аталғанымен ойналу реті бірдей (толығырақ қ. Айгөлек). Қазақ өлкесін зерттеу Орынборлық коғамының еңбектерінің бірінде (1921 ж.) Орал облысы Темір болысының тұрғыны Дәулетияр Имашев «Мылқау тотай» деген ойын туралы айтады. Оны жылдың жылы мезгілінде ауылды жерде, 6-15 жас аралығындагы балалар жиналып ойнайды. Ойыншылар саны 6 адамнан кем болмауы керек және ойыншылар санының жұп болғаны абзал. Ойын мынадай кіріспемен басталады: ойынға қатысушылардың арасынан бойлары сұңғақ екі ойын басшысын таңдап алады. Ортаға шыққан ол екеуі таяқ ұстасып сайысу арқылы қай жеңгені бірінші болып өзіне ойыншы әріптес таңдайды. Осылай екі топ жасақталады да, әр топ бір- бірінен алысырақ (шамамен 10-15 қадам, кейбір деректерде 20 қадам) барып, қатарласып қол ұстасып тұрады. Әлгі ойынды бастайтын топтың басшысы: «Мылқау тотай, бізден сізге кім керек?» деп айтады. Сол кезде қарама-қарсы тұрған топ басшысы өздеріне керекті қарсыластарының арасынан біреуінің атын атайды. Аты аталған ойыншы, бар пәрменімен жүгіріп қол ұстасып қатар тұрған қарсы топтың екі ойыншысының ұстасып тұрған қолын үзіп өте шығуға әрекет етеді. Ал қарсылыстары қолдарын мықты ұстап, үздірмеуге тырысады. Егер жүгіріп келген адам қарсыластарының қолдарын үзіп кетсе сол топтан, басшысынан басқа бір ойыншыны өзімен бірге алып кетеді. Қол ұстасып тұрған қатарды үзіп өте алмай қалса, онда сол топта өзі қалып қояды.Содан кейін екінші топқа кезек келеді, басшысы (кейбір деректерде әріптестері қосылып топпен) айқайлап: «Мылқау тотай, бізден сізге кім керек?» деп дауыстап сұрайды. Олар қарсы жақтың біреуінің атын атап шақырады. Реті болса, жасы кішкене, әлсіз ойыншыны шақырып, өздерін утып алып, тобын көбейтуге тырысады. Осы тәсілмен ойын, бір топтың адамдары бітіп қалғанша жалғастырыла береді. Жеңген топ, жеңілген топты келемеждеп, әр түрлі сөздер айтып мазақтайды. Болмаса жеңілген топ ойыншылары, жеңген топ ойыншыларын арқаларына салып, белгілі бір межеге дейін апару сияқты айыптарды орындайды. Аталған ойын барлық ұлыстарда қолданылады. Ақсерек пен көксерек ойынының жаңартылып, байытылған нұсқалары көп және оның бірі айгөлек, ақ керек деп аталатын ойында жарысушы екі тарап ойынға қатысуды шақыруды топтасып тұрған қарсы жақ өлеңмен хормен айқайлап айтып жеткізеді.

Ақ серек пен көк серек!

Тауып алдым бәйтерек!

Жалындаған күн керек!

Жалпы достан кім керек?

Анау тұрған үл керек!

Оның аты — Еркебек,

Келсін бізге ертерек! - деп, өлеңдетіп карсы жақтың бір ойыншысының атын атап шақырады
.Топпен тақырып бойынша төмендегі ойындарды ойнату.

  • «Ақсерек-көксерек»

  • «Айдаһардың құйрығы»

  • «Ұшты-ұшты»

  • «Арқа»

  • «Қызыл табан»

  • «Тымпи-тымпи» 

Дескриптор :

-қауіпсіздік ережесін біледі.

- ойын кезінде көшбасшылық дағдыларды дамытады.

-әріптесіне көмекке келе алады.

-ойында топты жеңіске жетелейді.

қойылады

Қимылды ойын: «Ақсерек пен көксерек».

Ойын шарты: екі топ бір-бірінен алысырақ шамамен 15 қадам жерде қол ұстасып тұрады. Бірінші топтың балалары екінші топқа ақсерек-ау, ақ серек, бізден сізге кім керек? деп айтады. Сол кезде қарама-қарсы тұрған топ басшысы өздеріне керекті қарсыластарының арасынан біреуінің атын атайды.Ақсерек-ау, ақ серек, сізден бізге Марат керек. Аты аталған ойыншы, бар пәрменімен жүгіріп қол ұстасып қатар тұрған қарсы топтың екі ойыншысының ұстасып тұрған қолын үзіп өте шығуға әрекет етеді. Ал қарсылыстары қолдарын мықты ұстап, үздірмеуге тырысады. Егер жүгіріп келген адам қарсыластарының қолдарын үзіп кетсе сол топтан, басшысынан басқа бір ойыншыны өзімен бірге алып кетеді. Қол ұстасып тұрған қатарды үзіп өте алмай қалса, онда сол топта өзі қалып қояды.
- Жарайсындар балалар.
- Ал, енді бүгінгі ойындарымыздың түрлерімен таныстырып өтейін.

Арнайы ресурстар арқылы жаңа тақырыпты талдайды

Жұп бойынша

Жеке, өзара тақырыпты түсінгендерін мұғалімге қол көтеру арқылы білдіреді

Денсаулықты нығайту жаттығулары барысында қауіпсіздік техникасынан ережесін жаттап сақтайды
Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік болу үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Мұғалім сұрағына жауап береді. Теріктесіне тілек білдіреді.


Смаликтер арқылы

ҚБ өзін өзі бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

ҚБ


Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы, белгілеуге арнаған бор, жалаушалар, ысқырық, секундомер. Кедергі жасау үшін: фишкалар, конустар, жеңіл атлетикалық кедергілер, гимнастикалық орындықтар.

«Балаларға арналған қозғалмалы ойындары» сілтемесі:


Сабақтың соңы


Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Жүгіру неше кезеңнен тұрады және әр кезеңнің ережесі?

  2. Жүгіру кезінде қандай қасиеттер дамиды?

  3. Жүгіру кезінде тепе-теңдікті сақтау маңызды ма?

Неліктен екенін айта аласыңдар ма?

Жүгірген кезде ішкі құрлыстарымыз ауыру себебін айта аласыздар ма?

Оқушылар бір-бірінің орындаған жаттығуларын «басбармақ» әдісі арқылы бағалай алады. Оқушылар сабақта түсінбеген жаттығуларын, мұғалімге қоятын сұрақтары және сабақтан әсерлерін стикерге жазып кері байланыс тақтасына жапсырып кетеді.Сабақ топ бойынша бағаланады.
Кері байланыс

Оқушылардың өз тәртіптеріне рефлексия жасауды мобильдендіру (мотивация, әрекет тәсілдері, қарым-қатынас).

Оқушылар стикерге мына сұрақтарға жауап жазады:

1. Маған сабақта не ұнады. 2. Маған немен жұмыс істеу керек? 3. Смайл арқылы өзінің көңіл-күйін бейнелейді және стикерді күн бейнесіндегі тақтаға жапсырады.


Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.




Рефлексия парағы





Бөлім




Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы


Жеке және топтық белсенділік арқылы жүгіру қабілеттері


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.3.1 Қарапайым дене жаттығуларын орындау кезінде уақытты, кеңістікті және бірқалыптылықты түсінетінін көрсетеді

Сабақтың мақсаты


Барлығы:Жұгіру,секіру,өрмелеу,күш қабілеттерін 
арттыру,жылдамдықты жетілдіру, тепе-теңдікжаттығуларын орындаайды 

Көбі:. Жылдамдық, ептілік, икемділік, шыдамдылық дене сапалық қасиеттерін жылдамдық, күш, ептілік дамытады 

Кейбірі: Анық және толық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.




        • денеқызметіменайналысқандадененіқыздыружәнебосаңсытумаңызынтүсінеді;

  • денежаттығуларынорындағандабақылаустратегиясыфизикалықөзгерістердіанықтапкөрсетеді;

  • денежаттығуларынорындағандабақылаустратегиясыфизикалықөзгерістердіанықтаптүсіндіреді.

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Бой сергіту жаттығулары.



Жүгіру жаттығуларын жасату 
1. Оң бүйірмен қолды алға айландырып жүгіру 
2. Сол бүйірмен қолды артқа айландырып жүгіру 
3. Арқамен сол иықтан қарап жүгіру 
Спорт алаңын жеңіл жеңіл жүгіріспен 1 айналым жүгіру 
Қозғалыста демалыс жаттығуын жасату. 
Үш қатарлы сапқа тұрғызып жалпы дамыту жаттығуын жасату 
1. Бастапқы қалып негізгі тұрыс 1 дегенде қолды жоғары көтеріп сол аяқты артқа қойып шалқаю 2 дегенде бастапқы қалып 3-4 тура солай оң аяқ. 
2. Б.қ. а.и.д қол белде басты 1-4 оңға, 1-4 солға айналдыру 
3. Б.қ.а.и.д қол иықта 1-4 алға, 1-4 артқа айналдыру 
4. Б.қ.а.и.д қол белде белді 1-4 оңға, 1-4 солға айналдыру 
5. Б.қ.а.и.д қол тізеде тізені 1-4 оңға, 1-4 солға айналдыру. 
6. Б.қ негізгі тұрыс қол белде 1-4 оң аяққа, 1-4 сол аяққа, 1-4 қос аяқпен секіру 
Демалыс жаттығуын жасату 
1. Аяқты артқа сілтеп жүгіру 
2. Тізені көтеріп жүгіру 1 мин 

1х10м 

1х10м 

1х10м 


Оқушы өз жұбын табады

Әдіс арқылы қайталау

Сұрақ жауап орындайды

Қол шапалақ



Бос кеңістік,


Бос кеңістік, ысқырық, телевизор презентация, тақта, стикерлер.


Ортасы

Жаңа сабақты түсіндіру

Оқушыларды сапқа тұрғызып сабақты теория жүзінде түсіндіріп, практика жүзінде көрсету. 
1.Төменгі сөреден шығу техникасын үйрету. «Сөреге» деген бұйрық берілгенде сөре сызығына келіп бір, бір жарым қадам санап алып қолды сөре сызығынының үстіне қойып итеретін аяқты алдығы ұшфна қойып итермейтін аяқтың тізесі итеретін аяқтың табанының орта тұсында тұрады, бас пен иық бір деңгейде, салмақ қолға түсіп тұрады. 
«Дайындал» деген бұйрықта сәл көтеріліп алға қарап тұрады. «Жүгір» деген бұйрықта бар екпіні мен аяқты жылдам қолды алға артқа сермеп 20 метрге максимальді қарқын алғанша жиі-жиі басып жүгіреді. 
2.Жүз метрге жүгіру. Жүз метрге жүгіру 4 фазадан тұрады. 
Сөреге тұру 
Сөреден шығу 
Берілген қашықтықты жүгіру 
Мәре сызығынан өту 
«Сөреге» деген бұйрықта сөреге тұру. «Дайындал» деген бұйрықта көтерілу. «Жүгір» деген бұйрықта аяқ қолды тез тез қимылдатып 20 метрге дейін аяқты жиі жиі басып максимальді қарқын алғанша сөйтіп жүгіріп, қалғанын барынша қарқынмен жүгіріп келіп мәре сызығын кесіп өту қажет. 100 метрге жүгірту. 


Оқушылардың сөреге дұрыс тұруын қадағалау және итеретін аяқтарын алға қойығанын қадағалау. 

Оқушылардың «жүгір» деген бұйрық бойынша жүгіруін қадағалау. 

Сөреден дұрыс шығып берілген қашықтықты тоқтамай жүгіріп өтуін қадағалау. Әр оқушы өз жолымен жүгіруін қадағалау.  Ұлттық ойындар:

Арқан тарту. 
Бұл екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады.Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген балалар тартысады 
Қай топ арқанды өз жағына тартып,алып, кесе сол топ жеңіске жетеді. 
Екі бала тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып екіші баланы құлатса ,құламаған бала жеңіске жетеді. 
Хан «алшы» 
Бұқл ойынға 5 немесе 10 бала қатыса алады.Көп асықтың ең ірісін қызыл түске бояп қояды.Бұл асық «хан» асығы. 
Асықтар тізіліп қойылады да бастаушы хан асығымен оларды көздеп құлатады.Құлаған асықтарды жинап алады.Егер хан асығы бүк,шік,тайқы-қалыптарымен түссе,бастаушы жақын құлаған асықтарды ата береді. 
Егер бастаушы асықтарды қолымен құлатып алса немесе басқа асықтарымен атса,онда ойынды келесі бала жалғастырады.Ең соңында хан асығы кімнің қасында қалса,сол бала жеңіске жетеді.Келесі ойынды жеңіске жеткен бала жалғастырады. 

Орташа қалыпта жүгіру, алаңның оң жағынан сол жағына қарай .

1. Екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен, екі қол белде өкшемен жүру.

2. Жеңіл жүгіріске көшу .

3. Аяқты артқа, қолға жеткізе жүгіру, екі қол алдыда тізені биік көтере жүгіру.

4.Оң және сол жақ қырымен адымдап жүгіру, екі қол

қозғалысты кеңістікте тиімді пайдаланады;

өз идеясын ортаға салып, сыни пікірін айтады;

ойын барысында тез жүгірді біледі


Смаликтер арқылы

ҚБ өзін өзі бағалау

ҚБ «Бәрекелді,әттеген-ай»


Бағалау парақшасын толтырады.
ҚБ Бағдаршам



Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы, белгілеуге арнаған бор, ысқырық.

«Балаларға арналған қозғалмалы ойындар» сілтемесі:


Сабақтыңсоңы


Оқушыларға қозғалыста демалыс жаттығу жасатып,сапқа тұрғызу.
Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

-нені білдім, нені үйрендім.

–нені толық түсінбедім.

Үй тапсырмасы –кіші футбол комбинацияларына көңіл бөлу, шабуылдағы тактикалық комбинацияларды үйрену

Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.




Оқушылардың ағзасын бастапқы қалыпқа келуін

қадағалау.





Бөлім




Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы


Сөреде тұру техникасы


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.3.1 Қарапайым дене жаттығуларын орындау кезінде уақытты, кеңістікті және бірқалыптылықты түсінетінін көрсетеді

Сабақтың мақсаты


командалық жұмыстағы көшбасшылық дағдыларды қолдану және дағдыларды дамыту

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

1. Сапқа тұрғызу
Амандасу
Мәлімет қабылдау
Сабақтың тақырыбын түсіндіру
2. Саптық жаттығулар:
Оңға, солға, кері бұрылыстар
3. Жүру.
- аяқтың ұшымен, қол жоғарыда
- қол желкеде, өкшемен жүру
- отырып жүру
4. Жүгіру.
- баяу жүгіріс
- сол жақ иықтан секіре жүгіру
- оң жақ иықтан секіре жүгіру
- қиылысты жүгіріс, жылан жүгіріс
5. Жалпы дамыту жаттығулары.
Б. қ. қол белде, аяқ иық көлемінде, басты 1 – 2 алға артқа, 3 – 4 оңға солға бұру
Б. қ. негізгі тұрыс, қолды алға созып айқастыру, 1 – 2 оңға, 3 – 4 солға
Б. қ. жұдырық түйюлі қолды 1 – 2 жоғары, 3 – 4 төмен

Бастапқы қалыпта тұру.

-Бас, мойын, иық, кеуде жатт.

-Бел, тізе, аяққа жатт.


Қол шапалақ



Ғаламтор материалы
Көңілді әуен қосып қою.


Ортасы

Оқушыларды сапқа тұрғызып сабақты теория жүзінде түсіндіріп, практика жүзінде көрсету.

1.Төменгі сөреден шығу техникасын үйрету. «Сөреге» деген бұйрық берілгенде сөре сызығына келіп бір, бір жарым қадам санап алып қолды сөре сызығынының үстіне қойып итеретін аяқты алдығы ұшфна қойып итермейтін аяқтың тізесі итеретін аяқтың табанының орта тұсында тұрады, бас пен иық бір деңгейде, салмақ қолға түсіп тұрады.

«Дайындал» деген бұйрықта сәл көтеріліп алға қарап тұрады. «Жүгір» деген бұйрықта бар екпіні мен аяқты жылдам қолды алға артқа сермеп 20 метрге максимальді қарқын алғанша жиі-жиі басып жүгіреді.

2.Жүз метрге жүгіру. Жүз метрге жүгіру 4 фазадан тұрады.

  1. Сөреге тұру

  1. Сөреден шығу

  1. Берілген қашықтықты жүгіру

  1. Мәре сызығынан өту

«Сөреге» деген бұйрықта сөреге тұру. «Дайындал» деген бұйрықта көтерілу. «Жүгір» деген бұйрықта аяқ қолды тез тез қимылдатып 20 метрге дейін аяқты жиі жиі басып максимальді қарқын алғанша сөйтіп жүгіріп, қалғанын барынша қарқынмен жүгіріп келіп мәре сызығын кесіп өту қажет. 100 метрге жүгірту.


Орташа қалыпта жүгіру, алаңның оң жағынан сол жағына қарай .

1. Екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен, екі қол белде өкшемен жүру.

2. Жеңіл жүгіріске көшу .

3. Аяқты артқа, қолға жеткізе жүгіру, екі қол алдыда тізені биік көтере жүгіру.

4.Оң және сол жақ қырымен адымдап жүгіру, екі қол

қозғалысты кеңістікте тиімді пайдаланады;

өз идеясын ортаға салып, сыни пікірін айтады;

ойын барысында тез жүгірді біледі


ҚБ:«Cерпілген сауал»Тақырыптың түсіну деңгейін арттыру, қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтар қойылады.

ҚБ: «Плюс,минус,қызықты » әдісі (кестеге ойыңды жаз)



Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы, пішіндерді белгілеуге арнаған бор, жалаушалар, ысқырық. Жолдарды салуға арналған ленталар.

«Балаларға арналған қозғалмалы ойындары» сілтемесі:


Сабақтыңсоңы


Спорт жабдықтарын орнына қою, тыныс алу жаттығулары және хронометраж.

Көңіл аудару жаттығулары, үй тапсырмасы.

Рефлексия

Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.




Рефлексия парағы





Бөлім




Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы


Түрлі ұзындыққа және биіктікке секіру

.


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.5.1 Кеңістікте және динамикада қарапайым өзгерістермен іс-қимылдарды ұғынады және жеткізе біледі

Сабақтың мақсаты


Әр түрлі қимыл-қозғалыстарды, қарапайым секіру, сермелу жаттығуларын орындау, әр түрлі қозғалыс-қимылдың дағдыларын қайталау, орындаудың маңыздылығын білу, жаттығуларды тиісінше кешенді, ретімен орындау.

Бағалау критерииі

Қарапайым әр түрлі секіру, сермелу жаттығуларын орындайды, секіру үшін қозғалатын тірек қимыл-аппаратының маңыздылығын түсінеді, қозғалыстарды ажыратады.

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 8-10 мин.

Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу.

Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру.

Қатардағы жаттығулар. Оңға, солға бұрылулар. Мәнерлі жүрістер.

Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Арақашықтықты сақтау. Козғалыстағы жаттығулар тізбегі. Қолға, аяқа арналған бой жазу жаттығулары. Шеңберге тұру.

Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. Созылуға, иілуге арналған жалпы дамыту жаттығуларды орындау. Буындарды, бұлшық еттерді негізгі қимыл-қозғалыстарды орындауға дайындау.

Оқушы өз жұбын табады

Сұрақ жауап орындады

Қол шапалақ



Ысқырық, секундамер


Ортасы

(К, И, Ф) «Өзеннен» секіріп өт.

Оқушылар 2 командаға бөлінеді және жалпы старт сызығына бір-бірлеп сап бойынша тізіліп тұрады. Старттан 8 м аралықта екі параллель сызықпен екі метрлік ендіктегі шартты бұлақ белгіленеді, ал тағы 8 м аралықта әр тізбектің алдында бұрылу бағанасы қойылады. Сигнал бойынша тізбектің бағыттайтын ойыншылары бұрылу бағанасына жүгіріп келеді, екпінмен бұлақ арқылы секіріп өтеді, бағананы айналып өтеді, қайтып оралады, бұлақтан өткендей қайта өтеді, эстафетаны келесі ойыншыға тапсырады. Бұлақтан өте алмағаны үшін топқа 2 айыппұл секунд қосылады. Аз уақытта эстафетаны бітірген топ жеңеді.

(К, Г, И, Ф) Казактар-қарақшылар

Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінуі керек: «қарақшылар» мен «казактар». «Казактар» тұтқынға түскен «қарақшылар» — «абақтыдағылар» үшін орын табады, ал «қарақшылар» тығылады.

Содан кейін «казактар» іздей бастайды, ал «қарақшылар» оларға міндетті түрде жетіп, ұстауы керек. Тұтқынға түскен «қарақшы» қаша алмайды. Барлық тұтқынға түскендер «абақтыға» отырады, оларды «казак» қарауылдайды. «Қарақшылар» «абақтыдағы» досына хабар айта алады, бірақ ол үшін олар «тұтқынды» ұстауы керек. Егер ол ойыншы бірден қашып үлгерсе, «казак»-қарауылшы оны қайтадан ұстап алады. «Казак» көмекке келген «қарақшыны» да ұстап ала алады. Барлық «қарақшылар» «абақтыға» түскен кезде ойын аяқталады. Содан кейін ойынды қайтадан бастауға болады, ал ойыншылар өз рөлдерімен алмасады.

Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік болу үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басында мұғалім сұрағына жауап береді. «Кері байланыс картасын» толтырады.


Смаликтер арқылы

ҚБ өзін өзі бағалау

ҚБ От шашу

ҚБ Бағдаршам


Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы, пішіндерді белгілеуге арнаған бор, жалаушалар, ысқырық. Жолдарды салуға арналған ленталар.

«Балаларға арналған қозғалмалы ойындары» сілтемесі:


Сабақтыңсоңы





  • Сабаққа белсенді қатыстым, аз да болса топқа пайдам тиді.

  • Сабақта берілген материалдарды түсіндім, өзіме қажеттісін алдым.

  • Сабақты түсінбедім, сабаққа қатыса алмадым.


Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.




Рефлексия парағы