Файл: Мажан Жмабаевты Сйемін леіндегі перзенттік сйіспеншілік атты ылыми жмысы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 49
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Мағжан Жұмабаевтың «Сүйемін» өлеңіндегі перзенттік сүйіспеншілік» атты ғылыми жұмысы
Пікір
Халқымыздың от жалынды,аса зор талантты ақыны Мағжан Жұмабаев – қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі бірегейі. Мағажан поэзиясы – жан,жүрек, сезім поэзиясы.Мағжанның әр тақырыптағы лирикалық шығармалары, ондағы кейіпкерлер әлемі,ақындық шеберлік сырлары көзі қарақты оқырманды қызықтырмай қоймасы анық.
Бұл зерттеу жұмысына оқушы Асанова Сымбат Асанқызы ақын лирикасын оқып,талдауға қызығушылық таныта отырып, Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін оқи отырып «Сүйемін» өлеңіндегі перзенттік сүйіспеншілікті, патриотизммен өрілген, ыстық жүректен шыққан өлеңнің өзіндік ерекшеліктерін саралады.Мағжандай заңғар тұлғаның өлеңдерін балаң көңілмен оқып, ойға түйгендерін өзіндік пайымдау мен жеткізуге талаптанған. Оқушы бұл зерттеу жұмысын баланың өз жас ерекшелігіне сай зерттеп,мақсатына жеткен,ғылыми жоба жарысына ұсынуға болады деген пікірдемін.
әдебиеттегі лирик ақындардың шығармаларын оқып,меңгеруде көзге түсіп,қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білім байқауына қатысып, сонымен қатар мектепішілік, сынып аралық тақырыптық шығармашылық жұмыстарда өзінің интеллектуалдық қасиетін көрсетіп жүрген оқушы.Талабына сәттілік тілеймін.
Ғылыми зерттеудің заңдарын сақтай отырып,бастан – аяқ жатық тілмен жазуға талаптанған.
Мектеп директоры:
Жетекшісі:
Аннотация
«Мағжан Жұмабаевтың «Сүйемін» өлеңіндегі перзенттік сүйіспеншілік» атты ғылыми жұмысы
Зерттеу мақсаты:
Мөлдір махаббатты пір тұтқан ақын Мағжан Жұмабаев шығармаларының зерттелуіне өзіндік үлес қосуға ұмтылыс.Мағжанның отты жырларын оқырман жүрегіне жеткізе білу. Жас жеткіншек ұрпақты әдебиетті сүюге,поэзияны көңіл дәнімен сүйсініп оқуға жетелеу.
Зерттеу міндеттері:
-
Ақынның «Сүйемін» өлеңін түсініп оқу,талдай білу,топтау. -
Шығармаларының тіл ерекшеліктерін саралау. -
Ақынның қаламынан туған керемет өлең туындыларына деген оқырман қызығушылығын арттыру.
Зерттеу кезеңдері:
Мағжан Жұмабаев өлеңдерінің идеялық-тақырыптық,көркемдік қуатын айқындау, ұлттық тіл байлығын пайдалануымен ой еркіндігінің өмір шындығын жеткізудегі биік өресін, болмысын байыптау,сұлу да сырлы сөз бен сурет салған өр ақын шығармаларының тұңғиығына бойлау.
Тәжірибенің әдістемесі:
Ақынның өлеңдерін зерттеу үшін ақынның жыр жинақтарымен танысу.
Зерттеу жаңалығы:
Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығын танытуға үлес қосуға талпыныс. Лирикалық шығармаларды таңдап,саралап оқуға ұмтылыс.
Қорытынды:
Осы жобаны әдебиетшілерге, лириканы сүйіп оқитын оқырмандарға,мектептің жоғарғы сынып оқушыларына Мағжан Жұмабаев шығармаларынан тәлім – тәрбие алуда пайдалануға ұсыну.
Жоспар:
І. Кіріспе бөлім
1.1. Мағжан – ұлы ақын.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. «Сүйемін» өлеңі перзеттік сүйіспеншілікке толы.
2.2. Мағжан сөзі – қазірде тағылым,таным,өнеге.
ІІІ.Қорытынды бөлім
Аймауытовтың пікірі.
Кіріспе
Қазақтың кемеңгер жазушысы Мұхтар Әуезов: «Абайдан кейін Мағжанды сүйемін... Мағжан – културасы зор ақын...Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілігіне қарағанда,бұл бар заманның шегінен асқандай... бүгінгі күннің бар жазушының ішінен келешекке бой ұрып,артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі», - деп,оның ақындығын да,әдебиет тарихындағы орнында дөп басып айтқан.
Мағжан – қазақ халқының ұлттық ұлы ақыны. Ол – халқын шын сүйген,сонымен бірге күйінген,аянышты ел күйін көріп күйректікке,сезімталдыққа берілген шын халық досы.
Мағжан поэзиясы – жан,жүрек,сезім поэзиясы.Ол оның бүкіл қантамырынан жаралған. Ақын қандай тақырыпты жыр өзегі етпесін,бәрі «мен Мағжанмын» деп мұндалап тұрады.Оның жырларынан бейжайлықты кездестірмейсің.Жілігі татымас жасық жолдарды ұшыратпайсың.Онда отты жүректің соғысы,ізгі де сұлу,елжіреген,еміренген жан лүпілі естіледі,онан өмір азабын,өзімшілдікке деген ыза – кекті,қаһарлы ерлі күні естіледі.
Мағжан поэзиясының мәңгі өлмес,ұрпақтан-ұрпаққа жалғасар асыл қазынасы – махаббат,ғашықтық жырларының жұмбақ күйлерін шерткен,терең ақындық шабыттантуған,адам жүрегінің мың сан дірілін шеберлікпен бейнелеген,ішкі мазмұнымен түр кестесі жымдаса ұласқан,ықшам,жинақы,жұп-жұмыр жауһар дүниелер. Өшпес,сөнбес,өлмес жырлар – тек алып та ұлы жүректің берер сыйы.Мағжанға азаматтық та,ақындық та,ұлылық та дарыған.Сонан да болар – Мағжан поэзиясы оқырмандарының қойын кітабындай боп кеткен.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев:"Еліңе, жеріңе, отбасыңа, балаңа, әке-шешеңе деген махаббат болады. Махаббат - ұлы сезім. Махаббат деген отан деген сөз, махаббат деген баспана, махаббат деген сүйікті адамың. Ең бастысы жүректеріңіздегі сол махаббат ешқашан сөнбесін. Оны жүректеріңнен шығарып алмаңдар, және махаббат та сіздерді тастап кетпесін, — деп «махаббат» сөзінің мәнін түсіндіріп айтқан екен.Елбасымыз айтқандай туған жерге,сүйікті адамыңа,ата-анаға деген махаббат Мағжан өлеңдерінен де көрініс табады.
Мағжан Жұмабаев – қазақ поэзия әлеміндегі қайталанбас жарық жұлдыз. Мағжан поэзиясының құдіреттілігі сол – ол оқырмандарына көтеріңкі көңіл – күй, бойға рух, жанға жігер береді. Өлеңдерінің құдіреттілігі сол – жастардың қанындағы ұлттық рухты күшейтеді, отаншылдық сезімін арттырады. Мағжан өлеңдері жастарды елін, жерін сүюгетәрбиелейді.
Мағжан өлеңдеріндегі ең басты тақырып – ел мен жер тағдыры. Өмірге құштарлық, айналасындағы адамдарға, туған табиғатқа, жер - анаға ғашықтық туралы ойлар – Мағжан өлеңдерінің басты сипаттарының бірі. Ақын нені жырласа да, ерекше махаббатпен, шынайы жүрекпен жырлайды. Сол себепті де оның өлеңдері сырлы, сазды, көркем.
Жүсіпбек Аймауытов: «Мағжан – алдымен сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей «тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетіндей» үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында жоқ. Мағжан не жазса да, сырлы, көркем, сәнді жазады. Қай өлеңді алсақ та, ақынның ойлағаны, сезгені, жүрегінің қайғыруы, жан дүниесінің күйзелуі, көңілінің кірбіңі көрініп тұрады. Ақын өлеңін оқысаң, еріксіз бір сезім туғызады. Әлде мұңайтады, әлде өкіндіреді, әлде қуантады, әлде жігер береді,» - деп дәл лайықты бағасын берген екен.
«Сүйемін» өлеңі перзеттік сүйіспеншілікке толы
Мағжан өз өлеңдерінде туған жерге деген махаббат тақырыбын айрықша жыр арқауы еткен.Көптеген өлеңдерінде шынайы да,мөлдір,пәк махаббат өзек болған. Сондай – ақ Мағжан нені айтса да, бейнелеп айтады. Ол үшін даланың тауы да, суы да, желі де ғажайып. Ақын өлеңдерінде адам мен табиғат астасып жатады. Қай шығармасында да Мағжан осы екі ұғымды бірлікте алып жырлайды. Оған дәлел болатын өлеңдері көп, соның бірі - «Сүйемін» өлеңі. Ақын «Сүйемін» деген өлеңінде:
Ұйқы басқан қабағын,
Бастыра киген тымағын,
Жалқаулықты жар көрген,
Жүрген ескі заңымен,
Алдындағы малымен
Бірге жусап,бірге өрген
Алаш деген елім бар.
Неге екенін білмеймін –
Сол елімді сүйемін!
деп,ақын еліне деген патриоттық шынайы перзенттік сезімін бұл жолдардан айқын аңғартады.Ақын Алашын еш алаламаған.Мағжан халқының болашағына сенген,келешектен зор үміт күткен. Мағжан – ұлтжанды ақын.Ол бүкіл ақындық талантын ұлтына,Алашына бағыштаған. Ол осыбағыттан әсте айнымаған,таймаған.
Сонымен қатар, адамның Отанына,туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімі де – махаббаттың бір көрінісі.
Сағымы сайран құрады,
Бораны ұлып тұрады,
Қыс – ақ кебін, жаз -сары,
Орманы жоқ,шуы жоқ,
Тауы да жоқ,суы жоқ,
Мәңгі өлік сахарасы,
Сарыарқа деген жерім бар.
Неге екенін білмеймін –
Сол Арқамды сүйемін!
деп, өзінің Сарыарқасына жүрекжарды жырын бағыштаған. Ақынның өзінің кіндік қаны тамған,шырылдап жарық дүниеге келген «Сасықкөліне» деген өлең жолдары перзенттік сүйіспеншілікке толы.
Патриотизммен өрілген,ыстық жүректен шыққан мұндай жырлар ақында жеткілікті.
Айта кететін болсақ "Сүйемін" атты өлеңінде ақын қартайған анасына, күнделікті тұрмыстың жетегінде жүрген қарапайым жарына деген сезімін суреттеуден бастайды. Өлеңде жүрекке жылы, көзге таныс сурет бар. Ана да, жар да,туғанжерде әркімге қымбат екенін еске салып, Отанды сүю отбасынан басталатынын меңзегендей..Ақын өлеңде анасына деген махаббатын былайша жеткізген:
Күлдей күңгірт шашы бар,
Тоқсан бесте жасы бар,
Көз дегенің – сұп-сұр көр.
Тасбиық санап бүгіліп,
Жерге қарап үңіліп,
Көрше ауыр күрсінер,
Менің бір қарт анам бар,
Неге екенін білмеймін –
Сол анамды сүйемін!
Бұл жерде мен баланың анаға деген махаббат шуағын сезінгендей боламын.Осы өлеңді оқи отырып әр бала анасын қатты құрметтесе екен деген ойға қаламын және анамды бұрынғыдан да қатты жақсы көретінімді байқадым. Ақын осы өлеңі арқылы өзінің анасына деген сүйіспеншілігін,сарқылмас махаббатын паш етті. Өйткені әр адамның алғашқы жақсы көру сезімі өз анасына деген махаббаттан басталады.Ананың орны,оның қадірі адамзат үшін жоғары.Ақын қарапайым ғана өлең жолдарымен оқырманға үлкен ой салады. Өлеңнің әр тармағын оқыған адам өз анасы туралы ойға түседі.Алыста жүрсе анасына хабарласады,жақында жүрсе жақсы көретінін білдіреді,ренжітсе кешірім сұрайды.Бала үшін ананың орны әрқашан бөлек болады. Қыз бала өз анасындай болуға талпынады.Ер бала әйел затының бойынан өз анасының биік бейнесін,терең сезімін іздейді.Бұл біздің ата-бабамыздан келе жатырған,қалыптасқан дәстүр.
Ұлы Абайдың: «Он сегіз мың ғаламның бар тынысы күнде тұр.Мен сықылды сорлы адамның бар тынысы сенде тұр», - дегендей,Мағжанның да бар тынысы,тіршілігі,табынары – әйел заты,періште әйел,жаны да,тәні де сұлу әйел болған екен.
Ақын «Сүйемін» өлеңінде жарына деген сүйіспеншілігін қалай жеткізді екен?Енді соны саралап көрейін:
Көзінде көк нұры жоқ,
Аузында жұмақ жыры жоқ,
Жалынсыз,усызқұшағы.
Иірілмейді жыландай,
Сөзі де жоқ құрандай,
Білгені – қазан-ошағы
Жабайы ғана жарым бар.
Неге екенін білмеймін –
Сол жарымды сүйемін!
Ақынның бұл өлең жолдары бастан-аяқ тұнып тұрған тәрбие мектебі, отбасы жарастығы,сыйласым мен сарқылмас махаббат. Мағжан жарына деген сүйіспеншілігін осылайша шебер өрнектейді. Өздеріңіз жақсы білесіздер,үлкен Отан адамның отбасынан,үйінен басталады.Өз отбасын,ата-анасын,өмірлік жарын сүймеген жан кімді сүйіп қарық қылады?
Мағжан сөзі – қазір де тағылым,таным,өнеге.
Мағжан жырлары өзінің сезім шынайылығымен оқырмандарын бірден баурап алады.Бүгінгі күні ақын өлеңдерінің ішінде «Сүйемін» өлеңі әр қазақ баласына ең жігер беретін, рухты көтере алатын өлең деп айта аламын. XXІ ғасырда өмір сүріп жатсақ та ақын өлеңдері өз өміршеңдігін жоймақ емес. Заманға сай көкейтесті мәселе, тақырып деп айтуға болады, оқыған адамға Отанын, жерін бар кемшілігімен қатар сүюге шақырады. Бұл шығармадан оның бір асып толқыған көңіл - күймен жырлаған отанға, жерге, елге деген сүйіспеншілігін, зор құрметін анық байқаймыз. Түсінген адамға 4 шумақ өлеңде сонша кемел ақыл, таусылмас сыр, кішкентай жүректің алып махаббаты сыйып жатыр.
Қазіргі жастар, яғни біздер де анамызды сүюден басталатын Отанымызды шексіз сүйеміз. Әр бала мен ерекше сүйемін деп айта бермесе де, өз елін шексіз сүйетініне ешкүмәнім жоқ. Өйткені дәл осы өлеңді мен 7-сыныпта жаттаған болатынмын және де жатқа айтқан сыныптастарымның көздерінен ұшқын, от және мақтаныш сезімдерін көргендей болдым. Ақынның осы секілді өлеңдерін оқыған кезде,көз алдыңа басқаларға ұқсамайтын,өршіл рухқа толы,өр бейне келеді.Жаныңа жігер оты құйылып,өмірге құштарлығың,ертеңге,келер күнге деген іңкәрлігің арта түседі. Бұл өлеңді оқығанда қанат бітіп қалықтап,от болып лапылдап,жанартаудай жарылып кететіндей сезімде боласың. Мағжанның бұл өлеңі әр қазақ баласының жүрегінде бұғып жатқан туған жерге деген ұлы сезімді дөп басқан деп айтар едім. Алайда,анасын қарттар үйіне тапсырып,туған жерін өзге елге айырбастап кететін адамдар кездесіп жатады.Осындай ойы төмен адамдарға Мағжан Жұмабаевтың осы бір өлең жолдарын оқып берсем,менің дауысым соларға жетсе екен деп те армандаймын.
«Неге екенін білмеймін – сол анамды (жарымды,жерімді,елімді) сүйемін» деп түйінді ойын білдірген.Ұлы ақын кейінгі ұрпағына ерекше құрметке лайық ана мен туған жерді қастерлеуді аманат етіп кеткен.Мәңгүрттікке бой алдырған адамдарға Мағжан сөзі- қазір де тағылым, таным, өнеге.
Ана! Адамзат баласы үшін ана есімінен ардақты есім болуы мүмкін бе?Ақын Мағжан Жұмабаев үшін де солай.Өз туған анаңды,өз анаңдай болып кеткен үлкен кісілерді сыйлау үшін көп ақылдың қажеті жоқ.Жай ғана құрметпен қарау керек,сыйлау керек.Себебі олар – өмір беруші,себебі олар – айналаға мейірім таратушы. Анасын сүймейтін адам болмайтыны бәрімізге аян. Ақын ерекше толғаныспен кәрі анасын жырлап бойымызға шабыт бітіргендей болды. Анаға деген бала жүректің махаббаты мәңгі емес пе,шіркін! «Ана» деген ардақты атты естігенде қолына қалам алып жыр жазбаған ақын жоқ шығар, сірә.