Файл: Мажан Жмабаевты Сйемін леіндегі перзенттік сйіспеншілік атты ылыми жмысы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 50

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Мағжан атамыздың «Сүйемін» өлеңі бүгін де, ертең де, кемел келешекте де жүрегі қазақ деп соққан әр азаматтың отансүйгіштік рухын көтеріп, жігер беруге қызмет ете беретіні сөзсіз.
«Тәуелсіздігіміз баянды болуы үшін жас жеткіншектерді мемлекетшіл, отаншыл рухта тәрбиелеу – кезек күттірмейтін мәселе. Қазіргі таңда ұлт ретінде сақталудың бірден - бір жолы – бала бойына елжандылық пен ұлтжандылық рухын орнықтыру екені көп дәлелді керек етпейді», - деп президентіміз Н. Ә. Назарбаев айтқандай жастарды Мағжан Жұмабаевтың рухты өлеңдері арқылы,елі, жері,халқы үшін еміренген есіл ерлерді үлгі – өнеге ете отырып,жас өрендерді халқына жанашыр болуға тәрбиелеу керек. Сонда ғана Отанын,елін,халқын,мынау аппақ дүниені жан дүниесімен сүйе білетін,сезе білетін, адамдарға,болашақ қанық сеніммен қарайтын ұлтжанды ұрпақ тәрбиелейміз.

Міне,Мағжанның өлеңі ананы құрметтеуге,атамекенді аялауға шақырады.Ата – анасының айтпағын қас – қабағынан түсінетін,үйде де,түзде де терісқылықтан ада қазақтың ұл – қыздары осы өлеңнен сабақалары сөзсіз.Ақын жанға дауа,жүрекке жылы тиетін асыл сөздерін жас ұрпақтың өсіп – өнуіне өзгеріс енгізетінін сезгендей жазып қалдырған.Халқына жарық таң атып,Ай мен Күн шапағы тиіп,нұрлы өмір туарына сеніп кеткен.Өлеңінен сабақалғанкейінгіұрпағышуақтыөмірқұшағынабөленерінебарыншаүміттенген.ӨзініңсүйгенСарыарқасындакейінгіұрпағы«тегісбилікжүргізіп,кемеліне келеріне» еш шүбә келтірмеген.Ақынның сол асыл - арманы қазір орындалып,туған Қазақстаны өз алдына шаңырақ көтеріп,терезесі тең тәуелсіз ел болып, бүкіл өркениетті елдер санатында шуақты өмір кешуде.

Қорытынды

Қолына қалам алып өлең жазып жүрген талапкерлердің бәрін бірдей ақын дей алмаймыз. «Өлеңге әркімнің - ақ бар таласы, сонда да солардың бар таңдамасы», - дейді Абай. «Жүзден жүйрік шығады, мыңнан - тұлпар», - дейді халық даналығы. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан нағыз ақындар тарихта сирек кездеседі. Сондай сирек кездесетін, нағыз табиғидарынды қазақ ақындарының бірі - Мағжан Жұмабаев.

Қазақ əдебиетінде бірінші мағжантанушы атанған Жүсіпбек Аймауытовтың: «Осы өлеңшілердің көбі Мағжан өлеңінің не сыртқы түріне, не ішкі мазмұнына еліктемей жаза алмайды»деген пікіріне қарап,Мағжанның қазақ поэзиясында орны бөлек екенін аңғарамыз.

Мағжан шығармасының табиғатын,идеялық – көркемдік сапасын алғашқылардың бірі болып қапысыз таныған – Жүсіпбек Аймауытов болған.Оның табиғат,махаббат жайындағы өлеңдері жөнінде де білгір де терең талдаулар жасаған.


«Кіршіксіз таза махаббат кімде болу керек? – деп жазады ол. – Баласын сүйген анада болу керек.Жүректі елжіретіп ерітетін,өлгенді тірілтпесе де,өшкенді жандандыратын өмірдің қызығы,ләззаты – осылар.Бұларсыз өмірде мағына жоқ» - деп кіршіксіз таза махаббат ана мен баланың арасында болатынын айтып көрсеткен.

Сонымен қатар, Мағжан табиғатты қатты жақсы көрген. Табиғатты жазса,айнымас анаға,нәресте балаға,сүйген жарға теңеп жазған.

Келесі бір пікірінде Жүсіпбек Аймауытов Мағжан поэзиясының көркемдігі жайлы былай деген екен: «...Ол жүректің қобызын шерте біледі, жүрегінен жас қаны аралас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Мағжан не жазса да сырлы, көркем, сәнді жазады. Оқушының жүрегіне әсер ете алмайтын құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан таба алмайсыз. Ол табиғатты суреттей ме, әйелді жаза ма, тарихи адамдарды ала ма, ертегі айта ма, ұран сала ма, бәрінде де ақынның ойлағаны, сезгені, жүрегінің қайғыруы, жанының күйзелуі, көңілінің кірбіңі көрініп тұрады».

Мағжан қалың жұрты - қазағының ауыр халін көріп қайғырып,қамығып,мұңға батқан кезінде жан тынысын махаббаттан тапқан.Өлең мен өзін әлдилеген,сонан шәрбаттанған.Шынайы махаббат оның кәусары,жаназығы болған.Мағжан «Сүйемін» өлеңінде анасына,жарына,туған жеріне,еліне деген шынайы махаббатты шебер өрнектеген. Мағжан өз шығармаларында мөлдір де таза махаббатты өмір мәні деңгейіне көтерген.

Мағжан поэзиясы – тұнық тазалығымен,өміршеңдігімен,асқақ арманымен,нәзіктігімен,сұлулығымен халқымыздың аса қымбат,аса асыл мұрасы.

Қорыта келгенде, бүгінгі таңда заманымыздың басты талаптарына айналып отырған рухы биік, елжанды ұрпақ тәрбиелеу ісінде, Мағжан өлеңдерін пайдаланудың маңызы ерекше.

Пайдаланғанәдебиеттер:

  • Қазақ әдебиеті 9-сынып. «Мектеп» баспасы. 2013 ж

  • Мағжан Жұмабаев «Сүй жан сәулем» Атамұра

  • Қазақ әдебиеті11-сынып. «Мектеп» баспасы. 2015 ж