Файл: Блім Отбасы ндылытары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 13

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бекітемін:

Бөлім:

Отбасы құндылықтары

Педагогтің аты-жөні:

Бітімбай А.С

Күні: 02.05.2023ж




Сыныбы: 5 «б»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда» әңгімесі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

5.2.4.1 көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу.

Сабақтың мақсаты:

Білім алушылар:

Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту


(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағалау.

2.Топта жұмыс жасау ережені еске түсіру.

3.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.

Мұғаліммен амандасады, назарларын сабаққа аударады.

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.





Жаңа сабаққа кіріспе




(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.

Сұрақтар:

1.Оқырман деген кім?

2.Оқырман көзқарасын қалай сипаттауға болады?

3.Оқырманның көзқарасы қандай болуы мүмкін?

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.


Мұғалім оқушыларды сабақ туралы жаңа мәліметтермен таныстырады.

Оқушылар мұғалімнің сөзін мұқият тыңдайды. Сұрақтарын қояды. Мұғаліммен кері байланыс орнатады.

Дескриптор:_-Өзара_талқылау,_талдау_жасайды.Жалпы-5_балл'>Дескриптор:

-Өзара талқылау, талдау жасайды.

Жалпы-5 балл

ДК

Оқулық

Жұптық жұмыс




Қарқыны баяу оқушыларға жетелеуші, түрткі сұрақтар қояды. Қарқыны жылдам оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойып қолдау көрсетеді.

Өздері ойларынан оқырман көзқарасына байланысты мысал құрастырып жазады. Авторға хат жазады.

Дескриптор:

-Дәптерге тапсырманы жазады.

-Мысал құрастырады.

-Авторға хат жазады.

Жалпы-5 балл

Оқулық

Жұмыс дәптерлері.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия




«Бір ауыз сөз» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.


Жеке жұмыс:

Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. СОнымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін

«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.