ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 381
Скачиваний: 4
Әр сыныпқа сәйкес концептілер бойынша нақты қандай дағдылар дамытылуы тиіс екенін анықтап алу. Оқу бағдарламасында концептілерге сәйкес дағдылардың прогрессиясы берілген . Әр сыныпқа арналған дағдылар бойынша күтілетін нәтижелер оқушылар жетуі тиіс минимум болып табылғанымен, оқушылардың бір бөлігі келесі сыныптарда қалыптасуы көзделген дағдыларды игеруі мүмкін екендігін ескерген жөн. «Дәлел» концептісі бойынша дамытылатын дағдылардың прогрессиясы. Оқушылар:
| 5сынып | 6-сынып | 7-сынып | 8-сынып | 9-сынып |
| Тарихи деректерді зерттеу арқылы қойылған сұрақтарға жауап табу | Пікірді қолдау немесе сынға салу үшін бірқатар деректерді қолдану | Деректі оқу барысында «көзге түсетін ақпарат шегінен» шығу және тарихи сұраққа жауап беруге және белгілі бір нәтижеге келуге мүмкіндік беретін қорытынды-ларды шығару | Алғышарттарын, аудиториясы мен негізгі міндетін ескере отырып, қорытынды-ларды шығару үшін деректерді тұжырымдау | Негізді қорытынды-ларды қолдау мақсатында тарихи деректерді олардың контексті, аудиториясы мен мііндеттері аясында бағалау |
| Оқушылар соғыс барысында адамдар газды қолданды деп айта алады. Ал одан қорғану қарапайым түрде масканы кию болды. Газдың қолданылуы жаңа қарудың пайда болуын білдірді деп қорытынды жасай алады |
| Оқушылар көп адамдардың қайтыс болуы туралы болжам жасай алады. Өйткені пулеметтер өте тез ататын. Оған қоса ату жарақтары сол кезде үлкен қажеттілікте болғанын болжай алады. |
| Оқушылар майдандағы жағдайдың мүшкіл болғандығы туралы айта алады. Окоптардың да нашар салынғандығы, соның салдарынан қорғаныстың әлсіз болғандығын тұжырымдайды. |
аудиовизуалды материалдар,суреттер, Статистика)?
2. Бұл шынайы дереккөзі ме? Сіз қалай білдіңіз?
3. Бұл көзді кім құрды және қандай мақсатпен? Ол қай контексте құрылды (мысалы, уақыт, орын және жағдайлар)?
4. Бұл дереккөз неге және кіммен сақталды?
5. Бұл көзді көп немесе аз сенімді ететін факторлар қандай? Бұл дереккөз қандай да бір жағымсыздықты немесе пайымдауды көрсете ме?
6. Бұл дереккөзде не бар немесе жоқ? Бұл дереккөз басқа көздерден алынған дәлелдерге қайшы келе ме?
7. Тарихшылар бұл дереккөзді қалай түсіндірді? Тарихшылар мұны қалай қолданды?
8. Бұл оқиғаның, тұлғаның немесе дамудың әртүрлі түсіндірмелері мен түсіндірмелері бар ма? Егер иә болса, неліктен екенін түсіндіріңіз. Сіз қандай түсіндірмені немесе түсіндірмені ең сенімді деп санайсыз? Неліктен?
Берілген үлгі сұрақтарға жауапты оқушылардан әр түрлі жоба түрінде жинап алуға тырысыңыз. Постер немесе интеллект карта, инфографика, презентация, шағын реферат, баяндама, эссе, тарихи әңгіме, сызба, кесте т.б. зерттеу нәтижелерін ұсынудың басқа да форматтарын пайдаланыңыз.
Оқыту әдістемесі.
Сабақ барысында мұғалімдер концептілерге негізделген оқытуды, олардың негізінде тапсырмаларды қалай құрастыратынын анықтау маңызды . Құрастырылған тапсырмалар дағдылардың прогрессиясына орай біртіндеп күрделенуді қамтамасыз етіп, толыққанды, егжей-тегжейлі талдауға бағытталған болуы тиіс. Сабақ «дәлел» концептісінің негізінде құралса, онда сабақ барысындағы барлық іс-әрекет түпдеректермен жұмыс жасауға бағытталуы тиіс. Төменде көрсетілген мысал «дәлел» концептісі бойынша тапсырмаларды құрастырудың үлгісін сипаттайды.
Тапсырма: Халық ауыз әдебиеті туындыларының авторын анықтап, олардың тарихи дерек ретіндегі құндылығын анықтап жазыңыз. Қандай тарихи оқиғалар туралы айтылғандығын анықтаңыз.
Кәрі ақсайды ақылдан,
Қамыстың басы майда, түбі сайда,
Ер ақсайды жақыннан,
Жәнібек Шақшақұлы - болат найза!
Қазір әлсіз болсам да,
Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда,
Үмітім бар ақырдан,
Ер жігіттің ерлігі осындайда.
Жасым жетіп он беске
Бөкейді айт сағыр менен дулаттағы,
Кірер ме екем кеңеске,
Деріпсәлі, Мандайды айт қыпшақтағы!
Бұғана қатып, бел бекіп
Өзге батыр қайтса да, бір қайтпайтын
Ерегескен дұшпанмен
Сары менен Баянды айт уақтағы!
Шығар күн туса күреске! Ағашта, биікті айтсаң, қарағайды айт, Жігіттік, ерлікті айтсаң, Бөгембайды айт! Авторы: Найзасының ұшына жау мінгізген - ____________________________ Еменәлі керейде ер Жабайды айт! ____________________________ Авторы: _____________________________________Қандай ақпарат берілген?Берілген тапсырманың идеясы дұрыс және «дәлел» концептісіне тиесілі дағдылардың дамуына септігін тигізеді. Алайда берілген тапсырманың берілуінде нақтылық пен егжей-тегжейлі критерий берілмеген: 1. Ұсынылған тапсырмада халық ауыз әдебиеті туындыларының авторларын көрсету маңызды, себебі оқушыларға бұл ақпарат сол тарихи кезеңнің контекстіне үңілуге мүмкіндік береді. 2. Тапсырманы құрастырушы оқушыдан бірден деректердің құндылығын анықтауды талап етеді. Одан кейін қандай тарихи оқиғалардың сипатталғандығын сұрайды. Тапсырмада сұрақтардың қарапайымнан күрделіге қарай біртіндеп қойылуы көзделмеген. Бұл тапсырманы былайша құрастырған дұрыс: • Деректерді түсіну, оның тарихи контекстін анықтау. Берілген туындылардың авторлары мен олардың өмір сүрген тарихи кезеңіне назар аудару. Бұл жыраулар қашан өмір сүрді? Олар өмір сүрген тарихи кезең несімен ерекшеленді? Сол заманда Қазақстан аумағында қандай тарихи оқиғалар мен процестер орын алды?• Деректі талдау. Берілген туындыларда қандай тұлғалардың есімдері кездеседі? Белгілі бір географиялық атаулар (жер-су атаулары) бар ма? Тарихи даталар көрсетілген бе? Қандай да бір тарихи оқиғалардың сипатталуы орын алды ма? Мысалдар келтір. Берілген туындыларда батырлар қалайша сипатталған? Олардың бұлайша сипатталуын қалай түсіндіре аласың? Бұл сол замандағы қандай тарихи оқиғалармен байланысты болуы мүмкін? Асыра-сілтеушілік жоқ па? Бұл туындыны жазған автордың жеке субъективті пікірі болуы мүмкін бе? Оның берген мәліметтерін басқа да деректер негіздей алады ма? Берілген екі деректің ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар ма? Екі туындыны біріктіретін не? • Деректі бағалау. Ұсынылған деректер XVIII ғасырдағы Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаты туралы қаншалықты жеткілікті ақпарат бере алады? Бұл ақпараттар тарихшыға қаншалықты маңызды? Бұл туындылардың тарихи құндылығы бар ма? Бар болса, нақты мысалдар келтір.«Дәлел» концептісі бойынша оқытуды ұйымдастыру тарихи деректермен жұмыс жасауда көрінеді, сол себепті деректермен жұмыстың бірнеше үлгісін ұсынамыз.4) Деректермен жұмыс.