ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 385
Скачиваний: 4
-
Кітаптар: тарихи кітаптар, хаттар, күнделіктер, Ережелер; -
Артефактар: сүйектер, керамика, зергерлік бұйымдар,тиындар;
-
Иллюстрациялар: суреттер, фотолар, гравюра, диаграмма
Мысал ретінде постермен (плакат) қалай жұмыс жасау керектігіне тоқталайық.
Постер тарихи дереккөздің ерекше түрі болып табылады. Постерлердің бірнеше түрі бар: жарнамалық плакат, насихат, саяси және т.б. ХХ ғасырда саяси плакаттар кеңінен қолданылады. Плакаттар белгілі бір әлеуметтік топқа бағытталған.
Постерлермен жұмыс үшін:
• Постерде бейнеленген іс-әрекетті анықтаңыз;
• постердің идеясы мен оның қандай аудиторияға арналғаннын анықтаңыз;
• постердегі таңбалар мен белгілерді талдау;
• постердегі бейнелер мен объектілермен және олардың артқы фонына салынған детальдарға назар аударыңыз;
• бейнелер мен нысандардың қайсысы үлкен және кішкентай екендігіне назар аударыңыз және неге олай бейнеленгенін талдаңыз;
• Плакаттың аудиторияға жеткізуді жоспарлаған идеясын тұжырымдаңыз.
Қорыта айтқанда тарихты «дәлел»концептісі бойынша оқытуда өз іс-әрекетіңізді төмендегі критерийлер бойынша талдаңыз:
1. Оқу мақсатына сәкестігі;
2. Тақырыпқа сай пән мазмұнының оңтайлы түрде таңдалуы;
3. Түпдеректермен егжейтегжейлі жұмыстың ұйымдастырылуы, берілген сұрақтар мен тапсырмалардың оқушының бойында деректермен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталуы.
4. Оқушылардың деректермен жұмыс жасау бойынша рефлексиясы.
Ұлы Дала тарихының «дәлел» концептісіндегі көрінісі.
Отандық тарихтың маңызды міндеті – оқушылардың бойында Қазақ мемлекеттілігі тарихына деген құрмет пен мақтаныш сезімін қалыптастыру, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікті тәрбиелеу болып табылады. Бұл үрдіс 5-ші сыныпта тарихты оқытудың басталуымен бірге білім алушылардың бойына сіңірілуі керек. Атап айтқанда, ежелгі заман адамдарының тұрақтары Жамбыл облысынан ғана емес Қазақстанның барлық облыстарынан табылуы, Есік қоғанының «Алтын адамы», Берел қорымдары, Ботай тұрағынан 70 мың жылқы малының сүйектерінің табылуы, Қарғалы диадемасы, Аралтөбе көсемі, – біздің тарихымыздың ежелден басталатынына бұлтартпас дәлел. Түркі дәуірінің балбал тастары, Орхон-Енисей, Талас жазулары, «Кодекс куманикус», Шыңғысханның «Ясы» заңдары, Әл Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашқари т.б. ғұламалардың еңбектері, орта ғасырлық кесенелер, ғибадатханалар, көне Тараз, Отырар, Сауран, Түркістанның бүгінгі күнге жеткені де Ұлы Даланы мекендеген ата-бабаларымыздың тарихи ізі мен айғақтары екенін трихшы мұғалім шәкірттерінің санасына жеткізе отырып, ұлттық тарихты дәріптеудің қайнар көзі бола білу керек! Әр сыныптың бағдарламасына сай Ұлы Дала мұрагері ретінде тарихи ойлау мен сананы қалыптастыру, білім алушының патриоттық сезімін бірге дамыту арқылы жүзеге асады.
Елбасы Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы біздің назарымызды мемлекеттің тарихи мұрасына оның тарихи кеңістіктегі өзектілігі мен маңызы тұрғысынан қарауымызға назар аудартатынына тоқталу керек. Жылқыны қолға үйрету және жылқы шаруашылығының кейінгі дамуы Ұлы даланың экономикалық және технологиялық жарылысқа серпін бергенін «Ботай» қазбаларымен байланыстыра отырып түсіндіріңіз. Халқымызда киелі саналатын төрт түліктің бірі- жылқының адам үшін атқаратын қызметі жоғары бағаланғанын, бұл түлік- ата-бабаларымыздың жан серігі, айрылмас досы болғанын, атқа міну салтының негізін қалаған- біздің халық екенін дәлелдер арқылы тұжырымдаңыз. Ерте заманда-ақ металлургияны, қола мен темірді өңдеуді меңгере отырып біздің ата-бабаларымыз әлемдік өркениеттің дамуына зор үлес қосқанына және көшпенді халықтар айрықша құрылған әскери жүйенің арқасында бірнеше ғасырлар қатарынан қарсыластарына өздерінің әскери-саяси артықшылықтарымен үстемдікке ие бола білгенін оқушылардың санасына жеткізуді көздеңіз. Ғылым мен мәдениеттің орталығы болып, Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауилер өмір сүрген және түрлі еңбектер жазған ортағасырлық қалалар – бұлар нағыз Ұлы дала жетістіктері. Олардың әлем тарихы мен мәдениетінің дамуы мен қалыптасуына зор ықпал еткенін «Дәлел» концептісі негізінде ұсыныңыз.