Файл: 3 топаЖамандыты белгісі емеспін.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 28

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1- топқа «Сырласу»
Ләйла Айға қараған қалпы, қалғып бара жатыр екен, селт етіп, көзін ашты. Жанарынан үзілген бір тамшы жас дір етіп, иегіне құлады. «О, жарық Ай, мүсіркеме сен мені. Мен күнәсіз қыз боламын. Сезімім бүтін, ақылым дұрыс. Бірақ мынау тіршілік дүниесінен безінген жұдырықтай жүрегім кек пен қасіретке толы. Мен өзіме адам сияқтымын, басқаларға адам емес адам пейілін тәубаға түсіретін мүгедекпін. Қарауылдың адамдары мені көрген сайын: «Мұны Алла тағала адамдар тәубасына келсін, қол-аяғының саулығына, он екі мүшесінің дін амандығына шүкір етсін деп жаратқан» — дейді. Солай ма, жарық Ай.
2-топ «Қатігездік»

Қатира:

— Қайда болдың деймін? Мал қораға қайтып, қол жетпей у-шу болып жатқанда, қайда қашып кетесің? Айт деймін енді, ойбай!

Ләйлә көзін жерден алмаған қалпы:

— Адам емеспіз бе? — деп ақырын күбір етті.

Сол-ақ екен Қатира ыршып түсті.


— Сөзді қара! «Адам емеспіз бе», — дейді. Адам сиқы жоқ кейпіңе неге қарамайсың, а?

Қатираның ащы тілі сумаңдап, Ләйләның бала жүрегін қып-қызыл қан-жоса етіп тілгілеп, пара-парасын шығарып, түтіп жатыр, түтіп жатыр. Бұрын осындайда жанына тиер сөзді естігенде шыр-пыр болып, зар қағып, жылап еңірейтін қыз, бұл жолы бедірейіп қатқан қалпы, өңі қуарып, Қатирадан көзін алмады.
3- топқа«Жамандықтың белгісі емеспін»
Екеуі де көрші ауданның басшы азаматтары сияқты.

— Өзіңнің көңіліңді де сұрай келдік, — дегендеріне Ләйлә масайрап, өңі қашқан жүзіне қызғылт рең жүгіріп, көзін жерге салды. Осы келіп отырған екеуден қыз жақсылықтың нышанын күтіп, сөздің аяғын бақты.

— Қарағым Ләйлә, сенің де көрген қасіретің аз емес. — Жаңағы сөз бастаған күмілжіп отырып қалды да: — Ертең біздің ауданда қаралы жиын өтпек. Өзің сияқты балаларды өткенде қала жаққа алып кеткен. Содан әлі күнге дейін хабар жоқ. Енді, міне, көзге көрінер өзің қалған екенсің. Ертең өтетін қаралы жиынға өзіңді қолға ұстап көтеріп шықсақ, деген ой келіп еді. Сол-ақ екен, қыздың құлағы шулап, басы айналып кетті.

— Алапат күннің белгісі ретінде, ел басына қатер тұнған күннің белгісі ретінде. Иә... иә, әйтеуір жақсылықтың емес, жамандықтың тек жамандықтың белгісімін. О, құдай...

Үзіндіде берілген кімнің сөзі?Кейіпкер әрекеті дұрыс па?

— Әй, қас қарайса жын қуғандай осы сен қайда кетесің?Не пәлең бар, а?

— Қайда болдың деймін? Мал қораға қайтып, қол жетпей у-шу болып жатқанда, қайда қашып кетесің? Айт деймін енді, ойбай!

Функционалдық сауаттылық тапсырмасы:

Қыз жып-жылы жігіт даусына елең етті. Қаптаған жұрттың арасынан әлдекім жырылып қолын созып бұған қарай жақындай түсті.  «ОЙ...Й, — деп таңданды қыз. — Құмарды қара, Құмар! Қандай әдемі болып өсіп кеткенсің— Таныдың ба? — деді жігіт ақырын жымиып.

— Таныдым. Heгe танымауым керек? Сен сондай өзгеріп, әдемі болып кетіпсің.

Құмар, қыздың мәңгілік құрысып қатып қалған бала бейнесіне мән бермеді, көрмегенсіді, білмегенсіді. Оның ішкі дүниесінің ойсырап тұрғанын да сезбегендей, қыздың кіп-кішкентай иығына қолын салып:

— Ләйлек, жүр билейік. Мен сені биге шақыруға келдім.

Берілген үзіндідегі Ләйләнің қиялын қалай шындыққа айналдырар едіңіздер?