Файл: 5сыныпа аза тілі пнінен ііі тосан бойынша жиынты баалау тапсырмалары Оылым тапсырмасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 36

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

5-сыныпқа «Қазақ тілі» пәнінен ІІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Оқылым тапсырмасы. Берілген мәтінді мұқият оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

А мәтін

Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, әрі ол киімін былғамай, таза кимек – дұрыс іс. Егер өз дәулетінен артық киінбек, не киімі артық болмаса да, көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ – кербездің ісі.

Кербез дегенді осындай кер, кердең немеден безіңдер деген сөзге ұқсатамын. Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Одан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық.

(Абай. Қара сөз, Дидактикалық материал, «Арман-ПВ», Астана, 2017, 57-бет, ықшамдалған)
1 . Мәтіндегі тұжырымдардың дұрыс не қате (Д/Қ) екенін тап. [1]

А) Адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, мінез деген нәрселермен озады.

Ә) Өз дәулетінен артық киіну, көңіліне қуат тұту, кербездену керек.

Б) Кербез деген сөзді кер, кердең немеден безіңдер деп түсінемін.

2. Түрленіп қолданылған дара, дерексіз зат есімдерді тап. [1]

А) ар

Ә) адам

Б) ғылым

В) дәулетінен

Г) көңіліне

Ғ) нәрселермен

3. Ақын қарасөзінде адам бойында кездесетін зиянды әдеттер мен жақсы қасиеттерді қалай түсіндің? Ойыңызды 3 сөйлеммен жазыңыз. [1]

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Ә мәтін

Ақ тиін бұтақтан бұтаққа қарғып жүріп, ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлайды. Қасқыр қарғып тұрып, оны жегісі келеді. Ақ тиін жалынып:

- Мені жеме, жібер, - дейді.

- Жарайды, жіберейін, бірақ сен маған айт: неліктен сендер әр уақытта шат болып жүресіңдер?

Сонда ақ тиін:

- Мені жіберіңіз, содан соң айтайын, әйтпесе жүрегім дірілдеп, сөйлей алатын емеспін, - дейді. Қасқыр ақ тиінді босатады. Ақ тиін ағаш басына шығып алып:

- Сен, қасқыр, залымсың, залымдық ішіңді жандырады, сондықтан әрқашан қапалы жүресің. Біз ешкімге жауыздық істемейміз, сол үшін де әр уақытта шат болып жүреміз, - депті.

(«Ертегілер елінде», Дидактикалық материал, «Арман- ПВ», Астана, 2017, 58-бет, ықшамдалған)

1. Мәтін қай стильде жазылған?
[1]

А) Ауызекі сөйлеу стилі

Ә) Ғылыми стиль

Б) Көркем әдебиет стилі

В) Публицистикалық стиль

Г) Ресми-іс қағаздар стилі

2. Септелген деректі зат есімдерді тап. [1]

А) бұтаққа

Ә) ешкімге

Б) жүрегім

В) қасқырдың

Г) сендер

Ғ) тиінді

3. Тиін мен қасқыр арқылы адамның қандай мінезі сипатталған? Ойыңызды 3 сөйлеммен жазыңыз. [3]

_______________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жазылым тапсырмасы
Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орында. Жазба жұмысын орындауда кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, көркемдегіш құралдарды орынды қолданып, орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазыңыз. \10\
1.«Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбында өзің үлгі тұтатын тұлғаның сыртқы келбеті мен мінез-құлқын сипаттап жазыңыз.

2.Төмендегі суретте берілген жолдағы оқиғаларды суреттеп, өз ойыңызды тұжырымдап жазыңыз.




______________________________________________________________

______________________________________________________________

______________________________________________________________

______________________________________________________________

______________________________________________________________

______________________________________________________________

______________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Балл қою кестесі. Тыңдалым және айтылым

Балл

Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы

Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті

9-10

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолданылу аяларын өте жақсы түсінеді. Зат есімдердің мағыналық түрлерін ажыратып, түрлендіріп қолдана алады. Сөз саптауы дұрыс, сөз арасында сәл қателеседі.

Тақырыпты өте жақсы түсінеді.

Талқылау кезінде өз ойын толық, нақты жеткізе алады. Проблемалық сұрақты дәл, нақты қоя алады.

7-8

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолданылу аяларын жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді. Зат есімдердің мағыналық түрлерін ажыратып, түрлендіріп қолданады.

Тақырыпты жақсы түсінеді.

Талқылау кезінде өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді. Проблемалық сұрақты дәл, нақты қоя алады.

5-6

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолданылу аясын орташа түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды. Зат есімдердің мағыналық түрлерін ажыратып, түрлендіріп қолдануда қателеседі.

Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады. Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптары жаттанды көрінеді. Проблемалық сұрақты дәл, нақты қоюда қателеседі.

3-4

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолданылу аясын аздап түсінеді. Сөз саптауы нақты емес. Зат есімдердің мағыналық түрлерін ажыратып, түрлендіріп қолдануда қиналады.

Тақырыпты түсінуде қиналады.

Талқылау кезінде жақсы қолдаусыз өзін көрсете алмайды. . Проблемалық сұрақты дәл, нақты қоюда қиналады.

1-2

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолданылу аясын өте аз түсінеді. Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі. Зат есімдердің мағыналық түрлерін ажыратып, түрлендіріп қолдануда қатты қиналады.

Тақырыпты түсінуде, проблемалық сұрақты дәл, нақты қоюда қатты қиналады.

Талқылау кезінде өте аз қатысады.

Балл қою кестесі. Жазылым

Балл саны

Сипаттамасы

9-10

Жазба жұмысының (кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдер) құрылымын сақтаған. Өзіне таныс адамды, белгілі мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазуда көркем тіл құралдарын орынды қолдана отырып, өз ойын толық жеткізеді, қателер жібермейді. Қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін дұрыс сақтайды.

7-8

Жазба жұмысының (кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдер) құрылымын сақтаған. Өзіне таныс адамды, белгілі мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазуда көркем тіл құралдарын үйлесімді қолданады. Ойын әсерлі етіп жеткізеді, жіберілген кейбір қателер түсінуді қиындатпайды.

5-6

Жазба жұмысының (кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдер) құрылымы тапсырмаға сәйкес келеді, бірақ толықтай үйлесімді емес. Өзіне таныс адамды, белгілі мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазуда оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары қолданылған. Ойын анық болғанымен, бір сарынды қателер (мәтіндегі сөздердің дұрыс байланыспауы, емле, тыныс белгінің жоқтығы) жалпы әсерді бұзады.

3-4

Құрылымы анық емес, нақты суреттеу мен сипаттау қабілеті жетіспейді. Өзіне таныс адамды, белгілі мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазуда сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жалпы қателер (мәтіндегі сөздердің дұрыс байланыспауы, емле, тыныс белгінің жоқтығы) жібереді.

1-2

Көркем тіл құралдары аз қолданылған немесе мүлдем қолданылмаған. Өзіне таныс адамды, белгілі мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазуда сөздер кейде анық емес, құрылымдық қателер (мәтіндегі сөздердің дұрыс байланыспауы, емле, тыныс белгінің жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.




Балл қою кестесі Оқылым



Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

А-дұрыс, Ә-қате, Б-дұрыс

1

Барлық дұрыс жауапқа 1 балл беріледі.

2

В, Г, Ғ

1

Барлық дұрыс жауапқа 1 балл беріледі.

3

Ықтимал жауабы: Кербездік – ол адам бойындағы жағымсыз қасиеттердің бірі. Абай атамыздың айтуы бойынша, кербез адам ол – надан, санасыз адам. Егер сен сені қоршаған адамдардың арасында өзіңнің дүниеңмен сыйлы боламын деп ойласаң, сен нағыз ақымақтардың бірісің , - деген қорытындыға келемін. Немесе/ Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Одан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақтық, деген жолдарды былай түсінемін: Сен қандай топтан шықсаң да, ең бастысы ақылың жоғары және жүрегіңде иман болса, сонда ғана сен өзіңді қоршаған адамдардың арасында сыйлы болуға лайықтысың. / Оқушы жауабы ескеріледі/

3

Әр дұрыс жауапқа 1 балл беріледі.

4

А

1

Әр дұрыс жауапқа 1 балл беріледі.

5

А, В, Ғ

1

Барлық дұрыс жауапқа 1 балл беріледі.

6

Ақ тиін мен қасқыр арқылы адам бойындағы жағымды, жағымсыз қылықтар бейнеленген. Ақ тиін - ешкімге жамандық тілемейтін, әрдайым көңілді жүретін адам бейнесінде. Ал қасқыр үнемі біреуге кесірін тигізетін, залым бейнесінде көрсетілген./ Оқушы жауабы ескеріледі.

3

Әр дұрыс жауапқа 1 балл беріледі.

Барлығы

10











































Начало формы






























Конец формы

Начало формы

Конец формы


5-сыныпқа «Қазақ тілі» пәнінен ІІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Тыңдалым мен айтылым.
Тапсырма

Мәтінді мұқият оқыңыз. Тақырыпқа қатысты көтерілген мәселені анықтап, өз көзқарасыңызды білдіріңіз. Мәтін мазмұны бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз.
1-мәтін

АҚШ-тың екі азаматы -  Чарльз Крейтон мен Джеймс Харгис 1930 жылы көлікпен ең қызықты әрі "рекордты" саяхат жасаған. Олар Нью-Йорктан Лос-Анджелеске дейін, сосын кері бағыттағы арақашықтықты артқы жүріспен жүріп өтті. Бір қызығы аталған арақашықтық 11 мың километрді құрайды.  Дүниежүзіндегі ең кішкентай көлік - Peel P50 Англияда 1962 жылы құрастырылды. Оның ұзындығы 134 см болса, ені 99 см. Бұл "тұлпармен" жүргізуші 64 ш/с жылдамдықта қалаған жеріне қатынай алады. Бір қызығы бұл көліктің беріліс қорабында артқы жүріс баспалдағы қарастырылмаған еді. Бірақ бұл жайт жүргізушіге ешқандай мәселе туғызбайтын. Салмағы бар-жоғы 59 келі болатын көлікті бамперінен бір қолмен көтеріп, орында тұрып айналдыруға болады екен. (100 сөз)

 (https://massaget.kz/layfstayl/tehno/auto/e-ee/1277 ықшамдалып алынды)

2-мәтін

Жаяу жүргіншілер тротуармен немесе жаяу жүргіншілерге арналған жолдармен, ал олар болмаған жағдайда, жолды жағалай қозғалуы тиіс.
       Жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлікті, оның ішінде жерасты және жерүсті өтпелерінен, ал олар болмағанда - қиылыстардан тротуарлар мен жол жағалауы сызығы бойымен кесіп өтеді.

       Қозғалыс реттеліп тұратын жерлерде, реттеушінің сигналын, ол болмағанда – көлік бағдаршамын басшылыққа алады.        

Жолды кесіп өтуге үлгермеген жаяу жүргінші қарсы бағыттағы көлік легін бөлетін сызықта аялдауы керек. Әрі қарай қозғалыстың қауіпсіз екендігіне көз жеткізгеннен кейін, жолдан кесіп өтуді жалғастыруға болады. 

 Жарқылдайтын көк маягі бар, арнайы дыбыс сигналы іске қосулы көлік құралы жақындаған кезде жаяу жүргіншілер жолдан өтпей күте тұрады, ал жол үстіндегілер көлік құралдарына жол беруі тиіс. (110 сөз)

( https://surak.baribar.kz/239702/ сайтынан ықшамдалынып алынды)

[1]