Файл: рпатар сабатастыы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 39

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ұрпақтар сабақтастығы



Өткен тарихи жадыны сақтай отырып, ұстамды иновацияларды, жаһандық өзгерістерді бойға сіңіріп, ата-бабамыздан келе жатқан қадір-қасиетті үзбей болашақ ұрпаққа мирас етіп қалдыру – ұрпақтар сабақтастығы делінеді. Ол - ұрпақ үшін, халықтың даму тарихы үшін, болмысы үшін, қажетті және терең мәселе. Ұрпақ сабақтастығы арқылы тарихымыздың үздіксіз сабақтастығы көрініс табады. Ұрпақтар сабақтастығы ретінде атадан өскелең ұрпаққа мирас ретінде жалғасын тауып келе жатқан ұлтжандылық, толеранттылық қасиеттер қазіргі еліміздің даму сатысында жалғасын тауып, Қазақстандық қоғам мультимәдениетті әлеуметтік ортаға айналып отыр. Біз ұрпақтар сабақтастығын үзбей, оның сақтай отырып, болашақ ұрпаққа жеткізу арқылы ғана қазақ елін Мәңгілік елге айналдырамыз. Ата-бабамыз салып кеткен сара жолды таңдау, өскелең ұрпақты салт-дәстүрімізбен әдет ғұрпымызға сай тәрбиелеу, ұлттық сана-сезімді сіңіру- ұрпақтар сабақтастығы.

Атадан балаға мирса болып келе жатқан қасиеттер


«Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» дегендей, атаның бойындағы асыл қсиеттер баланың бойынан табылған кезде айтылатын сөз. Бауырмашылдық, қонақжайлылық, достық, адалдық, уәдеде тұру, еңбекқорлық.

Атадан балаға мирас болып келе жатқан қасиеттер салт-дәстірімізден, әдет-құрыптарымыздан көрініс табады. Дәстүр – адамдардың тәртіптерін жөнге түсіріп және әрекетке келтіріп отыратын заңы.

Үлкенді құрметпен қадір тұту, адамдар арасындағы ілтипатты қарым-қатынастар,екі жақты сыйласа білу-қазақ жұртының ежелден-ақ берік ұстанған әдеп-тәлімдерінің болғаны бізге аян. Мұны ғасырлардан ғасырларға ауысып келген мол нақыл сөздерінің өздерінен-ақ байқауға болады. Олардың бірі: «Үлкенді сен сыйласаң,кіші сені сыйлайды», «Кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды», екіншісі: «Аға әдепті болса, іні әдепті», «Апа әдепті болса,сіңілі әдепті» деп ой қайырады,үшіншісі: «Әдептің не екенін, әдепсіз адамды көргенде ұғарсың» десе, төртіншілері: «Әдепті жігіт өсірсең, ауылдың абыройы», «Жібек мінезді жігіт жұртқа жағады» деп пікір түйеді. Осы тектес мақал-мәтелдердің бәрі де бізге жұртымыздың әр уақытта да әдептілікті құрметтегенін, сыпайы, кішіпейіл адамды басқаларға үлгі-өнеге ете білгендігін, жас ұрпақтың тәлімді, тәрбиелі болып өсуіне ерекше назар аударатындығын айқын көрсеткендей болады.


Атадан балаға мирас болып келе жетқан қазаққа тән қасиеттердің бірі - сырттан жасы үлкен адам кірген кезде орнынан тұрып сәлем беру, атқа қолтығынан демеп мінгізу, онымен сөйлесу, әңгімелесу барысында ізет пен ілтипат танытып отыру жасы кішілерге тән әдеп салттары болады. Атадан мирас болып қалған баға жетпес мұра - қыз балаларды қадірлеу де қазақтың қастерлі ұғымы. «Қыз-жат жұрттық», «Қыз - қонақ» деп, үйде қыз баланы төрге отырғызған.

Әкенің баласына ақыл айтып, жауапкершілікке жүктеп, оны бес-жиырма жасында енші беріп, жастарды өз бетімен шаруа құрып, өмір сүруге дайындаған. Аталарымыз ер жігіттен ауылдың, рудың, елдің мүддесін қорғауға әрқашан дайын болуды талап еткен. Ұлдарға көкпар тарту, бәйгеге шабу, аударыспақ, теңге алу, күрес, сайыс ойындарын үйреткен. Ерлерден садақ тарту, найзагерлік өнерді, сойыл соғуды білуді талап етіп, дайындаған.

Жеті атасын үйрету ескіден қалған аталы сөз, бабалардың өнегесін, ерлігін, азаматтығын балаларға ұғындыру – әке міндеті болып есептелген. «Қыз өссе – елдің көркі» дегендей, қыз баланың сырт бейнесі, киіне білуі оның ішкі мәдениетімен, тәрбиелік деңгейімен байланысты. Қыз – болашақ ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың береке құты. Қыз баланы жасынан төзімділікке, әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеген.

Қазақ халқының салт-дәстүрі болашақтың айқын көрінісіне үлесін тигізеді. Сауатты да, салмақты, адамгершілік қасиеті мол жас ұрпақ салт-дәстүр, әдет-ғұрыппен өте тығыз байланыста.


Қазақ халқының отбасы туралы ұстанымдарын қазіргі кездегі отбасылық ұстанымдармен салыстыру



Жас ұрпақты ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлық тәжірибесі бар екені даусыз. Сондықтан сол мол тәжірибені пайдалануға тырысып, ең бірінші жаны таза, рухани биік, адамгершілігі мол, халқына пайдасын тигізетін адам тәрбиелеу – отбасының басты ұстанымы.

Баласын қалай жақсы көретінін дұрыс білдіру кез келген ата-ананың қолынан келе бермейді. Біреу жақсы киіндіріп қояды, біреу тамағы тоқ болса болды деп, қалтасына ақшасын салып бергеніне мәз. Біреулері өте қатал, айтқанын орындатады. Бала қорыққаннан уақытша тыңдайды, бірақ ата-анасының уысынан шыққан соң өзін-өзі ұстай алмайтын жағдайға жетеді. Отбасы – адамды дүниеге әкеліп, қалыптастырып, дамытып, жетілдіретін орта.



Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиеттердің сіңісуі, өнер білімді игеруі тәрбиеге, салауатты өмірге, өскен ортаға, үлгі-өнеге беруі отбасының ұстанымына байланысты. Отбасының ұстанымы гуманизмге құрылса, ол жерден иманды балалар шығады.

Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі – бала тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бір бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттілігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой-еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйренуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтармен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады. Баланың дамуының қандай қырын алмайық қай жас кезеңінде болмасын оның тиімді болуында отбасының рөлі ерекше.

Қазіргі отбасылық ұстанымдардың өзгеріске ұшырауынан көптеген келеңсіз жағдайлар белең алуда


Қазіргі кезеңде қазақ халқының өмірінде бұрын-соңды болмаған оқуға, еңбекке, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар саны аз емес. Олар дөрекі, әдепсіз, барлық жарамсыз әдеттерге еліктеуге бейім келеді. Бұл мәселені тудыратын себептердің бірі – отбасы тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілік сезімінің жоқтығы бала мінезінде мейірімсіздікті, қатыгездікті, дөрекілікті, өзімшілікті туғызады. Ал, тарихқа көз жүгіртетін болсақ, кең байтақ өлкемізде буыннан-буынға жалғасып ұяттылық, әдептілік, көргенділік, мейірімділік салтанат құрып үйлесімін тауып жатты. Міне, сол қымбат қасиеттердің бәрі отбасы, ошақ қасында бүршік атып, бұтағын жаяды.

Екінші себеп – бұл отбасындағы маскүнемдік, ұрыс-керіс, ата-аналарының

және басқа жанұя мүшелерінің жеңілтек мінез-құлқы, ажырасу сияқты теріс факторларының әсері. Балалар тәрбиесінде ата-аналардың мінез-құлқы шешуші рөл атқарады. А.С.Макаренко: «Сіз өз балаларыңыздың тәрбиесін бастамастан бұрын өзіңіздің мінез-құлқыңызды байқаңыз... Сіздің жеке мінез-құлқыңыз нағыз шешуші нәрсе... Ата-аналардың өздеріне талап қоюы, олардың өз үйелменін қадірлей білуі, өзінің әрбір қадамын қадағалап отыруы – тәрбиенің ең бірінші және ең басты әдісі» деген болатын.


Үшінші себеп – ұл балаға үнемі жеткіліксіз көңіл аударылады. Кейбір отбасы баланың ішкі дүниесін, тілектерін, ойларын, қайғысын, қоршаған ортаға қатынасын жете біле бермейді. Бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдығы, кішіпейілдігі, ақыл-ойы, сана-сезімі, адамгершілігі әсер етпек
Әке мен бала, ана мен қыз арасындағы қарым-қатынасты ұлттық тәрбие негізінде қарастырып, қазіргі кезде оның өзгеріске ұшырауын түсіндіреді;



Қазақ отбасысы негізінен, үш ұрпақтан тұрады. Ол – ата, әке, бала. Аталар мен апалар ауыл-аймақ, ағайын арасының берекесі, ақылшысы болып келеді. Олардың әрқашанда мәртебесі биік болып, сый-құрметке бөленген. Өйткені, үлкенді сыйлауды қадір тұтқан қазақ салты бойынша көргені мен тұрмыста түйгені көп, тәжірибесі мол адамның сыйға бөленуі заңды құбылыс деп танылған. Үлкенді сыйлау, ақылын тыңдау көргенділік деп есептеледі.

Әке – әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен апалардың орны ерекше.

Әке үйі барлық балалары үшін үлкен үй, қара шаңырақ деген киелі ұғымдармен сыйлы да құрметті.

Әке – отбасын асыраушы, оның мүшелерінің тірегі, қамқоршысы және тәлімгері. Әкенің мінез – құлқы өзгелермен қарым – қатынасы, өнері, білімі – баланың көз алдындағы үлгі – өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Сондықтанқазақта әке туралы өнегелі нақыл сөздер мен мақал – мәтелдер көп. Мысалы, «Әке – бәйтерек, бала – жапырақ», «Әкеге қарап ұл өсер», «Әке – балаға үлгі» т.с.с.

Мысалы, қазақ халқының өмірінде жеті атасына дейін күйшілік, әншілік, аңшылық, ұсталық өнерлерді қуып өткен адамдар жиі кездеседі. Содан «Атадан бала тумас болар ма, ата жолын қумас болар ма», «Әке көрген – оқ жонар» деген нақыл сөздер пайда болған. Сонымен, әке – қамқоршы, ақылшы, үлгі – өнеге, тірек, ұстаз әрі тәрбиеші.

Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер білімі ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: «Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой», – деп мадақтайды.

Қазақ халқы «Қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, әдептіліктің, сұлулықтың белгісі ретінде қолданған. Сондай-ақ, қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін, сүйкімділігін, жанының нәзіктігін, өнер – білімге бейім тұратынын жоғары бағалап, оның сол қасиеттерін нақыл сөздер арқылы ерекше көрсеткен. Мысалы, «Қы- здың жиған жүгіндей», «Қыздың тіккен кестесіндей», «Қыз – елдің көркі, гүл – жердің көркі», «Жақсы қыз – жағадағы құндыз», «Қызы бар үйдің – қызығы бар», т.б.




Қазірде отбасылық тәрбиенің өзгеріске ұшырауының себебі – өзге жат мәдениеттердің қазақ мәдениетіне сіңіуінде. Қазақтың отбасыға қатысты ежелден келе жатқан түсінігі өзгеріп, өмір сүру салты өзгеруде.
Отбасылық мәдениеттің өзгеріске ұшырауының себебі мен салдары



  • Әлеуметтік жағдайы отбасының тұрмыс-тіршілігінің төмендеуі;

  • Отбасылық ұстанымдардың өзгеруі;

  • Ақпараттық-технологияның адам өміріне енуі;

  • Отбасылық қарым-қатынастың болмауы;

  • Жаһандану заманының отбасылық өмірге әсер етуі;

  • Әке мен бала, ана мен қыз арасындағы байланыстың төмендеуі;

  • Отбасында салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты ұстанбауы.

Салдары:



  • Отбасының ажырасуы белең алады;

  • Тіл алмайтын ұл мен қыз болады;

  • Өткені мен болашағына немқұрайлы қарайтын жастар шығады.



Видео

https://www.youtube.com/watch?v=OyVbXa1ydB8