Файл: 100сурак жауабы рыты жрек соысы алыпты жадайда болатын аралы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 549

Скачиваний: 29

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

4. Босанудан кейінгі ерте қан кету пайда болады:

  1. Босанудан кейінгі алғашқы 24 сағатта;

  2. Босанудан кейінгі алғашқы 2-4 сағатта;

  3. Босанудан кейінгі алғашқы 4 сағатта;

  4. Босанудан кейінгі алғашқы 2 сағатта;

  5. Алғашқы үш тәулікте.

5. Босанған әйел К., 31 жаста, босанудан кейінгі ерте кезеңде. Босанушының есі бар, тері жабындары мен шырышты қабаттары бозғылт, АҚ 90/60 мм сынап бағ., пульс - минутына 100 рет, температура - 36,7°С. Қан кету 800 мл және әлі де жалғасуда. Пальпацияда - жатыр жұмсақ. Бала жолдасын тексергенде, жатыр беткейінде ақау анықталды. Диагноз қойыңыз?

  1. Босанудан кейінгі ерте қан кету. Жатыр қуысында бала жолдасы бөліктері қалып қойған. Геморрагиялық шок II дәреже.

  2. Босанудан кейінгі ерте қан кету. Жатыр қуысында бала жолдасы бөліктері қалып қойған.

  3. Босанудан кейінгі ерте кезең. Жатыр қуысында бала жолдасы бөліктері қалып қойған.

  4. Босанудан кейінгі ерте кезең. Жатыр қуысында бала жолдасы бөліктері қалып қойған. Геморрагиялық шок.

  5. Босанудан кейінгі ерте қан кету. Жатыр қуысында бала жолдасы бөліктері қалып қойған. Геморрагиялық шок I дәреже.


6. Босанушы Б., 30 жаста, толғақ белсенділігі ретті түрде басталысымен пайда болған жыныс жолынан кеткен қанды бөлінулер шағымымен перзентханаға жеткізілді. Қан кету 250 мл-ге жетті және әлі де жалғасуда. Жатыр 37 апталық жүктілік мерзіміне сәйкес келеді, кернеулі емес, жергілікті ауырсыну жоқ, толғақтан тыс толығымен босаңсиды. Нәресте ұзына бойы орналасқан, нәресте басы кіші жамбас кіреберісі үстінен жоғары орналасқан. Нәрестенің жүрек соғысы анық, ырғақты, минутына 148 рет. Қынапты қарау: жатыр мойны жазылған, жатыр ернеуі 3 см-ге ашылған, шарана қабы бүтін, оң және алдыңғы жағынан жұмсақ тін анықталады. Қан араласқан бөлінділер, орташа мөлшерде. Диагноз қойыңыз?

  1. Жүктілік 37 апта. Босанудың бірінші кезеңі. Плацентаның шетімен алда жатуы;

  2. Жүктілік 37 апта. Босанудың бірінші кезеңі. Плацентаның толығымен алда жатуы;

  3. Жүктілік 37 апта. Босанудың бірінші кезеңі. Кіндік тамырларының алда жатуы;

  4. Жүктілік 37 апта. Босанудың бірінші кезеңі. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын ажырауы;

  5. Жүктілік 36-37 апта. Босанудың бірінші кезеңі. Қауіп төндіретін жатыр жыртылуы.


7. Ұрықтың РДС алдын алу жүргізіледі:


  1. Жүктіліктің 24 аптасынан 34 аптасына дейін;

  2. Жүктіліктің 22 аптасынан 34 аптасына дейін;

  3. Жүктіліктің 23 аптасынан 34 аптасына дейін;

  4. Жүктіліктің 21 аптасынан 34 аптасына дейін;

  5. Жүктіліктің 25 аптасынан 34 аптасына дейін.


8. Токолизде нифедипиннің максималды мөлшері:

  1. 160 мг;

  2. 130 мг;

  3. 140 мг;

  4. 150 мг;

  5. 120 мг.


9. Ауыр преэклампсия диагностикасында қолданылатын критерий:

  1. Диастоликалық қан қысымы >110mmHg, систоликалық қан қысымы >160mmHg, протеинурия 300мг немесе одан көп;

  2. Диастоликалық қан қысымы >90mmHg, систоликалық қан қысымы >140mmHg, протеинурия 200мг немесе одан көп;

  3. Диастоликалық қан қысымы >100mmHg, систоликалық қан қысымы >150mmHg, протеинурия 300мг-ға дейін;

  4. Диастоликалық қан қысымы >90mmHg, систоликалық қан қысымы >140mmHg протеинуриясыз;

  5. Диастоликалық қысым = 80 mmHg, систоликалық қысым = 120 mmHg, протеинурия 300мг немесе одан көп.


10. Гестациялық гипертензия дамиды:

  1. Жүктіліктің 20 аптасынан кейін;

  2. Жүктіліктің 12-і аптасына дейін;

  3. Жүктіліктің 20-ы аптасына дейін;

  4. Жүктіліктің бірінші күнінен басталады;

  5. Жүктіліктің 22-і аптасынан кейін.




  1. 11. Ауыр преэклампсия кезінде салынатын магний сульфатының бастапқы мөлшері:

  1. 10-15 минут бойы, 5 грамм көктамыр ішіне;

  2. 2 грамм бұлшықет ішіне;

  3. 1 сағат бойы, 2 грамм көктамыр ішіне;

  4. 5 грамм бұлшықет ішіне;

  5. 20 минут бойы 8 грамм көктамыр ішіне.


12. ЖДА (СВА) дәрігеріне 24 жастағы екінші рет жүкті әйел, жүктіліктің 32 аптасында қаралды. Бас ауыруына, лоқсуға, бір рет болған құсуға шағымданады. АҚ 160/110 мм сынап бағ. Нәрестенің жүрек соғысы анық, ырғақты, минутына 136 рет. Зәрде - белок 0,66 г/л. Жүкті әйелге жасалатын амал:

  1. ЖДА-да жағдайы тұрақтанған соң жедел көмек машинасымен III деңгейлі мекемеге жатқызу.

  2. Егер жүкті әйел өзінің жағдайын дұрыс бағаласа және дәрігер ұсынуларын орындаса амбулаторлы бақылау;

  3. Медикаментозды емдеу талап етілмейді, тек бақылау/мониторинг;

  4. Жедел көмек машинасымен III деңгейлі мекемеге жатқызу;

  5. Магний сульфатымен және гипотензиялы емдеуді бастау;



13. Перзентханаға жедел жәрдем бригадасы жүктілік мезімі 38 апта болған әйелді күшті бас ауыруы мен көру нашарлығы шағымдарымен жеткізді. АҚ 145/90 мм с.б. Аяқтарында - ісіну. Зәр анализінде белок табылған - 0, 66 г/л. Болжамды диагноз қойыңыз:

  1. Жүктілік 38 апта. Ауыр дәрежелі преэкламспия;

  2. Жүктілік 38 апта. Гестациялық гипертензия;

  3. Жүктілік 38 апта. Жеңіл дәрежелі преэкламспия;

  4. Жүктілік 38 апта. Созылмалы артериялық гипертензия;

  5. Жүктілік 38 апта. Эклампсия.


14. Учаскеде 23 жастағы жүкті әйелге жеңіл преэклампсия диагнозы қойылды. Дәрігердің жасар амалы қандай?

  1. Үшінші деңгейлі емдеу мекемесіне жатқызу;

  2. Әйел мен нәресте жағдайын мониторингтен өткізу;

  3. Тұрғылықты мекен ету орны бойынша перзентханаға жатқызу;

  4. 3 күннен кейін қабылдауға шақыру.

  5. Магнезиямен емдеуді тағайындау;


15. Жүкті әйел артериалық гипертензияға және бас ауыруына шағымданады. Артериялық қысым 160/110, 170/115 мм сынап бағ., ЗЖА белок 5 г/л. Диагноз қойыңыз:

  1. Ауыр преэклампсия;

  2. Созылмалы артериялық гипертензия;

  3. Бас сақинасы. Созылмалы пиелонефрит, өршу;

  4. Орташа-айқын преэклампсия;

  5. Артериялық гипертензия. Криз.


16. Жүкті әйел 25 жаста, жүктілік мерзімі 34 апта, үйінде бірнеше қайтара эклампсия ұстамасы болған. Жедел медициналық жәрдем машинасымен перзентханаға жеткізілді. Түскен кезде ақыл есі тежелген, АҚ - 180/110 және 170/100 мм сынап бағ. Магнезиямен емдеудің жүктемелік (ұстап тұрушы) мөлшері қандай?

  1. 5 грамм құрғақ зат немесе 20 мл 25% MgSO4;

  2. 320 мл NaCl-ға 80 мл 25% MgSO4;

  3. 2 грамм құрғақ зат немесе 10 мл 20% MgSO4;

  4. 250 мл 25% MgSO4;

  5. 500 мл NaCl-ға 40 мг.


17. Әйелдер кеңесіне 28 жастағы жүкті әйел қаралды. Іштің төменгі жағының және бел тұсының сыздап ауыруына шағымданады. Жүктілік мерзімі 15-16 апта. Анамнезінде 1 босану және 3 жасанды аборт. Қынапты тексергенде: жатыр мойны ұзындығы 2, 5 см, сыртқы ернеу үңірейген, жатыр мойны каналы жабық, жатыр жүктілік мерзіміне сәйкес үлкейген, жыныс жолынан аздап қанды бөлінулер бөлінеді. Акушерканың жасар тәсілі қандай?

  1. Жүкті әйелді стационарға жатқызу;

  2. Жатыр мойнына тігіс салу;

  3. Амбулаторлы жағдайды токолитикалық емдеу жүргізу;

  4. Жүктілікті сақтап қалуға арналған гормональды емдеу тағайындау.

  5. Седативті және спазмолитикалық препараттарды тағайындау, 1 аптадан соң келуді ұсыну;



18. Босану кезіндегі қан кетудің алдын алу үшін жасалатын тиімді іс-шара қандай?

  1. Босанудың 3-ші кезеңін белсенді өткізу;

  2. Босанудың 3-ші кезеңін белсенді-күте тұру тәсілімен өткізу;

  3. Жатырға массаж жасау;

  4. Нәрестенің басы туылған сәттен окситоцинді көктамыр ішіне енгізу;

  5. Қан кету бойынша қатер топтарды бөлу және босануға әйелді антенатальды дайындықтан өткізу.


19. Жатыр атониясы болғанда қан кетуді қалпына келтіруді бастау қажет:

  1. Окситоцин енгізуден;

  2. Жатыр қуысын қолмен тексеруден;

  3. Жатырға бимануальды компрессия жасаудан;

  4. Метилэргометрин енгізуден;

  5. Коллоидты ерітінділер енгізуден.


20. Егер жатырды жоғары итере отырып, кіндік баудан тартқанда, 30-40 секундта бала жолдасы түспесе міндетті түрде жасалады:

  1. Жатырдың кезекті жақсы жиырылуын күту және кіндікті тартуды жалғастыру;

  2. Бала жолдасының ажырап бөліну белгілерін күту;

  3. 10 ЕД окситоцинді көктамыр ішіне қайта енгізу;

  4. Кіндіктен тартуды толғақ кезінде жалғастыру, әйелге күшену туралы өтініш жасау;

  5. Метилэргометринді көктамыр ішіне енгізу.


21. Босанудан кейінгі қан кетуде көрсетілетін алғашқы көмек:

  1. Қызметкерлерді жұмылдыру, лаборантты шақыру, босанушының жағдайын бағалау, қан кетуді бағалау, көктамырға катетеризация, окситоцин енгізу және 0,9% NaCl инфузия, жатырға бимануальды компрессия;

  2. Қызметкерлерді жұмылдыру, лаборантты шақыру, босанушының жағдайын бағалау, қан кетуді бағалау, көктамырға катетеризация және 0,9% NaCl инфузия, құрсақ аортасын басу.

  3. Қызметкерлерді жұмылдыру, лаборантты шақыру, босанушының жағдайын бағалау, қан кетуді бағалау, көктамырға катетеризация және 0,9% NaCl инфузия, қан кету себебін іздеу;

  4. Қызметкерлерді жұмылдыру, лаборантты шақыру, босанушының жағдайын бағалау, қан кетуді бағалау, окситоцин енгізу, көктамырға катетеризация және 0,9% NaCl инфузия;

  5. Қызметкерлерді жұмылдыру, лаборантты шақыру, босанушының жағдайын бағалау, қан кетуді бағалау, көктамырға катетеризация және 0,9% NaCl инфузия, жатыр қуысын қолмен тексеру, окситоцин енгізу;



22. Босанушы К., 33 жаста, босану ұзақтығы әлсіз толғақпен 17 сағатқа созылды. Нәресте 3100,0 граммен туылғаннан кейін 15 минуттан соң қан кету басталды. Қан жоғалту 300 мл және әлі жалғасуда. Баланың жолдасы тұтасымен бөлінді. Қан жоғалту 500 мл және жалғасуда. Окситоцин енгізілді, 15 минутта 1 литр 0,9% NaCl-мен инфузия жасалынды. Массаждан кейін жатыр жиырылды, бірақ қан кету қайтадан басталды. Жатыр мойны мен қынап бүтін. Диагноз қойыңыз?

A) Босанудан кейінгі ерте кезеңдегі атоникалық қан кету;

B) Босанудан кейінгі ерте кезең. Жұмсақ босану жолының жыртылуы, қан кету;

C) Босанудан кейінгі ерте кезең. ДТіҰ (ДВС) - синдром;

D) Бала жолдасының бір бөлігі қалып қойғандықтан босанудан кейінгі қан кету;

E) Босанудан кейінгі ерте кезең. Жатыр жыртылуы, қан кету.
23. Босанудан кейінгі ерте кезеңде жатыр жағдайына бақылау келесі жиілікпен және ұзақтықпен атқарылады:

  1. Бала жолдасы туылғаннан кейін 1-ші сағатта 15 минут сайын, 2-ші сағатта әрбір 30 минут сайын, 3-4-ші сағатта сағат сайын, кейін әрбір 4 сағат сайын, тәулік бойына;

  2. Бала жолдасы туылғаннан кейін 2 сағат бойы әрбір 15 минутта, 3-ші сағатта әрбір 30 минутта және келесі күндерде күніне бір рет;

  3. Бала жолдасы туылғаннан кейін әрбір 30 минутта, босанудан кейін алғашқы 2 сағатта, әрі қарай тәулігіне әрбір 4 сағатта;

  4. Бала жолдасы туылғаннан кейін әрбір 15 минутта 1 сағат бойы, босанудан кейін әрбір 30 минутта 2 сағат бойы және келесі күндерде күніне бір рет;

  5. Бала жолдасы туылғаннан кейін әрбір 15 минутта 1 сағат бойы, босанудан кейін әрбір 30 минутта 2 сағат бойы және әрі қарай тәулігіне әрбір 6 сағатта.

24. Босанудың үшінші кезеңі белсенді өтуі үшін енгізілетін окситоциннің профилактикалық мөлшері қандай?

  1. 10 бірлік;

  2. 5 бірлік;

  3. 7,5 бірлік;

  4. 2,5 бірлік;

  5. 20 бірлік.


25. Қынап арқылы босануда физиологиялық қан кету көлемі қанша болады?

  1. *500 мл дейін;

  2. 300 мл дейін;

  3. 400 мл дейін;

  4. 200 мл дейін;

  5. 600 мл дейін.


26. Тиімді перинатальды технологияға сәйкес босанудың 3-ші кезеңін белсенді жүргізуде окситоцинді енгізуді қарастырады:

  1. Нәресте туылған соң алғашқы 1-ші минутта;

  2. Нәрестенің иығы туылғанда;

  3. Басы шыққанда;

  4. Нәресте туылған соң алғашқы 5 минутта;

  5. Баланың жолдасы туылған соң.