Файл: 100сурак жауабы рыты жрек соысы алыпты жадайда болатын аралы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 548

Скачиваний: 29

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


100сурак жауабы

1. Ұрықтың жүрек соғысы қалыпты жағдайда болатын аралық:

A.Минутына 110-160 рет;

B.Минутына 140-160 рет;

C.Минутына 100-150 рет;

D.Минутына 130-140 рет;

E.Минутына 110-170 рет.

2. Босану кезінде жатыр мойнының ашылу жылдамдығын білдіретін минималды тиімді көрсеткіш:

A. 1 см/сағ;

B. 0,5 см/сағ;

C.1,5 см/сағ;

D.2,0 см/сағ;

E.2,5 см/сағ.

3. Заманауи перинатальды технологияларға сәйкес босанғаннан кейін жатыр мойнын тексеруге көрсеткіш:

A. Жылдам және өте жылдам босану;

B.Алдыңғы босанулардағы қан кету;

C. Босануда ұзаққа созылған латентті кезең;

D.Ересек жаста бірінші рет босану;

E. Босанудың екінші кезеңінің әлсіз өтуі.

4.Партограммада ұрықайналасы судың сипаттамасында "I" әріпі нені білдіреді?

A. Шарана қабы бүтін;

B.Судың/бөлінулердің болмауы;

C. Шарана маңы суы таза, мөлдір;

D.Судың құрамында қоспалар бар;

E.Суға мекония араласқан.

5. Ауыр преэклампсияны емдеудің тиімді-нақтылы әдісі:

A. Босануды жүргізу;

B.Гипотензиялық емдеу;

C. Магнезиямен емдеу;

D.Аз мөлшерде аспирин;

E.Көп құрамды инфузиялық емдеу.

6. Босанушы И., 24 жаста, перзентханаға мезгілі жеткен жүктілікпен және 12 сағатқа созылған толғақпен түсті. Екі сағат бұрын шарана маңы суы кеткен. Жүктілік III, босану I. Нәрестенің жүрек соғысы анық, ырғақты, минутына 138 рет. Нәрестенің болжамды салмағы 3700 грамм. Толғақ күші әлсіз, 10-12 минут сайын 15-20 секундтан. Қынапты тексергенде: жатыр мойны жазылған, 3 см ашылған, шарана қабы жоқ, нәрестенің басы кіші жамбас кіреберісі жазықтығына тірелген. Нәрестенің басында кішігірім босану ісігі білінеді. Мүйіске қол жетпейді. Осындай жағдайда босану процесінің қандай асқынуы байқалады?

A. Ұзаққа созылған латентті фаза;

B. Жамбас-бас диспропорциясы;

C.Ұзаққа созылған белсенді фаза;

D.Босанудың ұзаққа созылған екінші кезеңі;

E. Жалған толғақтар.

7. Партограммадағы 3/5 нәресте басының қай жерде болуына сәйкес келеді?

A. Кіші жамбастың кең бөлігінде;

B.Кіші жамбас кіреберісіне тірелген;

C. Кіші жамбас кіріеберісі үстінде;

D.Кіші жамбастың тар бөлігінде;


E.Кіші жамбастан шыға беріс жазықтығында.

8. Жетілген жатыр мойны Бишоп шкаласы бойынша:

A. 6 - 8 балл;

B.3 - 4 балл;

C.4 - 5 балл;

D. 0-3 балл;

E.8 - 9 балл.

9. Босанудан кейінгі қан кету дегеніміз:

A. Табиғи жолмен босанғанда 500 мл және одан көп, кесар тілігі операциясында 1000 мл және одан көп клиникалық маңызды қан кету;

B.Босанудан кейін 24 сағаттан соң болатын қынаптық қан кету;

C.Табиғи жолмен босанғанда 250 мл және одан көп, кесар тілігі операциясында 500 мл және одан көп клиникалық маңызды қан кету;

D.Табиғи жолмен босанғанда 500 мл және одан көп, кесар тілігі операциясында 750 мл және одан көп клиникалық маңызды қан кету;

E. Босанудан кейін алғашқы 48 сағатта болатын көлемі 500 мл-ден астам қынаптық қан кету.

10. Босанудан кейінгі ерте қан кету пайда болады:

A.Босанудан кейінгі алғашқы 24 сағатта;

B.Босанудан кейінгі алғашқы 2-4 сағатта;

C.Босанудан кейінгі алғашқы 4 сағатта;

D.Босанудан кейінгі алғашқы 2 сағатта;

E.Алғашқы үш тәулікте.

11. Босанған әйел К., 31 жаста, босанудан кейінгі ерте кезеңде. Босанушының ақыл-есі дұрыс, тері жабындары мен көзге көрінерлік сілемейлері бозғылт, АҚ 90/60 мм сынап бағ., артериялық пульс - минутына 100 рет, температура - 36,7°С. Қан кету 800 мл және әлі де жалғасуда. Пальпацияда - жатыр жұмсақ. Бала жолдасын қарауда жатыр беткейінде ақау анықталды. Диагноз қойыңыз?

A. Босанудан кейінгі ерте қан кету. Жатыр қуысында бала жолдасы бөліктері қалып қойған. Геморрагиялық шок II дәреже.

B.Босанудан кейінгі ерте қан кету. Жатыр қуысында бала жолдасы бөліктері қалып қойған.

C.Босанудан кейінгі ерте кезең. Жатыр қуысында бала жолдасы бөліктері қалып қойған.

D.Босанудан кейінгі ерте кезең. Жатыр қуысында бала жолдасы бөліктері қалып қойған. Геморрагиялық шок.

E. Босанудан кейінгі ерте қан кету. Жатыр қуысында бала жолдасы бөліктері қалып қойған. Геморрагиялық шок I дәреже.

12. Босанушы Б., 30 жаста, толғақ белсенділігі ретті түрде басталысымен пайда болған жыныс жолынан кеткен қанды бөлінулер шағымымен перзентханаға жеткізілді. Қан кету 250 мл-ге жетті және әлі де жалғасуда. Жатыр 37 апталық жүктілік мерзіміне сәйкес келеді, кернеулі емес, жергілікті ауырсыну жоқ, толғақтан тыс толығымен босаңсиды. Нәресте ұзына бойы орналасқан, нәресте басы кіші жамбас кіреберісі үстінен жоғары орналасқан. Нәрестенің жүрек соғысы анық, ырғақты, минутына 148 рет. Қынапты қарау: жатыр мойны жазылған, жатыр ернеуі 3 см-ге ашылған, шарана қабы бүтін, оң және алдыңғы жағынан кеуекті тін анықталады. Қан араласқан бөлінділер, орташа мөлшерде. Диагноз қойыңыз?



A.Жүктілік 37 апта. Босанудың бірінші кезеңі. Плацентаның шетімен алда жатуы;

B.Жүктілік 37 апта. Босанудың бірінші кезеңі. Плацентаның толығымен алда жатуы;

C.Жүктілік 37 апта. Босанудың бірінші кезеңі. Кіндік тамырларының алда жатуы;

D.Жүктілік 37 апта. Босанудың бірінші кезеңі. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын ажырауы;

E.Жүктілік 36-37 апта. Босанудың бірінші кезеңі. Қауіп төндіретін жатыр жыртылуы.

13. Төменде берілген толғақ күші әлсіз клиникалық жағдайлардың қайсысында акушерлік қысқыштарды қолдана отырып босануды жүргізуге болады:

A. Жатыр мойны толығымен ашылған, нәрестенің басы кіші жамбас қуысында;

B.Жатыр мойны толығымен ашылған, нәрестенің басы үлкен сегментпен кіші жамбас кіреберісі жазықтығында;

C. Жатыр мойны толығымен ашылуға жақын, нәрестенің басы кіші жамбас кіреберісі жазықтығында;

D.Жатыр мойны толығымен ашылған, нәрестенің басы кіші жамбас кіреберісі жазықтығына тірелген;

E.Жатыр ернеуі 6 см-ге ашылған, нәрестенің басы кіші жамбас кіреберісі үстінде.

14. Гонадотропты гормондарды өндіру орны:

A. Гипофиз;

B.Гипоталамус;

C. Бүйрек үсті безі;

D.Аналық без;

E.Жатыр.

15. Жамбас түбі неден тұрады:

A. Бұтаралық бұлшықеттері мен фасцияларынан;

B.Қынаптан;

C.Қынап кіреберісінен;

D. Қыздық пердеден;

E.Кіші жамбастан шыға беріс жазықтығынан.

16. Қынаптың қышқыл ортасын қамтамасыз етеді:

A. Додерлейн таяқшалары;

B.Лейкоциттер;

C.Шартты-патогенді микрофлора;

D.Гонококк;

E. Қынаптың эпителиі.

17.Жатыр түтікшелерінің сілемейлі қабығы қандай эпителиймен қапталған:

A. Мерцателді;

B.Кубты;

C. Көпқабатты жазық;

D.Бірқатарлы;

E.Цилиндрлі.

18.Акушерлік коньюгата дегеніміз:

A. Сегізкөз мүйісінен симфиздің жоғарғы шетіне дейінгі арақашықтық;

B.Сегізкөз мүйісінен симфиздің сыртқы беткейінің шығып тұратын нүктесіне дейінгі арақашықтық;

C.Сегізкөз мүйісінен симфиздің ішкі беткейінің шығып тұратын нүктесіне дейінгі арақашықтық;

D. Сегізкөз мүйісінен симфиздің төменгі шетіне дейінгі арақашықтық;

E.Сегізкөз-құйымшақ жігінен симфиздің төменгі шетіне дейінгі арақашықтық.


19.Алғаш босанушы М., 24 жаста. Босану үстінде. Толғақ күші - қанағаттанарлық, 12 сағатқа созылуда. Толғақ қысудың басталғанына 50 минут өтті. Нәресте ұзына бойы орналасқан. Басымен келген. Нәрестенің жүрек соғысы қасаға үстінде минутына 142 рет, анық, ырғақты. Қынапты тексеру: жатыр мойны жазылған, толық ашылған, мойын шетіне қол жетпейді. Шарана қабы жоқ. Нәресте басы жатыр түбінде. Жебе тәрізді жік тура өлшемде. Үлкен еңбек алдында, кіші еңбек артында анықталады, екі еңбек те бір деңгейде орналасқан. Осы босануда нәресте басы қалай орналасқан?

A.Шүйдемен келудің артқы түрі;

B.Шүйдемен келудің алдыңғы түрі;

C.Бетімен келудің алдыңғы түрі;

D.Бетімен келудің артқы түрі;

E.Жебе тәрізді жіктің жоғары, тура орналасуы.

20.Науқас А., 38 жаста, анамнезінде 2 босану және 3 аборт. ЖІС (ВМС) контрацепциясына 5 жыл. Етеккір қызметі бұзылмаған. Кезекті етеккірлік циклден 10 күн өткен соң іштің төменгі жағында ауырсыну пайда болған және жыныс жолынан көп мөлшерде іріңді бөлінулер бөлінген, осыған байланысты акушер-гинеколог дәрігеріне қаралған. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, терісі мен сілемейі қалыпты. Температура 37,7°С; лейкоциттер - 9,4 x 109/л. Объективті: іші жұмсақ, ауырмайды, перитоналъды симптомдар жоқ. Айнамен қарағанда - жатыр мойны цилиндр пішіндес, цервикальды каналдан ЖІС-дың бақылау жібі және аздап сіліемейлі-іріңді бөліну көрінеді. Қос қолдап тексергенде - жатыр мойнында ерекшеліктер жоқ, жатыр әдеттегіден аздап үлкейген, жұмсақ-эластикалық тығыздықта, қозғалмалы, орташа ауырады, күмбезі терең, сілемейлі-іріңді бөлінулер. Диагноз қойыңыз?

A. Метроэндометрит;

B.Параметрит;

C.Метротромбофлебит;

D.Сальпингит;

E. Пельвиоперитонит.

21.Гестациялық пиелонефритте таңдалған дәрілік препараттарды атаңыз:

A. Цефалоспориндер;

B.Сульфаниламидтер;

C.Тетрациклиндер;

D.Триметоприм;

E. Аминогликозидтер.

22.Жүкті әйелдерге әйелдер кеңесінде қандай көмек көрсетеді?

A. Диспансерлік бақылау;

B.Мекемелердегі профилактикалық қараулар;

C.Жыл сайынға скринингті қараулар;

D. Әйелдер кеңесіне қаралған науқасқа медициналық көмек көрсету;

E.Патронажбен.

23.Бастапқы әйелдер кеңесі қандай көмек көрсетудің бірінші кезеңі болып табылады?


A. Әйелдерге маманданған көмек көрсетудің;

B.Бала туа алатын жастағы әйелдерге медициналық көмектесудің;

C. Шұғыл медициналық көмектің;

D.Барлық тұрғындарға маманданған көмек көрсету;

E.Білікті шұғыл көмек көрсетудің.

24.Алғаш босанушы К., 22 жаста, жүктіліктің 40 апталық мерзімінде босану бөлімшесіне түсті, іштің төменгі жағының 4 сағат бойы толғақ тәрізді ауыруына шағымданады. Жамбас өлшемдері 25-28-31-21 см. Нәресте ұзына бойы орналасқан, басымен келген, басы кіші жамбас кіреберісіне тірелген. Нәрестенің жүрек соғысы анық, ырғақты, минутына 140 рет. Толғақ күші жақсы, әрбір 5-6 минутта 40-45 секундтан. Қынапты тексеру: жатыр мойны жазылған, жатыр ернеуі 3,5 см ашылған, шарана қабы бүтін. Басымен келген, басы кіші жамбас кіреберісіне тірелген. Жебе тәрізді жік сол жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек оң жақ алдында. Мүйіске қол жетпейді. Нәрестенің орналасуын, позициясын, түрін, келуін анықтаңыз?

A.Нәресте ұзына бойы жатыр, I позиция, алдыңғы түр, баспен келген;

B.Нәресте ұзына бойы жатыр, II позиция, алдыңғы түр, баспен келген;

C.Нәресте ұзына бойы жатыр, II позиция, алдыңғы түр, жамбаспен келген;

D.Нәресте ұзына бойы жатыр, I позиция, артқы түр, баспен келген;

E.Нәресте ұзына бойы жатыр, II позиция, артқы түр, баспен келген.

25.Қынапты тексеруде: жатыр ернеуі толық ашылған, шарана қабы жоқ. Нәресте басы сегізкөздің бар ойығын және қасағалық буындасуды алып жатыр, шонданай қылқаны сезілмейді, құйымшақ білінеді. Жебе тәрізді жік сол жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек оң жақ алдында. Нәресте басының орналасуын анықтаңыз:

A. Кіші жамбас қуысының тар бөлігінде;

B. Үлкен сегментпен кіші жамбас кіреберісінде;

C.Кіші жамбас қуысының кең бөлігінде;

D.Жамбас түбінде;

E.Кіші жамбас кіреберісі үстінде.

26.Қайта босанушы М., 30 жаста, жүктіліктің 39 аптасында толғақ басталғаннан 5 сағат өткен соң және шарана маңы суы кеткеннен 2 сағат өткен соң босану бөлімшесіне түсті. Нәрестенің жамбаспен келгені анықталған. Нәрестенің жүрек соғысы анық, ырғақты, минутына 136 рет. Нәрестенің болжамды салмағы 3000,0+-200,0. Қынапты тексеру: жатыр мойны жазылған, шеттері жұқа, жатыр ернеуі 8 см-ге ашылған, шарана қабы жоқ. Бөксемен келген. Экзостоздар жоқ. Мүйіске қол жетпейді. Диагноз қойыңыз: