ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 43
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Кіріспе
"Сабақтастық" ұғымы ғылымының әр алуан салаларында қолданылады және көп мағыналы ұғым болып табылады. Сабақтастық үздіксіз білім берудегі педагогикалық үрдісте қолайлы жағдай туғызуы үшін қажет". Бұған ғылыми әдебиеттердегі оған берілген әр түрлі тұрғыдағы анықтамалар дәлел бола алады. Философиядағы «сабақтастық» ұғымы мен білім берудегі «сабақтастық» ұғымы тығыз байланысты. Білім берудегі сабақтастық проблемасы ұлы педагогтардың педагогикалық ой-пікірлерінде маңызды орын алды.
Білім берудегі сабақтастық проблемасын чех педагогы Я.А.Коменский сабақтастықты адам дамуының жас ерекшелігінен, оның танымдық әрекетінен туындайтын оқыту ұстанымы ретінде қарастыра келіп, біріншіден жалпы білімге көңіл бөлу қажет, онда алдыңғының бәрі кейінгіге жол ашып, оның қадамына жарық түсіруі тиіс, екіншіден, сабақтастықты қамтамасыз ету жағдайында баланың жас ерекшелігіне сәйкес берілетін білімге жете көңіл бөлу, үшіншіден отбасындағы берілетін білім балабақша мен бастауыш сыныптардағы берілетін білімге бағыт-бағдар беретіндей жағдайда жүргізілуі керек, төртіншіден, өмір бойы білім алу, өз-өзінің білімін жетілдіріп отыру туралы пікірі бүгінге дейін құндылығын жоғалтпаған дүние екендігін білеміз. Я.А.Коменскийдің саналылық пен белсенділік, жүйелілік пен бірізділік, сабақтастық ұстанымдарын өзара тығыз байланыста алып қарағандығын атап өткен жөн.Швeйцaрия пeдaгогы Иогaнн Гeнрих Пeстaлоцци оқыту үдeрісін «сaнaның бұлыңғыр, жүйeсіз түсініктeрінeн бeлгілі бір түсініктeрді, көріністeрді, aйқын ұғымдaрды тaнып-білугe дeген ұмтылысы» деп сaнaды, яғни оқытудaғы сабaқтaстықты үздіксіз, жүйeлі құбылыс дeп түсінді.
Сабақтастықты әлеуметтік жағынан алып қарағанда ол-қандай да бір құбылыстардың дамуы материалдық қоғамдық рухани өмір жағдайларының даму үдерісін бейнелейді. Ал әдістемелік, ол - сол құбылыстың, болып жатқан жағдайлардың себебін анықтап білу.
Зерттеу өзектілігі: Қазақстан Республикасы Білім беру стандартында қоғамның қазіргі даму кезеңінен туындап отырған әлеуметтік сұранысқа орай, баланың тұлға ретінде қалыптасуына, ақыл-ойын дамытуға, интеллектуалдық және ерік пен сезім белсенділігін қалыптастыруға септігін тигізетін жаңа математикалық білім мазмұнын жасау және онымен үйлесімді оқытуды ұйымдастыру түрлерін анықтау қажеттілігі атап көрсетілген. Егер бастауыш сыныпта математиканы оқыту барысында дамыта оқыту технологиясы жүйелі түрде қолданылып отырса, онда оқушылардың ойлау қабілеті дамып, сабаққа деген қызығушылығы артып, өз бетімен білім алуға ынталанады, өйткені, дамыта оқыту оқушыларды жан – жақты дамытып,өз ойын айтуға,өз бетімен қойылған мақсатқа жетуге,сонымен қатар ой қорытындысын жасауға итермелейді. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырудың негізгі жолы қызықты
тапсырмаларды пайдалану,ол тапсырмалар зерделілікке,қиялдауға, тапқырлыққа шапшаң есептеу қаблеттерін дамытуға тәрбиелейді. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мұғалімнің шеберлігіне келіп тіреледі. Жас ұрпаққа жан - жақты білім беру әрбір ұстаздың басты міндеті. Қай әдісті пайдалансақ та алға қойған мақсат біреу. Ол оқу бағдарламасының материалдық мазмұнын оқушы бойына сіңіру. Сыныптағы оқушының ойлау қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан математика сабағында әр сыныптағы оқушының жас ерекшеліктеріне қарай және білім деңгейіне сай сабақтың түрін тауып, сол тақырыптарды игеруді мақсат ету керек. Бұған оқушылардың қызығушылығын, сабақ сапасын арттырудың бір көзі - математикалық ойын элементтерін қолдану.
Зерттеудің мақсаты: Оқушылардың теориялық білімдерін нығайтып, өздігінен іздендіре отырып, шығармашылыққа жетелеу.Бастауыш сынып пен 5 сыныпта математиканы дамыта оқыту арқылы ой-өрісі мен танымдарын кеңейту.
Зерттеу міндеттері:
- бастауыш сыныпта математикалық білімге қызығушылықтарын арттыру;
- 5 сыныпта топтық әдістерін қолдану арқылы ой-өрісті дамыту мүмкіндіктерін талдау;
- бастауыш сынып пен орта буындағы оқушылардың математикалық ойлау, тапқырлық, білімдарлық қаблеттерін дамыту.
Зерттеу пәні: Математиканың теориялық негіздері және оқыту әдістемесі.
Зерттеу болжамы: егер сабақтастық тұжырымдамасын белгілі бір мақсатта қарастыра отырып, бастауыш және негізгі мектепте оқытудың жетекші компоненттері мен мұғалімнің іс-әрекеті стиліндегі негізгі ұстанымдар мен дидактикалық шарттардағы сабақтастықты қамтамасыз етсек, онда бастауыш және негізгі мектептерде математиканы сабақтастық негізінде дамыта оқыта отырып, оқытудың сапасын арттырып, оқушылардың білімдерін кеңейтіп, тереңдеуін қалыптастырар едік, өйткені үздіксіз математикалық дайындығында дамыта оқытудағы сабақтастық оқушылардың қабілеттілігі мен құзреттілігін қалыптастыруға жағдай жасайды.
Күтілетін нәтиже: Бастауыш сынып мұғалімі 5 сыныптағы математикамен бастауыш математикасының арасындағы теориялық және білімдік сабақтастықты білетін болса,оқыту барысында ол мәліметтерді білім беруде қолдана алады.
1-бөлім Бастауыш сыныптардағы математиканың теориялық-әдіснамалық негіздері.
1.1-Бастауыш сыныптардағы математика сабағы
Математика сабақтарында математикалық білімнің мазмұны және оқытудың әдіс-тәсілдері, оқушының іс-әрекетін ұйымдастырудың формалары мен орындалатын жұмыстың түрлері, оқушының бойында қандай да бір сапалық қасиеттердің қалыптасуын жүзеге асырады, демек математика сабақтарында тәрбиелік міндет те шешіледі. Сондай-ақ сабақ барысында оқушыларға әралуан іс-әрекеттер, соның ішінде ақыл-ой іс-әрекеттерін (салыстыру, жалпылау, абстракциялау, топтастыру, жүйелеу және т.б.)орындауға тура келеді. Ендеше, математика сабақтары дамытушылық міндет те атқарады. Осының бәрі баланы өмірге бейімдейді, дайындайды, демек математика сабағы практикалық міндеттерді де атқарады. Математика сабағы – математика пәнінің өзіндік ерекшелігін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде дидактика анықтаған сабақтың өзіндік көрінісі, дербес түрі. Сондықтан бастауыш мектептегі математика сабақтарында білімдік, тәрбиелік,дамытушылық және практикалық сияқты міндеттер іске асырылады. Мәселен, сабақтың тақырыбы «қосудың ауыстырымдылық заңы» болсын делік. Сабақта «қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді» деген қосу амалының заңын игерту мақсаты көзделеді, яғни бұл жерде оқушынын, игеретін білімі-қосудың ауыстырымдылық заңы.Демек, сабақтын білімдік міндеті оқушыларға осы заңды игерту болып табылады. Ал, осы заң оқушыларға бірден хабарлануы мүмкік, яғни оны мұғалім оқушыларға дайын күйінде айтып бере алады. Мұндағы оқытудың әдісі – әңгіме. Ал, бұл заңды нақты мысалдарды қарастыра отырып, әңгімелесу арқылы да баяндауға болады.
4 + 1 = 5
3 + 2 = 5
0+5=5 деп жазып қойып, оқушыларға осы мысалдарды салыстыруға мүмкіндік береді. Осының нәтижәсінде балалар олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды. Осылайша берілген мысалдардағы әр санның қосудың компоненті ретінде қалай аталатындығын анықтау жұмысы жүргізіледі. Соның нәтижесінде тиісті қорытындыны балалардың өздері жасайды. Демек, бұл жағдайда әңгімеден өзгеше оқыту әдісі қолданылады. Олай болса, оқыту әдісі сабақтың негізгі міндетінің шешілуіне өзіндік әсер етеді, яғни оқыту әдісі аркылы да сабақ міндеттері жүзеге асырылады. Математика сабағы туралы айтқанда, оның типін анықтап алу ең басты мәселе болып табылады. Сабақтың типі қойылып отырған дидактикалық мақсатқа орай анықталуы тиіс. Олай болса, өткен материалдарды қайталау, жаңа материалды оқып-үйрену, оқып-үйренген мәселелерді тиянақтау, бекіту, оқып үйренген материалды қорытындылау және жалпылау, оқушылардың білімін тексеру және т.с.с. міндеттердің қайсысы нақты сабақтың негізгі мақсаты болуына орай қайталау, жаңа материалды игеру, білімді тиянақтау және бекіту, білімді қорытындылау және жинақтау, білімді тексеру сияқты сабақ типтерінің болуы мүмкін. Алайда, сабақта жоғарыда аталған міндеттердің әрқайсысы жеке-жеке алынбай, олардың бәрінің де бір сабақтың өзінде қамтылуы мүмкін. Осы тұрғыдан алып қарағанда, типін аралас сабақ деп атайды. Математика сабағының мазмұнын, құрылымын және ұйымдастыру формасын анықтаудағы ең басты құрал оқулық болып табылады. Бастауыш сыныптардың жаңа буын математика оқулықтары жекеленген сабақтарға лайықталып жасалған. Оқулық әр сабақтың үлесі болып табылатын жаттығулардың бірнеше тобын қамтиды. Математика сабағына дайындалу сабақтың тақырыбын анықтаудан басталады. Содан кейін мұғалім оқулық бойынша осы сабаққа арналған оқу материалын талдауға кірісуі керек. Мұнда ол теориялық материалдың оқулықта қалай баяндалғанымен танысады. Ондағы материал сабақ үшін жеткілікті ме, көп пе, немесе аз ба, осы жағын тексереді. Егер жеткілікті болмаса нені қосу керек және қосымша материалды қайдан алу керек, осы жағын ойластырады. Бұны ойдағыдай шешу үшін аталмыш тақырыпқа байланысты ғылыми әдістемелік әдебиеттерді оқып, танысады. Мұның ішіндегі ең маңыздысы мұғалімдерге арналған көмекші құралдармен танысу болып табылады. Әдістемелік құралдың сабақтарға нұсқаулар деген бөлімі бойынша мұғалім сәйкес сабақтың білімдік міндетін анықтайды. Алайда, ол оны өзгертуі немесе оған ішінара өзгеріс енгізуі ықтимал. Ал сабақтың нақты тәрбиелік, дамытушылық және практикалық міндеттерін өзі анықтайды және оларды жалпылама түрде емес, дәл, нақты және қысқа түрде тұжырымдайды.
1.2 Бастауыш сыныпта математика сабағын дамыта оқыту
Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің шығармашыл, техника мен экономикада жаңа жолдар мен таба алатын, жаңашыл, ақыл-ойы дамыған тұлға даярлау талап етеді. Сондықтан математиканы шығармашылықпен оқыту технологиясы оқыту үрдісін жетілдіру, оқушылардың ізденімпаздығы мен белсенділігін арттыруға негізделген. Оқу танымдық барысында оқушылар қажетті көлемдегі білімді игеріп қана қоймай, танымдық қабілеті мен шығармашылық ойлауы дамытылады. Шығармашылық тапсырмалар баланың интеллектісін, қабілеттерін, шығармашылығын дамытады. Шығармашылық тапсырмаларды шешу балалардан ойлылықты, байқампаздықты талап етеді. Оқушының шығармашылығы қалыптасады. 3-сыныптағы тапсырмалар үлгісі:
1. Қыздың көгершіндері мен қояндары бар. Осылардың барлығының 26 басы мен 60 аяғы бар. Қызда қанша көгершін және қоян бар?
2. 2 алма, 3 алмұрт, 1 шабдалы 85 теңге тұрады. 1 алма, 3 алмұрт, 1 шабдалы 75 теңге тұрады. Егерде 1 шабдалы мен 2 алманың бағасы бірдей болса, алма мен алмұрт және шабдалы қанша тұрады?
3. 2 балықшы бірігіп 36 балық аулады. Екіншіге қарағанда біріншісі 8 есе көп аулады. Екінші балықшы қанша аулады?
4-сынып. Экономикалық есептер.
1. Жанармай құю бектіне бір мезгілде 2 автомамина келді. Олардың біріне жанармай құюға 7 минут, екіншісіне 3 минут уақыт кетеді. Жанармай құю Шығармашылық есептер Қызықты есептер Ұлттық есептер Экономикалық есептер Ойын есептер бекеті автомашинаның мұнда бөгелген әр минуты үшін айып төлейді. Автомашиналардың қайсысын бірінші жіберу керек?
2. Балаларға жаңа жыл мерекесіне сыйлықтар әзірлеу үшін 80 дана апельсин, 160 дана «тоник» шоколадтары және 320 дана жаңғақ сатып алынды. Бірдей болатындай етіп ең көп дегенде қанша сыйлық дайындауға болады? Әр сыйлықта неше апельсин, неше шоколад, неше жаңғақтан болар еді?
3. Қоймаға бірнеше бума дәптер келіп түсті. Әр бумада 100 дәптер бар. Қоймашы 578 дәптерді қалай тез санап бере алады?
Халықтық есептер.
Ауылдасы жылқыңды қалай бағып отырсың деп үй иесінен сұрады. Сонда ол: Жылқыларыма күнде 10 қадақ жем беремін, 2 бием бар. Құнанға 2 қадақтан, тайға 1 қадақтан жем беремін. Ар жағын өзің есепте.
Қызықты есептер.
1. Қоян қорқынышты түс көреді. Оның түсінде түлкі сағатына 150 км, ал қасқыр одан 2 есе артық жүгіре алады екен. Егер қоян 5 минутта 30км жүгіре алатын болса, түлкі мен қасқыр оған жете ала ма?
2. Бір патшаның сұлу қызы болыпты. Ол 18 жасқа толғанда, кімнің байлығы көп болса, соған қызымды беремін депті. Сонда бір жігіт келіп, менің 27360 сандық алтыным бар, оған жыл сайын 33 сандық қосылып тұрады депті. Патша жігітке 30000 сандық алтын әкелсе, қызын беретінін айтыпты. Жігіт 30000 сандық алтын жиғанша қыз неше жасқа толады?
Оқушылардың математикалық білімін байыту олардың математикаға деген сүйіспеншілігін тудыру дұрыс ұйымдастырылған жұмыстарға тікелей байланысты екені белгілі.Математика пәнінен қабілеті жоғары оқушылардың математикалық білімін одан әрі дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Математикалық логика» жоспары құрылды. Бастауыш сыныптағы математика сабағында оқытудың əртүрлі əдіс-тəсілдерін қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық ізденістерін, өз бетінше жұмыс істеу белсенділіктерін арттыру барысында теориялық білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда, математиканың негізін қалыптастыру, ұғындыру, түсініктерін тереңдетуде мұғалімдердің математикалық білімдері терең болуы қажет. «Математиканың бастауыш курсының негіздері» пәні бастауыш сыныптар мұғалімдерінің кәсіби даярлығы жүйесіндегі арнаулы пән ретінде өткен ғысырдың ХХ-сыншы жылдары жоғары мектеп жұмысын ұйымдастырудың бірыңғай мемлекеттік принциптері анықталған кезде қалыптаса бастады. «Математиканың бастауыш курсының негіздері» пәні бастауыш сыныптар мұғалімдерінің кәсіби даярлығы жүйесіндегі арнаулы пән ретінде өткен ғысырдың ХХ-сыншы жылдары жоғары мектеп жұмысын ұйымдастырудың бірыңғай мемлекеттік принциптері анықталған кезде қалыптаса бастады.
1.3 Бастауыш сынып пен 5 сыныпта математика пәні бойынша сабақтастық
Сабақтастық дегеніміз, біріншіден , екі буын арасындағы ортақ мақсат – міндеттер,ортақ мазмұндық жүйе, баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға,неғұрлым сәтті өтуге бағыттау екіншіден, білім берудің әдістемелік жүйесінің әрбір компонентінің үйлесімдігі. Бастауыш пен негізгі мектеп арасындағы сабақтастық идеясы оқушының жалпы дамуына бағытталады. 5-сыныпта пәндер саны 8-12-ге дейін артады. Бастысы, соншама пән мұғалімдері және әрқайсысының соншама қойылатын талаптары бар. Сондай-ақ сабақтар әртүрлі кабинеттерде өтеді. Сондықтан пән мұғалімдеріне бірігіп, 5-сынып оқушысына жыл басында қойылатын ортақ талаптарды ұсынулары қажет. Сабақтастық – оқушының ерекше алған білімін,дайындық дәрежесінің сапалық көрсеткіштерін анықтап, кемшіліктердің орын алу себептерін, оның алдын алу жұмыстарының түрлері мен ұйымдастыру формаларының тиімділерін көрсетуге мүмкіндік беретін әдістемелік жұмыстың бір түрі.Үстіміздегі оқу жылы да мектебімізде сабақтастық мәселесі қаралып, төртінші сыныптың оқу – тәрбие жұмысына қатысу ,оған басшылық беру жайы жоспарланды.Ондағы мақсат – бастауыш буынның орта буынға даярлыған анықтау.Осыған орай тексерілуге тиісті оқытудың өзекті мәселелері іріктелініп алынды да соның негізінде өзіндік орындайтын тапсырмалар жүйесінің мазмұны қарастырылды,басында ,ортасында, аяғында) алынып, сараптама жасалуда.