ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 45
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
- Есептің барлық шығару жолдарын мүмкіндігінше іздестіре білу.Жаңа оқыту жүйесіне көшуге байланысты және дәстүрлі методиканың тиімсіз жақтарынан әлі де арыла алмаудың салдарынан туған жекелеген мұғалімдердің есеп шығаруға үйрету методикасының әлсіздігін, тайыздығын да ескермеуге болмайды. Тәжірибеде, кейбір ұстаз есепті амалдап шығарып шешуінің сәйкес жоспарын құру барысында ұзақ талдау жүргізіп, бар жұмысты жасауын ойластырмайды. Оқушылар не тақтадан, не мұғалімнің ауызша шығаруын еске түсіріп, не жекелеген баланың түсіндірмесіне ілесіп, көшірумен ғана шұғылданады. Ал кейбір ұстаздар өз тәжірибесінде есеп шартын қысқаша жазуды үстірт жасап, мұны ең басты, негізгі міндетке айналдырып қажетті талқылау жұмыстарын жүргізбейді.
3.Есеп шығара білуге үйрету алғашқы сабақтардың өзінде-ақ басталып, класс ілгерілеген сайын бірте-бірте сәйкес шеберлікте қалыптаса бастайды, жетіле түседі. Алайда, көпшілік оқушыларда осы тұрғыдан алғанда, алғашқы сабақтардан бастап-ақ азын-аулақ болсын, олқылықтар байқалып, ол күн, жыл өткен сайын ұлғая түседі. Мұғалім тарапынан тиісті көмек дер кезінде көрсетілмейді де, балалардың біразы басқалардан дараланып бөлініп, есепті шығара білетіндер, ал қалғандары есепті шығара алмайтындар деген етқа ие болады. Соның нәтижесінен болар, 5-сыныпқа келген шәкірттердің есеп шығара білу шеберлігінің нақты деңгейі бағдарлама талаптарымен үйлеспей жатады. Мысалы, жай есептің жаңа түрлерінің бірте-бірте енгізілуінде, сондай-ақ жай есептен күрделі есепке көшуде олардың принциптік ерекшелігі жайлы сол мәселелерді алғаш рет баяндағанда қалыптасқан балалардың түсінігі, ілгеріде шешуші маңызға ие болатынын тәжірибеден көруге болады. Бұл мәселелердің негізгілері бастауыш буында жан-жақты қарастылады. Сынып ілгерілеген сайын тек қана есептердің тақырып ауқымы, шамалар арасындағы байланыстар кеңейтіле түседі. Бастауышта қалыптасқан есеп шығара білу шеберлігі пысықталады, дами түседі. Балаларға бұрыннан белгілілері-жаңа түрлеріне тиісінше негіз болады. Сондықтан әрбір ұстаз 1-4 сыныптарда қарастырылатын есептердің түрлері , саны мен сапасы, шығару әдістері мен мерзімдері жайында жан-жақты мағлұматтар жинақтауы тиіс. Онсыз әрбір сынып, әрбір буынға сәйкес қалыптасуға тиісті есеп шығара білу шеберлігі деңгейін және оның бірте-бірте жетілу кезеңдерін дәл анықтау, сондай-ақ оның дамытыла түсу жолдарын дұрыс тағайындау мүмкін емес. Есепті арифметикалық және алгебралық тәсілдермен шығару бастауыш буындағы есепті шығарудың негізгі тәсілі болып табылады. 5-сыныпта бұл әдістің екеуі де әрі қарай жалғастырыла түседі, мүмкіндігінше дамытылады. Алайда келешекте алгебралық тәсілге бірыңғай көшу қажет болғандықтан, бұл тәсілге басымырақ көңіл бөлінуі тиіс, яғни барлық оқушылардың ол тәсілді жетік меңгеруі керек. Сандық деректердің қандай болып келуі, есеп мазмұнына сәйкес теңдеу құруға кедергі келтірмеуі тиіс. Алайда , есеп мазмұнына сай құрылған теңдеу оқушылардың шеше алатын теңдеуінің бір түріне келтірілетін болсын. Теңдеу құру арқылы есеп шығару кезінде әрбір өрнектің нені білдіріп тұрғандығын не сәйкес сұрақ арқылы, не сә
2.2 Дамыта оқытумен сабақтастықтың білім беру барысындағы қолданысы
Сабақтастық даму кезеңдері мен сатылардың арасындағы ортақ мақсат-міндеттер, ортақ мазмұнды байланыс, бұл байланыс олардың толық және жеке жақтарының кейбір элементтерін сақтайтын тұтас жүйе. Жеке тұлғаның даму кезеңінің үздіксіз білім беру деңгейлері мен сатылары нақты мақсаттарды іске асыру жағдайлары мен талаптарының іске асырылуымен анықталады. Осының барлығы бір ғана түпкі мақсатқа — баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге бағытталуы тиіс.Сабақтастық білім беруде:
- балалардың жеке тұлғалық дамуын қалыптастырып, олардың одан арғы өмірлік қызметтерін қамтамасыз етеді;
- білім беру кезеңдерінде үздіксіз білім беру;
-біртұтас білім беру жүйесінде осы кезеңдердің және оқыту түрлерінің біртұтастығын ұйымдастыруға өз әсерін тигізеді. Сонымен қатар сабақтастық мәселесін шешуде ата-аналармен жұмыс жүргізу бала дамуының бірыңғай кеңістігін жасаудың белсенді бағыты ретінде де қаралуы тиіс. Өйткені, ата-аналардың көпшілігі бала тәрбиесіндегі педагогикалық талаптардан бейхабар болуы мүмкін. Сондай-ақ баланың физиологиялық-психологиялық даму ерекшелігінен де назардан тыс қалатын жағдайлар да болып жатады. Сондықтан педагог қауымның алдына қойған қосымша — ата-аналармен жұмысты одан әрі жетілдірудің тың жолдарын қарастыра отырып, ортақ мақсатқа жетудің ұтымды сәттерін жіберіп алмау. Сабақтастықтық үздіксіз білім берудегі педагогикалық үрдісте қолайлы жағдай туғызуы үшін қажет."Сабақтастық" ұғымы ғылымының әр алуан салаларында қолданылады және көп мағыналы ұғым болып табылады.Бұған ғылыми әдебиеттердегі оған берілген әр түрлі тұрғыдағы анықтамалар дәлел бола алады. Сабақтастықты әлеуметтік жағынан алып қарағанда ол-қандай да бір құбылыстардың дамуы материалдық қоғамдық рухани өмір жағдайларының даму үдерісін бейнелейді. Ал әдістемелік, ол - сол құбылыстың, болып жатқан жағдайлардың себебін анықтап білу.Философиядағы «сабақтастық» ұғымы мен білім берудегі «сабақтастық» ұғымы тығыз байланысты. Білім берудегі сабақтастық проблемасы ұлы педагогтардың педагогикалық ой-пікірлерінде маңызды орын алды.Білім берудегі сабақтастық проблемасын чех педагогы Я.А.Коменский сабақтастықты адам дамуының жас ерекшелігінен, оның танымдық әрекетінен туындайтын оқыту ұстанымы ретінде қарастыра келіп, біріншіден жалпы білімге көңіл бөлу қажет, онда алдыңғының бәрі кейінгіге жол ашып, оның қадамына жарық түсіруі тиіс, екіншіден, сабақтастықты қамтамасыз ету жағдайында баланың жас ерекшелігіне сәйкес берілетін білімге жете көңіл бөлу, үшіншіден отбасындағы берілетін білім балабақша мен бастауыш сыныптардағы берілетін білімге бағыт-бағдар беретіндей жағдайда жүргізілуі керек, төртіншіден, өмір бойы білім алу, өз-өзінің білімін жетілдіріп отыру туралы пікірі бүгінге дейін құндылығын жоғалтпаған дүние екендігін білеміз. Я.А.Коменскийдің саналылық пен белсенділік, жүйелілік пен бірізділік, сабақтастық ұстанымдарын өзара тығыз байланыста алып қарағандығын атап өткен жөн.Швeйцaрия пeдaгогы Иогaнн Гeнрих Пeстaлоцци оқыту үдeрісін «сaнaның бұлыңғыр, жүйeсіз түсініктeрінeн бeлгілі бір түсініктeрді, көріністeрді, aйқын ұғымдaрды тaнып-білугe дeген ұмтылысы» деп сaнaды, яғни оқытудaғы сабaқтaстықты үздіксіз, жүйeлі құбылыс дeп түсінді.
Қорытынды
Курстық жұмысымды қорытындылай келе, бастауыш сыныпта 4 арифметикалық амалды натурал сандарға қолданса, 5 сыныпта осы амалдар жай және ондық бөлшектерге қолданылады, ал 6 сыныпта рационал сандармен жалғастырады. Есеп шығаруға үйрету-математиканы оқытудағы ең қиын әрі күрделі мәселелердің бірі. Балалардың топтық,өзіндік ерекшеліктері, қабілет деңгейлерінің әр түрлігіне байланысты, олардың бәрін де «бір тарақтың түзінен шыққандай» есепті шығара білуге біркелкі үйренеді деуге болмайды. Математиканы дамыта оқытудағы сабақтастықты қамтамасыз ету арнаулы дидактикалық шарттарды сақтағанда ғана орындалатынын көрсетті. Мысалы, оқытудағы сабақтастықты сақтай отырып, бастауыш мектепте танысқан математикалық ұғымдар, терминдер т.б. жоғары сыныпта терең ғылыми түрде дәлелдей білуге көмегін тигізді. Дамыта оқытудағы сабақтастық–деп оқушы бұрынғы білген білімдерін жаңа жағдайға жеткіліксіз болған жағдайдағы қажеттілікті қанағаттандыра отырып, білім берудің бір сатысында алған білімдерін, меңгерген іскерлік пен дағдыларды, қалыптасқан тәлімдік нормалар мен ұстанымдарды екінші сатыда жаңа деңгейде ары қарай тізбектей дамыту. Ғалым И.Я. Лернер сабақтастыққа төмендегідей анықтама береді:«Сабақтастық дегеніміз-оқу тәрбие үдерісіндегі әрбір келесі жаңа буында өткен сатыда алынған білім мазмұнын бекітіп, кеңейтіп, қүрделендіріп және тереңдетіп отырудағы жүйелік»Бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, белсенді, өмірге талпынысы, қызығушылығы бар адамды мектеп табалдырығынан дайындап шығудың ең бір тиімді тәсілі ол-оқытудағы сабақтыстық.Ал оқытудығы сабақтастықты қалыптастыру ең алдымен оқыту мақсатын дұрыс анықтау болса, келесі оқыту мазмұны түсініктілігі,оның жас ерекшеліктеріне сай келуін таңдау. Математика пәнін оқытқанда белгілі бір ережелерге сүйеніп немесе формулаларды пайдаланып нәтиже алуға ұмтыламыз.Осыған байланысты оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыруда ең алдымен математикалық ұғымдарды қалыптастыру болып келеді.Ал бұл жұмыс жүзеге асады егер оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолданса және әрбір сабақтарда көрнекілікті көбірек қолданса: соның ішінде түрлі суреттер, кестелер, фигуралар. Бұл суреттерге қарап, оқушыларды зейін қоя тыңдауға, әңгімеге тарту арқылы математикалық тілін дамытуға, тапсырма бойынша әрекеттер орындауға үйретуге қажет.Егер 5 сыныптың материалдарына қарасақ, оның оқушылардың бастауыш сыныптан келгендегі білімдерінің жүйелілігінің бір бөлігі екенін байқауға болады. Уақыт өте келе сандар туралы білімдері кеңейе түседі: жай және ондық бөлшектер туралы түсінік алады, 6 сыныпта теріс сандармен де танысады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Абілқасымова А.Е. Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі.-А, 2004
2. Айтмамбетова Б.Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991.
3. Айтмамбетова Б.Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991.
4. Əбілқасымова А.Е., Көбесов А.К., Рахымбек Д., Кенеш Ə.С. Математиканы оқытудың теориясы мен əдістемесі. —Алматы, 2005. — 89,90-б.
5. Бағдарламалар. Математика 1-4 сыныптар. Т.Қ.Оспанов,М.Е.Ералиева, Ж.Т.Қайыңбаев, Ш.Х.Құрманалина. –Алматы: «РОНД», 2003.
6. Барсай Б.Т. Бастауыш мектепте математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы (Оқу құралы), Атырау 2008, 151 б.
7. Барсай Б.Т. Математикалық білім беруде қазіргі технологияларды
қолдану. Алматы: «Өлке» баспасы, 2002ж.
8. Б.Баймұханов. Математика есептерін шығаруға үйрету.
9. Бейсенов Ж.Орта мектепте математиканы оқыту әдістемесіне арналған оқу құралы.-Шымкент,2003ж.
10. Б.М.Қосанов. «Математикадан сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экономикалық тәрбие беру». Алматы «Іскер» 1998ж.
11. Бидосов Ә. Математиканы оқыту методикасы. –Алматы, 1989.
12. Глазырина Л.Л.Математика пәні бойынша бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау және есептеу дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар жинағы (2,3,4 сыныптар). «Келешек — 2030»ЖШС, 2010.
13. Дүйсенбекова «Оқушылардың танымдық әрекеттерін дамыту». Бастауыш мектеп №10. 1999ж.
14. Ералиева М. Математиканы оқытуды ізгілендіру. – Монография. , Алматы, 2003ж.
15. Ж.Қайыңбаев. «Математиканы оқыту ерекшеліктері». Бастауыш мектеп №5. 1999ж.
16. Кенеш Ә. С. Математикалық ұғымдарды оқыту негіздері. А., 1999.
17. Құрманалина.С.Қ., « Математиканы бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі» Орал 2001.
18. Математика оқулығы.5-6-кластар. Алдамұратова Т.А.
19. Мамараимов М. Бастауыш мектептерде математиканы оқытудың ғылыми - теориялық әдістері //Ізденіс. 2014, №2. Б.229-331
20. Оспанов Т.Қ. және т.б. Математика. 1- 4 сынып оқулықтары. Алматы: «Атамұра», 2001 ж
21. Оспанов Т.Қ. Математика. –Алматы, 2000.-290б.
22. Оспанов Т.Қ, Құрманалина Ш.Х, Құрманалина С.Х. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. Астана: Фолиант, 2015. -504 б.
23. Оспанов Т.Қ., Құрманалина Ш.Х., Құрманалина С.Қ. Математиканың теориялық негіздері.Астана, 2007ж.
24. Т.Оспанов, Ш.Құрманалина, С.Құрманалина. Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі. – Астана, 2010.
25. Типтік оқу бағдарламасы. Математиканың бастауыш курсының негіздері. Алматы, 2006.