Файл: Зерттеу зектілігі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 44

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Бағалауға да көңіл бөліп,оқушыларға бағалаудың критерийлерін түсіндірулері керек. Жұмыстарын тексере отырып, оқушыларға өз-өзіне баға беруге мүмкіндік жасап, қажет болса, олқылықтардан арылу жолдарын көрсеткен дұрыс.

Математика бойынша :

а) есептей білу дағдыларының қалыптасуы ;

ә)логикалық ойлауы қабілетінің дамуы;

б)натурал сандарға қолданылатын амалдар тәртібін білуі ;

в)ауызша есептеу дағдыларын меңгеруі;

г)көп таңбалы сандарды оқуы , жазуы;

ғ) көбейту кестесін меңгеруі;

д)геометриялық материалдарды меңгеру деңгейі;

е)шамалар арасындағы қатынасты білуі.

Осылайша сынып мұғалімдері бір – бірімен жүйелі байланыс жасап, оқушы білімінің,шеберлігінің,дағдыларының деңгейлерін нақты анықтап , оқыту талаптарына қаншалықты сәйкестігін біледі.Сонда әр сынып көлемінде қандай кемшілік кетіп отырған,қандай мәселелерге көбірек көңіл аудару керектігі белгілі болады. Оқытудағы сабақтастық алдыңғы сатыдағы оқушылардың білім, білік және дағдыларын оқытудың келесі сатысында кеңінен қолдануды және әрі қарай жетілдіру, дамыта түсуді көздейді. Оқытудың осындай тірек нәтижесінен келесі сатыдағы қарастырылатын мәселелер өрбиді. Сабақтастық екі буынға ортақ міндеттерінің үйлесімділігін қалыптастырады. Бастауыш сыныпта алған білім көрсеткішінің өзекті мәселелерін іріктеп, орта буынға келген оқушының оқыту талаптарын әрі қарай жетілдіреді.Оқушының психологиялық ерекшелігін орта буын мұғалімдерімен басшылыққа алу. Бастауыш сыныпта бір мұғалімге үйреніп, тәрбиеленіп шыққан бастауыш сынып оқушылары бесінші сыныпқа келгенде жаңа талапқа (әр мұғаліміне) бірден үйренісе алмай, оқу үлгірімі де төмендейтіні белгілі. Осы жағдайдың алдын алу үшін мектеп тәжірибесінде сабақтастықты жүзеге асыру игі нәтижесін беріп келеді. Оқу әрекетінде, сабақта, балалардың жұмыс істеу әдісі ғана әр түрлі емес, сонымен қатар жауап беру мәнері, сабақтағы белсенділік деңгейінің біркелкі еместігі, шаршау деңгейлері де әртүрлі екендігі белгілі. Қоршаған адамдардың күтуіне сай келмеуі үнемі қорқынышқа әкеледі, қабілетті бала да өзінің мүмкіндігін қажетті деңгейде көрсете алмайды. Қиыншылықтар мен мұғаліммен қарым-қатынас жасаудағы қорқыныштар барлық 5-сынып оқушыларының үштен бір бөлігі мен жартысы сезінеді. Ал ата-ана өз тарапынан, баланы «баға үшін» оқуға бағыттау арқылы, өз күшіне сенімсіздік тудырып, жағымсыз бағаға қобалжуы, мектепшілік қорқыныштың туындауына итермелейді. Сондықтан,барлығында туындайтын:5-сынып оқушыларына қалай көмектесу керек деген сұрақтың себебі белгілі.Жылдан жылға оқушылардың бастауыш сыныптан орта буынға бейімделу кезеңі өзекті мәселе болып туындайды. Оқушылар мектепке, мұғалім талабына, сыныптастарына үйренсе де, бейімделу проблемасы бар.Сондықтан бейімделуге дайындық жұмысты төртіншіде бастап, бесінші сыныпта жалғастыру қажет.Бастауыш сыныптың түлегінің орта буындағы оқуы табысты болу үшін,бейімделу кезінде балаға көмектесу оны психологиялық жағынан дайындау мақсатында мектебімізде бастауыш сыныппен орта буын сабақтастығындағы жұмыс жүргізуде. Оқушының мектепке келген күнінен бастап кіші мектеп жасы басталады. Оқушылардың бастауыш буыннан орта буынға көшкен кезеңін бейімделу кезеңі дейміз. Өйткені олардың пән мұғалімдері өзгереді, жаңа пәндер қосылады, 5-сынып бағдарламасы күрделене түседі. Орта мектепте оқыту жағдайлары түбегейлі өзгеріске ұшырайды. Балалар негізгі мұғалімнен сынып жетекші-пән мұғалімдері жүйесіне ауысады. Бір мұғалімнен әр түрлі талаптары, мінез-құлқы әрқилы қарым-қатынас стилі бар бірнеше мұғалімдерге ауысуы көп балалар үшін үлкеюдің сыртқы көрсеткіші болады. Балалар бастауыш сыныптан орта буынға өткенде оқушылардың үлгірімі төмен түсіп кетеді. Бастауышта тек бір мұғалімге ғана бір талапқа үйренген бала бірден бірнеше мұғалімнің талабына бірден жауап бере алмай қиналады. Әр пән мұғалімі әр түрлі психологиялық атмосфера туғызады, ал оқушы бірден осыған бейімделе алмайды.Бастауыш сынып бітірген оқушы орта буынға өткенде психологиялық қиындық сезінеді. Бастауыш сынып оқушылары бір мұғалімнің жұмыс істеу әдісіне оның талаптарына үйренген. 5-сыныпта оқушылардың бойында ортақ мәселелер пайда болады. Бұлар:


-балалардың мінезі өзгереді;

-тез шаршайды;

-көңіл-күйлері бұзылады;

-оқу үлгірімі төмендейді;

-мазасыздық, қобалжу сезімдері жиілейді.

Сабақтастық жұмысындағы ортақ мақсат: мектепке оқуға балаларды табысты дайындаудың жолында, олардың интелектуалдық және жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін бірыңғай білім мен тәрбие кеңістігін қалыптастыру.

2-бөлім. Бастауыш математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру

2.1 Бастауыш сынып математикасымен 5 сынып математикасындағы тақырыптық сабақтастық, дамыта оқыту технологияларының қолданысы

5-сыныпта математика пәні – орта білімнің бастауыш және негізгі деңгейінде оқушыларға математиканы оқытуда сабақтастық пен болашақты қамтамасыз ететін кіріктірілген оқу пәні. Оқушыларды математикалық материалды түсінуін қамтамасыз етуге бағытталған математикалық қызметке қатыстыру және ой-өрістің дамуы арқылы математиканың базалық негізін сапалы меңгеруді қамтамасыз ету; ұлттық және жалпыадами құндылықтар негізінде талдау жүргізудің практикалық дағдысы мен біліктігін иелену, ойлаудың математикалық стилін қалыптастыру; негізгі орта білім деңгейінде алгебра мен геометрияны игерудің практикалық негізін жасау. 5-сыныптағы математика курсын оқыту бастауыш сыныптарда игерілген материалдар жүйелеу мен жаңаны қоса беруден басталады. Бұл курс өзінің практикалық бағдарымен ерекшеленеді және жоғары сыныптарда математиканы оқу үшін қажетті дағдыларды қалыптастыруға, сонымен қатар оқушыларға өмірге қажетті маңызды дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Айқын емес (терминологияларды пайдаланбай) ұғымдардың анықтамаларын енгізу, алынған қорытындыларды негіздеу (ережелер, қасиеттердің тұжырымдамалары және т.б.) арқылы теорияны дедуктивті жолмен түсіндіруге дайындық жүргізу. Математика пәнін оқыту көрнекі-бейнелі ойлауды дамытумен; көрнекілікті кеңінен қолданумен; оқушыларды геометрияны жүйелі меңгеруге, басқа пәндерді меңгеруде және сонымен қатар күнделікті өмірде геометриялық біліктерін пайдалануға даярлаумен жүзеге асырылады. Оқушылардың теориялық білімдерін практикаға көшіру қабілеттерін дамытуға арналған мәтінді есептердің орны ерекше. Мәтінді есептерді шығару біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыруда есептерді шығарудың арифметикалық және арифметикалық тәсілдеріне басты назар аударылады. Мәтінді есептер пайыз, бөлшек, пропорция, функция және т.б. ұғымдардың мағынасын түсінуге көмектеседі. Математикалық сауаттылықты қалыптастыру мақсатында оқушыларға келесі іскерліктерді үйрету ұсынылады:



–анықтамалықтарды қолдану, оқу, әдістемелік және анықтамалық әдебиеттерден анықтамаларды, формулалар және басқа да тұжырымдарды іздеу;

–математикалық формулаларды қолдану, дербес жағдайларды жалпылау негізінде шамалар арасындағы тәуелділіктің формулаларын өздігінен құрастыру;

–игерілген математикалық білім, білік, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыларды пайдаланып практикаға бағытталған тапсырмаларды шешу;

–дәлелдемелі пайымдау жүргізу, талқылауға қатысу және логикалық негізделген қорытындылар жасау;

–математикалық мәтінмен жұмыс жасау (талдау, қажетті ақпаратты алу), математикалық терминология мен символдарды қолдана отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық және нақты түсіндіру.Қазіргі кезеңдегі мектеп математикасында әлі шешілмеген проблемалар аз емес. Солардың бірі оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту,кітапқа ,оқуға, білім алуға деген құмарлықтарын арттыру.Осындай проблеманы шешу мақсатында математикадан логикалық есептерді шығару керек.Танымдық қабілетті арттыру мақсатында оқушыларға мыныдай тапсырма беріледі.

1-тапсырма.Екі адам 2сағат шахмат ойнайды.Олардың әрқайсысы неше сағат шахмат ойнайды? Бұл тапсырманың мақсаты :оқушыларды мәтіннің логикалық түйінін түсіне білуге үйрету.

2-тапсырма. Сиқырлы ұшбұрыштағы бос орынды толтыр.Мақсаты: оқушылардың жылдам есептеу дағдыларын дамыта түсу.Мектеп оқушыларының шығармашылық қызығуын қалыптастыру өте маңызды,күрделі және көп салалы. Шығармашылық дегеніміз-адамның өмір шындығына,өзін-өзі тануға ұмтылуы,ізденуі.Математика сабағында оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру үшін сабақта жаңа технология әдістерін пайдаланған тиімді.Олар:денгейлеп саралап оқыту технологиясы,ұжымдық оқыту технологиясы және т.б. Оқушылардың шығармашылық ізденістерін қалыптастыруды төрт кезеңге бөлуге болады.Бірінші кезеңде -мұғалім оқушыны қарапайым таным әрекеттерімен таныстырады.Екінші кезеңде -мұғалім есеп шығарудың әр түрлі әдіс тәсілдерін көрсетіп,талқылап,есеп шығару кезінде ең тиімдісін, қолайлысын қолдана білуге үйретеді.Берілген тапсырмалардың бірнеше әдіспен орындалуынталап етеді.Үшінші кезеңде-мұғалім оқушыға үлкен жауапкершілік жүктейді.Оқушы өз жұмысына анализ жасап,кеткен кемшіліктерін талдап,өзінің нені жетік білмейтіне көз жеткізеді.Төртінші кезеңде-оқушының ізденістерінің нәтижесін көрінеді.Математикалық ережелерді,заңдылықтарды,теореманы дәлелдеудің әр түрлі әдістерін тауып,есептерді шешуде тиімдісін пайдаланады.


Қазіргі заман математикасы ондаған әр түрлі салалардан тұрады, олардың өзіне тән мазмұны, әдіс-тәсілдері бар. Қазіргі ғылым мен техниканың дамуына байланысты математика ғылымы тереңдеп, күрделеніп, зерттеу объектілері кеңейе түсті, сөйтіп адамзат ақылымен құрылған анағұрлым жоғарғы абстракцияларды қамтиды. Математика қазіргі кезде ғылым саласында ерекше орын алады. Математиканың ғылыми теориялық ізденістерімен бірге тәжірибелік қолданыстарының да ауқымының кең екені белгілі. Ғылым мен техниканың даму қарқыны, экологиялық процестерді басқару теориялары күннен-күнге математикалық сипат алып отырғаны, қуатты электрондық есептеуіш құралдарының пайда болуы, олардың өндірісте кең көлемде қолданылуы, экономикалық процестерді басқаруға араласып отыруы математиканың, басқа ғылымдар секілді, жоғары қарқынмен даму үстінде екенін көрсетеді. Математиканы оқытуда математика ғылымынан мағлұмат алып, математикалық әдістерді меңгеріп, математикалық ойлауын дамытуға міндетті түрде қажет деп саналатын математикалық білім таңдап алынады. Математикалық есептерді дұрыс шешкізіп, оқытудың жаңа әдіс тәсілдері арқылы жоғары деңгейдегі математикалық білім, біліктілік, дағды қалыптастыруға болады. Математикалық есептер:а) жаңа математикалық ұғымдар мен мағлұматтарды үйрету үшін; б) тәжірибелік іскерліктер мен дағдыларын қалыптастыру; в) білімнің тереңділігі мен баяндылығын тексеру; г) оқушылардын шығармашылық қабілетін тәрбиелеу үшін пайдаланады. Оқу процесінде есеп оқушыларды жаңа математикалық біліммен қаруландырып, қалыптасқан білім мен біліктілігін жүйелеуге және нақтылауға көмектеседі. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда есептер маңызды роль атқарады. Математиканы оқытуда есептер оқушылардың математикалық ой-өрісінің дамуы, оқытудың мақсаты, әрі құралы болып табылады. Сабақтарды жоспарлаған және ұйымдастырған кезде теориялық материалдар көбінесе есептер шығару процесінде жете түсінілуі және жақсы меңгерілуі қажет екенін ескерген жөн. Есеп шығаруды ұйымдастыра отырып, оқушылардың жеке әдісін кеңірек пайдаланған жөн: нашар оқитын оқушыларға ұсынылатын есептердің қиындық деңгейі осы бағдарламаның талаптарына сай анықталуы керек; ал бұл деңгейге жеткен оқушыларға бұдан да гөрі күрделірек есептер берген пайдалы. Бастауыш және орта буындарда оқытудың жаңа жүйесі ұсынған есепті шығарудың жалпы әдісіне үйретудің негізгі ерекшеліктерін сақтай отырып, сабақтастықты іске асырудың зор маңызы бар. Алдымен, 4-сынып математикасын оқыту процесінде есепті шығара білу шеберлігін қалыптастыру, жетілдіру және дамытудың шешуші бағыттарына тоқталайық.


1.Есеп шығаруға үйрету-математиканы оқытудағы ең қиын әрі күрделі мәселелердің бірі. Шынындада, әрбір есеп мазмұнының өзі проблемалық сипаттағы белгілі бір тапсырма-сұрақтар жүйесін қамтиды да оны шығару процесінде сәйкес талдау, талқылаулар жүргізе отырып, тиісті жауапты іріктеп алу және іздеу сияқты, күрделі ақыл-ой операцияларын орындауды талап етеді. Бұл-балалардың шама-шарқына, психологиялық және жас ерекшеліктеріне сәйкес салыстыру, жан-жақты талдау жасау, қарама-қарсы қою, жалпылау, түрлендіру, зерттеу, әр алуан категорияларға біріктіру, қорытындылау, абстракциялау сияқты ақыл-ой әрекеттерінің қарапайым болсын элементтерін әр баланың түрліше меңгеруіне байланысты бірдей дәрежеде орындала бермейді. Балалардың топтық, өзіндік ерекшеліктері, қабілет деңгейлерінің әр түрлілігіне байланысты, олардың бәрін де есепті шығара білуге біркелкі үйренеді деуге болмайды. Расында да, тәжірибеде: а) әрбір класта есепті өздігінен шығаратын оқушылар санаулы-ақ кездеседі; б) кейбір оқушылар өздігінен ойланбай, есепті жан-жақты түсіндіріліп берілуін керек етеді; в) есепті мүлде шығара білмейтіндер де кездеседі. Осы тұрғыдан алғанда әрбір баланың шеберлік деңгейіне қарай, әр балаға жеке-дара қатынас жасаған жөн.

2. Есеп шығара білу шеберлігі түрлі-түрлі өзгермелі ақыл-ой іс-әрекеттерін орындау нәтижесінде бірте-бірте қалыптасатын әр түрлі қарапайым құрамды бөліктерден тұратын күрделі жүйе. Есепті шығара білудің үлгі ретіндегі құрамды бөліктерін толығырақ түрде келтірейік:

-Есеп тексінің мазмұнына, ондағы әрбір санға және шығаруда шешуші маңызға ие болатын сөздерге мән бере отырып дұрыстап оқу;

-Есеп мазмұнын жете түсіну, өз сөзімен айтып бере алу, қажетінше шартын абстракциялау;

-Есептің құрылысын(шартын, сұрауын) ажырату;

-Есеп шартын оны түсінуді жеңілдететін жағдайлардың бәрінде де схема, таблица, сызу түрінде қысқаша жаза білу;

- Есепті талдай білу (жетпей тұрған, артық мәліметтерді анықтау);

- Есептегі әр түрлі шамалардың байланысын, ара қатынасын, тәуелділігін ажырата білу;

- Есепті түрлендіре білу, жауабын жобалай білу;

- Бірнеше белгісіз болғанда, аралық және ақтық белгісіздерді ажырату, күрделі есептерді жай есептерге жіктей білу, күрделі есептің шешуінің жоспарын құрастыра білу;

- Шешуін жазу, қысқаша түсініктемелерді тұжырымдай білу, жауабын табу және тексеру;

- Қажет болған жағдайда теңдеу құрып, оны шығара білу, сәйкес есептеулерді жүргізу. Теңдеудің түбірлерінен есеп жауабына көшу;