Файл: Мектепті экологиялы паспортыны жоспары Мекенжайы типі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 51
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мектептің экологиялық паспортының жоспары:
1. Мекен-жайы типі. Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Рахат-2, Сейтказиев 75.
2. Аймақтың экологиялық жағдайының жалпы сипаттамасы. Маңғыстау облысы шөлді аймақ, жазы өте ыстық, қысы аязды, көктемдік жауын-шашын мөлшері төмен. Желдің жылдамдығы жоғары.
3. Мектептің орналасу жағдайы. Мектеп Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Рахат-2, Сейтказиев көшесі, 75 ғимаратта орналасқан. Мектеп алдында көлік жолы бар. Бірақ, оқушылардың қауіпсіздігі ескерілген. Жол жиегінде қоршау темір орналастырылған, және жүргіншілер үшін белгілері мен ақ жолақ бейнеленген.
4. Мектеп ғимаратының сипаттамасы. Мектеп ғимараты 2008 1 қыркүйекте ашылған. Мектептің жалпы алаңы 8811,18 Мектептің жобалық қуаты - 960 адамға арналған, 2 блоктан тұрады. Барлық кабинет саны - 54. бастауыш сыныптар, биология -1, физика - 1, химия - 1, математика, география, информатика - 4, ағылшын тілі кабинеті, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі және орыс әдебиеті, еңбек ұлдар – 1, қыздар – 1, робототехника кабинеттері бар. Жәнеде қосымша зертханалық кабинеттер қарастырылған. 50 орынға есептелген оқу залы бар кітапхана, 2 спорт зал, 230 орынға арналған асхана, 8 кабинет интерактивті тақтамен қамтылған. Мектеп видеокамералармен қамтылған. Мектептің жылытылуы өте жақсы. Медициналық, психолог кабинеттері қамтамасыз етілген.
Мектептің ішкі қабырғалары ашық түсті бояумен боялғаг. Негізінен мектеп гигиенасының талабына сай.
5. Оқушылардың жоспарлаған және жалпы қалыптасқан континенті. Мектеп екі ауысымда жұмыс істейді. Мектеп - денсаулық жағдайларына орай, оқушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес кеңейтілген білім беруді қамтамасыз ететін негізгі жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.
6. Кабинеттерінің сипаттамасы. Сынып бөлмелерінің саны - .
Оқушылардың денсаулығын сақтау үшін және қажетті еңбек жағдайларын туғызу үшін сынып бөлмесінің мағызы зор. Тақтамен мұғалім үстелінің арақашықтығы талапқа сай 2 м қашықтықта орналасқан. Бөлменің биіктігі 3 метр. Балалардың денсаулығына қажетті ауа мөлшері жеткілікті.
7. Сабақтағы "шулық ластану". Сабақта "шулық ластану" төмен.
8. Үзіліс кезіндегі тәртіп. Үзіліс кезіндегі тәртіпті кезекші мұғалімдер қадағалайды. Қоңырауда 9 кезекші мұғалім 3 қабатта кезекшілік етеді. Мектеп оқушыларының жүгірмеуін, шуламауын қоңырауларда қадағалап, тәртіпке шақырады.Қоңырау соғылғаннан кейінгі оқушылардың тездетіп сыныптарына кірулеріне жауап береді.
9. Мектеп көгалдандыруы, тірі бұрыш, мектеп учаскесі. Мектепте демалыс аймағы қарастырылған. Қыста желден сақтайтын, жазда көлеңке болатын бұтақты ағаштар егілген. Балалардың демалуына қажетті орындықтар қойылған. Мектеп ішіндегі тірі бұрыш аймағында үлкен бөлме өсімдіктері өсірілген.
10. Мектептегі психологиялық климат. Мектептегі психологиялық жағынан қарасақ, оқушыларға сабақ жағынан қарасақ, оқушыларға қатаң талап қойылады. Бірақ қысым көрсетілмейді. Оқушылар тәртіпке бағынады. Мысалы, әр сыныптың өзіне тиісті кабинеті бар, басқа кабинет оқушылары рұқсатсыз кірмейді. Психологиялық кеңес керек оқушыларға арнайы психолог кабинеті бар.
11. Психологиялық қызмет, психологиялық кабинет және оның жұмысының нәтижелілігі. Психолог арнайы жоспар бойынша оқушыларға сауалнама жүргізіп, сырттай бақылау жүргізеді. Жұмысы нәтижелі.