Файл: Реферат таырыбы Спорт Орындаан Амандрды Аерке Тексерген Абдуллаева У. А. 20222023 оу жылы Мазмны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Реферат

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 25

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

№ 11 орта мектеп

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Спорт

Орындаған: Амандұрды Ақерке

Тексерген: Абдуллаева У.А.

2022-2023 оқу жылы

Мазмұны

1.белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде өтетін әрекет.................................................................................................................................................. 3бет

2.Волейбол..........................................................................................................................................5бет

3.Баскетбол......................................................................................................................................... 7бет

4.Бокс................................................................ 9бет

5.Күрес............................................................ 11бет

6.Футбол.......................................................... 12бет

7.Теннис.......................................................... 14бет

8.Месси........................................................... 15бет

9.Рональдо..................................................... 16бет

10.Біздің Қазақстанды дамыту үшін спорт түрлерін дамыту керек. Қаламызға көп деген спорт кешендерді үйірмелерді ашу керек. Спорт денсаулыққа пайдалы, біз күнде спортпен айналыссақ шымыр боламыз.Көптеген жарыстарды ұйымдастыру керек.................................................................17бет

Кіріспе

Спорт-денсаулық кепілі. Біздің  елде  спорт пен  денешынықтыру мәдениетінің  берік  және  ертедегі  дәстүрлері  кеңінен  қамтылған. Денешынықтыру  мәдениеті  өзіндік ұлттық  тарихи  дамудағы барлық  жолдарын  жоғалтпады. Жарыстар  мен  әртүрлі  ойындар, денешынықтыру  жаттығуларының  ұлттық  түрлерінің  өсуі  мен  сақталуын  және  олардың жаңаша  туылуына, ұлттық  жаңа  түрдегі мәдениетінің сақтаушысы  халық  болды. Мерекелерде  дене  шынықтыру  мәдениетінің  ұлттық  түрі  айқын  көрініп  отырды.

Біздің  отанымыздың  түкпір-түкпіріндегі ұлттық  мерекелер  бұл  тек  ойын-сауық  ретінде емес  ол  әрине  спорт жарыстары  ретінде  мерекеленеді.

Әрбір  халық  өздерінің  ұлттық мәдениетіне      спорт  қазынасын ең жақын  жағынан  ендірді. Жарыстарды  ойындарды  және  дәстүрлі  спорт  мерекелерін,   жаңаша  толтыру мен  ұлттық  спорттық   ойын-сауықтардың  түрлерін  тапсырылуын  советтік  спорт мәдениеті   жоғары көрсетті.

Волейбол - комбинациялық спорт түрі. Волейбол алаңында әрбір спортшы маңызды рөл атқарады. Волейбол ойыншысы биіктікке секіру қабілеті жоғары, реакциясы мықты, командаластарымен еркін түсінесетін, физикалық әлеуетін соққы жасау кезінде орынды пайдаланатын ойыншы болғаны жөн.Мұнда 2 команда тордың екі жағына бөлініп тұрып, әр команда өздеріне тиесілі арнайы алаңда ойнайды. Ойынның мақсаты - волейбол добын команда өкілдері өздерінің алаңдарына түсіріп алмау керек, керісінше, қарсылас команда.


Волейбол - комбинациялық спорт түрі. Волейбол алаңында әрбір спортшы маңызды рөл атқарады. Волейбол ойыншысы биіктікке секіру қабілеті жоғары, реакциясы мықты, командаластарымен еркін түсінесетін, физикалық әлеуетін соққы жасау кезінде орынды пайдаланатын ойыншы болғаны жөн.Мұнда 2 команда тордың екі жағына бөлініп тұрып, әр команда өздеріне тиесілі арнайы алаңда ойнайды. Ойынның мақсаты - волейбол добын команда өкілдері өздерінің алаңдарына түсіріп алмау керек, керісінше, қарсылас команданың белгіленген алаңына түсіріп, ұпай алу қажет. Егер команда өкілдерінің біреуіне доп тиіп, ол доп аутқа кететін болса, қарсылас команда ұпай еншілейді. Сондықтан қарсыласты қателестіру арқылы ұпай алуға болады. Доп белгілі бір команданың алаңында болған кезде, ол командадан тек үш ойыншы ғана допты келесі жаққа асыруға көмек ете алады, яғни, үш реттен артық допқа қол тигізуге болмайды (блок қойған жағдайда ғана төртінші рет допты алаңда ұстауға болады).1995 жылы әлемдік спорт шеберлері волейболдың 100 жылдық мерейтойын тойлады. Бұл ойынның ресми туған күні 1985 жыл деп есептелінеді. АҚШ-тың Массачусетс штатындағы белгілі Гелиокс колледжінде дене шынықтыру пәнінен сабақ берген американдық азамат Уильям Дж. 1897 жылы волейболдың 10 шартын ұсынған. 

Баскетбол ойынының мақсаты- допты қарсыласының сақинасына түсіріп, ұпай жинау. Ойыншылар допты лақтыруға, пас жасауға, домалатуға немесе жерге жиі-жиі ұрып дриблингпен алып жүруіне болады. Доп өзіне тигеннен кейін ойыншы онымен тек екі қадам ғана аттай алады. Баскетболды таза 20 минуттан екі тайм ойнайды. Таймдардың арасындағы үзіліс 10 минуттан тұрады. Ойынның басталуында төреші алаңның қақ ортасында командалардың екі ойыншысының арасында тұрып допты тіке лақтырады. Олар секіріп, допты командасындағы әріптестеріне тартып әперуге тырысады.Оған бес ойыншыдан тұратын екі команда қатысады. Баскетбол алаңының қарама-қарсы екі шетіне орнатылатын қалқаны бар тағандарға сақина бекітіледі. Ойынның мақсаты- допты қарсыласының сақинасына түсіріп, ұпай жинау. Ойыншылар допты лақтыруға, пас жасауға, домалатуға немесе жерге жиі-жиі ұрып дриблингпен алып жүруіне болады. Доп өзіне тигеннен кейін ойыншы онымен тек екі қадам ғана аттай алады. Баскетболды таза 20 минуттан екі тайм ойнайды. Таймдардың арасындағы үзіліс 10 минуттан тұрады. Ойынның басталуында төреші алаңның қақ ортасында командалардың екі ойыншысының арасында тұрып допты тіке лақтырады. Олар секіріп, допты командасындағы әріптестеріне тартып әперуге тырысады.Алғашқы ойын 1891 жылы Массачусетс штатының Спрингфилд қаласында құрылған Христиан жастар қауымдастығының оқу жаттығу орталығында ұйымдастырылған. Сол кезде Канададан қоныс тепкен жас мұғалім, доктор Джеймс Нейсмит гимнастика түрін ары қарай жетілдіру мақсатында жаңа ойын түрін ойлап тауыпты деседі.



Бокс — арнайы жұмсақ қолғаппен белгілі бір ереже бойынша жекпе-жек күш сынасатын спорт түрі. Жекпе-жекке шыққан екі ойыншы қарсыласының денесінің белгілі бір жеріне дәл соққы беруді көздейді. Аңыздарға сенсек, ол кезеңдегi ең танымал «қолғап иесi» — Тезей болған көрiнедi. Ал Платонның жазуы бойынша, жұдырықтасу өнерiнiң атасы — теңiз құдайы Посейдон мен Мелия есiмдi нимфаның ұлы — Амыкус екен. Ерте Грекияда болған бокстың алғашқы белгiлерiн қыш құмыраларда салынған боксшылардың бейнесi де дәлелдейдi.

Ал жақында археолог ғалым, бiздiң жыл санауымыздан 3 мың жыл бұрын салынған шiркеудiң қабырғаларынан бокс қолғабының суретiн де тауып отыр. Бiр қызығы, ол кезеңдерде кубок жеңiлген боксшыларға берiлген көрiнедi. Айталық, соғыс өнерi десе, сақалын кесуге бар Рим императоры Калигула сонау Африкадан қайратты құлдарды сатып әкелiп, көз алдында қоразша төбелестiредi екен. Императордың екi сүйiктi спортшысы

болса керек. Бұл Глаукос пен Меланкомас аталатын алыптар дәл қазiргi бокста қолданылатын бiршама соққы түрлерiне негiз салып кеткен екен.

Бокстің алғашқы түрі ежелгі Грекияда ұйымдастырылып (б. з. б. 688 ж.), Олимпиялық ойындар қатарына енген. Ол кезде жекпе-жекке шыққан жігіттер қолдарын жұмсақ терімен немесе дәкемен орап айқасқан. Төбелес екі жігіттің бірі естен танып жығылғанша жалғаса берген.

Күрес-Қазақстанда еркін күрес жарыстары 1955 жылдан өтіп келеді. 1956 ж. өткен КСРО халықтары спартакиадасында Қ.Байдосов, Ж.Ысқақов жүлдеге ие болды. Еркін күрес, кілем үстінде әдіс қолдану еркін жасалынатындықтан осылайша аталған. Қазақ күресі қазақтардың ең көне спорт түрлерінің бірі. Қазіргі Қазақстанда бұл жекпе-жек өнер үлкен сұранысқа ие, ал қазақ күресі бойынша жарыстар мерекелер мен салтанаттарда жүргізіледі. 1938 жылдан бері республикалық жарыстар бағдарламасына кіреді. 2016 жылы ЮНЕСКО, толеранттылық, ізгі ниет және ынтымақтастыққа принциптеріне негізделген қауымдарды арасындағы қатынастарды нығайтуға әсерін атап өте отырып, қазақша күресті адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне

Футбол-бұл ойынды дене сабағында жиі ойнайды. Футболда екі командаға бөлінеді. Футболдын өз киімі болады және киім номерлері. Футбол ойнау үлін аяқ жақсы жұмыс жасау керек. 2022жылы унифо чемпионда Месси женіске жеткен. Футбол әлемге аса танымал ойындардың бірі Ойынның негізгі мақсаты қарсылас команданың қақпасына аяқпен немесе басқа да дене мүшелерімен (қолдан басқа) қарсылас команда салған саннан көбірек доп салу болып табылады.Футбол тарихы XII ғасырдан басталады. Алғаш рет Англияда дамыды. Саяхатшы Гастон де Фуа өз заманында футболды бар ынтасымен бақылап, «Ағылшындар
футболды ойын деп есептесе, онда төбелесті не дейді?» деп жазып кеткен екен. Футболға қарсылық көрсеткендер болды. Мысалы, шіркеудегі діндарлар, феодалдар футболға тыйым салынуын талап еткен екен. Өйткені, бүгінгі күнге дейін футбол өте қауіпті ойын саналып келеді.

Теннис-Кішкентай ғана допты сетка арқылы лақтыру ойыны антикалық кезеңде алғаш рет Ежелгі Грекия, Ежелгі Мысыр елінде дамыған. Ғасырдың орта шенінде Еуропа халқы тенниске ұқсас ойынды санаға сіңірді.Қазiргi теннистiң тарихы XIX ғасырдың екiншi жартысында бастайды. Дәл сол кезде "лаун-теннис" аталған ойын пайда болады, оның із ашары одан да көнерек, бөлме ішінде ойналатын ойын болған. Уимблдон турниры, осы кезге дейін сақталған ең көне теннис жарыс түрі 1877 жылдан бастап өткізіліп келеді, ал ұлттық құрамалар арасындағы тұнғыш жарыс - Дэвис кубогы - өзінің тарихын 1900 жылдан бастайды. Теннис Олимпиада ойындары программасының бөлігі болып 1896 жылы өткен I Олимпиададан бастап табылады, алайда, теннис және Олимпиада ойындары тарихында, тек 1988 жылы біткен, жартығасырлық үзіліс орын алған. Басында, теннис ресми түрде әуесқойлық спорт тұрі болып саналған, алғашқы кәсіпқой-ойыншылар тек XX ғасырдың 20-жылдары пайда бола бастады, ал 1960 жылдың соңынан бастап Ашық дәуір басталып кетті, оның шеңберінде барлық жарыстар әуесқой ойыншыларға да , кәсіпқой ойыншыларға ашық болып, ITF, ATP және WTA халықаралық ұйымдар меңгеру астында, бірнеше ірі циклге ("тур") бөлінді.

Месси-аргентиналық футболшы, "Пари Сен-Жермен" клубы мен Аргентина Ұлттық футбол құрамасының шабуылшысы. 2011 жылдан бері Аргентина құрамасының капитаны. Аргентина құрамасы мен "Барселона" клубы тарихындағы ең үздік мерген. 2010, 2012, 2013, 2017, 2018, 2019 жылдары "Алтын бутсы" иегері атанды. 2009, 2010, 2011, 2012, 2015, 2019, 2021 жылдары "Алтын доп" жүлдесін жеңіп алды (рекорд). Бір рет әлем чемпионатының 2014, үш рет Америка кубогының (2007, 2015, 2016) күміс жүлдесін иеленді. 2019 жылғы Америка кубогында үшінші орын алып, 2021 жылы Америка Кубогын, әлем чемпионатының 2022 жеңіп алды.Месси біраз уақыт бойы Росариодан шыққан жас аргентиналық қыз Макарена Лемоспен кездесті. Месси мен Лемос Германияда өткен әлем чемпионатында кездесіп жүрді. Жас кезінде Месси аргентиналық модель Лусияна Саласармен жақын қарым-қатынаста болды. 2009 жылдың қаңтар айында《Хэт трик Барса》атты бағдарламада берген сұхбатында: «Менің кездесіп жүрген қызым бар, ол Аргентинада өмір сүреді, және мен онымен бақыттымын»-деген еді. Бірақ ол сол уақытта көпшіліктің көзіне Антонелла Рокуццо есімді қызымен Сиджестегі карнавалда көрінді. (Рокуццо - Мессидің туған жері Росариодан).


2012 жылы қарашаның 2-сі күні Месси мен Антонеллоның тұңғышы-Тьяго дүниеге келді. 2015 жылдың 11-ші қыркүйегінде екінші ұлдары Матео дүние есігін ашты. 2018 жылдың наурыз айының 10-шы жұлдызында ұлдары Чиро дүниеге келді.Месси 1987 жылы 24 маусымда Росариода дүниеге келді. Сегіз жасында "Ньюэлз олд Бойз" клубының академиясына қабылданды. 1998 жылы "Барселона" скауттарының көзі түсті де, әкесімен сөйлескен акционерлердің бірі оны клубқа қабылдауға көндіреді, нәтижесінде Месси отбасымен Барселонаға көшіп келеді. Осылайша 13 жасынан бастап "Барселона" футболшысы атанды.

2003 жылы 17 қараша тұңғыш рет "Жозе Алваладе" стадионының ашылу салтанатында "Портуға" қарсы жолдастық кездесуде ересек ойыншы ретінде алаңға шықты. Алғашқы ресми ойынын 2004 жылы 16 қазанда "Эспаньолға" қарсы жолдастық кездесуде өткізді. Ал Чемпиондар лигасында тұңғыш рет 7 желтоқсанда Донецкінің "Шахтеріне" қарсы кездесуде ойнады.

2005 жылы 1 мамырда "Альбасетенің" қақпасына Ла Лигадағы тұңғыш голын енгізді. 2005 жылы 2 қарашада "Панатинаикостың" қақпасына Чемпиондар лигасындағы тұңғыш голын соқты.2005 жылы 1 мамырда "Альбасетенің" қақпасына Ла Лигадағы тұңғыш голын енгізді. 2005 жылы 2 қарашада "Панатинаикостың" қақпасына Чемпиондар лигасындағы тұңғыш голын соқты.

2006/07 жылғы маусымда Мессидің таланты толығымен ашыла бастады. Эль Класикода хет-трик жасады, бұл кездесу 3:3 есебімен тең аяқталды. 2007 жыл қорытындысында 20 жасар Месси "Алтын доп" үшін таласта Кака мен Криштиану Роналдудан соң үшінші орын алды. 2007/08 жылғы маусым "Барселона" үшін де, Месси үшін де ауыр соқты, клуб ешқандай жүлде ала алмады, Месси жиі жарақаттанумен болды. Маусым қорытындысында Франк Райкаард бапкерліктен кетті де, орнына Хосеп Гвардиола келді. 2008 жыл қорытындысында "Алтын доп" үшін таласта Криштиану Роналдудан соң екінші орында қалды.Месси біраз уақыт бойы Росариодан шыққан жас аргентиналық қыз Макарена Лемоспен кездесті. Месси мен Лемос Германияда өткен әлем чемпионатында кездесіп жүрді. Жас кезінде Месси аргентиналық модель Лусияна Саласармен жақын қарым-қатынаста болды. 2009 жылдың қаңтар айында《Хэт трик Барса》атты бағдарламада берген сұхбатында: «Менің кездесіп жүрген қызым бар, ол Аргентинада өмір сүреді, және мен онымен бақыттымын»-деген еді. Бірақ ол сол уақытта көпшіліктің көзіне Антонелла Рокуццо есімді қызымен Сиджестегі карнавалда көрінді. (Рокуццо - Мессидің туған жері Росариодан).

2012 жылы қарашаның 2-сі күні Месси мен Антонеллоның тұңғышы-Тьяго дүниеге келді. 2015 жылдың 11-ші қыркүйегінде екінші ұлдары Матео дүние есігін ашты. 2018 жылдың наурыз айының 10-шы жұлдызында ұлдары Чиро дүниеге келді.