Файл: Реферат таырыбы Спорт Орындаан Амандрды Аерке Тексерген Абдуллаева У. А. 20222023 оу жылы Мазмны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Реферат

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 26

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ранальдо-Сауд Арабиясының Әл-Наср клубының шабуылшысы, Португалияның футбол құрамасының капитаны.Футбол тарихындағы ең үздік ойыншылардың бірі. Португалия құрамасы мен "Реал Мадрид" тарихындағы ең үздік мерген, 2008, 2011, 2014, 2015 жылдары "Алтын бутсы" иегері атанған футболшы, "France Football" нұсқасы бойынша 2008, 2016, 2017 жылдары және "France Football" мен ФИФА анықтамасы бойынша 2013, 2016 "Алтын доп" иегері атанды. 2008, 2013, 2014, 2015, 2016, 2017 және 2018 жылдары УЕФА Чемпиондар Лигасының үздік мергені атанды. 2016 жылғы Еуропа, 2018 жылғы Ұлттар Лигасының чемпионы.Криштиану — отбасындағы төртінші перзент. Есімін АҚШ-тың сол кездегі президенті Рональд Рейганның құрметіне қойылыпты. Балалық шағындағы сүйікті клубы "Бенфика" болған екен. Балалық шағында "Андоринья", "Насьонал Фуншал", "Спортинг" клубтарының жастар командасында ойнап, футбол ойнауды үйренді.

Криштиану Роналду Португалияның Мадейра аралындағы Санту-Антониу жұмысшы кварталдарында дүниеге келген.

Әкесі, Жозе Диниша Авейру, қарапайым бағбан болған. Анасы, Мария Долореш душ Сантуш Авейру, аспаз болып жұмыс істеді. Криштиануның ағасы және 2 әпкесі бар: ағасы Угу (1975 жылғы) және әпкелері Эльма (1974 жылғы) мен Лилия Катиа (1976 жылғы).

Ата-анасы оны кішкентайынан еркелетіп Ронни деп атаған. Роннидің отбасы төбесі қаңылтырмен жабылған шағын ғана лашықта тұрды. Үйдің тарлығы соншалықты, олар кір жуанатын машинасын пайдаланбайтын уақытта артық орын алмас үшін шатырға шығарып қоятын.

"Балалық шағым күрделі жағдайда өтті. Бірақ

мен өзіме бір нәрсенің жетпегенін сезінген емеспін. Менің ата-анам өте көп жұмыс істеді. Бізге ешнәрседен таршылық көрсетпес үшін олар қолдарынан келгеннің барлығын жасады", - деп еске алады Криштиану.

2003 жылы 20 тамызда Қазақстан құрамасына қарсы жолдастық кездесуде (1:0) тұңғыш рет Португалия құрамасы сапында алаңға шықты. Криштиану 2004 жылдан бастап көп жылдарға дейінгі Әлем чемпионаттарының бәріне қатысты, және ешқайсысынан голсыз қайтпады. 2004 жылғы Еуропа чемпионатында екі гол соқты, бірақ құрама өз елінде өткен чемпионатта күміс жүлдені қанағат тұтты.

Жалпы, 2016 жылы төртінші Еуропа чемпионатына қатысып, төртеуінде де гол соқты, бірақ жалпы голдар саны 9-ға жетіп, турнир тарихындағы үздік мерген атана алмады, бірінші орынды әйгілі Мишел Платинимен бөлісіп тұр. 2016 жылы ғұмырында екінші рет Еуропа чемпионатының финалында ойнады, финалда оларға алаң иелері Франция қарсылас болды. Ойынның не-бары сегізінші минутында Димитри Пайет бұған оңай соқтығысты да, ауыр жарақат алды. Дәрігерлердің көмегімен ойынды жалғастырғанымен, 23-минутта біржола алмастырылды. Бірақ бәрібір Португалия құрамасы 1:0 есебімен жеңіске жетіп, Еуропа чемпионы атанды.