Файл: Ксіптік жне ндірістік практиканы ткізу бойынша шжаты шарт .docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 35
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Кәсіптік және өндірістік практиканы өткізу бойынша
үшжақты шарт №_____
Нұр-Сұлтан қаласы 20 ____ жылғы «___»_____
____________________________________________________________________________,
__________________________________________________негізінде әрекет етуші атынан
(құрылтайшы құжаттардың реквизиттері) ____________________________________________________________________________
(білім беру ұйымның атауы)
____________________________________________________________________________
бұдан әрі «білім беру ұйымы» деп аталатын
____________________________________________________________________________бір жағынан,_______________________________________________________ (басшының немесе басқа өкілетті тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда))
негізінде әрекет етуші_________________________________________________________
____________________________________________________________________________
(құрылтайшы құжаттардың реквизиттері)
______________________________________________________________________атынан,
(басшының немесе басқа өкілетті тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда) бұдан әрі «кәсіпорын (ұйым)» деп аталатын_____________________________________________ (кәсіпорынның атауы)
____________________________________________________________________________
Жеке төлқұжаттың/туу туралы куәліктің ЖСН__________, ______ жылғы «__»_______, _________________ берген, бұдан әрі «білім алушы» аталатын және оның заңды өкілімен (білім алушы кәмелетке толмаған жағдайда) _____________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Жеке төлқұжаттың ЖСН___________, _____жылғы «__»__________________, _________________ берген,үшінші жақтан, бірге «Тараптар» деп аталатын осы техникалық және кәсіптік,орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін дуальды оқыту туралы осы Шарт жасасты.
-
Кәсіптік және өндірістік практика туралы шарттың мәні
1. Осы Шарт білім алушылардың 0105000 "Бастауыш білім беру" мамандығы бойынша дағдылар мен құзыреттерді алу мақсатында 010503 3 "Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі" біліктілігі бойынша кәсіптік және өндірістік практикадан өту кезеңіне жасалды.
2. Оқыту кәсіпорны білім алушыны өндірістік оқытуға және кәсіптік практикаға қабылдайды.
3. Білім алушы жұмыс нұсқаулығына сәйкес өндірістік оқудан, кәсіптік практикадан өту шеңберінде еңбек функциясын орындайды және еңбек тәртібін сақтайды, ал оқытатын кәсіпорын тиісті еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді.
2. Кәсіптік және өндірістік практика туралы шарттың әрекет ету мерзімі
4. Кәсіптік және өндірістік практиканы өткізу жөніндегі шарттың қолданылу мерзімі оған қол қойылған кезден бастап күшіне енеді және практика мерзімдері аяқталғанға дейін қолданылады.
5. Кәсіптік және өндірістік практика шарты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген негізде бұзылуы мүмкін.
6. Білім алушыны жұмыс орнына қабылдау осы кәсіптік және өндірістік практика шарты негізінде шығарылатын кәсіпорын (ұйым) басшысының бұйрығымен немесе құрылымдық бөлімшесінің өкімімен ресімделеді.
3. Білім алушының құқықтары және міндеттері
7. Білім алушылардың құқығы бар:
1) Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған оқу, жұмыс орнын ұсынуға;
2) кәсіпорыннан тағайындалған тәлімгердің келісімі бойынша қажетті құрал-саймандарды, жабдықтарды, аспаптарды және басқа да өндірістік материалдарды пайдалануға, оқу мақсатында кітапхана және оқу залдары базасындағы оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттер қорына, зертханалық базаға, Компьютерлік техникаға қол жеткізуге және оларды пайдалануға;;
3) өндірістік оқытудан және кәсіптік практикадан өту процесінде денсаулыққа келтірілген зиянды өтетуге;
8. Білім алушы міндеттенеді:
1)кәсіпорынның (ұйымның) қызметкерлері үшін міндетті өндірістік оқыту және кәсіптік практика орнында еңбек тәртібін, ішкі тәртіп қағидаларын, қауіпсіздік техникасы қағидаларын және өндірістік тәртіптемені сақтауға міндетті;
2)кәсіпорынның (ұйымның) жабдығына, аспаптарына, құжаттамасына және басқа да мүлкіне ұқыпты қарауға;;
3) өндірістік оқыту және кәсіптік практика бағдарламасының талаптарын қатаң сақтауға және орындауға міндетті;
4) өндірістік оқудан және кәсіптік практикадан өтуге белгіленген мерзімде кәсіпорынның (ұйымның) қарамағына келуге міндетті;
5) Өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту процесінде, сондай-ақ ол аяқталғаннан кейін кәсіпорын (ұйым) туралы құпия ақпаратты жария етпеуге міндетті;
6) өндірістік оқытудан және кәсіптік практикадан өткені туралы күнделік жүргізуге, тәлімгерге атқарылған жұмыс туралы есеп беруге міндетті;
7) кәсіпорынға (ұйымға), білім беру ұйымына сабақтарға келмеген кезде себептерін көрсете отырып, бұл туралы кәсіпорынға (ұйымға), оқу орнына дереу хабарлауға және ауырған немесе жазатайым оқиға болған жағдайда 3 күн ішінде тиісті медициналық анықтама жіберуге міндетті.
4. Кәсіпорынның (ұйымның) құқықтары және міндеттемелері
9. Кәсіпорын (ұйым) құқығы бар:
1) жаңа технологияларға және өндірістік процестің өзгерген жағдайларына сәйкес күнтізбелік кестелер мен білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысуға құқылы;
2)кәсіпорынның (ұйымның) қажеттіліктеріне сәйкес курстық және дипломдық жұмыстардың тақырыптарын ұсынуға;;
3) білім алушыны қорытынды аттестаттауға қатысуға құқылы;
4) білім алушының ағымдағы үлгерімі туралы ақпарат сұратуға құқылы.
10. Кәсіпорын (ұйым) міндеттенеді:
1) Өндірістік оқыту мен кәсіптік практикаға басшылықты жүзеге асыратын кәсіпорынның (ұйымның) өндіріс немесе қызмет көрсету саласы технологияларын меңгерген тәлімгерін - білікті жұмыскерін бекіту;
2) оқу орнымен бірлесіп білім беру бағдарламасын, мамандық бойынша оқу жұмыс жоспарын, жылдық күнтізбелік кестені, кәсіптік және өндірістік практика шеңберінде білім беру процесін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және келісу; ;
3) кәсіптік және өндірістік практикадан өту кезеңінде білім алушыны арнайы киіммен (нысанмен), оқыту құралдарымен, қолданыстағы нормативтер бойынша шығыс материалдарымен, құпия немесе заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, практикалық материалдар мен процестерге қол жеткізумен қамтамасыз етуге міндетті;
4) білім алушыны жұмыс орнында қауіпсіз жұмыс жағдайымен қамтамасыз етуге (қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша міндетті нұсқамалар өткізе отырып) және қажет болған жағдайларда білім алушыға Еңбектің қауіпсіз әдістеріне оқытуды жүргізуге міндетті;
5) оқу процесінің кестесіне және (немесе) күнтізбелік кестелерге, білім беру бағдарламаларына сәйкес білім алушының өндірістік оқуы мен кәсіптік практикасын өткізу үшін жұмыс орындарын ұсынуға міндетті;
6) білім алушылардың өндірістік оқыту және кәсіптік практика бағдарламасында көзделмеген, білім алушының мамандығына қатысы жоқ лауазымдарда пайдалануына жол бермеу;
7)білім алушы еңбек тәртібін және кәсіпорынның (ұйымның) ішкі тәртіп қағидаларын бұзған барлық жағдайлар туралы білім беру ұйымына хабарлауға міндетті;
8) білім алушының жеке тапсырмаларды сәтті орындауы үшін қажетті зертханаларды, кабинеттерді, шеберханаларды, кітапхананы, сызбаларды, техникалық құжаттаманы пайдалану мүмкіндігін беруге міндетті;
9) өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы аяқтағаннан кейін білім алушының жұмысы туралы мінездеме беруге және кәсіптік және өндірістік практикадан өту сапасына баға қоюға міндетті;
10) тиісті бос орын болған жағдайда алған мамандығына (біліктілігіне) сәйкес жұмысқа қабылдау үшін білім беру тапсырысы (мемлекеттік білім беру гранты) бойынша білім алатын түлектің кандидатурасын қарауға міндетті.
11. Тәлімгер міндеттенеді:
1) білім алушыны лауазымдық міндеттері мен тапсырмаларын сапалы орындаудың практикалық тәсілдеріне, дағдыларына және тәсілдеріне үйрету;
2)кәсіпорынмен (ұйыммен) келісілген оқу жұмыс жоспарлары мен білім беру бағдарламаларына сәйкес білім алушыны оқытуға;
3) білім алушыға берілген тапсырмалардың орындалуын бақылауға міндетті;
4) білім алушы жіберген қателерді анықтауға және бірлесіп жоюға, орын алған кемшіліктерді жоюға көмек көрсетуге;
5) білім алушының өзінің кәсіби міндеттерін орындауда жауапты көзқарасын, сондай-ақ жұмыс бойынша әріптестеріне құрметпен қарауды қалыптастыру;
6) білім алушыдан өндірістік қызметке байланысты мәселелер бойынша нұсқауларды орындауды талап етуге құқылы;
7) білім алушыдан ауызша да, жазбаша да нысанда жұмыс есептерін талап етуге міндетті;
8) жұмыс разрядын беру туралы ұсыныстар енгізуге және білім алушының кәсіптік сипаттамасын талқылауға қатысады;
9) білім алушыға пікір білдіруге құқығы бар.
5. Білім беру ұйымының құқықтары және міндеттемелері:
12. Білім беру ұйымының құқығы бар:
1) білім алушыдан осы Шарттың міндеттерін, білім беру ұйымының Жарғысын, ішкі тәртіп қағидаларын және білім беру ұйымының қызметін регламенттейтін актілерін адал және тиісінше орындауды талап етуге міндетті;
13. Білім беру ұйымы міндеттенеді:
1) оқу процесінің кестесіне сәйкес өндірістік оқыту және кәсіптік практикадан өту үшін білім алушыны кәсіпорынға (ұйымға) жіберуге міндетті;
2) білім алушыны осы кәсіптік және өндірістік практика туралы шартта көрсетілген оның міндеттерімен және жауапкершілігімен таныстыруға міндетті;
3) кәсіпорынның (ұйымның) өкілдерімен бірлесіп өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өтудің оқу жұмыс жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын және күнтізбелік кестелерін әзірлесін;
4) оқу орны басшысының бұйрығымен өндірістік оқыту шеберлері немесе оқу орнының тиісті мамандықтары оқытушыларының қатарынан өндірістік оқыту және кәсіптік практика жетекшілері тағайындалсын;
5) білім алушылардың осы кәсіпорынның (ұйымның)қызметкерлері үшін міндетті еңбек тәртібін, ішкі тәртіп қағидаларын сақтауын қамтамасыз етуге міндетті;
6) білім беру бағдарламасына және оқу процесінің кестесіне сәйкес білім алушының өндірістік оқуы мен кәсіптік практикадан өтуін ұйымдастыру және оны мерзімді бақылауды жүзеге асыру;
7) кәсіпорын (ұйым) қызметкерлеріне өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы ұйымдастыруда және өткізуде әдістемелік көмек көрсетуге міндетті;
8) қажет болған жағдайда кәсіпорынға (ұйымға) білім алушының оқу жетістіктері туралы мәліметтер беруге міндетті;
9) егер жазатайым оқиғалар өндірістік оқыту және кәсіптік практикадан өту кезеңінде білім алушының қатысуымен болған жағдайларда, оларды тергеп-тексеруге қатысуға құқылы;
6. Еңбекті қорғау
16. Кәсіпорын (ұйым) білім алушыға қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді.
17. Білім алушы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды орындауға міндетті.
-
Тараптардың жауапкершілігі
18. Тараптарға осы Келісімде қарастырылған міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауаптылық жүктеледі.
-
Дауларды шешудің тәртібі
19. Осы кәсіптік және өндірістік практика шартын орындау процесінде туындайтын келіспеушіліктер мен дауларды тараптар өзара қолайлы шешімдерді әзірлеу мақсатында тікелей шешеді.
20. Тараптар келіссөздер, өзара қолайлы шешімдер әзірлеу жолымен шешпеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
9. Шарттың әрекет ету мерзімі, талаптарын өзгерту және оны бұзу тәртібі
21. Осы кәсіптік және өндірістік практика шартының талаптары тараптардың өзара жазбаша келісімі бойынша өзгертіледі және толықтырылады.