Файл: Лекция 1 Кіріспе. Физиканы оыту дістемесі педагогикалы ылым.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 612
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сонымен қатар оқушылар физикалық практикумдар мен лабораториялық жұмыстардың есептеу нәтижелерін және есептерді компьютердің көмегімен өз бетінше шығара алады.
Компьютерлік технологияны пайдалануды 3 нұсқаға бөлуге болады:
1. Жанама технология: физика пәні бойынша құбылыстарды оқытуда әр түрлі тақырыптарды әркезде оқыту үшін компьютерді қолдану;
2. Негізгі технология: Кейбір қиын тақырыптарды компьютердің көмегімен оқыту;
3. Монотехнология: Оқытудың әр түрлі әдісін қолдану, мысалы; тұтас оқыту үрдісі, диагностика, мониторинг, білім тексеру компьютер арқылы атқарылады.
«Физика» пәнінде ақпараттық технологияларды қолдануда оқытушы неге қол жеткізеді?
• Физикалық құбылыстарды мен процесстерді, көрнекті және динамикалық тұрғыда дыбыс, көрініс арқылы ұстануға;
• сабаққа мультимедия және телекоммуникация арқылы көрнекіліктер реттеп, дайындауға;
• оқушының пән бойынша алған білімін физикалық жаттығулар мен тапсырмалар арқылы тексеруге;
• Физика пәні бойынша әр түрлі деңгейлік тапсырмалар беруге;
• әр-түрлі диагностикалар жүргізуге;
Физика сабағында ақпараттық технологияларды пайдаланып, мұғалім келесі сабақ түрлерін өткізе алады:
1. Презентация сабақ
2. Зерттеу сабақ
3. Практикум сабақ
4. Интернет-жоба сабақ
5. Телеконференция сабақ
6. «Он-лайн» сабағы
Жалпы айтатын болсақ ақпараттық технологияны кез-келген пән бойынша, кез-келген тақырыпта қолануға болады. Ақпараттық технологияны қолдану оқушылардың білімдерін, оқу мәдениетін дамытуға, тақырыптарды жан-жақты оқып үйренуге мүмкіндік береді.
Жоғарыда аталған оқу құралдарының ішінде электрондық оқулықтың маңызы зор. Өйткені электронды оқулықты оқушы өз бетімен іске қосып, кез-келген оқу материалдарын тауып, меңгеруіне мүмкіндік бар. Электрондық оқулықтың ерекшелігі- модулдікке сәйкестігі, жоғары мобильділігі мен оқуға, үйренуге икемділігі. Бұл оқулық ғылыми- педагогикалық құрал.
Электрондық оқулық оқытушыға үлкен ақпараттық білім алқабына жол көрсетеді.
Жалпы электронды оқулық неге мүмкіндік береді?
• Теориялық материалдарды өз бетімен оқып, үйренуге
• Сурет, сызбаларды, бейне көріністерді, дыбыс және музыканы тыңдап, көруге
• Әр-түрлі деңгейлі,шығармашылық тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді.
XXI ғасыр жаңа технологиямен ақпараттандыру ғасыры. Ел өмірінің барлық салаларында компьютерлендіру процесі аяқталып, алдымызда келешек жас ұрпаққа компьютердің қыр-сырын терең меңгертіп, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсаты тұр. Еліміздің болашағы саналатын жас ұрпақ тәрбиесіне, ғылым мен білімнің өркендеуіне ақпараттық технологиялардың тікелей байланысы болғандықтан, осы ақпараттық технологиялардың жұмысын толық та, өте жақсы меңгертіп,өзіміздің жаңа сабақтарымызға қолдануымыз керек деп ойлаймыз.
Қорыта келгенде ХХІ ғасыр компьютерлік ақпараттар заманы. Жер бетінде болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістер туралы спутник арқылы, интернет арқылы күн сайын, сағат сайын мағлұмат алып отырған жас жеткіншектерді басқа нәрсемен таңдандыру жаңа сабақты айтып, тыңдата білу мұғалімге оңай емес.
Оқытудың компьютерлік технологиясы компьютермен жұмыс істеу техникасын меңгеру, сыныпта белсенділік көрсету, жеке жұмыс істеу, жекелеп көмек көрсету, проблемалық оқыту технологиясы, тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы (В.Ф.Шаталов) теория және практиканы блок түрінде топтау, тірек-схема, тірек-конспект түрінде берілген теориялық, материалдарды сыныпта меңгеру, үйде өз бетімен іздену, жұмыс істеу, түсіндіре басқарып - оза оқыту (С.Н.Лысенкова) алынатын білімнің алғашқы бөлігін алдын-ала оқыту, деңгейлеп саралап оқыту текнологиясы бірнеше деңгейде тапсырма беру және т.б.
Республикадағы ауыл мектептерінің оқу-тәрбие үрдісінде деңгейлеп оқыту технологиясы (Ж.Д.Қараев) жүйелік негізде оқыту технологиясы (Г.Г.Ғалиев), шоғырландырып-қарқынды оқыту технологиясы (Қ.А.Әбдіғәлиев., Н.Н.Нурахметов), блоктық-модульдық технологиясы (М.Н.Жанпеисова) қолдау табуда.
Бақылау сұрақтары.
-
Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану артықшылықтары? -
Физика сабақтарында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі? -
Физика сабағында ақпараттық технологияларды пайдаланып, мұғалім қандай сабақ түрлерін өткізе алады?
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Акитай Б.Е. Физиканы окыту теориясы және әдістемелік негіздері: Оқу құралы. -Алматы: Қазақ университеті, 2006. -280 бет.
2. М. Құдайқұлов, Қ. Жаңабергенов, «Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі», Алматы, «Рауан», 1998ж., 310 6.
3.«Основы методики преподавания физики», В.Г.Разумовский, А.Н. Бугаев, Ю.Н. Дик и др.-М, «Просвещение», 1984г., 397с.
4.«Физиканы оқыту методикасы 6-7», Орехов В.П., Усова А.В. Алматы,«Мектеп», 1978ж.
5.Орта мектепке арналған негізгі оқулықтар. 7-9 кл. «Физика және астрономия», «Физика» 10-11 кл. 2010.
6.«Физика жэне астрономия», «Физика» Орта жалпы білім беретін мектеп сыныптарына арналған оқу бағдарламалары. Астана, 2010 ж.
7.Анциферов Л.И., Пищиков И.М., Практикум по методике и технике
школьного физического эксперимента, М., «Просвещение», 1984г.
8.Методика преподавания физики в средней школе: Частные вопросы. Под/ред.С.Е.Каменецкого,Л.А.Ивановой -М.: Просвещение,1987.-336 с.