Файл: Лекция 1 Кіріспе. Физиканы оыту дістемесі педагогикалы ылым.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 614
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Бүгінде мектептерді компьютерлендіру толықтай аяқталды. Орта білім берудің 12 жылдық моделі енгізілуде. «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» делінген.
Ал Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарламада «Е-learning» электронды оқыту жүйесі бойынша білім беру сапасын және басқару тиімділігін арттыру үшін оқу процесін автоматтандыру, педагогтар мен оқушыларды ең жақсы білім беру ресурстарына және технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсаты атап көрсетілді.
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті қүру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде.
Физика сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру атты баяндамамда қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік беретіндігі туралы баяндалады.
Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыпастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр.
Физика сабақтарында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
-
оқушының өз бетімен жұмысы; -
аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу; -
білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру; -
шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды түсіндіру арқылы жүзеге асыру; -
қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы; -
қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі; -
экономикалық тиімділігі; -
іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену; -
қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі; -
оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Оқытушы сабағында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық - коммуникациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын.
Оқушы тұлғасының дамуына ықпал жасайтын электрондық оқулықпен сабақтар жүргізудің негізгі міндеттері оқушылардың базалық білім, ептілік, дағдыларын игеру жүйесін жетілдіру, оқыту үрдісінде теориялық және өнімділік ой құрастыру әрекеттері арқылы танымдық қабілеттерін белсендіру, танымдық қызығулары арқылы оқуға деген мотивациясын дамыту, оқу материалын игеруде және оқу іс-әрекеттерінде жете ұғынуға талпындыру, өзіндік жұмыстарының ізденісті-зерттеу түрлерін ұйымдастыру, оқу үрдісінде компьютерлік технологияларды қолдану, әр түрлі шапшаңдықпен және әр түрлі көлемді оқу материалын игерудің мүмкіншілігін ашу. Осы міндеттер негізінде дәстүрлі білім беру жүйесінде де оқушы дамуына жәрдемдесетін оқу тобында оқытушылар мен оқушылардың күш-жігерлерін біріктіретін оңтайлы жағдай тудыратын тілектестік жұмыс жағдайын қалыптастыру, оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы әрекеттестік ұстанымы мен жеке тұлғалық түсінісушілік негізінде іске асырылуы, шығармашылық мүмкіншілігін тудырып, қабілеттерінің жан-жақты дамуына ынталандыруды көздеген әр түрлі әдіс-тәсілдерінің кең қолданылуы (диалог-сабақтар, есеп талдау, әр түрлі тәсілмен шығару, кері есеп құрастыру, есепті тексеру, пікірталас, іскерлік ойын сабақтары, т.б), балалардың эмоционалды-сезімділік және абстрактілі,қисынды ой құрастыруын дамытуға ықпал етілуі, танымдық қызығуын арттырып және білім алу нәтижелерін жүйелі талдаудан өткізіп бағалау, өздерінің жетістіктерін өздеріне талдатып, өзіндік бағалау әрекеттерінің ұйымдастырылуы сияқты ерекшеліктері де бар.
Электрондық оқулық пән оқытушылары үшін бұл күнделікті дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны сабақта қолдану оқытушының шығармашылықпен жұмыс жасауына, белсенділігін арттыруына мол мүмкіндік береді.
Білім беру ұйымдарының даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады. Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде. Оқу процесінде оқытудың ақпараттық – коммуникациялық технологияларын тиімді пайдалану және қолдану айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ, оқушылардың өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр.
Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар мен тарау бойынша тест жұмыстарын орындап, анимациялық практика тапсырмаларымен жұмыс жасауға дағдыланады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп есептеймін. Осылайша оқыту құралдарының бірі – электрондық оқулық. Ол оқушыларды даралай оқытуда жаңа ақпараттарды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктерді тестік бақылауға арналған бағдарламалық құрал.
Пән оқытушылары білім беру жүйесін ақпараттандыруды дамыту бағытында кәсіптік лицейдің оқу – тәрбие үрдісін ақпараттандыру мен барлық пәндерге ақпараттық – коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану және өз пәнін оқытудың сапасын арттыру жағдайында олардың ақпараттық құзырлылығы қалыптасқан тұлға болуы қажет.
Басқаша айтқанда, бұл кеңістікке ең алғаш еніп, оны жүйелі және кәсіби бағытта енуін қамтамасыз ететін мұғалім. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Онлайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру мен ақпараттық – коммуникациялық технологияны оқу – тәрбие үрдісінде пайдалану оқушының өз мамандығына қызығушылығы мен мамандық сапасын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда қоғамның даму жолдарын анықтайтыны сөзсіз.
Білім беруді ақпараттандыру процессі – пән оқытушылары мен әдіскерлерге, білім мекемесін басқарушыларға жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды. Ақпараттық – коммуникациялық технологияны, бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі зор мәнге ие болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру-қазақстандық білім беру жүйесін жаңа сапалылық деңгейге көтерудің алғы шарты.
Осыдан, ақпараттық қоғамда өмір сүре алуға байланысты құзырлылықты ескерсек, информатика мұғалімдерінің ақпараттық-коммуникациялық құзырлығын қалыптастыру деңгейлері мынандай болады:
Бастапқы деңгей:
• информатика мен ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану салалары бойынша жалпы түсінік;
• ақпараттық-коммуникациялық технологиямен қарапайым жұмыс жасау тәсілдерін меңгерту.
Алгоритмдік деңгей:
• ақпараттық-коммуникациялық технологияның дидактикалық мүмкіндіктерін меңгерту;
• бағалау мен өзіндік бағалау дағдыларын дамыту.
Эвристикалық деңгей:
• ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін түрлі ақпараттарды өңдеуде қолдану;
• интерактивтік тақтаның мүмкіндіктерін информатикадан электрондық сабақтарды жасақтауға пайдалану;
• физика пәнін сапалы түрде оқытуға педагогикалық технологиялардың ішінен тиімдісін таңдай білу.
Шығармашылық деңгей:
• қолданбалы программалық құралдармен жұмыс жасау технологиясын меңгерту арқылы оның мүмкіндіктерін физиканың бағдарлы бағытына қолдануға дағдыландыру;
• олимпиадалық есептерді шешудің әдіс-тәсілдерін таңдай білу.
Аталған деңгейлердің даму шыңына жеткен оқытушыны біз апараттық-коммуникациялық құзырлығы қалыптасқан тұлға деп атай аламыз. Сондықтан оның бейнесі келесі параметрлер мен белгілер арқылы бейнелеуге болатындығын айқындай аламыз.
Сонымен қазіргі жаңа қоғамның сұранысына сәйкес Қазақстанның педагогика ғылымындағы әлемдік стандартқа сай білім алу қажеттіліктері оқушылардың өзіндік жұмыстарының жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жетілдіру деңгейіне тікелей байланыстылығы мен бұл мәселенің теориялық тұрғыдан толық зерттелмеуі арасындағы қарама-қайшылықтың орын алғандығын байқадық. Осы қарама-қайшылықтан пайда болған жаңа ақпараттық технологияларды оқу процесінде қолдану әрекетінде, қандай педагогикалық шарттар болуы қажет деген сұрақ бізге зерттеу мәселесін анықтап, тақырыпты «Физика пәнінде ақпараттық- коммуникативтік технологияны қолдану тиімділігі» деп таңдауымызға себеп болды. Егер оқушылардың өзіндік жұмыстарын жаңа ақпараттық технология жағдайында ұйымдастырудың мазмұны мен құрылымын және педагогикалық мәнін ашатын құзыреттілік – іс-әрекеттік теориялық тұрғыдағы негізі меңгеріліп, біздің ұсынып отырған құрылымдық-мазмұндық моделі жүзеге асырылса, онда жаңа ақпараттық технологиялар негізінде ұйымдастырылған педагогикалық жұмыстары тиімді болады, өйткені оның педагогикалық шарттары анықталады:
• жаңа ақпараттық технологияны қолдану барысындағы педагогтардың өзіндік жұмысының құрылымдық-мазмұндық моделін жасау
• бүгінгі әлемдік және отандық тәжірибе қолданыс тапқан жаңа ақпараттық технологиялардың жетістіктерін ескере отырып, педагогтардың жұмыстарын электронды интерактивті арқылы білім беру қорларының кешені арқылы ұйымдастыру» бағдарламалық жобасын дайындау және оның сапалығын тәжірибе-эксперимент жүзінде тексерістен өткізу.
Педагогтарға көмек үшін жүйелілік, тұлғалық-бағдарлық, құзыреттілік-іс-әрекеттік теориялары, интерактивтік оқыту бойынша, компьютерлік оқыту бағдарламалары құрастырлады.
Физика сабағында сабақты қызыты қылып өткізу үшін мынандай сабақтар түрлерін қолдануға болады:физикалық есептер шығару, диагностикалық тестілеу, электрондық нұсқадағы тәжірибелік жұмыстар жүргізу,физикалық диктант алуға болады.
Сонымен қатар, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, дәріс, семинар, студенттердің өзіндік жұмыстарында интерактивтік оқыту әдістері мен компьютерлік оқыту бағдарламаларын, автоматты оқыту жүйелерін, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы болашақ мамандардың дербестік және құзыреттілік-іс-әрекеттік қабілеттерін жетілдіру мүмкіндіктері мен қолданылатын әдістемелер сарапқа салынды; жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру тәсілдері (физика пәнінің оқыту жүйесін негізге ала отырып) тәжірибелік-эксперимент кезеңдері, оның нәтижелерінің толық мазмұны көрініс тапты.
“Кез-келген білім бағдарламасының табысты орындалуы оқытушыға байланысты. Оның кәсіби шеберлігі нысаналы бағдарламаны да, оқу жоспарын да биік деңгейде жүзеге асыруға ықпал ете алады, ал оқытушының кәсіби дәрменсіздігі істі құлдыратады”,-делінген. Осы орайда педагогикалық ұжымға білім бағдарламасының табысты орындалуына, оқу жоспарын биік деңгейде жүзеге асыруға, нәтижеге бағытталған білім беруге – тек кәсіби шеберлік пен шығармашылық ізденіс қажет екендігін айтқым келеді.
Атап айтсақ, оқушыларының өз бетімен ізденісін, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарды ұйымдастыруға ерекше қолайлы, тиімді жағдай туғызуда деп есептейміз.
Соның ішінде атап айтсақ мектеп курсының «физика» сабағында жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау – маңызды рол атқарады. Физикалық құбылыстарды және процесстерді оқыту барысында копьютерді пайдаланып оны оқушыларға жеткізудің маңызы зор.