Файл: Лекция 1 Кіріспе. Физиканы оыту дістемесі педагогикалы ылым.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 625

Скачиваний: 6

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Оқушыларда ғылыми дүниетанымдық көзқарас қалыптастыруда физикалық түсініктерді қалыптастырудың әдістемесінің маңызы өте зор. Бұл мәселенің шешімі оқу үдерісінің дұрыс ұйымдастырылуына байланысты болады. Оқу процесі ғылыми таным цикліне сәйкес болуы кажет: ғылыми фактілерді жинақтап жалпыламалаудан проблеманы анықтауға, одан гипотеза (болжам) құру, құбылыстың абстракциялық моделін құру және заңдылықтарды анықтау, сонан соң - теориялық қорытындылар жасап іс-тәжірибеде тексеруге немесе алынған нәтижелерді практикалық қолданысқа. Мұнда оқушыларға қоғамдық іс-тәжірибенің маңызын таным көзі ретінде, моделдердің ролін, қолданыс шекарасындағы теория қорытындаларының дұрыстығын және практиканың маңыздылығын білім ақиқаты категориясы ретінде көрсету керек.

4. Политехникалық білім алу.

Физиканы оқытудың тағы да бір негізгі міндеттерінің бірі – оқушылардығ политехникалық білім алуы, қоғамға пайдалы жұмыс атқаруға және саналы түрде болашақ мамандығын таңдауға дайындау.

Физика табиғат туралы барлық ғылымдармен, философиямен тығыз байланысты және техниканың теориялық фундаменті болып келеді. Оның теориялары мен әдістері химияда, астрономияда, биологияда, геологияда және көптеген техника салаларында кеңінен қолданылады. Мұның бәрі физиканы политехникалық білім беруге міндеттейді.

Физикалық құбылыстарды жан-жақты және терең оқып-үйрену, оларды тұрмыста және техникада, адамдардың практиалық іс-әрекеттерінде қолдануды қарастыру болып табылады. Сондықтан, физиканы оқыту барысында, оқушылардың политехникалық білімінің болмысын құрайтын, заманауи техниканың физикалық негіздері ашылады,

Оқушылардың политехникалық білімдерін жетілдірудің және оларды еңбекке баулудың маңызды құралы – қолданбалы физика мәселелерін оқып-үйрену. Оларға физикалық приборлардың, машиналар мен механизмдердің, электрондық құрылғылардың жұмыс істеу прициптері, материалдардың қасиеттерін олардың құрылымының негізінде түсіндіру, түрлі технологиялық процесстердің физикасы, физикалық құбылыстарды түрлі салаларда қолдану жатады. Мұндай матералдарды жүйелеу үшін ғылыми-техникалық прогрестің түрлі бағыттарымен байланыстырып жалпыламалау сабақтарын өткізу керек.

Бақылау сұрақтары:

1. Физикалық ойлау дегенді қалай түсінісіңдер.

2. Оқушылардың ғылыми-техикалық ойлауы дегенді қалай түсінесіңдер.

3. Оқушылардың ойлауын дамыту қалай жүзеге асады?


4. Политехникалық оқыту және кәсіптік бағыт беру қалай жүзеге асады?

5. Физиканы оқытудың негізгі міндеттерін көрсетіңдер.

6. Физиканы оқыту әдістемесін түсіндіріңдер.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Акитай Б.Е. Физиканы окыту теориясы және әдістемелік негіздері: Оқу құралы. -Алматы: Қазақ университеті, 2006. -280 бет.

2. М. Құдайқұлов, Қ. Жаңабергенов, «Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі», Алматы, «Рауан», 1998ж., 310 6.

3.«Основы методики преподавания физики», В.Г.Разумовский, А.Н. Бугаев, Ю.Н. Дик и др.-М, «Просвещение», 1984г., 397с.

4.«Физиканы оқыту методикасы 6-7», Орехов В.П., Усова А.В. Алматы,«Мектеп», 1978ж.

5.Орта мектепке арналған негізгі оқулықтар. 7-9 кл. «Физика және астрономия», «Физика» 10-11 кл. 2010.

6.«Физика жэне астрономия», «Физика» Орта жалпы білім беретін мектеп сыныптарына арналған оқу бағдарламалары. Астана, 2010 ж.

7.Анциферов Л.И., Пищиков И.М., Практикум по методике и технике школьного физического эксперимента, М., «Просвещение», 1984г.

8.Методика преподавания физики в средней школе: Частные вопросы. Под ред. С.Е.Каменецкого, Л.А.Ивановой-М.: Просвещение, 1987. -336 с.

Лекция 3. Қазіргі кездегі физиканы оқыту тұжырымдымасы

Жоспар:

1. Мектеп физика курсын оқытудың бірінші және екінші басқыштардағы мазмұны мен құрылымы.

2. Физиканың пропедевтикалық курсы.

3. Мектеп физика курсының даму перспективасы.

4.Физика курсының химиямен, биологиямен, математикамен, жаратылыстанумен және оқушыларды еңбекке баулу пәндерімен байланысы.

5. Пәнаралық байланыстың әдістемелік және дидактикалық маңызы.


Дәріс мақсаты: Пәнаралық байланыс, пәнаралық байланыс түрлері жайында мағлұмат беру.

Дәрістің мазмұны.

Мектеп физика курсын оқытудың бірінші және екінші басқыштардағы мазмұны мен құрылымы.

Орта мектепте физиканы оқытудың үш түрі болуы мүмкін: радиалдық, концентрлік және басқыштық.

Физика курсын оқытудың радиалдық құрылуында оқу материалын оқыту реттілігі мынандай болады - бағдарламаның әр бөлімі, тақырыбы және сұрағы курсты оқу бойында бір-ақ рет өтіледі. Физиканы оқытуда оқу материалының қиындығы бірқалыпсыз өзгеруі, оқушылардың даму дәрежесіне сәйкес келмеуі радиалдық құрылудың негізгі кемшілігі болып табылады.

Концентрлік құрылуда оқуға берілген барлық материал екіге бөлінеді: барлық бөлімдердегі жеңіл сұрақтарды бірінші өтіп алады да, сонан соң сол бөлімдердегі қүрделірек сұрақтарды өтеді. Мұнда бір концентрдің мазмұны келесі концентрді оқығанда қайталады.

Қазіргі мектепте физика курсын құрудың үшінші тәсілі қолданылады – басқыштық. Курстың басқыштық құрылуы мынандай: оқу материалы қиындығына қарай екіге бөлінеді, кейбір бөлімдер мен тақырыптар, екінші басқышта қайталанбастан, тек бірінші басқышқа енеді; басқалары тек екінші басқышта өтіледі, бірақ екі басқышта да кездесетін бөлімдер мен тақырыптар бар.

Физиканы оқыту деңгейлеріне сәйкес бірінші және екінші басқыштарды ажыратады. Қазіргі мектепте бірінші басқышта 7-9 сыныптарда интеграцияланған «Физика және астрономия» курсы оқытылады. Екінші басқышта 10-11 сыныптарда физика курсы жүйелі турде өтіледі. «Физика және астрономия» пәні негізгі мектепте оқытылады және барлығына міндетті пән болып табылады. Физика пәнін жоғары сыныптарда оқиды.

Екінші басқыштағы физика пәнінің құрылымы: І.Механика ІІ.Молекулалық физика ІІІ.Электродинамика ІV.Кванттық физика.

Бірінші және екінші басқыштарда физиканың әр бөлімінің мазмұны ҚР БҒМ бекіткен үлгілік бағдарламамен анықталады.

2. Физиканың пропедевтикалық курсы.

Физика курсы жүйелі оқыту екінші басқыштан басталады. Оның алдында өтілетін «Физика және астрономия» курсы жоғары сыныптарда оқытылатын физика курсына қатысты пропедевтикалық болып табылады. «Пропедевтикалық» деген сөз дайындық деген мағынаны білдіреді. «Физика және астрономия» курсы үшін төменгі сыныптарда «Қоршаған әлем», «География», «Жаратылыстану» пәндерін оқығанда өтілетін оқу материалдары пропедевтикалық болып табылады.

3. Мектеп физика курсының даму перспективасы.


Мектепте физика курсын оқытудың дамуы физика ғылымының дамуына, қоғам өміріндегі оның маңыздылығына байланысты. Қазіргі кезде адам өмірінде физиканың алатын орнына баға берудің өзі қиын. Осыған байланысты мектепте физика негіздерін оқып-үйренудің бүкіл адамзат үшін мағынасы өте зор болып тұр.

Мектеп физика курсының мазмұны, нақты оқытылатын оқу материалдары көп жылдар бойы өзгермейді, өйткені физика – фундаменталды ғылым. Әдістемелік тұрғыдан құрылымдық өзгерістер болуы мүмкін – орта мектепте физиканы оқытудың формалары, әдістері, реті өзгереді.

2015 жылдан бері 12-жылдық білім беру жүйесіне көшу басталады. Физика пәнін оқуға бөлінген уақыттың ұлғайуына байланысты кешекте физика курсы кеңірек және тереңірек оқытылатын болады. Оқу процесіне физика пәнін бейін алды және бейіндік оқыту іске асырылуда. Бейіндік оқыту жоғары сыныптарда жүргізіледі, оның алдында бейін алды оқыту жүргізілуі тиіс. Бейіндік оқытудың негізін оқушылардың таңдауы бойынша жүргізілетін элективті курстар құрайды. Элективті курстар оқушыларға келешек мамандығын таңдауға себін тигізеді. Оқушыларды өзінің жеке білім алу траекториясын таңдауға мүмкіндік пайда болады.

Жастар мектеп жасында физика негіздерін саналы түрде менгеретіндігіне нлкен үміт артылуда. Физика курсын өз бетінше меңгеру мәселесіне үлкен назар аударылуда. Оқыту процесі өзіндік оқу әрекеттерін және сын тұрғысынан ойлау қабылеттерін дамытуғабағытталуы тиіс, оқушыларды өз бетінше білім алуға үйрету қажет.

Орта мектепте физика курсын оқыту оқушының жан-жақты дамуына әсер ететін интербелсенді әдістерді кеңінен қолдануды көздейді.Телекоммуникациялық ақпараттық технологияларды тиімді қолдану физиканы оқыту процесінің міндетті құрамдық бөлігі болып табылады.

4.Физика курсының химиямен, биологиямен, математикамен, жаратылыстанумен және оқушыларды еңбекке баулу пәндерімен байланысы.

Физика және химия курстарының байланысы. Физикалық және химиялық ғылымдар өзара тығыз байланыста болып келеді.М.В.Ломоносовтың айтуынша, «химия мен физика біреуі екіншісіз жетілген күйде бола алмайтындай өзара байланған». Бұл ғылымдардың қазіргі жағдайы бұлай айтуға негіз бола алады.

Мектеп тегі физика және химия курстары үшін байланыстың келесі аспекттері маңызды – түсініктерді оқып-үйренудің уақыт бойынша үйлесілуі және түсіндірілуі, бұл пәндерге ортақ түсініктер мен заңдардың жаймен қалыптасуы, оқу материалдарын меңгергенде қайталануды болдырмау.


Бұл екі ғылымның байланысына молекула және атом түсініктерінің оқытылуы дәлел бола алады. Химияны оқып бастар алдында физика курсында зат, молекула туралы түсінік беріледі, молекула-кинетикалық теорияның негізгі үш қағидасы және молекулалық физиканың кейбер сұрақтары қарастырылады. Бұр сұрақтар химия курсында тікелей қайталанбайды, бірақ олар дамуы керек: зат туралы түсінік негізінде химияда таза заттар және коспалар қарастырылады, қоспа заттарды ажыратуға арналған практикалық жұмыстар жүргізіледі; химиялық құбылыстар туралы түсініктер физикалық құбылыстармен салыстыра отырып еңгізіледі; оқушылардың атом туралы білімдері физика курсында оқыған материалдарды қолдану арқылы кеңейе түседі.

10 сыныпқа келгенде оқущылар химия сабақтарында Авогадро заны мен тұрақтысы туралы білімдері бар болады, оларға атомдық және молекулалық массаларды анықтау әдістері де белгілі. Физика сабақтарында бұл сұрақтарды қайталау ретінде өтуге болады.

Физика және химия курстарының байланыс аспекттері «Әр түрлі ортадағы электр тогы» және «Атом және атом ядросы» тақырыптарды оқытқанда анық байқалады. Электр заряды түсінігі – физикалық түсінік, ол химиядағы периодтық заңды оқытумен байланысты. Атомның электрлік заряды периодтық жүйедегі элементтің реттік санына, қасиеттеріне тәуелді болады; изотоптардың пайда болуы зарядқа байланысты; атомның сыртқы электрондық қабатындағы электрондар саны да атомның электрлік зарядына тәуелді. Атомның және атом ядросының құрылысын физикалық ғылымның әдістерін қолдана отырып зерттейді. Сонымен, бұл тақырыптарды оқытуда физикалық және химиялық білімдер тығыз араласып байланысады.

Физикада электролиттік диссоциацияны, электролизді, токтың химиялық көздерін өткенде, химиядан алған білімдерді қолданғанда және түсініктерге анықтамалар берілгенде қатаң үйлестірімділік болуы тиіс. Сондықтан, физика пәнінің мұғалімі бұл сұрақтардың химия оқулықтарында қайлай берілгенін білгені жөн болады.

Физика және биология курстарының байланысы. Биология пәнінде физикалық заңдарды, құбылыстарды және түсініктерді көрсете алатын өте қызықты мысалдар көп. Бұл мысалдарды келтіру арқылы оқушыларға табиғат заңдарының бірлігін және табиғат құбылыстарын түсіндіру үшін физиканың маңызын көрсетуге, жаңа ситуацияда физикалық құбылыстарды түсіндіру арқылы оқушылардың білімін тереңдетуге, бұл пәндерді оқып-үйренуге қызығушылықтарын жоғарылатуға болады.