Файл: Оу сауаттылыы. I нса 1 мтін Нсаулы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 397

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Оқу сауаттылығы.I нұсқа1 мәтінНұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз.ҚамқорлықБір кісі жол үстінде келе жатқанда оны қатты шөл қысады. Ол айналасына қарап су іздейді. Сол маңнан құдық табады. Ол құдыққа түсіп, шөлін қандырады да, шүкіршілік етіп, жолын ары қарай жалғастырады. Жолдың бойында шөлден тілі салақтаған бір итті көзі шалады. Иттің қатты шөлдегені соншалық, ылғал топырақты жалап тұр екен. Оны көрген әлгі кісі: «Менің басыма түскен хал мына итке де түсіпті- ау!»- деп құдық ішіне қайта түсіп, аяқ киіміне су толтырып шығып әлгі итке су береді.1. Асты сызылған сөзге мәндес сөзді табыңыз.А) ҚасіретВ) ӘлС) ЖағдайД) Қуат2. Мәтіндегі жолаушыға тән қасиетті көрсетіңіз.А) ӨзімшілдікВ) МейірімділікС) СараңдықД) Тәкаппарлық3. Мәтіннің идеясын анықтаңыз.А) Еңбекқорлыққа үйретуВ) Қамқорлыққа баулуС) Төзімділікке шақыруД) Үнемшілдікті насихаттау4. Жолаушы итке суды неге құйып берді?А) бас киімінеВ) алақанынаС) аяқ киімінеД) ыдысқа2-мәтінНұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз.Үлкен әулетӨсіп- өнген үлкен әулетте жүз кісі бірге тату- тәтті өмір сүріп жатыпты. Сол елдің патшасы бұл әулет туралы естігенде, қызығушылықпен барып әулеттің ақсақалына жолығуды ұйғарыпты. Қариямен кездескенде патша «Әулетіңізді тату- тәтті бейбітшілікте ұстап тұруыңыздың сыры неде?»- деп сұрапты. Қария қағазға біршама уақыт бір нәрсе шимайлап жазып патшаға ұсыныпты. Патша қараса, қағазда бар- жоғы бір- ақ сөз жазылыпты. Үсті- үстіне әбден баттастырып жазылған сөз «сабыр» екен.5. Мәтінде кездеспейтін ақпаратты табыңыз.А) Патша қариядан бейбітшілікте өмір сүрудің сырын сұрайды.В) Жүз кісінің бәрі де сабырлы екен.С) Патша әулет туралы естігенде қатты қызығады.Д) Жүз кісі бейбітшілікте өмір сүреді.6. Асты сызылған сөзге қатысы жоқ жауапты белгілеңіз.А) Үш буыннан тұратын сөз.В) Қатаң дауыссыздан басталған сөз.С) Дыбыс пен әріп саны бірдей.Д) Алты дыбыстан тұратын сөз.7. «Сабыр» сөзіне мағынасы қарама- қарсы сөзді табыңыз.А) байсалдыВ) сабырсызС) ержүрекД) мейірімді8. Mәтін мазмұнына сәйкес келетін мақалА) Сабыр түбі- сары алтын.В) Сабын кірді ашады, сабырсыз сырды ашады.С) Барыңа шүкір ет, жоғыңа сабыр ет.
Д) Біреу жәбір етсе, сен сабыр ет.9. Патша қариядан ненің сырын білгісі келді?А) Бір үйде неліктен жүз адам тұрып жатқандығын білгісі келді.В) Сабыр сөзінің сырын білгісі келді.С) Жүз адамға азық- түлікті қалай жеткізетіндігін білгісі келді.Д) Бейбітшілікте өмір сүрудің сырын білгісі келді.10. Сөйлемнен ілік септігінде тұрған сөздерді табыңызСол елдің патшасы бұл әулет туралы естігенде, қызығушылықпен барып әулеттің ақсақалына жолығуды ұйғарыпты.А) патшасы, ақсақалынаВ) қызығушылықпен, естігендеС) елдің, әулеттіңД) жолығуды, ұйғарыптыОқу сауаттылығыII нұсқа1 мәтінНұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз.Қайыңның көз жасыҚапан кешке бұтағы сынған қайыңнан су тамшылап тұрғанын байқады. Қайта- қайта қарап, таңтамаша. Осы сәтте Күркебай қарт таяп келді. Қапан:- Ата, айтыңызшы, неге су ағып тұр?- деді қайыңның бұтағын нұсқап.- Су емес... Қайыңның көз жасы- ол. Біреу бұтағын сындырған. Содан жаны жараланып, жылап тұр. Тілі жоқ. Айтатын. Қайтсін байғұс?! Табиғат перзенті- ағаштың да жаны, жүрегі бар! Адамдардан аялы алақан, күтім тілейді! Ал олардың жасайтыны- осы... Қапан ұялды. Қарттың уәжді сөздері зердесіне жеткендей басы салбырап, қозғалмастан тұрып қалды. «Енді сындырмаймын, ата!» деген сөзді іштей қайталай берді.1. Мәтінде қандай ағаш туралы айтылған?А) қарағайВ) қайыңС) қарағашД) қарақат2. Қарамен жазылған сөздің мағынасын табыңызА) санасынаВ) ойынаС) басынаД) жүрегіне3. Қапан іштей қандай сөзді қайталай берді?А) Мен сындырған жоқпын, ата.В) Ағаштың жаны, жүрегі жоқС) Мені кешіріңіз, ата.Д) Енді сындырмаймын, ата!4. Мәтін мазмұнына сәйкес келетін мақалды көрсетіңізА) Табиғат- тал бесік.В) Табиғат- жер байлығы, батырлар- ел байлығы.С) Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың оны айтуға тілі жоқ.Д) Ағаш тамырымен мықты, адам досымен мықты.2 мәтінНұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз.Қайырымды балаларСәулет көкке қарады. Қарлығаштар төмен құйылып, кеудесімен жер соға жаздап барып, қайта көтерілді. Келбет екеуі біраз қарап тұрды. Қарлығаштар шырылдап айнала ұшып жүр.

- Ой!- деді сүрініп кеткен Сәулет тізесін сипалап. - Әне, ана балапанды қарашы.- Қане, қайсы, қай жерде?- Әне, байқа, басып кетпе.Келбет келіп қалды. Кіп- кішкентай тұмсығын жерге тіреп, қызылшақа балапан жатыр. Көздерін ашып- жұмып, дір- дір етеді. Сәулет балапанды алақанына салып көрді.- Ұядан ұшып түскен ғой,- деді.- Тірі ме?- Иә, тірі сияқты.- Бізден қорқып тұрған шығар.- Онда ұясына салайық,- деді де, сатыны әкеп, үйдің қабырғасына сүйеді. Сатыға шығып, балапанды ұяға салды. Сәулет пен Келбет сатыны алған соң қарлығаштар ұяға қонды. Манағыдай емес, көңілді. Көкке көтеріліп, балалардың төбесінен екі- үш айналып өтті.5.Мәтіндегі балаларға тән қасиетті көрсетіңізА) мейірімділікВ) өзімшілдікС) өжеттікД) қатыгездік6.Қарамен жазылған сөздер қай септікте тұрғанын табыңызА) атау септік, ілік септік, көмектес септікВ) атау септік, табыс септік, ілік септікС) жатыс септік, ілік септік, шығыс септікД) барыс септік, табыс септік, көмектес септік7. «Дір- дір» сөзі қандай қос сөздерге жатады?А) қосарлама қос сөздерВ) қосымшалы қос сөздерС) күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздерД) қайталама қос сөздер8.«Қарлығаштар шырылдап айнала ұшып жүр» сөйлеміндегі етістік қай шақта ғанынтабыңыз.А) келер шақВ) өткен шақС) осы шақД) барлық жауап дұрыс9.Сөйлемнен буын үндестігіне бағынбайтын сөзді табыңыз.Ой!- деді сүрініп кеткен Сәулет тізесін сипалап.А) СәулетВ) сүрініпС) тізесінД) сипалап10. Мәтінде кездеспейтін ақпаратты табыңызА) Сәулет балапанды алақанына салып көрді.В) Балапандар ұядан құлап түсті.С) Сәулет пен Келбет балапанды өздерімен алып кетті.Д) Қарлығаштар шырылдап айнала ұшып жүр.Оқу сауаттылығыIII нұсқа1 мәтінНұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз.Бала ЖетесТоғыз жасар Жетес тоқсандағы Төле биге сәлем бере барыпты. Сонда Төле би былай деген екен.- Бата- басқа, қына- тасқа, ақыл- жасқа, не қалайсың балам?- депті. Сонда Жетес бала: - О, қасиетті баба! Ат берсеңіз өліп қалады, тон берсеңіз тозып қалады. Ат- тонға бергісіз өлмейтін, өшпейтін, өмірі естен кетпейтін бір сөз айтыңыз, соған ризамын,- депті.1.Мәтіндегі бала Жетеске тән қасиетті көрсетіңіз.А) Бала сәлем бергенді ұнатады.В) Бала ат пен тонды жек көреді.С) Бала дүниеден гөрі аталы сөзді артық көреді.
Д) Бала естен кетпейтін сөздерді қызық көреді.2. Мәтіндегі Жетес бидің іс- әрекетіне қатысты мақалды көрсетіңіз.А) Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын.В) Бота алғанша, бата ал.С) Мал бір жұттық, батыр бір оқтық.Д) Болар елдің баласы бірін- бірі батыр дейді.3.Мәтінде қай оқиға орын алған жоқ, табыңыз.А) Жетес арнайы Төле биге сәлем беруге келді.В) Төле би баланың қалауын сұрады.С) Жетес Төле бидің қалауын берді. Д) Жетес Төле биге сөз қадірін білетінін сезіндірді.4. Мәтіндегі қарамен жазылған тіркестің синонимі А) жаңарадыВ) ескіредіС) жоғаладыД) табылады2 мәтінНұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз.Қант пен ТасКішкентай Болаттың қолындағы бір шақпақ Қант байқаусызда жерге түсіп кетті де, домалап барып, сонадай жерде жатқан Тасқа соғылды.- Шекең ауырды ма?- деді Тас масаттанып.- Өзің келіп соғылдың ғой.- Ауырған жоқ,- деді Қант ақырын ғана. – Мен байқаусызда саған соқтығып қалдым. Оған да мақтанасың ба?!- Мақтанбағанда ше! Бұдан былай байқап жүр. Менің денемнің шойындай қатты екенін біліп қой. - Оның несін айтасың? – деді Қант. – Әркімде бір қасиет бар. Сен қатты болсаң, мен тәттімін.- Ендеше, білсең айта қойшы,- деді Тас, - Қатты жақсы ма, тәтті жақсы ма?!Бұл екеуінің сөзін тыңдап тұрған Болаттың атасы күліп жіберді де:- Негізінен тәтті жақсы. Бірақ реті келгенде қаттының да қажеті бар, - деді.5. Мәтіндегі Тасқа тән қасиетА) жалқаулық В) мейірімділікС) сыпайылықД) мақтаншақтық6.Болаттың атасы неге күлді?А) Қант пен Тастың сөзінеВ) Қант пен Тастың дауынаС) Қант пен Тастың биінеД) Қант пен Тастың күлкісіне7.Мәтінде кездеспейтін сұраулы сөйлемді көрсетіңіз.А) Оның несін айтасың?В) Шекең ауырды ма?С) Сен неге сонша қаттысың?Д) Оған да мақтанасың ба?8. «Қатты, тәтті» сөздерінің антониміА) мамық, қышқылВ) жұмсақ, ащыС) иілгіш, тұздыД) борпылдақ, тұссыз9. Мәтіннің қай түріне жатады? А) әңгімелеу мәтініВ) сипаттау мәтініС) пайымдау мәтініД) барлық жауап дұрыс емес10. Мәтіндегі қарамен жазылған сөз қай сөз табына жатады?А) зат есімВ) сан есімС) сын есімД) үстеу