Файл: аралды 3 цк отырысында Трайымы Бисенова А. Т. 2023 ж. Тест тапсырмасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 40

Скачиваний: 6

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ҚАРАЛДЫ

№3 ӘЦК отырысында

Төрайымы Бисенова А. Т.

____________________

«____» _____ 2023 ж.



Тест тапсырмасы

аралық аттестация

пән «Ортопедиялық стоматология негіздері»

мамандық 09110200 Стоматология

біліктілік 4S09110102 Дантист

VI семестр

2022—2023 оқу жылы

БЕКІТІЛДІ

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Трушкова М.И. _______________

«____» _____ 2023 ж


1. Ортодонтиялық науқасты клиникалық зерттеу тұрады:

  1. өмір тарихын жинаудан

  2. паспорттық мағлұматтардан

  3. субъективті және объективті әдістерден +

  4. ауру тарихын жинаудан

  5. жалпы және ауыз қуысын қарап тексеруден


2. Диагностиканың субъективті әдістеріне жатады:

  1. cыртқы қарап тексеру

  2. ауыз қуысын қарап тексеру

  3. анамнез жинау +

  4. тістерді қарау

  5. бетті қарау


3.Бетті алдынан қарағанда төменде көрсетілгендердің барлығын анықтауға болады.

БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

  1. беттің енін

  2. мұрын-ерін қатпарларының айқындылығын

  3. беттің төменгі үштен бір бөлігінің биіктігін

  4. мұрын мен маңдай пішінін

  5. барлығы дұрыс +


4.Бетті бүйірінен қарағанда бағалауға болады:

  1. мұрын-ерін қатпарларының айқындылығын

  2. супраментальды қатпардың айқындылығын

  3. беттің ені мен биіктігін

  4. беттің бүйірінен қарағандағы пішінін+

  5. беттің бұрыштық енін


5. Бетті алдынан қарағанда анықтауға болады:

  1. Беттің бүйірінен қарағандағы пішінін

  2. Төменгі жақ сүйегінің бұрышын

  3. Мұрын-ерін бұрышын

  4. Мұрын-ерін қатпарының айқындылығын+


6. Бетті бүйірінен қарағанда төменде көрсетілгендердің барлығын анықтауға болады,

БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

  1. Мұрын пішінін

  2. Иек пішінін

  3. Төменгі жақ сүйек бұрышын

  4. Беттің типін

  5. Беттің енін+


7. Диагноздың этиологиялық бөлігін анықтауға болады:

  1. Паспорттық бөлімнен

  2. ауыз қуысын қарап тексеруден

  3. өмір тарихынан

  4. ауру тарихынан+

  5. тістерді қарап тексеруден


8. Қандай әдіс негізінде болжамды диаиагноз қойылады?

  1. Клиникалық+

  2. Фотометриялық

  3. Графикалық

  4. Антропометриялық

  5. Биометриялық


9. Диагностиканың объективті әдісіне төменде көрсетілгендердің барлығы жатады. БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

  1. ауыз қуысын қарап тексеру

  2. сыртқы қарап тексеру

  3. ауру анемнезі+

  4. тістерді қарап тексеру

  5. тістесу түрі


10. Тістесуді анықтау қандай әдіске жатады?

  1. Динамикалық

  2. Статикалық

  3. Субъективті+

  4. Арнайы

  5. Функционалды


11. Меншікті ауыз қуысын қарап тексеру басталады:

  1. Жеке тістерді қараудан

  2. Тіс қатарынан

  3. шырышты қабатты қараудан+

  4. тістесуді қараудан

  5. жұмсақ тіндердің бекітілуін қараудан


12. Тіс-жақ аномалияларының эндогенді себебі:

  1. Генетикалық фактор+

  2. Физикалық фактор

  3. Химиялық фактор

  4. Жүкті әйелдің гестозы

  5. Зиянды әдеттер


13. Тіс-жақ аномалияларының экзогенді себебі:

  1. Генетикалық фактор

  2. Эндокринді фактор

  3. Тұқым қуалайтын аурулар

  4. Туа пайда болған жырықтар

  5. Ұрықтың қалыпты емес орналасуы+


14. Динамикалық әдіске СӘЙКЕС КЕЛЕТІН зерттеу:

  1. Шағымын жинау және қарап тексеру

  2. Паспорттық мағлұматтар

  3. Кіреберіс тереңдігі

  4. Функционалды сынама+

  5. Тістесуді қарау


15. Статикалық әдіске СӘЙКЕС КЕЛЕТІН зерттеу:

  1. Шағымын жинау және қарап тексеру+

  2. Функционалды сынама

  3. Мастикациография

  4. Ринопневмография

  5. Графикалық әдісі


16. Бет асиметриясының себебін анықтау үшін төменде көрсетілген сынамалардың

қайсысы ең ақпаратты болып табылады?

  1. Эшлер-Битнер сынамасы

  2. Суды жұту сынамасы

  3. Ильина-Маркосян сынамасы+

  4. «Еріндерін түтікке жинау сынамасыª

  5. Френкель бойынша сынама


17. Төменде көрсетілген клиникалық белгілердің барлығы дистальды окклюзияға тән,

БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

  1. Бірінші тұрақты азу тістердің қатынасы Энгль бойынша II класс

  2. Сагитальды саңылаудың болуы

  3. Жоғарғы фронтальды тістердің протрузиясы

  4. Жоғарғы тіс доғасының тарылуы

  5. Жоғарғы фронтальды тістердің ретрузиясы+


18. Нәресте 6 айлық, үлкен тесігі бар бөтелкемен жасанды тамақтандырылатыны анықталды.

Қандай патологияның дамуы ЕҢ ЫҚТИМАЛДЫ?

  1. Дистопия

  2. Дистальды тістесу+

  3. Тортоаномалия

  4. Мезиальды тістесу

  5. Айқасқан тістесу


19. Бала 2 жаста. Профилактикалық мақсатпен қарап тексеру жүргізілгенде басын жоғары

қойып ұйықтайтыны анықталған. Қандай тістесу түрінің дамуы ЕҢ ЫҚТИМАЛДЫ?

  1. Ортогнатиялық

  2. Айқасқан

  3. Тік

  4. Мезиальды+

  5. Дистальді


20. Бала 3 жаста. Бала бақшадағы тәрбиешісі баланың қолын ұртының астына қойып бір

жақ қырмен ұйықтайтынын байқаған. Қандай тістесу түрінің дамуы ЕҢ ЫҚТИМАЛДЫ?

  1. Ортогнатиялық

  2. Тік

  3. Мезиальды

  4. Дистальды

  5. Айқасқан+


21. Бала 3 жаста. Дәрігер-ортодонт анамнез жинағанда баланы жұмсақ ұсақталған

тағаммен тамақтандыратынын анықтаған. Қандай тістесу түрінің дамуы ЕҢ ЫҚТИМАЛДЫ?

  1. Ортогнатиялық

  2. Нейтральды

  3. Тік

  4. Терең+

  5. Ашық


22. Бала 5 жаста. Бала бақшада профилактикалық тексеру жүргізілгенде баланың тіл

үзеңгісінің айқын емес тартпалы екендігі, бірақ талшықтарының тілдің бұлшық еттерімен

жалғасып кетіп, тілдің қозғалысын шектейтінін анықталды.

Қандай тістесу түрінің дамуы ЕҢ ЫҚТИМАЛДЫ?

  1. Нейтральды

  2. Ортогнатикалық

  3. Тік

  4. Мезиальды

  5. Дистальды+


23. Бала 6 жаста. Бала бақшада профилактикалық тексеру жүргізілгенде баланың үнемі

аузын ашып жүретіні байқалған. Ауызбен ұзақ уақыт тыныс алғанда төменде көрсетілген

қандай зиянды әдеттің дамуы ЕҢ ЫҚТИМАЛДЫ?


  1. Үлкен саусағын сору

  2. Әртүрлі заттарды сору

  3. Жоғорғы ернін сору

  4. Тілдің тістердің арасында орналасуы+

  5. Ұрт және ернін тістеу


24. Бала 6 жаста, тілін тістерінің арасына қоятын зиянды әдеті бар. Төменде көрсетілген қандай аномалияның дамуы ЕҢ ЫҚТИМАЛ?

  1. Жоғарғы тіс қатарының кеңеюі

  2. Төменгі тіс қатарының тарылуы

  3. Тіс-альвеолалық ұзару

  4. Тістердің толық емес жарып шығуы+

  5. Алдыңғы бөлігінің тегістелуі


25. Дәрігер-ортодонттың жұмысына жатпайтын стоматологиялық аурулар:

  1. Тістер аномалиясы

  2. Тістесу аномалиясы

  3. Тіс қатарларының аномалиясы

  4. Тістердің орналасу аномалиясы

  5. Созылмалы жайылмалы пародонтит+


26. Толық алмалы-салмалы протездің негізгі бөліктері:

  1. сауыт, жасанды тістер, доға

  2. сауыт, аралық бөлік, доға

  3. табаны (базисі), жасанды тістер, кламмерлер+

  4. табаны, кламмерлер, вестибулярлық доға

  5. бюгель, табаны, кламмерлер, жасанды тістер


27. Толық алмалы-салмалы протезді науқастың аузына салған соң, ол бір апта өткеннен кейін шырышты қабықтың жарақаттанғанын ауырсынғанын айтады. Протез салғанда қандай ақыл-кеңесті айтпаған?

  1. ауызды күнделікті шаю қажеттілігін айтпаған

  2. протезді мұқиятты түрде күту керектігін айтпаған

  3. толық алмалы-салмалы протезді түзеп жөндеу үшін дәрігерге келесі күні келу керектігін айтпаған

  4. протезді дұрыс сақтау керектігін ескертпеген

  5. протезді жөндеу үшін үш күннен кейін келуді айтпаған


28. Толық алмалы-салмалы протездің табаны қандай жағдайда өз пішінін өзгертеді, деформацияға ұшырайды?

  1. пластмассаның құрамындағы заттар дұрыс мөлшерде алынбаған жағдайда

  2. протез базисінің қалыңдығы дұрыс мүсінделген жағдайда

  3. пластмассаның полимеризациясы бұзылған жағдайда

  4. протез жөнді өңделген, тегістелген, жылтыратылған

  5. протездің базисі дұрыс жағдайда



29. Толық алмалы-салмалы протездің ауыз тіндеріне әсері қандай болады?

  1. қалай болса солай болады

  2. тікелей болады

  3. жанама болады

  4. кері болады

  5. әртүрлі болады


30. Толық алмалы-салмалы протездің жанама әсері қандай тіндерде байқалады?

  1. протез жайғасатын орындағы тіндерде байқалады

  2. протезге тимей алыс жатқан тіндер мен ағзаларда байқалады

  3. шықшыт буында, ішек-қарында, жүйке тамырларында байқалады

  4. ішек-қарында, жүрек-қан тамарыларында байқалады

  5. протез орнындағы тіндерде, ағзаның барлық мүшесінде байқалады


31. Толық алмалы-салмалы протездің ауыз тіндеріне әсері қандай?

  1. жарақаттандырады, уландырады, аллергиялық және басқа қосымша әсер етеді

  2. тітіркендіреді, бірақ дұрыс тітіркендірмейді, яғни тіннің тітіркенуі протездің зиянды әсеріне сәйкес келмейді

  3. әртүрлі әсер етеді

  4. жайлы әсер етеді

  5. химиялық жолмен уландырады, механикалық жолмен жарақаттандырады


32. Алмалы-салмалы протездің улағыш әсері неге байланысты?

  1. протездің құрамындағы полимердің аздығына байланысты

  2. протездің құрамындағы полимердің көптігіне байланысты

  3. протездің құрамындағы мономердің көптігіне байланысты

  4. протездің құрамындағы гидрохинонның көптігіне байланысты

  5. протездің құрамындағы бояғыш заттардың көптігіне байланысты


33. Протездің аллергиялық әсері неге байланысты?

  1. протез жадығатының протез астындағы тіндердің ақуызына әсер етуден пайда болған аллергенге байланысты

  2. улағыш заттарға байланысты

  3. ауыз тазалығын сақтамауына байланысты

  4. жалпы соматикалық ауруларға байланысты

  5. сапасыз жасалған протезге байланысты


34. Толық алмалы-салмалы протезден болатын қабынуды не деп атайды?

  1. протез орны тіндерінің реакциясы дейді

  2. тұрақты дымқылдану (парниковой эффект) дейді

  3. протездік стоматит дейді

  4. протез орны тіндерінің ауруы дейді

  5. төзбеушілік дейді


35. Науқас толық алмалы-салмалы протезге үйрену кезеңінде ұрттың шырышты қабығын тістейтінін, сөйтіп шырышты қабығының жарақаттанғанын айтады. Ол жарақаттанудың себебі не?

  1. тістем биіктігі жоғарылаған

  2. тістем биіктігі төмендеген

  3. жасанды тістер дөңес-сызаттық (фиссурно-бугорковый) түйіспеде түйіседі

  4. өңес-сызаттық түйіспенің болмауынан

  5. жасанды тістер арасында тығыз окклюзиялық түйіспенің болмауынан

36. Науқас протезге үйрену кезеңінде «с» дыбысын дұрыс шығара алмайды. Протездің қай жерін жөндеп түзету керек?

  1. 13,12,11,21,22,23 тістер аймағындағы өтпелі қатпар тұсын жөндеу керек

  2. төменгі алдыңғы тістердің тіл беті тұсын жөндеу керек

  3. протез таңдай бетінің алдыңғы үштен бір тұсын жөндеу керек

  4. таңдайдың ортаңғы үштен бір тұсын жөндеу керек

  5. протездің дистальді шекара тұсын жөндеу керек


37. Төменгі жақ сүйекке салынған толық алмалы-салмалы протез кезінде үзбесі не себептен жарақаттанады және протез не себептен ауыздан шығып кете береді?

  1. тіл астындағы протездің шеті ұзынырақ болған соң

  2. тілдің үзбесі жақсы дамыған соң

  3. қымтағыш қақпаны жасарда тіл үзбесі биік орналасып кедергі болған соң

  4. протез табаны қалың болған соң

  5. толық алмалы-салмалы протез жөнді өңделмей жылтыратылмаған соң


38. Толық алмалы-салмалы протезді ауызға кигізу кезінде науқас жоғарғы ерні салбырап, түрінің қарт адамның түрі сияқты боп көрінетінін айтады. Сонда орталық окклюзияны анықтаудың қай кезінде қате жіберілген?

  1. тістем білігін дайындау кезінде альвеоларлық өскін семуі ескерілмеген

  2. қате альвеола доғасының алдыңғы бөлігінде үстіңгі тістем білігінің қалыңдығы мен ерін жақ иінін қалыптастыру кезінде жіберілген

  3. қате жоғарғы еріннің қызыл жиегі бойынша альвеола доғасының алдыңғы бөлігінде үстіңгі тістем білігінің биіктігі мен ерін жақ иінін қалыптастыру кезінде жіберілген

  4. қате төменгі жақ сүйек алға жылжыған кезде және жақ сүйектерді орталық окклюзияда бекіткен кезде жіберілген

  5. қате алдыңғы тісті салу кезде оны жасанды қызылиекке (етке) бекітпей, протездің базисіне тікелей бекіту кезінде (приточка) жіберілген


39. Толық алмалы-салмалы протездің окклюзиясын жөндеп түзеу қандай мақсат үшін керек?


  1. төменгі жақты біркелкі қозғалысқа келтіру үшін керек, мұндай жағдайда барлық тіс бір-бірімен бір қалыпты өзара түйісетін болады

  2. дикцияны жақсарту үшін керек, мұнда барлық тіс бір-бірімен бір қалыпты өзара түйісетін болады

  3. беттің төменгі бөлігінің қалпына келтіру үшін керек, мұнда барлық тіс бір-бірімен бір қалыпты өзара түйісетін болады

  4. дұрыс сөйлеу үшін керек

  5. беттің төменгі бөлігін қалпына келтіру үшін керек


40. Толық алмалы-салмалы түзеп жөндеу кезінде функциональді сынамаларды не үшін қолданады?

  1. базистің шекарасын түзеп жөндеу үшін

  2. окклюзияны түзеп жөндеу үшін

  3. тістем биіктігін анықтау үшін

  4. жақ сүйектердің орталық ара қатынасын анықтау үшін

  5. жасанды тістерді түзеп жөндеу үшін


41. Толық алмалы-салмалы протезді дайындағанда жақ сүйектердің орталық ара қатынасын анықтап, дұрыс бекітпеудің белгілері қандай?

  1. алдыңғы (фронтальді) тістердің өзара түйісуі және бүйір тұстағы тістердің бірден түйісуі

  2. протездің орнықтылығы мен эстетикалық ойдан шығуы

  3. сөйлегенде тістердің бір-бірімен тиісіп тұруы

  4. окклюзия аралық саңылаудың болмауы

  5. алдыңғы (фронтальді) бөлімдегі тістер бір-бірімен тығыз түйісе тұра, шайнау тістерінің бір-бірімен түйіспеуі


42. Толық алмалы-салмалы протездің шекарасын сызғанда «А» сызығы қандай бағдарды көрсетеді?

  1. протездің артқы шекарасын көрсетеді

  2. жоғарғы жақ сүйекке тіс қатарын қалай дұрыс құруды көрсетеді

  3. алдыңғы тістерді қалай салуды көрсетеді

  4. тістем биіктігін анықтау бағытын көсетеді

  5. ол сызықтың ешқандай маңызы жоқ


43. Алмалы-салмалы протездің ту сыртындағы шекарасын анықтау кезде «А» сызығы бағдар болады. Сонда протездің шеті қалай жатуы керек?

  1. «А» сызығына 5мм жетпеуі керек

  2. «А» сызығына 1-2мм жетпеуі керек

  3. «А» сызығымен шектелгені дұрыс

  4. «А» сызығын 1-2мм жаба түскені дұрыс

  5. «А» сызығын 5мм жаба түскені дұрыс


44. Толық алмалы-салмалы протездің балауыз құрылымын тексергенде, орталық окклюзияның орына бүйірлік окклюзия анықталған. Не істеу керек?

  1. жаңа қалып алу керек

  2. жақ сүйектердің орталық ара қатынасын қайта анықтау керек

  3. тістем биіктігін қайта анықтау керек

  4. басқа тістерді салу керек

  5. дайын болған протез тістемін жөндеп, түзету керек


45. Толық алмалы-салмалы протезді науқасқа салғаннан кейін жөндеп түзету үшін (коррекциялау) үшін науқас дәрігерге қашан келу керек?

  1. 2 күннен кейін

  2. 1 күннен кейін

  3. келесі күні

  4. ауыруды сезген кезде

  5. 1 аптадан кейін


46. Толық алмалы-салмалы протезді дайындаудың қандай клиникалық кезеңінде протездің функционалды-жабыспалық қасиеті қамтамасыз етіледі?

  1. анатомиялық қалып алу кезеңінде

  2. функционалдық қалып алу кезеңінде

  3. жақ сүйектердің орталық ара қатынасын және тістем биіктігін анықтау кезеңінде

  4. протезді науқастың аузына салу кезеңінде

  5. жасанды тістерді салған кезде


47. Толық алмалы-салмалы протезді бекіткенде ненің мәні шамалы?

  1. анатомиялық бүкпелер (ретенция)

  2. заттардың бір-біріне жабысуы (адгезия)

  3. заттардың бір-біріне сорылуы

  4. жасанды тістерді жөндеп орналастыру

  5. науқастың жасы мен жынысы


48. Толық алмалы-салмалы протез қандай тінге тікелей әсер етеді?

  1. қарама-қарсы орналасқан табиғи тістерге әсер етеді

  2. протез астындағы шырышты қабыққа әсер етеді

  3. қарама-қарсы орналасқан тістердің кіреукесіне, қызыл иек шырышты қабығына әсер етеді

  4. тіс сауытына, альвеолалық өскінге, жұмсақ таңдайға әсер етеді

  5. тілге, жоғарғы және төменгі еріндердің үзбесіне әсер етеді


49. Науқас толық алмалы-салмалы протез базисінің сынғанын айтады. Сынық базисті қайтадан жөндеуге болады егер?

  1. сынық бөліктер орнына дұрыс қойылмаса

  2. сынық бөліктер орнына дәл қойылмаса

  3. сынық бөліктер орнына жақсы қойылса

  4. сынғанда 3-4 бөліктер пайда болса

  5. бұрын протез 3 рет жөнделген болса


50. Науқасқа толық алмалы-салмалы протезді тапсырып жатқанда не істеу керек?

  1. протезді түрпілеуге арналған ұнтақпен тазалау керек

  2. протездің иісін кетіру (дезодарация) жасау үшін және протезді антисептикалық етіп өңдеу үшін оны 5% сірке суына түнде салып қою керек

  3. сабынды суға салып қою керек

  4. протезді тіс сықпасымен немесе тіс ұнтағымен жуып тазалау керек

  5. протезді ыстық суға салып тазалау керек


51. Алтын қорытпасынан жасалған көпір тәрізді протезді дәнекерлеу үшін қолданылатын дәнекердің негізгі элементтері қандай?

  1. 750 алтын қорытпасының сынамасы

  2. 900 алтын қорытпасының сынамасы

  3. күміс палладий қорытпасының 250 сынамасы

  4. алтын қорытпасының 855 сынамасы

  5. күміс-палладий қорытпасының 500 сынамасы


52. Көпір тәрізді протезді дәнекерлеуден кейін оны ағарту үшін қандай ерітінді пайдаланылады?

  1. азот қышқылы

  2. тұз қышқылы+

  3. спиртпен

  4. күкірт қышқылы

  5. сілті ерітіндісі


53. Пластмассалы көпір тәрізді протездерді немен жылтыратады?

  1. МОИ (ГОИ пастасымен)+

  2. пемзамен

  3. мономермен

  4. спиртпен

  5. эфирмен


54. Тот баспайтын болаттан жасалған көпір тәрізді протездің тетіктерін дәнекерлегенде қандай дәнекер пайдаланылады?

  1. латун қосылған

  2. палладий қосылған

  3. никель қосылған

  4. Цитрин дәнекері

  5. 37 МЦ-күміс дәнекері


55. Жасанды сауытты қай пластмассадан жасайды?

  1. норакрил

  2. акрилоксид

  3. карбодент

  4. синма – М+

  5. фторакс


56. Алынбайтын металды керамикалық құрылымға қолданылатын қалыптық материал:

  1. стенс, зетаплюс, ғаныш

  2. стомальгин, ғаныш, стенс

  3. дентофлекс, стоматофлекс, синдекс, зетаплюс

  4. ғаныш, стенс+

  5. ғаныш, синдекс


57. Көпір тәрізді протезді ағарту, тегістеу, жылтырату қай технологиялық кезеңге жатады?

  1. 1

  2. 2

  3. 3+

  4. 4

  5. 5


58. Металл көпір тәрізді протезді (оның аралық бөлігін, құймаларды) немен жылтыратады?

  1. пемзамен

  2. ғанышпен

  3. стеаринмен

  4. вазилин майымен+

  5. МОИ (ГОИ) пастасымен


59.Көпір тәрізді протезді жылтырату үшін не қолданылады?

  1. сукно

  2. жібек

  3. мақта-мата жібін

  4. киіз дөңгелек (фильці)

  5. дөңгелек щетка+


60. Дәнекерленген көпір тәрізді протездің аралық бөлігін қай кезде мүсіндейді?

  1. тірек тістерді мүсіндер алдында

  2. тірек тістермен бірге мүсіндейді

  3. дәрігер тірек тістерді шақтап кигізіп болған соң+

  4. тістем күйінде қалып алғаннан соң

  5. сауытты шақтап көргеннен кейін


61. Көпір тәрізді протездің бірнеше тірек сауыттарын жасаған кезде штиф-тер мен радалар

бір-біріне қарағанда қалай орналасуы керек?

  1. қиғаш бұрышпен

  2. сүйір бұрышпен

  3. бір-біріне параллель бұрышпен+

  4. бір-біріне паралелль

  5. тік бұрышпен


62. Көпір тәрізді протезді дайындауда алтынның қай сынамасы қолданылады?

  1. 1000

  2. 585

  3. 750

  4. 900+

  5. 533


63. Ұстап тұратын кламмер дайындауда алтын қорытпасының қай сынамасы қолданылады?

  1. 1000-шы сынамасы

  2. 585-ші

  3. 750-ші

  4. 900-ші+

  5. 533-ші

64. Көпір тәрізді протездің тетіктерін дәнекерлегенде оларды немен желімдейді?

  1. жай балауызбен

  2. мүсіндегіш балауызбен

  3. бюгельді балауызбен+

  4. карнауб балауызбен

  5. жабысқақ балауызбен


65. Көпір тәрізді протездің тетіктерін бір-біріне дәнекерлеу үшін қалай ғаныштайды?

  1. тірек сауыттары мен аралық бөлігін толығымен ғаныштайды

  2. сауыттарын толық жабады, аралық бөлігін ашық қалдырады

  3. сауыттарын ашық қалдырады, аралық бөлігін ғанышпен жабады

  4. тірек сауыттардың 2/3 бөлігі мен аралық бөліктің дәнекерленетін тұстарын ашық қалдырады

  5. тек қана ерін бетін жабады, аралық бөлік ашық қалады+


66. Көпір тәрізді протезді дәнекерлеу үшін тетіктерін қай жадығатпен оқшаулайды?

  1. супер ғанышпен

  2. жай медициналық ғанышпен

  3. 4/1-не маршалит араластырылған ғанышпен

  4. 3/1-не кварц ұнтағы араластырылған ғанышпен+

  5. пішіндегіш масса араластырылған ғанышпен


67. Көпір тәрізді протездің тетіктерін бір-біріне дәнекерлегенде тетіктер бір бірімен не арқылы байланысады?

  1. химиялық реакциялар арқылы

  2. механикалық әдіс арқылы

  3. дәнекер молекулаларының қорытпаға қарай диффузиялануы арқылы

  4. қыздырып біріктіру арқылы

  5. дәнекер молекулаларының адгезиялануы арқылы+


68. Дәнекерленген жерді немен өңдейді?

  1. жіңішке майда егеумен (надфильмен)

  2. жәй егеумен (напильникпен)

  3. зімпара қағазбен+

  4. борлармен және карборунд тегершіктерімен(дискілермен)

  5. фрезамен


69. Көпір тәрізді протезді ағарту уақыты қанша?

  1. 10 мин

  2. 8 мин

  3. 5 мин

  4. 4 мин+

  5. 1 мин


70. Металл көпір тәрізді протезді немен тегістейді?

  1. жіңішке майда егеумен

  2. жәй майда егеумен (надфильмен)

  3. жәй егеумен (напильникпен)

  4. імпара қағазбен (наждачная бумага)

  5. резіңке дөңгелекпен+


71. Металды пластмассалы синма-74, синма-М пластмассалары мен металл арасында қандай байланыс болады?

  1. механикалық

  2. химиялық

  3. құрамдастырылған

  4. диффузиялық

  5. физикалық+


72. Тіс техникалық зертханада протез жасау үшін фарфорды күйдірудің қандай тәсілі қолданылады?

  1. фарфорды вакуумде күйдіру+

  2. фарфорды газбен күйдіру

  3. фарфорды қысыммен күйдіру

  4. дәнекер қосып күйдіру

  5. арнайы пеште жарықпен полимерлеу


73. Металды керамикалық және металды пластмассалық протез жасау үшін қандай ғаныштан мүсін құяды?

  1. табиғи ғаныштан+

  2. тез балқитын металдан

  3. суперғаныштан

  4. кварцтан

  5. медициналық ғаныштан


74. Штампталған металл сауытты дайындаудың 1-зертханалық кезеңі:

  1. мүсінді құю, бағаналарды жасау, қалыптау

  2. сауытты мүсіндеу

  3. балауызды пластмассаға ауыстыру+

  4. сауытты жылтырату

  5. окклюзиялық біліктерді дайындау


75. Анатомиялық қалып алу үшін қандай қалыптық масса керек?

  1. ғаныш, силиконды масса+

  2. композиттік масса

  3. альгинатты, силиконды масса

  4. эвгенолды, термопластиналық масса

  5. полимерлік масса


76. Бюгельді протез жасағанда отқа төзімді мүсінді қосарластырған (дублирование) кезде жұмысшы ғаныш мүсінінің кемерлерін немен толтырады?

  1. қарапайым ғанышпен

  2. жоғарғы сапалы ғанышпен

  3. балауызбен+

  4. отқа төзімді массамен

  5. мольдинмен


77. Күрделі құрылымды бюгельді протездің қаңқасын қандай мүсінде мүсіндеген жөн?

  1. отқа төзімді мүсінде

  2. ғанышты мүсінде

  3. аралас мүсінде+

  4. құрамдастырылған мүсінде

  5. металл мүсінде


78. Бюгельді протездің қаңқасын жұмысшы ғаныш мүсінде шақтап көргенде нені ескерген жөн?

  1. қаңқаны тек қана перпендикулярлы бағытта енгізу керек

  2. параллеометрияда таңдап алынған енгізу жолдарын ескерген жөн

  3. көлденең бағытта енгізу керек

  4. тік бағытта енгізу керек

  5. орташа бағытты ескерген жөн


79. Бюгельді протез қаңқасының ершігі қай жерде орналасуы керек?

  1. альвеола өсіндісі қырының үстінде

  2. альвеола өсіндісінің ұшындағы оральді қырында

  3. альвеола өсіндісінің вестибулярлы қырында

  4. альвеола өсіндісінің вестибулярлы қырында

  5. вестибулярлы ылди мен қыры үстінде


80. Төменгі жақ-бет жүйесіндегі (ТЖБЖ) тіс протезі шырышты қабық пародонт тістің өзара оңтайлы физиологиялық қызметін сақтайтын тіс протезін атаңыз?

  1. тіс салмасы жартылай сауыт, толық сауыт

  2. көпір тәрізді протез

  3. пластиналық протез, толық сауыт

  4. штифті тістер, салма

  5. доғалы (бюгельді) протез


81. Қанша тіс жоқ болғанда доғалы протезбен емдеу керек?

  1. 4-9 тіс

  2. 1-4 тіс

  3. 9-13 тіс

  4. 3-10 тіс

  5. 13-15 тіс


82. Доғалы протездің тіреп-ұстап тұратын кламмері қаңқаның ертоқымымен тұрақты берік қосылған кезде (стабильді) протез астындағы қандай тіректі тіндерге қысым көп түседі?

  1. тістің өзіне

  2. тіс пен шырышты қабыққа

  3. шырышты қабыққа

  4. альвеола өсіндісіне

  5. пародонтқа


83. Доғалы протездің тіреп-ұстап тұратын кламмері қаңқаның ертоқымымен босаңдау (лабильді) түрде қосылған кезде протез астындағы қандай тіректі тіндерге қысым көп түседі?

  1. тістің өзіне

  2. тіс пен шырышты қабыққа

  3. шырышты қабыққа

  4. альвеола өсіндісіне

  5. пародонтқа


84. Доғалы протездің тіреп-ұстап тұратын ілгері қаңқаның ертоқымымен жартылай босаңдау (полулабильный) түрде қосылған кезде протез астындағы қандай тіректі тіндерге қысым көп түседі?

  1. тістің өзіне

  2. тіс пен шырышты қабыққа

  3. шырышты қабыққа

  4. альвеола өсіндісіне

  5. пародонтқа


85. Тіс-жақ-бет жүйесінің шайнау тиімділігін тіректі (бюгельді) протез қаншалықты қалпына келтіреді?

  1. 55-70 ℅ -ке

  2. 70-90℅ -ке

  3. 35-100℅ -ке

  4. 45-55℅ -ке

  5. 90-95℅ -ке


86. Тіректі доғалы протезге науқас қанша уақытта бейімделеді?

  1. 2 аптаға дейін

  2. 2 тәулікке дейін

  3. 1 тәулікке дейін

  4. жарты айдан 1,5 айға дейін

  5. 3 аптаға дейін


87. Доғалы протездің кламмерлері қандай бөліктен тұрады?

  1. иық, дене, окклюзиялық бастырма

  2. дене, өскін, иық

  3. дене, иық, өскін, окклюзиялық бастырма

  4. окклюзиялық бастырма, өскін, доға

  5. өскін, иық, доға


88. Тіс қатарының кетігіне протез саларда және алмалы-салмалы шендеуіш саларда қандай протез қолданылады?

  1. көпір тәрізді протез

  2. доғалы протез

  3. пластиналы протез

  4. иммидиат протез

  5. шендеуіш


89. Бюгельдi протез жасау үшiн қандай металл қорытпалар пайдаланады?

  1. хромды-никельдi қорытпа

  2. кобальт-хромды қорытпа

  3. 900-сынамалы алтын негiзiдегi қорытпа

  4. 750-сынамалы алтын негiзiдегi қорытпа

  5. тоттанбайтын болат


90. Алынбалы протездегi иiлмелi кламмерлердi неден жасайды?

  1. 900-сынамалы алтын қорытпасынан

  2. кадмийi бар 750-сынамалы алтын қорытпасынан

  3. платина бар 750-сынамалы алтын қорытпасынан

  4. күміс-палладий қорытпасынан

  5. хром-никель қорытпасынан


91. Жасанды тіс қатарларын құрастырғанда төменгі жақ сүйек қандай пішінде болу керек?

  1. жартылай эллипс пішінді

  2. эллипс пішінді

  3. ромб пішінді

  4. трапеция ретінде

  5. парабола пішінді


92. Жасанды тіс қатарын құрастырғанда жоғарғы жақ қандай пішінде болу керек?

  1. парабола пішінді

  2. эллипс пішінді

  3. жартылай эллипс пішінді

  4. трапеция

  5. ромб пішінді


93. Протезді қандай мақсатпен тегістейді?

  1. артық жерлерін алу үшін

  2. бетіндегі кедір-бұдырлары, сызат-сызықтарды тегістеу үшін

  3. коррозиялық тұрақтылықты арттыру үшін;

  4. электр өткізгіштігін артыру үшін;

  5. беріктігін арттыру үшін

94. Протезді тегістеуге және жылтыратуға арналған жадығаттардың аты қандай?

  1. полимерлі;

  2. абразивті;

  3. вулканизирлеуші;

  4. қалыптағыш (формировочные);

  5. ыстыққа төзімді


95. Протезді тегістеу барысындағы абразиевтің қаттылығы мен беріктілігі өңделініп жатқан жадығатқа сәйкес болуы керек пе?

  1. иә

  2. одан берік болу керек

  3. одан жұмсақ болу керек

  4. оған пара-пар болу керек

  5. морт сынғыш болу керек


96. Қандай аспапты тістерді тексеру үшін қолдануға болмайды?

  1. тік пинцет

  2. зонд

  3. стоматологиялық айна

  4. шпатель

  5. бұрышты пинцет


97. Жоғарғы жақтан қалып алудың кезектігі:

  1. +жоғарғы жақтың дистальді бөлігінен бастайды

  2. жоғарғы жақтың алдыңғы бөлігінен

  3. жоғарғы жақтың оң жағынан

  4. жоғарғы жақтың сол жағынан

  5. қасықты біркелкі басу арқылы

98. Науқасты тексеріп қарау барысында ортопед-дәрігердің қолданатын аспаптары қандай?

  1. зонд, айна, пинцет

  2. зонд, тегістегіш, экскаватор

  3. айна, штопфер, тегістегіш

  4. пинцет, экскаватор

  5. ұлпа алғыш, пинцет, экскаватор


99. Қатты таңдай мен жұмсақ таңдай қосылған жерді не деп атайды?

  1. өтпелі қатпар деп атайды

  2. «А» сызығы деп атайды

  3. арнайы атауы жоқ

  4. қатты таңдай жігі деп атайды

  5. қанат-жақ сүйектік қатпар деп атайды


100. Аузында түк тісі жоқ науқастың бет пішінін не үшін анықтау керек?

  1. жасанды тістің түсін анықтау үшін керек

  2. +әр бет-пішінге белгілі бір тіс түрі сәйкес келетіндіктен анықтау керек

  3. протез құрылымын таңдау үшін керек

  4. тістем биіктігін анықтау үшін керек

  5. жақ сүйектердің орталық ара қатынасын анықтау үшін керек







Оқытушы ____________ Оспанова А.К