ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 22
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспар | ||||||||||||||||
| Мектеп: №2 Қазанбасы орта жалпы білім беретін мектебі | |||||||||||||||
Күні: 05.05.2021 | Мұғалімнің аты-жөні: Сыздыкова Қарлыгаш Кадировна | |||||||||||||||
Сынып: 7 | Қатысқандар: 3 | Қатыспағандар: 0 | ||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Қиял-ғажайып ертегілері | |||||||||||||||
Оқу мақсаттары | Т/А1. Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау | |||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар орындай алады: Ертегіні түсінеді, мазмұн біледі. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Мәтін бөлігін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжайды. Кейбір оқушылар орындай алады: Шығарманы өз қиялымен аяқтап, тұжырымдайды. | |||||||||||||||
Бағалау критерийлері | • Мәтін үзінділерін пайдаланып, оқиғаны дамытады; • Аяқталуын болжайды. | |||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады: оқушылар өз пікірлерін, көзқарастарын, болжамдарын өзіндік дағдыларына сүйене отырып, ойын еркін жеткізе алады. Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер Қиял, тазы, торы бие, батыр, даурығу Талқылауға арналған сұрақтар:
| |||||||||||||||
Құндылықтарға баулу | Өзгелердің көзқарастарына құрметпен қарауды, ізеттілітікті, бірлесе жұмыс жасауды оқушы бойына дарытуға бағыттау. | |||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Халық ауыз әдебиеті, өзін-өзі тану | |||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Фантастика, соның ішінде ғылыми фантастика туралы түсініктері бар. | |||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | ||||||||||||||
Сабақтың басы 2 мин 4 мин | Психологиялық дайындық. «Тілек сөздер айту» Топқа бөлу. «Миға шабуыл» әдісі. Қиял ғажайып ертегілердің кейіпкерлері арқылы топқа бөлемін. 1. Таусоғар, Көлтаусар, Саққұлақ, Ертөстік, Желаяқ. 2. Ұшқыш кілем, Алладин, жын, Жасмин 3. Шрек, Фиона, есек, мысық 4. Күлше қыз, Ханзада, асқабақ, Өгей шеше С. Тыңдалым алдындағы тапсырма. 1-тапсырма. «Болжау» әдісі Бұл суреттерден нені байқаймыз?
Тақырыпқа болжау жасап көрейікші... ҚБ Өзіндік ойын еркін, жүйелі жеткізе алған оқушыларға мұғалім тарапынан қолдау, мақтау сөздер айтылады: Жарайсың! Керемет! Өте жақсы! Оқушылар тақырыпты болжаған соң, сабақтың мақсатымен танысады. | Кейіпкер суреттері Илюстрация-лық материалдар | ||||||||||||||
Сабақтың ортасы 14 мин 8 мин 7 мин | Тыңдалым кезіндегі тапсырма. 2-тапсырма «Бағытталған оқу» әдісі ТЖ. «Құланайжарқын» ертегісін тыңдайды. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Тыңдалған үзіндідегі оқиғаны әрі қарай болжап, өз сөзіңізбен дамытыңыз, сосын түпнұсқасымен салыстырыңыз. Құланайжарқын Баяғыда бір кемпір мен шал болыпты. Бұлардың торы биесі күніге бір құлын туады екен. Сол құлынды жалмауыз кемпір күнде жеп қояды. Бір күні кемпірі шалына: «Осы биенің өсімі жоқ, сойып алайық»,—дейді. Торы биенің досы—осы үйдің бір тазысы болады. Жаңағы шал осы тазыны торы биеге жібереді. Тазы биеге келіп жылайды: «Енді екеуміз дос бола алмаймыз. Сені соятын болды. Мені саған жіберді»,—дейді. Торы бие: «Сол ма сенің келгенің? Оған қиналма, менімен шын дос болсаң, мені союға апарып «арқан әкел» дегенде үзілетін әлсіз жіп әкел, «пышақ әкел» дегенде өтпейтін пышақ әкел, ал өзің менің құйрығымнан тартып тұр»,—дейді. Тазы торы биені шал-кемпірге алып келеді. Торы биені құбылаға қаратып жығып, тазының әкелген жібімен аяғын буып, тазыға торы биенің құйрығын ұстатып қояды. Шал өтпейтін пышақпен бауыздайын деп жатқанда, торы бие мен тазы аққу болып ұшып кетеді. (Әрі қарай не болуы мүмкін? Қалай ойлайсыздар?) Ж; Ж/Ж Бір жерлерге келіп «аққулар» қонады да, баяғы қалыптарымен біреуі тазы, біреуі торы бие болып, дос болумен жүре береді. Торы бие күніге бір құлын туып, жылқы көбейе береді. Бұларды қасқырлардан, жыртқыш аңдардан қорғаушы тазы болады. Жылқылардың саны көбейген сайын тазының ісі қиындап, бір күні торы биеге келіп: «Енді маған адам тауып бер»,—деп жалынады. Торы бие: «Ол үшін сен адамның басқан ізінен бес уыс топырақ әкеп бер, сонда саған адам жасап берейін»,—дейді. Айтқанындай, тазы адам басқан жерден бес уыс топырақ әкеледі. Торы бие бұған адам жасап береді. Бұның атын Құланайжарқын қояды. Ол аса мерген, сондай батыр болады. Жүрген жеріне ешкім келе алмайды. Жылқыны тазы екеуі қорғап жүреді. Бір күні бұлар далада жүргенде бір үйдің үстінен шығады. Бұл үйдің ішінде үш қыз отырады. Жаңағы үш қыз Құланайжарқыннан қорқады. Құланайжарқын бұларды өлтірмекші болады, бірақ жаңағы үш қыз жылап қоя береді. «Сіздердің астарыңызды пісіріп жүретін болайық»,—деп жалынады. Батыр бұған келіседі. Ол аң атып, әрі жылқыларын бағып жүре берді. Бір күні қыздар тамақ пісіріп жатқанда қазанның астындағы от сөніп қалады. Енді бұлар қорқып үйдің үстіне шығып тұрса, бір түтін алыстан шұбатылып көрінеді. Бұған үш қыз жүгіріп барады. (Оқиға әрі қарай қалай өрбуі мүмкін?) Келсе, жаңағы от мыстан кемпірдің оты болып шығады. Қыздар от алып үйлеріне келіп, Құланайжарқынның алдынан ас пісіріп қояды. Осыдан кейін мыстан кемпір мен қыздардың үйінің арасына тас жол салынады. Мыстан кемпір күнде қыздарға келіп басын қаратып тұрады. Басын қыздардың тізесіне салып, қанын сорып алады да үйіне кетеді. Бір күні батыр қыздарға: «Сендер неге жүдеусіңдер, әлде менен қорқып ас ішпейсіңдер ме?»,—дейді. Қыздар: «Мыстан кемпір келіп, күнде біздің қанымызды сорып алады»,—деп жауап қайтарады. «Олай болса, мен осында бүгінше қалайын, сендер айтпаңдар, мыстан келіп «батырдың иісі шығып тұр ғой» десе, сендер жаңа кетіп еді, және үйде көйлегі тұр деңдер»,—дейді. Батыр кілемнің астына жасырынып қалады. Күндегі мезгілінде мыстан кемпір келеді де: «Үйден батырдың иісі шығып тұр, кірмеймін»,—деп даурығады. Қыздар батырдың айтқанын айтады. Мыстан үйге келіп отыра бергенде, Құланайжарқын шығып, мыстан кемпірді буып тастайды. Өзі ертесіне аңға шығып кетеді. (Сіздер айтқандай оқиға болды ма? Әлде өзгерді ме? Ары қарай мыстан кемпір не істеуі мүмкін?) Жаңағы мыстан кемпір қолы байлаулы үйде қалады. Қыздар қасында тұрып мыстан кемпірге сылқ-сылқ күледі. Біреуі абайламай жүріп, мыстанның қасына отыра қалады. Мыстан кемпір оны аяғымен теуіп өлтіреді. Екіншісін де сүйтеді. Үшіншісі қорыққанынан мыстан кемпірдің қолын шешіп жібереді. Жаңағы қызды ертіп алып мекеніне қарай тайып отырады. Батыр келгенде осындай жағдайды көріп, бұған таң қалады. (Оқиға қалай аяқталуы мүмкін? Сен қалай аяқтар едің?) Батыр бір қыздың киімін киіп, тас жолменен мыстанға барады да: «Мен де қызың, Құланайжарқын қорлық көрсетті, енді саған келдім, шешеке!»—дейді. Мыстан кемпір бұған сеніп үйіне кіргізеді. Бір күні Құланайжарқынға басын қаратады. Мыстан кемпірдің басын батыр жарып өлтіреді. Сосын қызбенен бұрынғы мекеніне келеді. Екеуі қосылып, бай болып, барша мұратына жетеді.
ҚБ Оқиға желісін болжап, әрі қарай өз ойын айтқан оқушылар смайликтер арқылы бағалаланады. Саралау жұмысы: Оқушы оқиға желісін болжауда қиналса, өз тарапымнан жетелеуші сұрақтар қою арқылы қолдау көрсетемін. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма 3-тапсырма ТЖ. Топтарға жеке тапсырмалар беріледі. 1-топ: ПОПС талдауы 1. Менің пікірімше, ... 2. Оның негіздері ... 3. Мысал, ... 4. Қорытынды ... Мыстанның басын жарып өлтірген Құланайжарқын бақытты өмір сүруге лайық па? 2-топ: Ойланып жауап беретін сұрақтар әзірлеу. 3-топ: Дискуссиялық карта «Үшінші қыздың мыстан кемпірдің қолын шешіп жібергені дұрыс па?»
4-топ: Екі жақты күнделік
Саралау жұмысы: Бұл тапсырманы орындау барысында оқушыларға өз қабілеттеріне қарай таңдауға мүмкіндік беремін. «Аквариум» әдісі Әр топ өз жүмыстарын ұсынады, қалған топтар тыңдайды. ҚБ «Үш шапалақ» әдісі | http://adebiportal.kz/kz/books Мұғалім презентация-сы | ||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Оқу мақсаты мен бағалау критерийлеріне кері ораламын. • Мәтін үзінділерін пайдаланып, оқиғаны дамытады; • Аяқталуын болжайды. Кері байланыс: «Алма ағашы» әдісі - Сабақта не қызықты болды? - Қандай тапсырма ұнады? - Қандай тапсырма қиын болды? | Мұғалім презентация-сы |