Файл: Жолдарды жобалауда детте аэрофототсіру жмыстарыны ны жалпы жоба ныны шамамен 3,5 4,5% те.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 01.12.2023

Просмотров: 18

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

АЭРОСУРЕТТЕРДЕ ТҮЗУЛЕРДІ, БҰРЫШТАРДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖАЗЫҚ ПРОЕКЦИЯЛАРЫН ӨЛШЕУ. ЖЕКЕ МАСШТАБТАРЫН АНЫҚТАУ
Аэрофототүсіру жұмыстары жобалау мекемелерінің белгілеген техникалық талаптарын сақтап берілген масштабқа, аппараттардың фокустық аралығына сәйкес әуеден түсіру маршруттары бекітілген ұшу картасы бойынша жүргізіледі.

Автомобиль жолдарын, көпірлі өткелдерді, көпірлер мен аэродинамикаларды жобалау кездерінде сақталатын техникалық талаптарға мыналар жатады:

Аэрофотоаппараттардың объективтерінің ажырату қабілеті фокустық аралығы 55, 70, 100 мм тең объективтер үшін, ортасында 25-30 сызықтан, шетінде 8-10 сызықтан кем болмауы тиіс, фотограмметриялық дисторсиясы 0,04 мм артық болмауы керек.

Аэротүсіру маршруттары түсіретін жердің шегін кем дегенде берілген маршруттың енінің 1/3 дейін жабуы тиіс. Есептелінген суретке түсіру биіктігінің өзгеруі маршруттың бойында 50 м дейін рұхсат етіледі. Аэрофотосуреттердің ұзына бойлы бір бірін жабуы 56% кем, ал көлденең жабуы 56% және 17% кем болмауы тиіс. Суретке түсіру базисі мен аэрофотосуреттердің қабырғаларының параллель еместігі 5% аспауы тиіс. Маршруттың түзу еместігі Маршруттың түзу еместігі 3% кем болуы тиіс. Аэронеготивтердің, диопозивтердің және аэрофотосуреттердің анықтығы мен тығыздықтары талаптарға сәйкес болуы тиіс. Олардың беттерінде бұлттардың бейнелері, сызықтар, дақтар және де басқа фотограмметриялық анықтаулардың, фотосуреттерді дешифрлеудің нәтижелерінің толықтығына әсер ететін кемістіктер болмауы тиіс.

Гидростабилизаторлы қондырғының көмегімен түсірілген аэрофотосуреттердің еніс бұрыштары 40 кем, ал фотосуреттердің 80% еніс бұрыштары 20 кем болмауы тиіс.

Аэрофотосуреттерді стереоскопиялық бақылағанда суретке түсірер кезіндегі аэрофотопленкалардың біртегіс жазықтыққа келмеуіне байланысты жер кескінінің түрерінің бұрмалануы мен фотокөріністердің анықсыздығы болмауы тиіс.

Жолдарды жобалауда әдетте аэрофототүсіру жұмыстарының құны жалпы жоба құнының шамамен 3,5% - 4,5% тең.
Аэротүсірісте қолданылатын жабдықтар
Аэрофототүсіру кезінде ұшатын аппараттарға орнықтырылған мына төмендегі жабдықтар қолданылады:

Аэрофотоаппарат – ол жер бетінің бейнесін фотосурет ретінде шығаратын аппарат. Ол жеке фотосуреттің өлшемдеріне, фокустық аралығына, фотопенкаларды бір тегіс жазықтыққы келтіру шартына және тағы басқа көрсеткіштеріне байланысты түрлі топтарға бөлінеді. Инженерлік ізденіс жұмыстарында фокустық аралығы 55, 70, 100, 140, 200, 350 және 500 мм тең аэрофотоаппараттар қолданылады. Фокустық аралықтары 200 мм дейін камералар қысқафокусты, ал 200 мм астам – ұзынфокусты камералар аталады.


Аэрофотоаппарат негізгі мына бөлшектерден құралады: кассета, корпус, обьектив. Кассетада форматы 18 18 см см 300 фотосуретке есептелінген 60 м фотопленка оралған .

Гиростабилизатор – ол аэрофотоаппараттың өсін түсіру кезінде тіктегіш сызықтың бойында ұстау үшін арналған қондырғы. Оның көмегімен түсірілген фотосуреттердің бойлық және көлденең көлбеу бұрыштары 30 - 40 аспайды.

Басқару аспабы (КПТ – 3) – ол аэрофотоаппараттың жұмысын суретке түсіру кезінде автоматты түрде басқарады. Оның белгісімен суретке түсіру кезінде радиобиіктік өлшегіш пен радиоұзындық өлшегіш қатар іске қосылады.

Статаскоп – ол ұшақтың суретке түсіру кезіндегі биіктігінің өзгеруін ескеретін аспап. Ұшақ кеңістікте желдің бағытының жылдамдығының өзгеруінің әсерінен және тағы басқа себептермен бір тұрақты биіктікте ұша алмайды. Ал ұшақтың суретке түсіріс кезіндегі биіктігінің өзгеруі аэрофотосуреттің кеңістік жағдайын фотограмметриялық өлшеуде белгілеуге, суреттердің бейнедегі масштабтарын табуға, стереомоделді құрып оны бағыттауға және сол сияқты тағы басқа жұмыстарды нақты орындауға әсерін тигізеді.

Радиобиіктік өлшегіш – ол радиотолқындар арқылы ұшақпен жер бетіндегі белгілі геодезиялық пуктің арақашықтығын өлшейтін аспап.

Радиоұзындық өлшегіш - ол суретке түсірілген жердің нақты орнын тауып, аэрофотосуретті жер бетіндегі объектілермен байланыстырады. Радиобиіктік пен радиоұзындық өлшегіш аспаптармен жүргізілген жұмыстарды радиогеодезиялық өлшеулер деп атайды. Олардың негізінде екі нүктенің арасындағы ұзындықты белгілі жылдамдықпен толқындар қанша уақытта өтетін физикалық принципы жатыр. Егерде радиотолқындардың жылдамдығы 300000 км /сек болса, уақытты байқап, ұзындықты табу қиын емес.

Қолданбалы жақтауыш – алынған аэросуреттерді координата жүйесінде бағыттау үшін қажет.

Камераның объективі – геометриялық дұрыс бейнеі алу үшін қажет.
Жобалау мен ізденіс жұмыстарында көбінде дешифрлеудің камералдық және далалық тәсілдерін қатар колданылады. Дешифрленетін ауданды үлгілі-эталон участкелерге бөледі. Үлгілі-эталон участкелер біркелкі табиғи және технико-экономикалық шарттарымен сипатталады.

Транспорттық құрылыстарды іздену кезінде камералды-далалық дешифрлеуді қолдану зерттейтін аумақтық тек қана 10-15% далалық жағдайға жүргізуге мүмкіндік туғызады.



Камералды-далалық дешифрлеуде алдымен камералды жұмыстардың нәтижесінде жобалынатын ғимараттың салыстырма варианттары орналасатын аумақты геологиялық, геофизикалық және геоморфологиялық жағдайлары ұқсас біріңғайлы учаскелерге бөліп, эталон участкелердің шектерін белгілеп, сипатталары толық анықталмаған объектілерді немесе жобалауда маңызы өте зор бірақта белгісіз себептермен дешифрлеу кезінде анықталмаған участкелерді тауып, солардың топографиялық, геологиялық, гидрогеологиялық жағдайларымен танысады.

Камералдық дешифрлеуден соң далалық жағдайда эталондық маршруттардың бойымен орналасқан эталондық учаскелерді зерттейді. Зерттеу кезінде осындай участкелердің шамасында аумақтық негізгі сипаттамаларын анықтайды. Жер беті топырақтарының қасиеттері мен геологиялық құрылысын зерттеу үшін шурфтар мен бұрғылау скважиналар қазылады және қажет геофизикалық жұмыстар жүргізіледі. Бұлардың нәтижелері эталондық аэрофотосуреттерде, кестелер мен дешифрлеу журналында көрсетіледі.

Камералды-далалық дешифрлеу кезінде алдымен бар болған карталармен жұмыс істеп, ал одан соң арнаулы ізденіс отрядтар жер бетінде камералдық дешифрлеудің нәтижелерін тексеріп салыстырады.

Керек жерлерде камералдық дешифрлеуде белгіленген геофизикалық өлшеулер жұргізіледі. Мұндай тәсілді ірі жобалау объекттерде және күрделі жетуі қиып жерлерде қолданған тиімді.

Ал жер бетіне жету тіпті болмайтын жағдайларда тік ұшақпен әуеден бақылайтын дешифрлеуді қолданады.

Әуе-камералдық дешифрлеуді бірнеше кезең жүргізіледі. Бірінші кезеңде камералдық дешифрлеу жүргізіліп трасса саланатын жердің алқабын бірнеше учаскілерге бөледі. Екінші кезенде аэрофотосуреттерді тік үшақпен дешифрлеп, ізденіс отрядтың адамдардын және жерлерде түсіріп далалық жұмыстардың нәтижесінде дешифрленген объектілерді толықтырып, суреттен анықталған геоморфологиялық және геоботаникалық белгілерді бағалап, жер беті топырақ тарының үлгілерін алады. Үшінші кезеңде