Файл: азастан тарихы пнінен жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар 8сынып дістемелік сыныстар малімге 8сынып оушыларына азастна тарихы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 01.12.2023

Просмотров: 93

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


«Қазақстан тарихы» пәнінен
жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
8-сынып

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 8-сынып оқушыларына «Қазақстна тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған.

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.


І ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Тақырып

Қазақстанның ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы

«Алаш» қозғалысы және қазақ ұлттық идеясы

Оқу мақсаты

8.3.1.2 XX ғасыр басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға беру

8.2.3.1 Ұлттық баспасөздің қоғамдық-саяси сананы оятудағы рөліне баға беру







Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға береді

  • Ұлттық баспасөздің қоғамдық-саяси сананы оятудағы рөлін бағалайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылар

Орындау уақыты

20 минут


Тапсырма
1 . А. Байтұрсыновтың: «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» деген пікірімен қаншалықты келісесіз?

___________________________________________________________________________


Неліктен?

___________________________________________________________________________

Дәлел келтіріңіз.


1-дәлел

2-дәлел

3-дәлел










2. Елбасы Н.Назарбаевтың пікіріне қатысты деректер мен дәлелдер келтіріңіз.

Елбасы Н.Назарбаев «Тарих толқынында» кітабында «1913 жылдан бастап Қазақстандағы азаттық қозғалысының «Қазақ» газетінің қызметіне байланысты жаңа кезеңі басталды... «Қазақ» қазақ халқының ұлттық сана-сезімін оятуға аз үлес қосқан жоқ, өз дәуірінің көкейкесті мәселелерін көтерді, ағартушылық идеяларын насихаттады, қозғалыстың және болашақ «Алаш» партиясының баспа органы болды» деп жазды.

https://egemen.kz/article/169386-qazaq-baspasozi-otkeni-bugini-dgane-bolashaghy
«1913 жылдан бастап Қазақстандағы азаттық қозғалысының «Қазақ» газетінің қызметіне байланысты жаңа кезеңі басталды. Деректер келтіріңіз.

1.

2.

«Қазақ» газетінің рөліне төмендегі салалар бойынша дәлелдер келтіріңіз.

ұлттық сана-сезімін оятуға үлесі

өз дәуірінің көкейкесті мәселелерін көтеруі

ағартушылық идеяларды насихаттауы

«Алаш» партиясының баспасөз органы

Дәлел















Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға береді

1

А. Байтұрсыновтың: «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» деген пікіріне қатысты ұстанымының себебін жазады;

1

Өз ұстанымына қатысты 1-дәлел келтіреді;

1

Өз ұстанымына қатысты 2-дәлел келтіреді;

1

Өз ұстанымына қатысты 3-дәлел келтіреді;

1

Ұлттық баспасөздің қоғамдық-саяси сананы оятудағы рөлін бағалайды

2

«Қазақ» газетінің қызметіне байланысты жаңа кезеңнің басталуына 1-дерек келтіреді;

1

«Қазақ» газетінің қызметіне байланысты жаңа кезеңнің басталуына 2-дерек келтіреді;

1

«Қазақ» газетінің ұлттық сана-сезімін оятуға үлесі туралы дәлел келтіреді;

1

«Қазақ» газетінің өз дәуірінің көкейкесті мәселелерін көтеруі туралы дәлел келтіреді;

1

«Қазақ» газетінің ағартушылық идеяларды насихаттауы туралы дәлел келтіреді;

1

«Қазақ» газетінің «Алаш» партиясының баспасөз органы болуы туралы дәлел келтіреді.

1

Барлығы

10



«ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан » бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні _______________________________________________


Бағалау

Критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға береді

А. Байтұрсыновтың: «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» деген пікіріне қатысты ұстанымының себебін жазып, оған 1/2/3-дәлел келтіруде қиналады

А. Байтұрсыновтың: «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» деген пікіріне қатысты ұстанымының себебін жазып, оған 1/2/3-дәлел келтіруде қателіктер жібереді

А. Байтұрсыновтың: «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» деген пікіріне қатысты ұстанымының себебін жазады, оған 1/2/3-дәлел келтіреді

Ұлттық баспасөздің қоғамдық-саяси сананы оятудағы рөлін бағалайды

«Қазақ» газетінің қызметіне байланысты жаңа кезеңнің басталуына 1/2-дерек келтіріп, оның ұлттық сана-сезімін оятуға үлесі, өз дәуірінің көкейкесті мәселелерін көтеруі, ағартушылық идеяларды насихаттауы, «Алаш» партиясының баспасөз органы болуы туралы дәлелдер келтіруде қиналады

«Қазақ» газетінің қызметіне байланысты жаңа кезеңнің басталуына 1/2-дерек келтіріп, оның ұлттық сана-сезімін оятуға үлесі, өз дәуірінің көкейкесті мәселелерін көтеруі, ағартушылық идеяларды насихаттауы, «Алаш» партиясының баспасөз органы болуы туралы дәлелдер қателіктер жібереді

«Қазақ» газетінің қызметіне байланысты жаңа кезеңнің басталуына 1/2-дерек келтіреді, оның ұлттық сана-сезімін оятуға үлесі, өз дәуірінің көкейкесті мәселелерін көтеруі, ағартушылық идеяларды насихаттауы, «Алаш» партиясының баспасөз органы болуы туралы дәлелдер келтіреді


ІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Қазақстанда кеңестік биліктің орнығуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырып

Қазақстандағы ұлттық автономиялар

Әскери коммунизм саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа көшу

Оқу мақсаты

8.3.1.6 Қазақстанда құрылған ұлттық автономиялардың маңыздылығына баға беру

8.4.1.1 Деректер мен дәйектерді салыстыру арқылы жаңа экономикалық саясаттың нәтижесінде орын алған өзгерістерді талдау







Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Қазақстанда құрылған ұлттық автономиялардың маңыздылығына баға береді

  • Жаңа экономикалық саясаттың нәтижесінде орын алған өзгерістерге талдау жасайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут


Тапсырма
1.Ұлттық автономиялар туралы кестені толтырыңыз.

Алаш Орда үкіметі

Түркістан (Қоқан) автономиясы

Мақсаттары қандай болды?







Автономиялар өз мақсаттарына жете алды ма? Неліктен?








2. Деректерді салыстыра отыра, Қазақстан үшін жаңа экономикалық саясаттың нәтижелерін салалар бойынша талдаңыз.

1-дерек

Жаңа экономикалық саясаттың аясында қабылданған  міндеттердің ішіндегі ең  маңыздысы – азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастыру туралы шешім болды. Азық-түлік салғырты кезінде шаруа қожалықтары өндірілген өнімнің  өзін қамтамасыз етуге қажетті үлесінен артығын мемлекетке тапсыруға міндетті еді.  Азық-түлік салығының ендірілуі, яғни белгіленген мөлшердегі ғана салықты өтеуге байланысты, олар өндірілген өнімнің артығын өз еркімен пайдалану құқығына ие болды.

https://e-history.kz/kz/history-of-kazakhstan/show/9008/


2-дерек

Экономикалық өмірдің нақты дамуын қамтамасыз ететін мұндай саясат өте орынды еді. Алайда ірі өнеркәсіп саласын мемлекеттік монополизациялау нәтижесінде олар өз өнімдерін тұтынушыларға (әсіресе аграрлық сектордағы жеке тұтынушыларға) өте жоғары бағамен ұсынды. Партия және үкімет шешімдері ауыл шаруашылық кооперацияның ЖЭС жағдайындағы жаңа ролін анықтағанына қарамастан, оны бақылап отыруға мемлекет мүдделі болды, соның нәтижесінде мемлекет  ауылшаруашылық товарларын сатып алу бағасын өзі белгіледі және ол  өте төмен болды.

https://e-history.kz/kz/history-of-kazakhstan/show/9008/


Саяси

Экономикалық

1

2

1

2

Қазақстан үшін жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері тиімді/тиімсіз болды?
Неліктен?
Екі дәлел келтіріңіз.




Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Қазақстанда құрылған ұлттық автономиялардың маңыздылығына баға береді

1

Алаш Орда үкіметінің мақсатын жазады;

1

Түркістан автономиясының мақсатын жазады;

1

Алаш Орда үкіметінің мақсатына жеткен/жетпегендігін жазады;

1

Себебін жазады;

1

Түркістан автономиясының мақсатына жеткен/жетпегендігін жазады;

1

Себебін жазады;

1

Жаңа экономикалық саясаттың нәтижесінде орын алған өзгерістерге талдау жасайды

2

ЖЭС-тың 1-саяси нәтижесін жазады;

1

ЖЭС-тың 1-экономикалық нәтижесін жазады;

1

ЖЭС-тың 2-саяси нәтижесін жазады;

1

ЖЭС-тың 2-экономикалық нәтижесін жазады;

1

Қазақстан үшін жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері тиімді/тиімсіз болғандығы туралы пікірін білдіреді;

1

Бірінші дәлел келтіреді;

1

Екінші дәлел келтіреді.

1

Барлығы

13