Файл: лихан Бкейхан атындаы 39 жалпы орта білім беретін мектепкмм.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 01.12.2023
Просмотров: 20
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ШҚО Семей қаласы,
«Әлихан Бөкейхан атындағы
№39 жалпы орта білім
беретін мектеп»КММ
7 «Д» сынып оқушысы
Тұрсынбекова Айзере
Мінездеме
Тұрсынбекова Айзере Саматқызы сыпайы, кішіпейіл, сабырлы оқушы. Туған күні:07.09.2009. Айзере сыныптағы озат оқушы. Жауапкершілігі мол, өзіне берген тапсырманы бұлжытпай өз уақытында орындап, өткізіп отырады және басқа оқушылардан да соны талап етеді. Сыныпты қоғамдық жұмысқа қатысуда үнемі алдыға тартып, барлығын жоспарлап отырады. Оқушыларды бастап, ұйымдастыра алу қабілеті бар.
Есі: бейнелік, сөздік логикалық, эмоционалдық, қозғалыстық; өнімділік сипаттамасы: есте сақтау ұзақтығы орташа. Ойлау – ойлау операцияларының ерекшелігі — абстрактілі, жетекші түрі – сөздік логикалық, ерекшелігі – аналитикалық, дербестік. Оқушының ерік жігері күшті дамыған, алдына қойған мақсатына жету үшін бар күшін салады, сынып белсенділерінің бірі. Эмоциялары: мазасыз емес, сабырлы, әр нәрсеге шыдамдылық таныта біледі. Қиялы — ырықты.Айзере сангвинникке көп ұқсайды, тез қозғалады, қимылдары шапшаң, барлық әсерге эмоцияналды баяу жауап береді, оның сезімдері оның сыртқы қылықтарынан көрінеді, ашулануы сирек. Мінезі ашық, адамдармен тез тіл табыса алады, үлкенді құрметтеп, кішіні сыйлай алады.Айзеренің байқағыштық қасиеті жақсы дамыған. Осы принцптерді ұстанып көптеген жарыстарға, олимпиадаларға қатысады. Сабақ үстінде де, сыныптан тыс жұмыстарда да өзін байсалды, жинақы, салмақты ұстайды. Айзере мұғалімдермен, оқушылармен, басқа сынып оқушыларымен, достарының барлығымен жақсы қарым-қатынаста. Әрқайсысының сырын таба біледі, тез тіл табысып кетеді. Айзере кез-келген жерде, кез-келген уақытта өзін тек жақсы жағынан ғана көрсетеді.
Сынып жетекші: Жабелова А.А.
Іс-тәжірибеден өтуші машықкер: Мұратбеков.М.Ш