Файл: Кіріспе жылумен амту халы шаруашылыыны лкен саласы болып табылады.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 01.12.2023

Просмотров: 18

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

КІРІСПЕ
Жылумен қамту халық шаруашылығының үлкен саласы болып табылады. Жылумен қамту жүйесі – қалалар мен ірі тұрғылықты мекендердің ғимараттары мен үймереттерінің инженерлік жүйелерін жылумен жабдықтайды, сондықтан ол үш негізгі құрылымнан тұрады – жылу көзі, жылу желілері және жылу тұтынушылары.

Жылумен қамтуда жылу энергиясын өндірудің екі әдісі болады араластырылған және бөлек, сондықтан жылу көзінің екі түрін айырады: жылу электр орталығы (ЖЭО) және қазандықтар. Егер жылумен қамту ЖЭО-дан болса жылу мен электр энергиялары араластырылу әдіспен өндіріледі, мұнда жоғары потенциалды жылу электр энергиясын өндіру үшін, ал төменгі потенциалды жылу – жылумен қамту үшін қолданылады. Бұл жағдай жылу мен электр энергияларын араластырылып өндірудің энергетикалық мәні болып есептеледі, ал жылумен қамту орталықтандырылған болып саналады.

Коммуналды-тұрмыстық және технологиялық тұтынушылардың мұқтаждықтары үшін жылу энергиясының көздері ретінде қазандықтар (жылу өндіргіш қондырғылар) болып табылады. Қазандықтағы су отынның жануы арқылы жылынады, желілік сорғыштың көмегімен жылу желілерінің құбырлары бойынша суды айналдырады. Беретін құбыр арқылы су жылу тұтынушыларға, яғни ғимараттардың жылыту, ыстық сумен қамту және желдету жүйелеріне беріледі, ал қайтатын құбыр арқылы жылу тұтынушылардан қазандыққа қайта беріледі.

Жылумен қамту жүйелері әсер ету радиусы, жылу көзінің түрі, тасымалдағыш түрі мен құбырлар саны бойынша топтастырылады. Жылумен қамту жүйелері әсер ету радиусы бойынша жергілікті, орталық және орталықтандырылған болуы мүмкін

Адамзаттың барлық іс-әрекеті тікелей энергияның кез келген түрін қолданумен байланысты. Жер қойнауының энергетикалық қорын [отын - энергетикалық ресурстар (қазба отын) – көмір, мұнай және газ] қолдана отырып адам өз тіршілігі үшін қажетті өнеркәсіпті, соның ішінде негізгі энергия тасымалдағыштарды (жылулық және электр энергиясы) генерирлейтін қондырғыларды, тасымалдайтын қондырғылар мен машиналарды ойлап тапты, ғылым, медицина мен мәдениетті дамытты. Адамзаттың өмiрi үшiн энергия айтарлықтай маңызды қызметтер атқарады.
1 Жылу жүктемелерінің түрлері
Қалалар мен қоныстанған мекендердің орталықтандырылған жылумен қамту жүйелері үш сатыдан тұрады:


1) жылутасмалдағышты дайындау,

2) жылутасмалдағышты тасымалдау,

3) жылутасмалдағышты пайдалану.

Жылу көзінде дайындалған жылу энергиясы - жылутасмалдағыш жылу желілерінің құбырлары бойынша тұрмысты - коммуналдық және өндірістік тұтынушылардың қажеттіліктеріне тасымалданады. Жылутасмалдағышты тікелей жылыту, желдету және ыстық сумен қамту жүйелері мен өндірістік кәсіпорындарының технологиялық тұтынушылары пайдаланылады. Міне осылай, жылутасмалдағышты әртүрлі жылу тұтыну сипаттары бар тұтынушыларға беріледі. Жылу тұтыну сипаттары бойынша жылу жүктемелерін екі топқа бөлу қабылданған: маусымдық және жыл бойындағы.

Маусымдық жүктемелерге маусымдық климаттық жағдайларға бірінші кезекте сыртқы ауа температурасынан және бірқатар факторларға байланысты жүктемелердің көлемі жатады (күннің көзінің сәулеленуінен, жел жылдамдығынан, ауа ылғалдығынан және т.б.). Негізгі маусымдық жылу жүктемелеріне әртүрлі ғимараттар мен құрылыстардың жылытуына, желдетуіне және ауа баптауна жылу жүктемелері жатады. Жылыту мен желдету жүктемелері маусымдық жүктемелері болып табылады.

Жыл бойындағы жылу жүктемелеріне өндірістік кәсіпорындардың технологиялық қажеттіліктеріне және коммуналды - тұрмыстық, қоғамдық, өндірістік тұтынушылардың ыстық сумен қамтуының жылу жүктемелері болып табылады. Жыл бойындағы жылу жүктемелері негізінен сыртқы ауа температурасына байланысты емес (немесе байланысы өте аз), жыл ішінде тұрақты да, тәулік ішінде біркелкі емес. Ыстық сумен қамту жүктемесі тұтынушылардың құрылымдары мен олардың тағайындалуымен анықталады.

Орталықтандырылған жылумен қамту жүйелерін пайдалану тәртібін жобалап, әзірлеген кезде тәулік ішіндегі де (яғни, жылутұтынушылардың тәуліктіктуралы хабары болу керек), жыл ішіндегі де (яғни, жылу тұтынудың жылдық кестесі туралы хабары болу керек) жылу жүктемелерінің өзгеру сипатын есептеу керек.

Жылыту, желдету және ауа баптау үшін маусымдық жылыту жүктемелерінің салыстырмалы тұрақты тәуліктік кестесі мен ауысымдық тәуліктік кестесімен салыстырмалы тұрақты жылдық кестесі бар. Өз кезегінде жыл бойындағы жүктемелердің (өндірістік, технологиялық қажеттілігі мен ыстық сумен қамтуға) ауысымдық тәуліктік кестесімен салыстырмалы тұрақты жылдық кестесі бар.


    1. Жылу жүктемелерін есептеу


Жылумен қамту жүйелерін жабдықтау үшін тұрғын, қоғамдық, өндірістік ғимараттарды жылыту, желдету мен ыстық сумен қамту үшін максималды жылу ағымдарын на сәйкес типтік жобалар бойынша қабылданады. Жоба болмаған жағдайда қалалардың тұрғын аудандары мен өзге де тұрғын аймақтары үшін жылыту, желдету мен ыстық сумен қамтудың жылу ағымдарын үлкейтілген көрсеткіштер бойынша тұрғындардың саны (т) мен құрылыстың жалпы ауданының көмегімен (А) байланысты анықталуы мүмкін.



Кварталдағы тұрғындардың саны төмендегідей анықталады

мұндағы – квартал ауданы, га;

- тұрғындардың тығыздығы, адам/га.
Кварталда салынған тұрғын ғимараттарының жалпы ауданы анықталады;

мұндағы f – тұрғын ұйдегі бір адамға берілетін жалпы тұрғын ауданы , м2.

– тұрғындар саны; адам
Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың жылытуға максималды ағымы

мұндағы qо - тұрғын ғимараттарын жылытуға іріктерлген максималды жылу ағынының көрсеткіші, Вт/м2 ;

К1- қоғамдық ғимараттарды жылыту үшін жылу ағымды есепке алатын коэффициент, мәліметтер болмаған кезде 0,25-деп қабылданады.
Қоғамдық ғимараттарды желдету үшін максималды жылу ағымы

мұндағы К2 - қоғамдық ғимараттарды желдету үшін максималды жылу ағымын есепке алатын коэффициент. Мәліметтер болмаған кезде 1985 жылға дейін салынған ғимараттарға 0,4 қабылданылады, ал 1985 жылдан кейін –0,6

Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды ыстық сумен қамтуға орташа жылу ағымы

мұндағы qh – бір адамды ыстық сумен жабдықтау үшін іріктерлген орташа жылу ағымының көрсеткіші, Вт/адам қабылданады,1,2-кестеден алынады.
Жылытылмайтын маусымында ыстық сумен қамтуға орташа жылу ағымы

мұндағы , - жылытылатын және жылытылмайтын маусымдарда суық су (су құбырының) температурасы, мәліметтер болмаған кезде 5°С және 15°С қабылданады;

b - жылытылатын маусымына қатысты жылытылмайтын маусымында ыстық сумен қамту үшін судың орташа шығынының өзгеруін ескеретін коэффициенті, мәліметтер болмаған кезде b=0,8 қабылданады, кәсіпорындар үшін b= 1.
Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды ыстық сумен қамту үшін максималды жылу ағымы - жылытылатын маусымында


- жылытылмайтын маусымыннда

Жинақтық есептік жылу ағымы

Қалалардың тұрғын аудандары мен өзге де қоныстанған мекендері үшін тұрғын және қоғамдық ғимараттарына жылудың жылдық шығындары анықталу керек, ол үшін жылытылатын маусымы кезінде орташа жылу ағымдары төменгі формулалар бойынша анықталады:
- жылытуға

- желдетуге

мұндағы ti - жылытылатын ғимараттардың ішкі ауасының орташа температурасы, 1С;

- жылытылатын маусымы кезіндегі сыртқы ауаның орташа температурасы,

- жылытылатын маусымы кезіндегі сыртқы ауаның есепті температурасы, 0С.
Жылумен қамту жүйесінің жылдық шығындары төмендегідей анықталады:
- жылытуға

- желдетуге

- ыстық сумен қамтуға

мұндағы Z - жылытылатын маусымында желдету жүйесінің тәулік бойы орташа жұмыс уақытының сағатының саны, қоғамдық ғимараттарға мәліметтер болмағанда 16 сағат қабыданады;

350 – жылумен қамту жүйесінің жыл бойы жұмысының тәуліктік саны; no-жылытылатын маусымының ұзақтығы, тәулік.
Жалпы жылудың жылдық шығыны төмендегідей анықталады


1 Сурет .Жылу шығындарының қосындысы бойынша ұзақтылық графигі

: