Файл: Оуаарту министріні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 01.12.2023

Просмотров: 41

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


      Оқу-далалық (лагерьлік) жиындар.

      1) Тактикалық дайындық: Әскери бөлімнің (бөлімшенің) қару-жарағы және әскери техникасы – Әскери бөлімнің (бөлімшенің) қарулануымен және әскери техникасымен, олардың атқаратын қызметтерімен, техникалық-тактикалық сипаттамаларымен танысу. Қарулану түрлері мен әскери техникаларды іс жүзінде көрсету. Қару-жарақ, техника мен мүлік және техникалық құжаттама. Бөлімшенің ұрыстық және жорықтық орналасу тәртібі – Бөлімшенің ұрыстық және жорықтық орналасу тәртібі. Ұрыстағы сарбаздың міндеттері. Бөлімшені басқаруды. Қорғанудың дербес құралдарын қолдануға жаттығу – Нормативтерді орындау: газтұмылдырықты кию, респираторды кию, "зақымдалушыға" газтұмылдырықты кигізу, жалпыәскери қорғаныс жабдығын кию. Дербес қобдиша және химиялық улануға қарсы пакет, олардың атқаратын қызметтері және пайдалану тәртібі. Ұрыстағы сарбаздың әрекеттері – Сарбаздың ұрыс кезінде жаяу әрекет ете отырып қозғалу тәсілдері. Әскери істе модельдеуді қолдану. Ядролық жарылыс кезіндегі әрекетті. Қорғаныстағы сарбаз – Ату позициясына (атыс жүргізуге арналған орынға) орналасу. Оқпана қазу және оны бүркемелеу. Қарсылас ядролық қару қолданғанда, атысқа дайындық басталғанда, әуе қарсыласы туралы дабыл қағылғанда, радиоактивті, химиялық және бактериологиялық зақымдау туралы дабыл қағылғанда орындалатын әрекеттер. Қарсыластың танкілері мен жаяу әскерлері түрлі бағыттан шабуылдаған кезде тойтарыс беру. Әуе нысандары бойынша оқ ату. Шабуылдағы сарбаз – Шабуылға дайындалған кезде орындалатын әрекеттер. Жүріп келе жатып шабуылдау кезіндегі сарбаздың колоннада қозғалуы және бөлімшенің ұрыстық сапындағы өз орнын алуы. Өткелдердегі кедергілерден өту және шабуылдау. Траншеядағы жауды ату, граната лақтыру, қоян-қолтық ұрыс арқылы жою тәсілдері. Шабуыл кезінде радиоактивті (улаушы) заттармен зақымдалған жергілікті жерде әрекет етуді. Бақылаушы сарбаз – Бақылау жүргізуге арналған орынды таңдау, оны жабдықтау және бүркемелеу. Нысандарды анықтау және бақылау нәтижелері туралы мәлімдеме жасау. Жергілікті жердің үлгісін құру және нысандарды үлгіде белгілеу. Шолушы сарбаз – Шолушы болып тағайындалған сарбаздың әрекеттері. Шолушылардың қозғалу, жергілікті жерді және заттарды шолу тәсілдері. Бақылау нәтижелері туралы мәлімдеу.

      2) Атыс дайындығы: Калашников автоматын жартылай бөлшектеу жəне жинақтау жаттығулары – Автоматты жартылай бөлшектеу жəне жинақтау, автоматтың бөлшектері мен механизмдерінің оқтауға дейінгі орналасу қалпын және ату кезіндегі бөлшек механизмдерінің жұмыс істеуімен танысу. Атуға ыңғайлануға жаттығу (АК-74, пневматикалық винтовка) – Оқжатарды патрондармен оқтау және оқжатарды сөмкеге салу. Атуға ыңғайлану (атуға қажет қалыпты қабылдау және автоматты оқтау). Ату (қарауыл мен өткізгішті орнату, иыққа тіреу, көздеу, шүріппені басу және ату кезінде автоматты мықтап ұстау). Атуды тоқтату, оқжатарды алу және атып болған соң автоматты тексеру. Қол гранаталарын лақтыру – Жарықшақты қол гранаталарын және танкіге қарсы гранаталарды лақтыру. Автоматтан (пневматикалық винтовкадан) ату – Автоматтан (пневматикалық винтовкадан) іс жүзінде ату.



      3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлер және әскери құралымдарының жалпы әскери жарғылары: Әскери бөлімнің (бөлімшенің) орналасуы, өмірі және күнделікті тұрмыс-тіршілігі – Әскери бөлімнің (бөлімшенің) тарихы. Әскери қызметшілердің орналасуы. Ақпараттық-тәрбие жұмысына арналған бөлме. Қару сақтауға арналған бөлме. Сарбаз асханасы, спорт базасы, оқу қалашықтары. Рота бойынша тәуліктік кезекшінің міндеттері – Ротаның тəуліктік нарядының атқаратын қызметтері, құрамы жəне қарулануы, рота бойынша күндізгі кезекшінің атқаратын міндеттері. Өзінің кезекті міндетін атқаратын күндізгі кезекшінің бекетін жабдықтау жəне жарақтандыру, тікелей бастықтары келген кездегі, "Жиын" белгісі берілгенде, дабыл жəне өрт болған жағдайдағы күндізгі кезекшінің əрекеттері. Бос ауысымдағы күндізгі кезекшінің əрекеттері, күндізгі кезекшінің телефон бойынша мəлімдеме беру тəртібі. Ротаға басқа ротаның əскери қызметшілер келген кездегі, рота аумағынан мүліктерді шығару кезіндегі күндізгі кезекшінің əрекеттері. Сақшының міндеттері – Қарауылдық қызметке тағайындалу және қарауылдың атқаратын міндеттері. Бекет және оны жабдықтау, жарақтандыру. Бекетке шабуыл жасалған кездегі сақшының әрекеттерін. Қаруды қолдану тәртібі. Бекеттегі сақшының орындайтын әрекеттері – Қаруды оқтау тәртібі. Бекетте тұрған сақшы қаруының орналасу қалпы. Бекетті тапсырған және қабылдаған, бекетте өрт болған және өзінің немесе көрші бекет маңында тәртіп бұзушылық орын алған жағдайдағы сақшының әрекеттері.

      4) Саптық дайындық: Әскери сәлемдесу – Бір орында және қозғалыс кезінде орындалатын әскери сәлемдесу. Саптан шығу және сапқа қайта тұру – Саптан шығу және сапқа қайта тұру. Бастыққа келу және одан кету. Саптық тәсілдер және қарумен орындалатын іс-қимылдар – "Автоматты кеудеге!", "Белдікке!", "Қаруды қой!", "Қаруға!", "Қаруды!" тәсілдерін орындау. Бөлімшенің сабы – Бөлімшені өрістетілген сапқа және жорықтық сапқа тұрғызу. Бөлімшені өрістетілген саптан жорықтыққа сапқа тұрғызу және қайтадан өрістетілген сапқа тұрғызу. Бөлімшенің жинақталуы және жазылуы.

      5) Әскери топография: Азимут бойынша қозғалыс – Көкжиек тұстарын және магнитті азимутты анықтауға жаттығу. Азимут бойынша қозғалыс.

      5. Оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде білім беру ұйымының мүмкіндігі бар:

      1) оқытудың әртүрлі технологияларын, оқу процесін ұйымдастырудың нысандарын, әдістерін және бақылау түрлерін таңдау;


      2) оқу уақыты сағаттарының жалпы көлемін бөлімдер мен тақырыптарға бөлу (пәнді оқуға бөлінген сағат көлемінен);

      3) нақты дәлелдер мен фактілерге негізделген пәннің бөлімдері мен тақырыптарының реттілігін өзгерту;

      4) жұмыс берушілердің талаптары және бөлімдер мен тақырыптар тізбесін тереңдету және кеңейту мақсатында өңірлік компонентті енгізу және бөлімдер, бөлімшелер мен тақырыптарды дайындық бағыты бойынша элементтерді енгізуге байланысты тақырыптардағы сағат көлемі мен пәннің мазмұнын 25% - дан аспайтындай өзгерту.

      6. Оқу жүктемесінің көлемі 96 сағатты (4 кредит) құрайды.

2 тарау. Оқыту нәтижелері және бағалау критерийлері

Бөлім, бөлімше және тақырыптардың атауы

Сағат саны

Барлы
ғы

Сабақтар







теориялық

практикалық

Кіріспе сабағы.

+

+







Білім алушылардың алғашқы әскери және технологиялық дайындықтарының мақсаты, міндеттері және мазмұны.













1 бөлім. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері – мемлекеттік қауіпсіздіктің кепілі.













Тақырып 1.1. Мемлекет қорғанысының конституциялық негіздері.

+

+







Тақырып 1.2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери рәміздері.













Тақырып 1.3. Экстремизм және терроризмнің ұлттық қауіпсіздікке тигізетін салдары.













2 бөлім. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғылары.

+

+







Тақырып 2.1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлер және әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары.













Тақырып 2.2. Әскери қызметкерлер және олардың өзара қарым-қатынастары.













Тақырып 2.3. Әскери тәртіп, оның мәні мен мағынасы.













3 бөлім. Тактикалық дайындық.

+

+







Тақырып 3.1. Мотоатқыштар Бөлімшесін ұйымдастыру және ұрыстық мүмкіндіктері.













4 бөлім. Атыс дайындығы.

+

+

+




Тақырып 4.1. Калашников автоматы және қол пулеметі.













Тақырып 4.2. Калашников автоматын (қол пулеметін) жартылай бөлшектеу жəне жинақтау.













Тақырып 4.3. Калашников автоматын (қол пулеметін) атуға дайындау.













Тақырып 4.4. Жарықшақты қол гранаталары.













5 бөлім. Саптық дайындық.

+




+




Тақырып 5.1. Сап және оның элементтері. Саптық тұрыс.













Тақырып 5.2. Бір орында орындалатын бұрылулар. Саптық және жорықтық адым.













6 бөлім. Әскери топография.

+

+







Тақырып 6.1. Жергілікті жерде картасыз бағдарлау.













Тақырып 6.2. Магнитті азимутты анықтау.













7 бөлім. Әскери роботты техникалардың негіздері.

+

+







Тақырып 7.1. Әскери роботты техникалардың негіздері.













Тақырып 7.2. Роботты басқару алгоритмі.













Тақырып 7.3. Роботтарға арналған тапсырмалар.













8 бөлім. Өмір қауіпсіздігі және ақпараттық технологиялар негіздері.

+

+

+




Тақырып 8.1. Шаруашылық объектісінің азаматтық қорғанысы.













Тақырып 8.2. Ядролық қару және оның сипаттамасы.













Тақырып 8.3. Химиялық қару.













Тақырып 8.4. Биологиялық (бактериологиялық) қару.













Тақырып 8.5. Тыныс алу мүшелерін қорғау құралдары.













Тақырып 8.6. Теріні қорғаудың жеке құралдары.













Тақырып 8.7. Ұжымдық қорғану құралдары.













Тақырып 8.8. Эвакуациялау жəне халықты белгілеп шоғырландыру.













Тақырып 8.9. Террорлық қауіп-қатер кезіндегі адамдардың қауіпсіздігі.













Тақырып 8.10. Табиғи апат аймақтарындағы адамдардың әрекеттері.













Тақырып 8.11. Жарақат алу, қан ағу және күйік шалу кезінде көрсетілетін алғашқы көмек.













Тақырып 8.12. Түрлі қайғылы оқиға орын алған жағдайда көрсетілетін алғашқы көмек.













9 бөлім. Әскери қызметтің құқықтық негіздері.

+

+







Тақырып 9.1. Әскери қызмет.













Тақырып 9.2. Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери міндеттерін сақтау.













10-бөлім. Атыс дайындығы (2).

+

+

+




Тақырып 10.1. Ату негіздері.













Тақырып 10.2 Ату ережесі.













11 бөлім. Технологиялық дайындық.

+

+







Тақырып 11.1 Дөңгелекті машиналарды жүргізу негіздері мен ережелері.













Тақырып 11.2. Жол қозғалысына қатысушылардың міндеттері.













Тақырып 11.3. Бағдаршамдар мен реттеушінің сигналдары.













Тақырып 11.4. Жол белгілері.













Тақырып 11.5. Жол таңбалары және олардың сипаттамалары.













12 Бөлім. Өмір қауіпсіздігі негіздері.

+

+







Тақырып 12.1. Қауіпсіздік негіздері және қауіптерді жіктеу.













Тақырып 12.2 Қоршаған орта мен адамның қауіпсіздігі.













Тақырып 12.3. Әртүрлі тұрмыстық жағдайларда жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету.













Тақырып 12.4.Техногендік сипаттағы қауіптілік.













Тақырып 12.5. Экологиялық қауіпсіздік.













Тақырып 12.6. Табиғи жағдайда автономды өмір сүру.













Тақырып 12.7. Криминогендік жағдайларда өзін-өзі қауіпсіз ұстау негіздері.













Тақырып 12.8. Террористік акт қаупі кезінде жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету.













Тақырып 12.9. Ақпараттық кеңістіктегі киберқауіпсіздік негіздері.













Тақырып 12.10. Жаппай зақымдану кезіндегі алғашқы көмек көрсету.













Оқу-далалық (лагерьлік) жиындар.

1 бөлім. Тактикалық дайындық.

+




+

Тақырып 1.1 Әскери Бөлімнің (Бөлімшенің) қару-жарағы және әскери техникасы.










Тақырып 1.2. Бөлімшенің ұрыстық және жорықтық орналасу тәртібі.










Тақырып 1.3. Қорғанудың дербес құралдарын қолдануға жаттығу.










Тақырып 1.4. Ұрыстағы сарбаздың әрекеттері.










Тақырып 1.5. Қорғаныстағы сарбаз.










Тақырып 1.6. Шабуылдағы сарбаз.










Тақырып 1.7. Бақылаушы сарбаз.










Тақырып 1.8. Шолушы сарбаз.










2 бөлім. Атыс дайындығы.

+




+

Тақырып 2.1. Калашников автоматын жартылай бөлшектеу жəне жинақтау жаттығулары.










Тақырып 2.2. Атуға ыңғайлануға жаттығу (АК-74, пневматикалық винтовка).










Тақырып 2.3. Қол гранаталарын лақтыру.










Тақырып 2.4. Автоматтан (пневматикалық винтовкадан) ату.










3 бөлім. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлер және әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары.

+




+

Тақырып 3.1. Әскери Бөлімнің (Бөлімшенің) орналасуы, өмірі және күнделікті тұрмыс-тіршілігі.










Тақырып 3.2. Рота бойынша тәуліктік кезекшінің міндеттері.










Тақырып 3.3. Сақшының міндеттері.










Тақырып 3.4. Бекеттегі сақшының орындайтын әрекеттері.










4 бөлім. Саптық дайындық.

+




+

Тақырып 4.1. Әскери сәлемдесу.










Тақырып 4.2. Саптан шығу және сапқа қайта тұру.










Тақырып 4.3. Саптық тәсілдер және қарумен орындалатын іс-қимылдар.










Тақырып 4.4. Бөлімшенің сабы.










5 б
өлім. Әскери топография.

+




+

Тақырып 5.1. Азимут бойынша қозғалыс.







Жүктеу


3-тарау. Оқытудың нәтижелері және бағалау критерийлері

Бөлімнің атауы

Бөлімше атауы

Оқыту нәтижелері

Бағалау критерийлері

Кіріспе

1) Білім алушыларды әскери қызметке даярлаудың оқу-тәрбие процесі. Педагогикалық құбылыс ретінде әскери қызметке дайындық

1) Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнін ұйымдастырудағы құқықтық негіздер және алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мақсаты мен міндеттерін білу.

1) Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мақсаты мен міндетін анықтайды;
2) алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнін ұйымдастырудағы нормативті-құқықтық негіздерін атайды.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері – мемлекеттің әскери қауіпсіздігінің кепілі
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері – мемлекеттік қауіпсіздіктің кепілі

Конституция
мемлекет қорғанысының жаңа негіздері

1) Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінде білім алушылардың міндеттері мен құқықтарын білу;
2) Қарулы Күштердегі идеологиялық жұмыстың негізгі міндеттерін білу.

1) Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінде білім алушылардың міндеттері мен құқықтарын атайды;
2) Қазақстан Республикасының "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің статусы" туралы Заңына сәйкес білім алушыларға қойылған талаптарды орындайды;
3) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңына сәйкес білім алушыларға қойылатын талаптарды орындайды.

Конституция
мемлекет қорғанысының жаңа негіздері

1) Қазақстан Республикасы қорғанысының конституциялық негіздері туралы білімдді дамыту.

1) Қазақстан Республикасы Конституциясының 36 бабын түсіндіреді.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, олардың құрамы мен мақсаты

1) Еліміздің Қарулы Күштерінің қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі мен маңызын түсіну;
2) білім беру ұйымдарында білім алушыларды әскери қызметке дайындаудың ерекшеліктері туралы түсінікке ие болу. Отанды қорғау – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты;
3) жастарды әскери қызметке даярлаудың педагогикалық технологиясы саласында білімге ие болу.

1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ұйымдық құрылымын түсіндіреді және құрамын ажыратады;
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әртүрлі рәміздерінің мағынасын айқындайды.

 
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарының жалпы әскери жарғылары

Экстремизм мен терроризм ұлттық қауіпсіздікке қатер ретінде

1) Ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін факторларды талдау.

1) Экстремизм мен терроризмнің түрлерін, оларға тән белгілерін атайды;
2) Қазақстан Республикасы қорғанысының мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі туралы қорытындылар жасайды.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғылары

1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери жарғыларының жалпы негіздері мен құқықтық ережелерін білу;
2) жан-жақты тәрбие технологиясы ретінде жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу тұжырымдамасын қалыптастыру.

1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жарғыларының түрлерін атайды;
2) әскери жарғылардың жалпы мазмұнын ашады.
3) ) білім алушыларды әскери қызметке дайындаудың құқықтық негіздерін біледі.

Әскери қызметкерлер және олардың арасындағы қарым-қатынас

1) Талаптар туралы, тиісті әскери тәртіпті, оқу-тәрбие процесін және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери қызметкерлер әзірлігін тиісті деңгейде ұстау жөніндегі жарғыларын қамтамасыз ету;
2) әскери иерархия туралы білімдерін дамыту.

1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі әскери тәртіп туралы жарғыларының баптарын айқындайды.

тактикалық дайындық
Тактикалық дайындық.

Әскери тәртіп, оның мәні мен маңызы
1) Мотоатқыштар Бөлімшесін ұйымдастыру және ұрыстық мүмкіндіктері – Бөлімшені ұйымдастыру. Штаттық қарулану және ұрыстық техника. Бөлімшенің ұрыстық мүмкіндіктері

1) Жеке тұлғалық қасиеттер: ерік-жігерді, тәртіпті, ұйымшылдықты, парыз сезімін, алғашқы әскери-технологиялық дайындықты меңгеруде саналы көзқарасты қалыптастыру.

1) Жарғы талаптарын қолданады.

1) Жауды жеңудің ең маңызды құралы ретінде ұрыс теориясы мен практикасының мәселелерін меңгеру;
2) "Біріккен қарулы күрес" термині туралы түсіну.

1) Қазіргі заманғы ұрысты іске асыру мен оның ерекшеліктерін және түрлерін сипаттайды;
2) мотоатқыштар бөлімшесінің ұрыстық мүмкіндігі мен ұйымдасуын ашады;
3) әр түрлі бөгеттерді өтуде, қарсыластың оқ жаудыру кезінде қозғалыс жасауда, шабуылда және қорғаныста әскери қызметкелердің Бөлімше құрамымен іс-әрекет жасауын түсіндіреді;
4)"Химиялық дабыл!", "Газдар!", "Әуе!" дыбыстары бойынша іс-әрекет жасауды түсіндіреді.

өрт жаттығулары
Атыс дайындығы

Калашников автоматы және жеңіл пулеметі

1) Ұрыс жағдайында атыс қаруын қолдануды, ұрыс әрекеттерін ұйымдастыруда бастапқы дағдыларды бекітуді, жалпы ұрыс негіздерін меңгеруде негізгі тактикалық дайындық міндеттерін меңгеру.

1) Алған білімдерін ұрыс кезінде өздеріне оқпана қазу, бақылау мен атыс жүргізу үшін арнайы жер таңдау, кез-келге жерде қозғалыс жасауда тәжірибелік дағдыларын көрсету кезінде қолданады.

1) Калашников автоматы және қол пулеметі

1) Граната және оқ-дәрілермен, қарумен жұмыс жасаған кездегі негізгі қауіпсіздік ережелері мен қарастырып отырған қарудың бөлшектерін білу.

1) Атыс қаруынан атыс жүргізу негіздерін сипаттайды.
1) Қарумен, гранатамен және оқ-дәрімен жұмыс істеген кезде қауіпсіздік шараларын сақтайды.

Қолды бөлшектеу гранаталары - Қолды бөлшектеу гранаталарының мақсаты, жауынгерлік қасиеттері (РГД-5, РГН, Ф-1, РГО).

1) РГД-5, Ф-1, РГО, РГН гранаталарының қасиеттерін меңгеру;
2) гранаталар мен сақтандырғыштардың конструкциясын, лақтырылған кезде гранаталардың бөлшектері мен механизмдерінің жұмысын меңгеру.

1) Қару, граната және оқ-дәрілермен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтайды.

Саптық дайындық

Сап және оның элементтері

1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының саптық жарғыларының жалпы негіздері мен талаптарын орындау және білу.

1) Сапқа тұрғызу, қозғалыс жасау үшін пәрмендер береді, сап элеметтерін анықтайды;
2) взвод және бөлім құрамында жекеленген саптық тәсілдер бойынша саппен қозғалыс жасау үшін берілген пәрменді орындайды;
3) жүйенің негізгі элементтерін және олардың анықтамаларын квалификациялайды.

Орнында бұрылу. Сап және марш қадамы

1) Жүйенің негізгі элементтерін және олардың анықтамаларын білу;
2) меңгерген физикалық, атыс, тактикалық дайындық бойынша дағдыларын сабақ кезінде қолдану.

1) Берілген бұйрыққа бойынша іс-әрекет жасайды;
2) жорықтық және саптық адыммен қозғалады, бұрылыстар жасайды.

Әскери топография.

Жерге бағдарлау

1) Бейтаныс рельефте бағдарлаудың негізгі тәсілдерін меңгеру;
2) олардың орналасқан жері туралы есептің негізгі белгілерін бөліп көрсете білу.

1) Құлабыз (компас) және жергілікті нысандар бойынша көкжиек тұстарын анықтайды;
2) жергілікті жерде картасыз, қажетті азимут бойынша бағдарлайды;
3)жергілікті жерде бағдарлану үшін ұшқышсыз қашықтықтан басқарылатын ұшу аппаратының ақпараттарын қолданады.

Магниттік азимутты анықтау

1) Жерде бағдарлау әдістерін меңгеру.

1) Қару-жарақ пен техниканы ұрыста тиімді пайдалану үшін әскери топографияны білудің маңыздылығын түсіндіреді;
2) Ғаламдық навигациялық спутниктік жүйенің ақпаратын бағалайды және дұрыс бағытты ұсынады.

Әскери роботты техникалардың негіздері.

1) Әскери роботты техникалардың негіздері. Роботтарды басқару алгоритмі

1) Робототехниканың негізгі даму бағыттары мен роботтардың ерекшелік белгілерін білу;
2) жауынгерлік роботтардың функционалдық мүмкіндіктері туралы білу;
3) робототехниканың еліміздің қорғаныс қабілетін арттыру үшін қолданбалы ғылым ретіндегі маңыздылығы туралы түсіну;
4) жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, алғашқы әскери дайындық бойынша білу.

1) Роботтарды әскери істерде қолдану мүмкіндіктерін ашады;
2) мақсатына қарай роботтарды анықтайды және жіктейді;
3) әскери робототехниканы қолдану перспективаларын талдайды;
4) адам өмірінің әртүрлі салаларында роботтық технологияларды қолдануды ашады;
5) робототехника бойынша әскери білімі мен практикалық дағдыларын біледі.

Өмір қауіпсіздігі және ақпараттық технологиялар негіздері

Кәсіпкерлік объектіні азаматтық қорғау

1) Қазақстан Республикасының халқын табиғи апаттардың, ірі авариялардың, апаттардың және терроризм актілерінің зардаптарынан қорғау бойынша бейбіт және соғыс уақытында жүргізілетін негізгі іс-шараларды меңгеру.

1) Азаматтық қорғаныстың, оқу орнындағы азаматтық қорғауды ұйымдастырудың және әскери емес құрамаларды ұйымдастырудың мақсаттары мен міндеттерін ашады.

Ядролық қару және олардың сипаттамасы

1) Ядролық қарудың түрлері және оны қолданудың зардаптары туралы жақсы қалыптасқан білімге ие болу.

1) Ядролық қарудың сипаттамалары, оның түрлері және зақымдаушы факторлары туралы білімдерін көрсетеді.

Химиялық қару

1) Химиялық қарудың түрлері мен түрлерін білу.

1) Химиялық қаруға қатысты халықаралық құжаттарды білуді көрсету;
2) қазіргі заманғы қаруды қолдану кезінде болуы мүмкін төтенше жағдайларды талдайды;
3) қорғау құралдарын атайды;
4) жеке қорғану құралдарын, жаппай қырып-жою қаруынан (ЖҚҚ) қорғау әдістерін пайдаланады.

Биологиялық (бактериологиялық) қарулар.

1) Биологиялық (бактериологиялық) қаруды қолданудың негізгі әдістерін меңгеру;
2) "биологиялық ластану аймағы" және "биологиялық зақымдану ошақтары" терминдерінің мағынасын білу.

1) Бактериологиялық қарудың ерекшеліктерін атайды;
2) қазіргі заманғы қаруды қолдану кезінде болуы мүмкін төтенше жағдайларды талдайды;
3) жаппай жеңіліске ұшыраған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін атайды.

Тыныс алу мүшелерін қорғау құралдары. Теріге арналған жеке қорғаныс құралдары.

1) Жаппай қырып-жоятын қаруды қолдану және техногендік апаттар жағдайында тыныс алу мүшелерін жеке қорғаудың заманауи түрлері туралы білімді меңгеру.

1) Респираторды, противогазды қолдану дағдыларын көрсетеді;
2) жаппай қырып-жою қаруын қолдану және техногендік апаттар жағдайында теріні қорғау құралдарының мақсаты мен жіктелуі туралы білімін көрсетеді;
3) жеке қорғану құралдарын, жаппай қырып-жою қаруынан (ЖҚҚ) қорғау әдістерін пайдаланады.

Ұжымдық қорғаныс құралдары.

1) Ұжымдық қорғаныс құралдарының түрлері мен түрлерін білу.

1) Жаппай қырып-жою қаруын қолдану және техногендік апаттар жағдайында тері қорғау құралдарының мақсаты мен жіктелуі туралы білімін көрсетеді;
2) техногендік сипаттағы қауіптерді жіктейді;
3) ұжымдық қорғаныс құралдарының түрлерін атайды.

Халықты эвакуациялау және тарату

1) Халықты эвакуациялау және таратуды ұйымдастыру ережелерін білу.

1) Халықты эвакуациялау және тарату әдістері мен тәртібін атайды;
2) "жергілікті" және "жергілікті эвакуация" ұғымдарымен әрекет етеді.

Террорлық қауіп жағдайында халықтың қауіпсіздігі

1) Террористік қауіп жағдайында халықтың қауіпсіздік шаралары туралы білу.

1) террористік қауіптілік деңгейлерін анықтайды;
2) криминогендік жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелерін түсіндіру;
3) терроризмге қарсы бағытталған алдын алу шараларын атайды.

Табиғи апат аймақтарындағы халықтың әрекеті

1) Жау шабуылы қаупі, азаматтық қорғаныстың дабылы, әртүрлі төтенше жағдайлар мен террористік қауіп-қатер кезінде халықты шебер әрекеттерге дайындаудың маңыздылығын мойындау;
2) қалыптасты табиғи апат аймақтарында зардап шеккендерге көмек көрсету дағдылары.

1) Әлеуметтік желілерде қауіпсіз байланыс, ашық қолжетімді желілерді пайдалану ережелерін талдайды;
2) зардап шеккендерге көмек көрсету дағдыларын көрсетеді.

Жаралар, қан кету және күйік кезіндегі алғашқы көмек.

1) Жарақат, қан кету және күйік кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін білу.

1) Жарақат, қан кету және күйік кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері туралы білімін көрсетеді;
2) әртүрлі зақымдану түрлеріне таңғыш таңғышты қолдану дағдыларын көрсетеді.

Түрлі жазатайым оқиғаларға алғашқы көмек көрсету.

1) Жалпы ережелерді және әртүрлі жазатайым оқиғаларға алғашқы көмек көрсету шараларының кешенін білу.

1) Жазатайым жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету туралы білімдерін көрсетеді;
2) жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын көрсетеді.

Әскери қызметтің құқықтық негіздері.

Әскери қызмет – Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік қызметінің ерекше түрі.

1) Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызметі туралы Заңының талаптарын меңгеру;
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен психологиялық-педагогикалық жұмысты ұйымдастыру тәртібін меңгеру.

1) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының баптарын түсіндіреді;
2) азаматтарды әскери қызметке даярлау жөніндегі бағдарламаны түсіндіреді;
3) Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери борышы туралы Заңдар бабының мазмұнын ашады.