ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 01.12.2023
Просмотров: 158
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жеміс толы бақша-бау.
Болсын жер мен су да ортақ,
Болсын бізге ту да ортақ.
ДО С БОЛАЙЫҚ, БӘРІМІЗ
Сөзі Х.Талғаровтікі
Әні И.Нүсіпбаевтікі
Әрқашан дос, біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер.
Достық жырын біліңдер,
Ту ғып ұстап бірлікті,
Еңбекті сүйіңдер!
Қайырмасы:
Дос болайық, бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз, сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз.
Қайырмасы:
Қайраттанып қарышта,
Озып шыққан жарыста.
Батыл бас, жас ұлан!
Самға биік, алысқа,
Жұлдыздарға, ғарышқа,
Бойда күш тасыған.
Қайырмасы.
КӨҢІЛДІ БАЛАЛАР ӘНІ
Сөзі Е. Өтетілеуұлыныкі
Әні Б. Дәлденбаевтікі
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз-талапты жас ұлан
Үлгі аламыз жақсыдан.
Жазда гүлдер тереміз,
Қыста шаңғы тебеміз.
Думандатып өңірді,
Дем аламыз көңілді.
Орман, көлге, шыңға біз,
Саяхатқа шығамыз.
Бөлінбейді іргеміз,
Әрқашанда біргеміз.
ДОСТЫҚ ӘНІ
Сөзі Ф.Оңғарсынованікі
Әні А.Асановтікі
Ақ, қарамыз, сарымыз.
Тату доспыз бәріміз.
Достық жайлы ән салып,
Шырқатайық кәне біз.
Қайырмасы:
Жүзімізге қараңыз,
Бал бұл жанған баламыз.
Бізге қымбат күн шуақ,
Бізге қымбат анамыз.
Күннің нұрын сүйеміз,
Қырдың гүлін сүйеміз.
Бізді ойнатып тәтелер,
Күлдіргенін сүйеміз.
Қайырмасы:
Балдырғанбыз арай жүз,
Бал-бұл жанып қараймыз.
Ойыншықтар біздерде,
Көп болғанын қалаймыз.
Таласаймыз біз бірақ,
Отырмаймыз тұнжырап.
Қуысамыз көгалда,
Жүгіреміз құлдырап.
Қайырмасы:
Ән саламыз күнде біз,
Шаттық толы іргеміз.
Біз мәңгіге достармыз,
Біз мәңгіге біргеміз.
БЕЙБІТШІЛІК ЖЫРЫ
Сөзі Н. Баймұхамедовтікі
Әні А. Жұбановтікі
«Бейбітшілік» деп салған –
Халықтардың ұраны.
Қара күшке жұмсалған
Ең жеңімпаз құралы.
Таң шапағы атқанда,
Серпілмейтін түн бар ма?
Әділеттік қашанда
Жеңбей қалған күн бар ма?!
Достық, тату өмірге
Дүние жүзі сенеді.
Соғыс өртін өшіре
Бейбітшілік жеңеді.
Жеңген ұран – жеңісі,
Рақаттанар адамзат.
Ел мен елдер келісіп,
Бейбіт өмір – салтанат.
ДОСТАРЫМ
Сөзі Х.Закарияновтікі
Әні О.Көшеровтікі
Толтырады бір көңілдің отын достарым,
Қатемді түзеп, жол тапсам, дұрыс қостадың.
Қиналған шақта бөлісіп жүрек жылуын,
Жүріндер сендер қолықтан демеп, достарым.
Қайырмасы:
Жабыққан сәтте қас қағым
Жанынды ұғар басқа кім?
Жаңа бір әуен бастадым
Сендерге арнап, достарым!
Десек те қашан баянсыз достан түңіл деп,
Қаншама арзан мінезге куә жұмыр жер
Асылдар аз ба жаныңды қияр дос үшін?
Соларға тағдыр өкінбей өтер ғұмыр бір.
Қайырмасы.
Сағыныш толы кеудені кернеп жыр көшкін,
Достықтың келдім сазына ән мен үн қосқым.
Өтермін мынау өлшеулі ғана тірліктен,
Биіктен сайлап орнын адал шын достың.
Қайырмасы.
ДОС ТУРАЛЫ ЖЫР
Сөзі Т.Молдағалиевтікі
Әні С.Бәйтерековтікі
Іздегенде табылатын қасыңнан,
Көңілі бар қызғалдақтай ашылған.
Көріспесек сағыныштан жүдейтін,
Кім бар жақын бала күнгі досыңнан?
Қайырмасы:
Жан досым, үстем болсын мерейің,
Әрқашан жеңісіңді көрейін.
Сырымыз да бітпесін,
Жырымыз да бітпесін,
Жырымыз да бітпесін.
Қос бұтағы секілденіп ағаштың,
Қатар тұрып гүлімізді сан аштық.
Жол тапсақ біз бірге жүріп жол таптық,
Адассақ та бірге жүріп адастық.
Қайырмасы.
Өмір өзі арқамызға жүк салып,
Бәрімізді қияларға жұмсады.
Қатар ұшқан құсқа ұқсадық әлде біз,
Қатар жанған екі шамға ұқсадық.
Қайырмасы.
ДОСЫМ
Сөзі Н.Бектемірованікі
Әні Ә.Алпысбаевтікі
Көрініп көркіңнен,
Мейірімің төгілген.
Қиындық сәттерде
Жұбанам сөзіңнен.
Балалық қиялым,
Байлығым жыр әнім,
Сен үшін ақ тілек
Жаныма жинадым.
Қайырмасы:
Досым, досым, досым,
Шаттығың құтты болсын!
Досым, досым, досым,
Үйіңе қыдыр қонсын!
Досым, досым, досымғ
Шаттығың құтты болсын!
Досым, досым, досымғ
Үйіңе қыдыр қонсын,
Қыдыр қонсын,
Қыдыр қонсын!
Өзіңе қазынам,
Сағынам назыңнан.
Арнадым әнімді
Сен үшін жазылған.
Әнімді мәңгілік
Барады жаңғырып,
Бақытты түріңнен
Келеді таң күліп.
Қайырмасы.
БАСТАҢҒЫ
Әні Т.Бейсембектікі
Сөзі М.Әлімбаевтікі
Анам кетсе қонаққа,
Көкем кетсе қонаққа,
Үйге ие боп қаламын,
Мен ақылды баламын.
Қайырмасы:
Бастаңғы, бастаңғы
Үйге ие боп қаламын,
Жалғыз өзім қаламын,
Таудай биік талабым,
Мен ақылды баламын.
Шақырамын достарды,
Жасаймын мен бастаңғы.
Көршілерді жиямын,
Дәмді құймақ құямын.
Қайырмасы:
Бастаңғы, бастаңғы
Көршілерді жиямын.
Бәрін тегіс жиямын
Дастарқанды жаямын.
Дәмді құймақ құямын.
Дастарқанға қоямыз,
Құймақтан жеп тоямыз
Жақсы кәде- бастанғы,
Жинайтын бар достарды.
Қайырмасы:
Бастаңғы,бастаңғы
Жақсы кәде – бастаңғы,
Мағыналы, астарлы
Жинайтын бар достарды,
Жақсы кәде – бастаңғы.
ТЫҢДА МЕНІ, ДОСТАРЫМ
Сөзі Абайдікі
Әні Ш.Қалдаяқовтікі
Буынсыз тілің,
Буулы сөзің,
Әсерлі адам ұғлына.
Кісінің сөзін
Ұққыш-ақ өзің,
Қисығын түзеп тұғырға.
Сезімпаз көңіл,
Жылы бір жүрек
Таппадым деп түңілмес.
Ақылды бір дос,
Керек-ақ маған
Ойы мен тілі бөлінбес.
Буынсыз тілің,
Буулы сөзің,
Әсерлі адам ұғлына.
Кісінің сөзін
Ұққыш-ақ өзің
Қисығын түзеп тұғырға.
ДОСТАР ҚҰШАҒЫНДА
Сөзі С. Жиенбаевтікі
Әні Ш.Қалдаяқовтікі
Қасымда бүгін достарым менің,
Құшағым толы қырмызы гүлдер.
Толқиды жаным, аспаным кеңіп,
Арайлы таңдар, қызықты күндер.
Қайырмасы:
Кел, жан достарым,
Мен бір ән бастадым.
Келеді көктем, келеді жаздар
Қырларға балғын гүлдерін алып.
Тұрады сәуле көңілде маздап,
Жатса да зулап күндерім ағып.
Қайырмасы.
Аспаным нұрын төгеді көктен,
Күтеді қызық тандарым алда.
Құшағы жалын, көңілі көктем –
Өздерің барда – арманым бар ма?!
Қайырмасы.
ДОС БОЛАЙЫҚ БӘРІМІЗ
Сөзі Х.Талғаровтікі
Әні И.Нүсіпбаевтікі
Әрқашан дос біргеміз,
Ажырас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер.
Ту ғып ұстап бірлікті
Еңбекті сүйіңдер.
Қайырмасы:
Дос болайық, бәріміз
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз!
Қайраттанып қарышта,
Озып шыққын жарыста.
Батыл бас, жас ұлан,
Самға биік алысқа.
Жұлдыздарға, ғарышқа,
Бойда күш тасыған.
Қайырмасы.
Отан – біздің панамыз,
Аман жүрсін анамыз.
Нұрлы күн сөнбесін,
Бақыт болып жанамыз.
Жарық біздің санамыз,
Қара бұлт төнбесін.
Қайырмасы.
КӨКТӨБЕ КЕШІ
Сөзі Н.Әлімқұловтікі
Әні А.Еспаевтікі
Жүрші құрбым, Көктөбеге барайық,
Кеудемізге қырдың гүлін тағайық.
Алатаудың саясында сайрандап,
Алматыға тамашалап қарайық.
Алаулайды гүлдің әсем шоқтары,
Шарықтайды жастық шақтың шатты әні.
Астананың жұлдызындай аспанда,
Жарқырайды Көктөбенің оттары.
Аспалы жол жақындатты төбені,
Асқар таулар төбемізден төнеді.
Көңіл шалқып, қанат бітіп қиялға,
Алматыға қарай бергің келеді.
Байтақ жердің бетінде де, көкте де,
Дәл осындай сырлы, сұлу жоқ төбе.
Армандастар, замандастар табысқан,
Осы болар «жер ортасы – Көктөбе».
ҚАРЛЫҒАШЫМ
Сөзі Ә.Дүйсенбиевтікі
Әні Ә.Бейсеуовтікі
Қарлығашым, қарлығашым,
Табиғаттың еркесі.
Қарлығашым, жан сырласым,
Самға туған жер төсін.
Қайырмасы:
Шырқа биік, шырқа биік,
Ақ ниетті адал дос.
Қалықтаған, шарықтаған,
Әуеніңді маған қос.
Қақ қанатты, қарлығашым,
Сен бармаған дала бар.
Қанатыңа хат жазамын,
Қалқатайға ала бар.
Қайырмасы.
Қайта ұшып кел, қарлығашым,
Сен шығарма мені естен.
Бәйтеректің басына шық,
Қалқашым боп елесте.
Қайырмасы.
Қарлығашым, қарлығашым,
Сұлу әнге сала кел.
Досың сенің сарылмасын,
Жақсы хабар ала кел.
Қайырмасы.
АҚША ҚАР
Сөзі Ж.Смақовтікі
Айнала аппақ ақша қар –
Ауыл-аймақ оранған.
Біз емес желден жасқанар,
Қорықпаймыз бораннан.
Боран күні бәріміз
Мал қораға барамыз,
Бұзауханым тоңбайды,
Жылы, жайлы қорамыз.
Бұзауханым тоңбайды,
Жылы, жайлы қорамыз.
Көк балауса шөптері
Алдына жемін қоямыз.
Әукешім сүтті көп беріп
Балқаймаққа тоямыз.
КӨКТЕМ
Сөзі Қ.Сыдықовтікі
Әні А. Жайымовтікі
Көктем келіп шуақты,
Балаларды қуантты.
Алақай-ау, алақай!
Құстар сайрап,
Бақтар жайнап гүл атты.
Ля-ля-ля-ля, ля-ля-ля-ля
Құстар сайрап,
Бақтар жайнап гүл атты.
Дала гүлге толыпты,
Аққу көлге қоныпты.
Алақай-ау, алақай!
Көктем қандай,
Көктем қандай көрікті
Ля-ля-ля-ля, ля-ля-ля-ля
Көктем қандай,
Көктем қандай көрікті.
НЕ ДЕГЕН КЕРЕМЕТ КҮН!
Сөзі М.Мақатаевтікі
Әні Т.Шапайдікі
Не деген керемет күн!
Жаныңа бәрі даяр не керектің.
Көрінеді гүлдердің бүр жарғаны,
Естіледі ұшқаны көбелектің,
Не деген керемет күн!
Естіледі бал-ара нәр сорғаны,
Бармақтай балапан құс ән салғаны,
Бәрін де кеудесіне қондырып ап,
Дала бір рахатта
Дел-сал жаны.
Таулардың самал ессе балағынан,
Гүлдер тұр үзірлердей сабағынан.
Шартарапта шауып жүр нұр мен шуақ,
Шашырап күннің алтын табағынан.
Сусындап көк аспанның шанағынан,
Шарықтап шанырауда ана-қыран.
Ару-жер өз дидарын көріп жатыр,
Мөп-мөлдір тұнық көктің жанарынан.
Не деген керемет күн!
Кейпіне елітесің төңіректің,
Қаласа мына жатқан сәби дүние,
Келеді өміріңді бере кеткің!