Файл: Презентациялара арналан апарат Оу масаты 2 1 слайд шін макет тадау.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 01.12.2023
Просмотров: 33
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мұғалімнің аты - жөні: Кенжебаева Камшат Пердешовна
Күні: | 17.02.2023 | ||||||||||||||
Сыныбы: | 4 | ||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Презентацияларға арналған ақпарат | ||||||||||||||
Оқу мақсаты | 4.2.3.1 слайд үшін макет таңдау; 4.3.1.1 ақпарат іздеу (компьютердегі файлдар мен бумалар, құжаттағы мәтін үзіндісі); 4.3.2.1 браузер параметрлерін қолдану (бетбелгілер жасау, журналды және жүктеуді көру); | ||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: - слайд үшін макет таңдау; Көпшілік оқушылар ақпарат іздеу (компьютердегі файлдар мен бумалар, құжаттағы мәтін үзіндісі) командаларын қарау Кейбір оқушылар браузер параметрлерін қолдану (бетбелгілер жасау, журналды және жүктеуді көру); | ||||||||||||||
Бағалау критерийлері | - слайд үшін макет таңдайды -ақпарат іздеу (компьютердегі файлдар мен бумалар, құжаттағы мәтін үзіндісі) командаларын қарастырады -браузер параметрлерін қолданады. | ||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика және терминология:
Диалогтар мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:
| ||||||||||||||
Құндылықтарға баулу | Өмір бойы оқу, Қазастандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдысы қалыптасады. | ||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Ағылшын тілі, Орыс тілі, Дүниетану. | ||||||||||||||
Алдыңғы білім | Жобалық жұмыс. | ||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | |||||||||||||
Сабақтың басы 2 мин. 5 мин. | Ұйымдастыру кезеңі: Сыныппен амандасу. Оқушыларды түгендеу. Сыныпта жақсы атмосфералық ахуал тудыру мақсатында «Сиқырлы гүл» әдісін пайдалана отырып, қолымдағы гүлімді сабақтың сәтті өтуіне тілегімді айтып, бірінші оқушыға беремін. Ары қарай оқушылар сәттілік пен тілектерін айта отырып гүлді бір-біріне сыйлайды. (Ұ) Ой қозғау! «Қарлы кесек» әдісі. Тапсырма: Оқушыларға арнайы интерактивті тақтаға төмендегі сұрақтар беріледі. Өздері параққа сұрақ жазып бір-біріне лақтырады, қағып алған сұраққа жауап жазып, кері қайтарады. Жауап жазылған парақты ашып оқиды.
| Қағаз бөліктері | |||||||||||||
Сабақтың ортасы 8 мин. 10 мин. 10 мин. | (Ұ) «Кезбе тілші» әдісі Тапсырма: Оқулықтағы «Жаңа білім» бөлімін оқиды. Оқып біткен соң бір оқушы кезбе тілші рөлінде болып, жаңа ақпараттан сұрақтар қойып, жауабын алды.
(Д) Компьютермен жұмыс Тапсырма: Құрасытырған «Экология ережесіне» компьютерде презентация жаса. 1, 2 –суреттерде осындай ережені құрудың үлгі презентациясы берілген. Өзің топта құрастырған немесе үлгіде берілген презентацияны жаса. Презентация 2 слайдтан құралсын.
(Д) Компьютермен жұмыс. Тапсырма: Үш слайдтан тұратын «Адам мен Табиғат қарым-қатынасы» тақырыбында презентация макетін жоспарла. Слайдқа лайықты макет таңда. Презентацияда төмендегі слайдтар қамтылсын. 1-слайд: Слайд тақырыбы, орындаған оқушы, тақырыпқа сай суреттер; 2-слайд: Таза табиғаттың адам үшін маңыз тақырыбында 5-6 сөйлем. 3-слайд: Адам мен табиғаттың қарым қатынасын сипаттайтын суреттер.
| Жұмыс дәптері Микрофон АКТ АКТ | |||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин. | Рефлексия: (Ұ) Талдау! Сабақты қорытындылау.
Үй тапсырмасы: «PowerPoint - презентацияға арналған программа» тақырыбында 2 беттен тұратын баяндама дайында. Баяндамада төмендегі мәселелерді назарға ал:
| |