ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.12.2023
Просмотров: 14
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Құстар
Құстар күзге қарай топ болып бірігеді. Ұзақ сапарларда көптеген құстар теңіздердегі дауылдардан немесе таудағы борандардан және жыртқыштардан өлім-жетімге ұшырайды.
Ұшу сапары кезінде тырналар мен қаздар тізіле ұшады. Тізіле ұшқанда әрбір құс белгілі дәрежеде басқаларын да қолдап отыратынын ғалымдар анықтады.
Күзгі аспанда тырналар ұшында жұмсақ үндерінен мұңды да сазды әуен естіледі. Ұшып кетерде қараторғайлар өздерінің ұяларына қайта оралып, «қоштасу әнін» сағаттап шырқайды. Қаздар кеш ұшады. «Қаз кетсе – қар келгені»,- дейді халық.
Құстар ұшқанда тәртіп сақтай отырып, үйір-үйір болып ұшып кетеді.Тырналар үшбұрыш жасап, қаздар бұрыш жасай немесе доға түзеп ұшады. Кенет дабыл соғылса, құстар топтала қалады. Қауіп басылғанда, қатты дыбыс беріледі.
Құстардың маусымдық ұшуы – табиғаттың тамаша құбылысы.
Құстарда белгілі бір ерекше сезім бар екендігін, белгілі бір жерді дәл анықтайтындықтарын өмір көрсетіп отыр.
Құстар бөтен елде үйірімен жүреді, ұя салмайды, ән шырқамайды. Жергілікті тұрғындар қыстап шығатын бұлбұлдардың, бозторғайдың тамаша үнін естімеген. Көктемде тынышсызданып, әлемді жаңғырықтыра Отанына оралу үшін ыңғайлы соққан желді асыға күтеді.
Адамдардан айырмашылығы және құстардың ең басты қасиеттері: қандай жағдай болса да, Отанына қайтып келеді.