Файл: Диплом алды практикадан ту кнделігі Мейіргер ісі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Дипломная работа

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.12.2023

Просмотров: 456

Скачиваний: 11

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Атырау жоғары медициналық колледжі

«Педиатриядағы мейіргер ісі» пәні бойынша диплом алды практикадан өту күнделігі

«Мейіргер ісі» 338-топ 2-топша : Туретай Гауһар Азаматқызы

Әдістемелік жетекші: Құспанова Толқын Хайруллаевна

Тікелей жетекші: Анель Даниярқызы

Атырау-2023 жыл

Мамандығы 0302000 «Мейіргер ісі» біліктілігі 0302043 «Жалпы практика мейіргері»

«Педиатриядағы мейіргер ісі» кәсіптік тәжірибесінің игеруге тиісті дағдылар тізбегі.

4 курс VIIІ семестр практика 120 сағат 20 күн

Аты жөні: Туретай Гауһар Азаматқызы
Диплом алды практикадан өтуі туралы күнделік-есеп

      Білім алушы: Туретай Гауһар

06.04.2023ж

Р/c №

Оқу өндірістік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы

Оқу өндірістік практиканың бағдарламасына сәйкес, жұмыстарды орындау(оқыту) мерзімдері

Өндірістен оқу өндірістік практика жетекшісінің қолы

басталуы

аяқталуы

1.

Практикамыздың алғашқы күні бізді тікелей жетекшіміз Анель Даниярқызы әдістемелік жетекшіміз Құспанова Толқын Хайруллаевнаға бізді түгендеп тапсырды. Ол бізді участкелерге бөлді.

9:00

10:00



2.

Толқын Хайруллаевна мені Тасқала амбулаториясына жіберді. Ол жақта мені ВОП кабинетке жіберді.

10:00

11:00




3.

Воп кабинетте таңертеңгі уақытта науқастар дәрігерге қаралып, әр түрлі мамандарға жолдама алуға келді. Келген науқасты даму мед арқылы тексеріп, шағымдарын тындадық. ЖҚА ЖЗА жолдама бердік. Серікбаева есімді жүкті әйелді учетка алдық.

11:00

13:00



Жүкті әйелдерге босанғанға дейін патронаж өткізу
Бастапқы медициналық-санитариялық көмек қызметінің (бұдан әрі – БМСК) педиатрия немесе жалпы тәжірибе бөлімінің орта медициналық қызметкері жүкті әйелді босанғанға дейінгі патронажды үйінде екі рет өткізеді:


1) жүкті әйелді есепке қою туралы ақпаратты алған кезде;

2) жүктіліктің 32-аптасында.
1-ші патронаж: Жүкті әйелдің үйіне алғашқы келген кезде медицина қызметкері болашақ сәбидің отбасымен танысып, жүкті әйелдің жалпы жай-күйін, еңбек және тұрмыс жағдайын, санитарлық мәдениет деңгейін, кәсібінің зиянды жақтарын, анада ауруларының болуын (АИТВ, жыныстық жолмен берілетін жұқпа аурулары, туберкулез, қызамық және басқа) бағалайды және жүктіліктің өтуіне, болашақ баланың күтімінің сапасына әсер ететін қауіп-қатерді анықтайды, сонымен қатар тұрмыста зорлық-зомбылық көрсетудің алдын алу мен құқықтық, әлеуметтік-құқықтық мәселелері жөнінде консультация жүргізеді.
2-ші патронаж: жүкті әйел мен оның сүт бездерінің жағдайын бағалап, сәбиді емізуге дайындық бойынша ұсынымдар мен нәрестені емізу, оны күтіп-бағу дағдыларына үйрету мақсатында ДСБК-не қабылдауға шақырады. Сонымен қатар нәрестеге арналған бұрышты (орын, кереует, іш киімдер, киім және басқа күтім жасауға арналған бұйымдар) дайындау жөнінде ұсынымдар береді.

Босанғанға дейінгі патронаждар кезінде медицина қызметкері мыналарға назар аударады:

1) жүкті әйелдің күн режимі, диета еңбек ету, демалу, сүт бездеріне күтім жасау, санитариялық-гигиеналық режім мен емдеу-сауықтыру іс-шараларына қатысты акушер-гинекологтың ұйғарымын орындау;

2) шұғыл шаралар қабылдау мақсатында жүктіліктің өтуінің қауіпті белгілерін анықтау, сонымен қатар отбасы мүшелерін қатер тудыратын белгілерді тану және шұғыл медициналық көмекке жүгінуге үйрету.

13. Медицина қызметкері бала туылғанға дейінгі патронаж кезінде жүкті әйелді жүктіліктің қалыпты өтуіне қауіп төндіретін «қатерлі белгілерін» тануға үйретеді және мынадай жағдайлар бір рет болған кезде тез арада медициналық көмекке жүгінуін ұсынады:

1) қынаптан қан аралас бөлінулер;

2) бұлшық еттердің тартуы және қол-аяқ, беттің жансыздануы;

3) бас қатты ауыруы;

4) іш ауыруы;

5) құсу;

6) ұрықтың сирек қимылдауы немесе қимылдамауы;

7) дененің қызуы 37,5оС-тан жоғары;

8) қағанақ суының ағып кетуі;

9) қол-аяқтың немесе дененің басқа мүшелерінің анық байқалатындай ісінуі;

10) демнің тарылуы немесе демікпе;

11) жүректің жиі қағуы;

12) көру қабілетінің бұзылуы.
Патронаж кезінде алынған мәліметтер босануға дейінгі патронаж парағына жазылып, баланың даму тарихына (112/е нысанына) жабыстырылады.

Білім алушының қолы _______

      2023ж. "06" сәуір

Анель Даниярқызы      (өндірістік практиканың тікелей жетекшісі)



2023ж. "06" сәуір

      2. Білім алушы мадақтамалары мен жазалары

      _______________________________________________________________

3. Кәсіпорыннан (ұйымнан) өндірістік практика жетекшісінің қорытындылары

      _______________________________________________________________

      Кәсіпорыннан (ұйымнан) өндірістік практика жетекшісінің қолы

Құспанова Т.Х

      2023ж. "06" сәуір

Білім алушы: Туретай Гауһар

07.04.2023ж.

Р/c №

Диплом алды практиканың

бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы

Диплом алды практиканың бағдарламасына сәйкес, жұмыстарды орындау(оқыту) мерзімдері

Өндірістік кәсіптік практика жетекшісінің қолы

басталуы

аяқталуы

1.

Практиканың екінші күні Тасқала амбулаториясына келдім. Жұмысымды дәрігерге дейінгі қарау кабинетінде кушетканы және столды дез ер. Сүртуден бастадым. Содан кейін скринингке келген кісілердің кал –ын даму медке салып тіркеп штрихкодты пробиркаға жабыстырып курьерге бердім.

9:00

11:30




2.

Содан кейін дәрігерге дейінгі кабинетке келген Пациеттерді дамумедке тіркедім. Бойын, салмағын және қан қысымын өлшедім, көз қысымын, қандағы қант мөлшерін өлшедім.

11:30

13:00




Дене қызуын өлшеу.

Мақсаты: диагностикалық: ересек наукастың дене қызуын анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: организмнің функционалды жағдайын бақылау, аурухана ішілік жұқпалы аурудың алдын алу.
Қарсы керсетілімдері: қолтық асты аймағының қабыну процесі, пысынаушылық, қолтық асты аймағының қызаруы.
Дене қызуын өлшейтін жерлері: қолтық асты ойысы, ауыз қуысы, шат аралық қыртыстар (балаларға), тік ішек.
Дайындадым: медициналық термометрді, лотокты, салфеткаларды, сағатты, қара түсті қаламсапты, қызуды тіркейтін журналды, қызу парағын, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, таза термометрлерді сақтауға арналған ыдысты.
Іс-әрекет алгорнтмі:
1.Науқасқа емшара мақсатын және барысын түсіндірдім, оның келісімін алдым.
2.Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазарттым.
3.Науқасты отырғызыңыз немесе жатқыздым.
4.Термометрді қолға алдым. Оның бүтіндігін тексердім. Сынап бағанасы 35°С-тан томен резервуарға (сынап сақталатын сауытқа) түскенше сілкідім және қарадым.

5.Қолтық асты ойысын қарадым: егерде қызару, жергілікті қабыну процессі болса, онда дене қызуын өлшеу жүргізілмейді (термометрдің көрсеткіші дене қызуынан жоғары болады).
6.Науқастың қолтық асты ойысының терісін жеке салфеткамен құрғақтатып сүрттім (ылғалды тері термометрдің көрсеткішін өзгертіп жібереді).
7.Термометрдің сынап резервуарын қолтық асты ойысына салдым, ол денемен толық жанасуы керек (науқастан иығын кеудесіне қысуын сұраңыз).

8.Дене қызуын өлшеу уақытын белгілеп қойдым.
9.10 минуттан кейін термометрді алып, оның көрсеткішін сынап бағанасы жоғарлауы бойынша анықтадым. Науқасқа алынған нәтижені хабарладым.
10.Термометрдің көрсетілімін дене қызуын тіркейтін журналға сандық, ал қызу парағына графикалық қисық сызба түрінде жаздым (қара түспен).
11.Пайдаланған термометрді сілкіп, сынаптың резервуарға түскеніне көзімді жеткіздім.
12.Пайдаланған термометрді ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салдым.
13.Ағынды судың астында зарарсыздандыратын заттын иісі кеткенше жудым, салфеткамен құрғатып сүрттім, салфетка салынған лотокқа немесе шыны ыдысқа салдым, құрғақ түрінде сақтау керек.
14.Қолымды жуып, кептірдім.
1. Оқып болған конструкциялардың, жабдықтардың, технологиялық процестердің, өндірістің механикаландыру мен автоматтандырудың және еңбектің озық әдістерінің т.б. сипаттамасы _____________________________________________________________________________

Білім алушының қолы ________________

2023 ж. "07" сәуір

_____________________________________________________________________________

(өндірістік практиканың тікелей жетекшісі) Анель Даниярқызы

2023 ж. "07" сәуір

2. Білім алушы мадақтамалары мен жазалары

_____________________________________________________________________________
3. Кәсіпорыннан (ұйымнан) өндірістік практика жетекшісінің қорытындылары

_______________________________________________________________

____________________________________________________________________

Кәсіпорыннан (ұйымнан) өндірістік практика жетекшісінің қолы

__________________________________ Құспанова Т.Х

2023 ж. "07" сәуір

Білім алушы : Туретай Гауһар

08.04.2023ж

Р/c №

Диплом алды практиканың

бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы

Диплом алды практиканың бағдарламасына сәйкес, жұмыстарды орындау(оқыту) мерзімдері

Өндірістік кәсіптік практика жетекшісінің қолы

басталуы

аяқталуы

1.

Практиканың үшінші күні Егу кабинетіне келдім. Ондағы мейірбикелер кабинетті таныстырды. Қолымды №111 бұйрық бойынша өңдеп, перчатка кидім. Науқастардан вакутайнерлерге қан алдым, және жолдамасын жабыстырдым.

9:00

10:30




2.

Науқастардан қан алып болған соң үстелдерді дез ер. мен сүрттім.

10:30

11:30




4.

Егу бөлмесіне арналған мақта,дәкелерді дайындадық.

11:30

13:00






Балаларда пульсты анықтау

1. Баланы тыныштандырдым

2. Ыңғайлы жағдай жасадым /отырғыздым немесе жатқыздым

3. Баланың білегін және қолын көлденең тегістікке жатқыздым

4. Оң қолдың 2, 3, 4 саусақтарымен кәрі жілік артериясын тауып пульсті анықтадым

5. 1 минуттағы пульс толқындарының соғысын санадым

6. Пульс соғысын қалыпты жағдайдағымен салыстырдым /соғысының жиілеуі – тахикардия, сиреуі – брадикардия/

7. Пульстің ырғақтығын анықтадым

8. Толымдылығын анықтадым /толық немесе бос/

9. Пульстің кернеулігін анықтадым /қатты немесе жұмсақ/

Кернеулігі - арерияны саусақпен қатты басқанда артерияның қарсыласу күші:

Ерте жастағы балаларда пульсті ұйқы немесе самай артерияларынан анықтаған ыңғайлы

Қалыпты жағдайдағы пульс көрсеткіштері

Баланың жасы

1 минутта пульс жиілігі

Жаңа туған бала

120-140

0-6 ай

130-135

6-12 ай

120-125

2 жас

110-115

3 жас

105-110

4 жас

100-105

5 жас

100

6 жас

90-95

7 жас

85-90

8 жас

80-85

9 жас

80-85

10 жас-12 жас

75-85

13 жас және одан жоғары

70-80



Балаларда тыныс алу жиелігін анықтау

Мақсаты: диагностика

Қолдану көрсетілімдері: бақылау

Ресурстар: секундомер сағат, температуралық бетше немесе баланың даму тарихы, қаламсап.
Іс-әрекет алгоритмі:

1. Баланың анасына емшара барысы мен мақсатын түсіндірдім, оның келісімін алдым.

2. Гигиеналық деңгейде қолымды тазартып, кептіріп, жылыттым.