Файл: араанды облысы бойынша жоары білімі бар мамандар даярлауа 2018 2019 оу жылына арналан мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.12.2023

Просмотров: 14

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Жоба

Қарағанды облысы бойынша жоғары білімі бар мамандар даярлауға 2018 - 2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар мамандар даярлауға облыстық бюджеттен қаржыландырылатын 2018 - 2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.

2. «Қарағанды облысының білім басқармасы», «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемелері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қарағанды облысының әкімі Е. Қошанов

Орынд.: Е.Иманғалиев

Тел.: 41 13 19