Файл: Саясаттану пні бойынша студенттерге арналан тест сратары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.12.2023

Просмотров: 146

Скачиваний: 7

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

  1. Абай қоғамдағы әлеуметтік әділетсіздікті мына себептермен түсіндірді:

  1. жұт, барымтамен, алауыздықпен

  2. ру-тайпа аралық тартыстармен

  3. қоғамның байлар мен кедейлерге бөлініп, мүдделерінің қарама-қайшы болуымен

  4. қабылданған заңдардың, салт-дәстүрлердің жұмыс істемеуімен

  5. ғылым-білімнің, мәдениеттің артта қалуымен

  1. Абайдың әдеттегі қазақ құқын жетілдіруге қосқан үлесі:

  1. отбасы-неке қатынастарын жетілдірді

  2. 100-ден аса баптардан тұратын әдеттегіқұқықтың жиынтығын құрастырды

  3. әмеңгерлік салтты енгізді, дамытты

  4. ру аралық қатынастарды нығайту үшін заңдарқұрастырды

  5. 35 баптан тұратын әдеттегі құқық жинағын құрастырды

  1. Абайдың пікірі бойынша ғылым мынандай әлеуметтік рөлдерді атқарады:

  1. ғылым адамды қараңғылықтан құтқарады, білімсіздіктен шығудың жолын көрсетеді

  2. ғылымды еңбекпен, ықылас қоюмен меңгеруге болады

  3. практика ғылымсыз бәрін де бере алады

  4. ғылым әлем дүниесінің құпияларын ашуға мүмкіндік береді

  5. ғылым ғылыми-техникалық прогреске ықпал етеді

  1. Абайдың еңбектің әлеуметтік рөлі туралы көзқарасы:

  1. барымта баюдың бірден-бір жолы, оны тежеу мүмкін емес

  2. еңбектің барлык түрлері пайдалы, сондай-ақ жалдамалы енбек те пайдалы

  3. еңбек адамның жан-жақты дамуына ықпал жасайды

  4. алыпсатарлық, базар, ұрлық баюдың көзі болуы мүмкін

  5. байлар мен кедейлер еңбек бірдей етуі тиіс

  1. Тұлғаның әлеуметтенуіне ықпал ететін Абай айтқан алғышарттар:

  1. еріншектік, қызылбайлық, жалқаулық

  2. саясат, дін, мектеп, өнер

  3. талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым

  4. еңбек, өнеркәсіп, нарық

  5. базар, байлық, жауапкершілік

  1. Байтұрсыновтың қоғамның даму жолдары жөніндегі көзқарасы:

  1. қоғамның дамуын революциялық жолмен іске асыру

  2. эволюциялық, реформалық жолмен іске асыру

  3. халықтың мүддесін қорғайтын саяси партия құру арқылы дамытуға болады

  4. отаршылдыққа қарсы күрес жүргізу жолымен жетістікке жету

  5. тек қана реформалық жолмен қоғамды дамыту

  1. Ә. Бөкейхановтың кадет партиясынан шығуына себеп болған жағдай:

  1. Ресей патшалығы отарлау саясатын жүргізгені үшін

  2. жаңа билік жүйесінде Торғай облысы бойынша комиссар болып тағайындалу мүмкіндігі үшін

  3. партия бұратана халықтарға, соның ішінде қазақтарға автономия алу мүмкіндігін бермейтіндігін білгендіктен

  4. Семей, Ақмола облыстары уездерінің жерді пайдалану тәсілдерін зерттеп, ғылыми негіз жасау үшін

  5. қазақтардың этностық қалыптасу процесін одан әрі зерттеу үшін, ғылыми қорытынды жасау үшін


  1. Эмпирикалық әлеуметтану әлеуметтанымдық зерттеулердің дербес бағыты ретінде мына елде қалыптасты:

  1. КСРО-да

  2. Германияда

  3. Англияда

  4. Францияда

  5. АҚШ-та

  1. Құрылымдық функционализм деп аталған құрылымдық-функционалдық әдістің негізін қалаған ғалым:

  1. Знанецкий Ф.

  2. Томас У.

  3. Смолл А.

  4. Парсонс Т.

  5. Мертон Р.

  1. Әлеуметтік интеракция (өзара әрекет) теориясының авторы:

  1. Дж. Э. Ландберг

  2. Дж. Мид

  3. Д.Белл

  4. Р.Марш

  5. Р.Парк

  1. Қазіргі әлемдегі қылмыстың себептері туралы аномия теориясы мына автордың еңбектерінде дамыды:

  1. Мертон Р.

  2. Парк Р.

  3. Томас У.

  4. Тейлор Ф.

  5. Саймон Г.

  1. Тұлғаның базалық (азық-түлікке, киім-кешекке, қауіпсіздікке және т.б.) және өндірістік (әділеттілік, аман-саулық, тәртіп және т.б. қажеттіліктер) қажеттіліктерін екі топқа бөліп қажеттіліктің иерархиялық теориясын жасаған ғалым:

  1. Херцберг

  2. Белл Д.

  3. Шмидт К.

  4. Маслоу А.

  5. Бернштейн Э.

  1. 1892 жылы әлемдегі тұңғыш әлеуметтану университеті пайда болған АҚШ-тың қаласы:

  1. Чикаго

  2. Нью-Йорк

  3. Сиэтле

  4. Вашингтон

  5. Бостон

  1. Күнделікті өмірді театрдағы әрекетпен салыстыруды негіз еткен драматургиялық әлеуметтанудың авторы:

  1. Э.Гофман

  2. А. Шюц

  3. Г. Гарфинкель

  4. У. Томас

  5. Р. Парк

  1. Этнометодология тұжырымдамасының авторы:

  1. М. Вебер

  2. П. Сорокин

  3. К. Маркс

  4. Г. Зиммель

  5. Г. Гарфинкель

  1. Феноменологиялық әлеуметтанудың авторын атаңыз:

  1. Дж.Мид

  2. А.Шюц

  3. Э.Гофман

  4. Г.Гарфинкель

  5. Т.Парсонс

  1. Адамдардың сый-сияпат алу үшін ұмтылыс жасайтын жақсы мінез-құлқының мотиві жөніндегі әлеуметтік айырбас теориясының авторын атаңыз:

  1. Дж.Мид

  2. А.Шюц

  3. Э.Гофман

  4. Г.Гарфинкель

  5. Дж.Хоманс

  1. Неміс ғалымының типтеуіне сәйкес қоғамдық қатынастар типі бойынша үстемдік және аралас және жолдастық болып бөлінеді: Осы ғалымды нұсқаңыз.

  1. Э.Дюркгейм

  2. А.Шюц

  3. Ф.Теннис

  4. Г.Гарфинкель

  5. Дж. Хоманс

  1. Тарихи үрдістің мәні – бұл жеке меншік пен байлыққа бақылау қою үшін күрес деп санаған «Капитал» атты шығарманың авторын атаңыз:


  1. В.Ленин

  2. Ф.Энгельс

  3. Г.Плеханов

  4. Ф.Теннис

  5. К.Маркс

  1. Әлеуметтік шиеленіс теориясын жасаған және әлеуметтік тұрақсыздықтың негізгі себебі капитал емес, билік деп есептеген неміс ғалымы:

  1. Э.Дюркгейм

  2. А.Шюц

  3. Р.Дарендорф

  4. Р.Мертон

  5. Ч.Миллс

  1. Әлеуметтанудың зерттейтіні – бұл:
  1. 1   2   3   4   5   6


зерттелетін объекті немесе құбылыс жөнінде нақты объективті мәлімет алуды мақсат еткен методологиялық, әдістемелік және ұйымдық-техникалық процедураның логикалық жүйесі

  • зерттелетін әлеуметтік құбылыстар мен процестер жөнінде салыстырмалы түрдегі түсінікті анықтауға бағытталған процедура жүйесі

  • зерттелетін пәннің немесе құбылыстың себептік сипатын анықтауға бағытталған процедура жүйесі

  • зерттелетін пәннің немесе құбылыстың құрылымын қарастыруға бағытталған логикалық процедураның жүйесі

  • зерттелетін объектінің немесе құбылыстың сапалық сипаттарын қарастыруға бағытталған процедура жүйесі

    1. Бұл құжат кез келген әлеуметтану зерттеуінің міндетті түрдегі бастауы болып саналады, онда зерттеудің методологиялық принциптері, мақсаттары және міндеттері, оларға жетудің тәсілдері көрсетілген:

    1. Жоспар

    2. Сұрақтама

    3. Бағдарлама

    4. Анкета

    5. Түйін

    1. Бастапқы ақпаратты жинаудың мақсаттарын, міндеттерін, тәсілдерін, құралдарын анықтау, оны өңдеу және талдау – бұл:

    1. әлеуметтану зерттеулерінің процедурасы

    2. әлеуметтану зерттеулерінің кезеңдері

    3. әлеуметтану зерттеулерінің түрлері

    4. әлеуметтану зерттеулерінің типтері

    5. әлеуметтану зерттеулерінің жолдары

    1. Зерттеу пәнінің тереңдігі мен күрделілігіне талдау жасау әлеуметтануда әлеуметтанулық зерттеулердің келесі түрлерін ерекше көрсетеді:

    1. нақтылы, қайталанған, панельді

    2. жаппай, сұрыпталған, локальды

    3. теориялық, эмпирикалық, іргелі

    4. барлаушылық, суреттемелік, талдаушылық

    5. мониторингтік, экспериментальды, кешенді

    1. Шешілетін міндеттің ортақтығымен байланысты, әдістердің жиынтығына негізделген ұйымдастырушы құжат:

    1. Талдау

    2. Әдіснама

    3. Процедура

    4. Техника

    5. Әдістеме

    1. Талдаушылық (аналитикалық) зертеудің мақсаты – бұл:

    1. белгілі бір құбылыстың немесе процестің құрылымын, формаларын және сипатын анықтау

    2. құбылыстар мен процестердің негізіне жататын мәнді себептерді анықтау

    3. белгілі бір объекті жөнінде алғашқы ақпаратты алу

    4. зерттелетін процесс пен құбылыстың параметрлеріне сандық және сапалық баға беру

    5. пән жөнінде жалпы мағлұмат алу

    1. Практикалық қызмет пен таным принциптерінің, нормаларының, әдістерінің жиынтығының аталуы:


    1. әлеуметтану зерттеуінің процедурасы

    2. әлеуметтану зерттеуінің әдісі

    3. әлеуметтану зерттеуінің амалы

    4. әлеуметтану зерттеуінің құралы

    5. әлеуметтану зерттеуінің методологиясы

    1. Әлеуметтануға жатпайтын әдіс:

    1. Сауалнама

    2. Бақылау

    3. құжаттарды талдау

    4. Тарифтік

    5. Эксперимент

    1. Зерттеушілік іс-шаралардың, техникалар мен әдістердің жиынтығы – бұл:

    1. Әдіснама

    2. Талдау

    3. Логика

    4. Техника

    5. Әдістеме

    1. Ауызша және жазбаша ақпараттың көзі ретінде эмпирикалық зерттеуге қатысушы адам – бұл:

    1. Әлеуметтанушы

    2. саяси шолушы

    3. Респондент

    4. Журналист

    5. Публицист

    1. Зерттелетін объектіні мақсатты және жоспарлы түйсіну әдісі – бұл:

    1. Эксперимент

    2. Бақылау

    3. Сұрыптау

    4. Сауалнама

    5. құжаттарды талдау

    1. Сұхбатнама және анкеттеу мына әдіске жатады:

    1. Бақылау

    2. Эксперимент

    3. Сұрыптау

    4. Сауалнама

    5. құжаттарды талдау әдісі

    1. Объектіні кейбір басқаратын және бақылайтын факторлардың ықпалының нәтижесінде объектінің қызметі мен жүріс-тұрысының сандық және сапалық өзгерістерінің көрсеткіші туралы ақпарат алудың тәсілі – бұл:

    1. Сұхбатнама

    2. Бақылау

    3. Верификация

    4. Анкеттеу

    5. Эксперимент

    1. Әлеуметтану тұрғысынан қоғам дегеніміз – бұл:

    1. бір аймақты мекендеген және бір тілде сөйлейтін, бір этносқа жататын адамдардың үлкен тобы

    2. өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында адамдардың тарихи формаларымен біріккен жиынтығы

    3. бір елде өмір сүретін адамдардың жиынтығы, олардың қатынастары

    4. ортақ мүддемен біріккен адамдар жиынтығы, олардың өмір сүру үлгісі

    5. өмірде рухани тұрғыдан ортақ мақсатпен біріккен адамдардың тобы

    1. Бұл ғалымдар 1967 жылы әлеуметтік біріктірудің: тұрақты аумақ, өзін-өзі өндіру, жоғары дамыған мәдениеттің болуы және саяси тәуелсіздік сияқты жағдайларын анықтап, оны қоғам деп есептеуді ұсынды:

    1. Марш Р., Шилз Э.

    2. Уатт Д., Белл Д.

    3. Боултон М., Фултон Р.

    4. Тейлор Ф., Смолл А.

    5. Парсонс Т., Мертон Р.

    1. Қоғам дамуының негізгі жолдары:

    1. Революциялық

    2. Эволюциялық

    3. Реформалық

    4. революциялық пен эволюциялықтың үйлесімділігі

    5. Секіріп өту жолы