Файл: Лекция менеджмент басару туралы ылым менеджмент ксіби ызметті ерекше трі ретінде.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.12.2023

Просмотров: 145

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Жекеадамдарғажүктелетінтапсырмалар – күнделікті шаруашылық; кешенді істерге дайындық; арнайы орындалатын іс-əрекеттер; жекеленген мəселелер. Жекелепберілмейтінміндеттер: басшы қызметі; мақсатты айқындау; мектеп стратегиясына орай шешім қабылдау; нəтижеге бақылау салу; қызметкерлерге басшылық, оларды еңбекке ынталандыру; аса маңызды міндеттер; тəуекелдікті талап ететін жоғары дəрежелі тапсырыстар; тосын, қалыптан тыс іс-шаралар; түсіндіріп, қайта тексеріп жатуға мерзімі тығыз қауырт жұмыстар; жоғары сенімділікті қажет етуші қатқыл тапсырыстар.

Мұғалімге жеке тұрғыдан қарау принципi.Басқару принципі – қойылған мақсатқа жету үшін басшылыққа алынатын негізгі ереже, қағида.

Мұғалімгежекетұрғыданқараупринципі – мұғалімді жеке тұлға ретінде тану:

1) Мұғалімге ешқашан дауыс көтермеу, олардың ар-намысына тимеу. Мұғалімдермен ұдайы іскер, ілтипатты қарым-қатынаста ұстау.

2) Жұмыс күші (мұғалімнің жұмыс уақыты біткенге дейін) мұғалімге ешқандай ескертулер жасамау, әсіресе сабақ барысында.

3) Сабаққа қатысқанда мұғалімнің жетістіктері мен жіберген кемшіліктеріне әділ баға беру.

4) Сабақты талдағанда ұдайы сабақтың жетістігінен, мұғалімнің қол жеткен табыстарынан бастаған жөн.

5) Ең алдымен мұғалімнің жетістігін айтып, соңында жіберген кемшіліктерді көрсеткен жөн.

6) Сабақты талдағанда, мұғалімнің жұмысына баға бергенде мұғалімнің жеке басының ерекшеліктерін (менез-құлқын, қабілеттерін) ескеру.

7) Сіздің айтар сөзіңіздің мұғалім жүрегіне қалай әсер ететінін алдын-ала болжай алу.

8) Мұғалімнің көңіл-күйіне, денсаулығына зиян келтірмейтіндей сөз жолдарын, әдіс-тәсіл, амалдарын іздестіру.

9) Мұғалімді толық, сөзінің соңына дейін тыңдап алуға тырыс.

10) Қандай жағдайда да сабырлық, төзімділік сақта.

11) Өзінің жеке басының үлгісі арқылы мұғалімді жауапкершілікке, іскерлікке үйрет.

12) Берген сөзіңде тұр, уәдеңді орында, әділ бол.

Тұлғалық ынталандыру принципі. Мұғалімнің, оқушының әрбір іс-әрекеті ынталандыру қажет. Себебі мұғалімге әрі материалдық, әрі моральдық жағынан ынталандыру ауадай қажет. Мұғалім өз еңбегінің әділ бағалауын көргенде оның жұмысқа деген көзқарасы, ынтасы, талпынысы артады. Мұғалім жұмысты ерекше ыждахатпен істейді, табысты еңбек етуге тырысады. Мұғалімді ынталандыру принципі – сапаға жетудің бірден бір құралы.


4. Орталықтандыру мен жекеленуді саналы түрде үйлестіру. Жеке басқару мен ұжымды басқарудың бірлігі.

Бұл принципті ұстанудағы мақсат – біртұтас педагогикалық процесті басқару барысында субъективизм мен əміршілдікке жол бермеу. Орталықты басқару мен өзіндік басқаруды оңтайлы үйлестіру əкімшілік жəне қоғамдық органдар басшыларының іс-əрекетін мектептің бүкіл ұжымы мүддесіне орай жүргізілуін қамтамасыз етеді; басқару шешімдерін талқылау жəне қабылдауды, кəсіби деңгейде іске асыруға жағдайлар жасайды; жүйедегі барша құрылымдық бөлімдерді өз жұмыстарында бірін-бірі қайталаудан құтқарып, əрекеттерін жоғары деңгейде орайластырып баруға мүмкіндік береді.

Жеке басқару жəне ұжымдасқан жетекшілік бірлігі. Бұл принципті ұстанудағы мақсат – біртұтас педагогикалық процесті басқару барысында субъективизм жол бермеу. Ұжымдасқан жетекшілік сонымен бірге тапсырылған іске деген әрбір ұжым мүшелерінің жеке жауапкершілігін арттырады. Ал, жеке басқару тəртіп жəне жауапкершілікті қамтамасыз етіп, педагогикалық процесс қатысушыларының өз өкілеттіктерін нақты шектеп, ретімен орындап жүруін қадағалайды.

ЛЕКЦИЯ 7.

МЕКТЕП БАСҚАРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ НЫСАНЫ

РЕТІНДЕ

1. «Жүйе» түсінігінің анықтамасы және оның негізгі қасиеттеріне сипаттама (тұтастық және бөлінушілік, тұрақты қарым-қатынас болуы, пайда (эмерджентность), синергетикалылық, мультипликативтік).
Қазіргі кезеңде мектепті басқару педагогикалық құндылықтары басшылыққа алады. Басқару қызметі процесінде менеджер басқарудың жаңа теориясы мен тұжырымдамасын игеріп, ептілік пен дағдыларды меңгереді. Ал практикалық қызмет барысында олардың қаншалықты маңыздылығына баға беріледі. Қазіргі кезде басқару тиімділігін арттыруда білім, идея, тұжырымдама сияқты басқаруға қатысты педагогикалық құндылықтар үлкен маңызға ие болуда.

Педагогикалық жүйені басқарудың құндылықтары сан алуан:

  • әртүрлі деңгейдегі тұтас педагогикалық процесті басқарудың мәні мен маңызын ашатын құндылық мақсаттары;

  • білім жүйесін басқару мақсаты, мектепті басқару мақсаты, тұлғаның өзін-өзін тәрбиелеу, өзін-өзі дамытуын басқару және бағалау;

  • құндылық білімдер басқару саласындағы мектептің мәні мен маңызын ашады;

  • құндылықтар басқару қызметке реттеушілік сипат береді.


Құндылық-қатынастар педагогикалық жүйеге қатысушылар арасында өзара байланыстың, кәсіптік қызметке, өзіне деген қатынастың педагогикалық ұжымдағы және тұлғааралық қатынастардың мәнін ашады.

Құндылық сапалар басқарудың субъективтілігі ретінде басқарушы-менеджердің дербестік, тұлғалық, өзара қарым-қатынастық қасиеттерінің көптүрлілігінің мәнін ашады. Ол сапалар басшының өз қызметін болжап, оның салдарын алдын ала көре білу қабілеті, өз әрекеті мен мақсатын өзгелердің әрекетімен, мақсатымен салыстыра білу қабілеті, ынтымақтастыру және бірлесе басқару қабілетінен көрінеді.

Мектеп басшысының басқару мәдениетінің тұлғалық шығармашылық компоненті педагогикалық жүйені басқаруды шығармашылық іс-әрекет ретінде қарастыруы арқылы ашылады. Басқару қызметінде мектеп директоры тұлға, басшы, ұйымдастырушы және тәрбиеші ретінде өзін-өзі танытады.

Жүйе – бір-бірімен қарым-қатынаста және байланыста болатын, сөйтіп белгілі бір тұтастық, бірлестік құратын көптеген құрамдас бөліктер жиынтығы.

Эмердженттік немесе  эмергенттік (ағылшын   сөзі: emergent –кенеттен пайда болатын) – қандай да бір жүйеге тән ерекше қасиеттері, бірақ оның жеке элементтеріне тән емес.

Синергия ( ынтымақтастық, ықпал ету, көмек беру, қауымдастық, бірге жұмыс жасау) – екі немесе одан да көп фаторлардың бірігуінен күшейтетін эффект беретін өзара әрекеттесушілік.

ЛЕКЦИЯ 8.

МЕКТЕПТІҢ ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСІН ДИАГНОСТИКАЛАУ

1. «Диагностика» ұғымының мәні, «Педагогикалық диагностика» түсінігі, тұтас педагогикалық үдеріс (ТПҮ) диагностикасы. Педагогикалық диагностика соңғы уақытта іс-әрекет нысаны және мұғалімді басқару принципiн қарастырып келеді.

«Педагогикалық диагностика» ұғымын 1968 жылы бір ғылыми жоба аясында медициналық және психологиялық диагностикамен ұқсата отырып К.Ингенкамп ұсынды.

Психологиялық-педагогикалық зерттеулерде құрылым, функция, міндеттер және педагогикалық диагностика бағыттары анықталады (Б.С.Кобзарь, Л.И.Катаева, Е.А.Берулова, Б.П.Макарова, Б.П.Битинас, В.П.Симонов және т.б.).

Б.П.Битинас педагогикалық процесс жағдайының оңтайлы жинақталған көрсеткіштерін айқындайтын ғылыми бағыттағы педагогикалық диагностиканың негізгі міндеттерін анықтады.


Педагогикалық диагностика – сипаттама үшін аса қажет білім мен іс-әрекеттің жиынтығы және педагогикалық процесс жағдайы себеп-салдарын анықтау, мақсаттар арасындағы қарама-қайшылықты және «педагог-оқушы» жүйесі мүмкіндіктерін анықтау (В.К. Омарова).

Білім беру қызметі – білім беру субъектілерінің мақсатты, педагогтік негізделген, дәйекті өзара іс-қимылы барысында жеке адамды оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттері шешілетін процесс.

Дәстүрлі білім мен қабілеттілікті тексеруге қарағанда, диагностикаға кең әрі терең мағына енеді. Тексеру нәтижелерді тек атап кетеді, оның қайдан пайда болғанын түсіндірмейді. Диагностикалау қорытындының қай жолмен, қандай нұсқалармен байланысты екенін қарап, оқыту құрылымының серпімділігін, процестердің басын ашады. Диагностикалаудың ішіне бақылау, тексеріс, бағалау, статистикалық мағлұматтардың жиынтығы, оның талдауы, серпімділігі, жағдайдың әрі қарай дамуын болжау кіреді. Осылай, педагогикалық диагностиканың үндеуі біріншіден, жеке оқыту процесін оңтайландыру; екіншіден, қоғам мүдделерін сақтай отыра оқытудың нәтижелерін дұрыс анықтау, үшіншіден, осы критерийлерді қолдана отырып, тәрбиеленушілердіәртүрлі курстарға жіберу.

Педагогикалықдиагностиканыңзерттеуобъектісіпедагогикалықпроцессболыптабылады.
 Педагогикалық диагностикалау педагогикалық процестегі өзгерістерді оқушы бойындағы өзгерістермен байланыстыра болжайды (1-сурет).