Файл: Келісілді бекітілді Ебекті орау жніндегі укілетті йымны бас дрігері адам.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.12.2023

Просмотров: 28

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

КЕЛІСІЛДІ: БЕКІТІЛДІ:

Еңбекті қорғау жөніндегі уәкілетті Ұйымның бас дәрігері

адам

______________________________ _____________________________

(қолы) (тегі, инициалдары) (қолы) (тегі, инициалдары)

_____________________________ ______________________________

(күні) (күні)

Санитаркаға арналған еңбекті қорғау жөніндегі

________НҰСҚАУЛЫҚ


1-тарау. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ БОЙЫНША ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР

1.Санитарка ретінде өз бетінше жұмыс істеуге 18 жасқа толған, белгіленген тәртіппен алдын ала (жұмысқа орналасу кезінде) және мерзімдік (еңбек қызметі кезінде) медициналық қарап-тексеруден өткен адамдар жіберіледі.

Еңбекті қорғау бойынша қайталама нұсқама кемінде алты айда бір рет өткізіледі.

Санитарканың электр қауіпсіздігі бойынша 1-тобы болуы керек.

2.Санитарка:

  • заңнамада, ұйымның ішкі еңбек тәртібі ережелерінде белгіленген еңбек және демалыс режимін, еңбек тәртібін сақтауға, еңбекті қорғау, жеке гигиена ережелері талаптарын орындауға;

  • өрт қауіпсіздігі талаптарын орындауға, өрт кезіндегі іс-қимыл тәртібін білуге, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалануды білуге;

  • темекі шегуге арналған арнайы орындарда ғана темекі шегуге;

  • жазатайым оқиғалар кезінде алғашқы көмек көрсету амалдарын білуге;

  • қызмет меңгерушісіне немесе жабдыққа техникалық қызмет көрсететін адамдарға жабдықтың және құралдардыңақаулары туралы хабарлауға;

  • мекеме аумағында, өндірістік, қосалқы және тұрмыстық үй-жайларда еңбекті қорғау талаптарын, сондай-ақ тәртіп ережелерін сақтауға;

  • жұмыс орнын жинақы ұстауға;

  • заңнамада белгiленген тәртiппен медициналық қарап-тексеруденөтуге;

  • қызметтік міндеттерін ұқыпты орындауға;

  • жабдықтар мен құралдарды өндіруші зауыттың нұсқауларын қатаң сақтап пайдалануға;

  • жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын орындалатын жұмыстың жағдайлары мен сипатына сәйкес дұрыс қолдануға міндетті.

3.Жұмысты орындау кезінде санитаркаға келесі қауіпті және зиянды өндірістік факторлар әсер етуі мүмкін:

  • жабдықтың, құралдардың, құрылғылар мен мүкәммалдың беттеріндегі өткір жиектер, қылаулар және кедірлер;

  • жұмыс аймағының жоғары не төмен ауа температурасы;

  • жұмыс аймағы ауасының қатты шаң болуы;

  • жұмыс аймағының ауасында зиянды химиялық заттардың концентрациясының жоғары болуы;

  • электр тізбегіндегі кернеу мәнінің жоғары болуы, ол адам денесі арқылы тұйықталуы мүмкін.


4.Санитарка әсер ететін қауіпті және зиянды өндірістік факторларды ескере отырып«Алуан түрлі экономикалық қызмет ұйымдарының жұмыскерлеріне арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру нормаларын бекіту туралы» ҚР ДСӘДМ 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 943 бұйрығына сәйкес жеке қорғаныс құралдарымен (бұдан әрі – ЖҚҚ) қамтамасыз етілуі тиіс.


р/с №

Атауы







Санитарка болып жұмыс істегенде:




1.

Бактерияға қарсы және антистатикалық сіңдіруі бар костюм

1 жылға 4 бұйым

  1. 2.

Бактерияға қарсы және антистатикалық сіңдіруі бар бас киім

1 жылға 4 бұйым

  1. 3.

Қарап-тексеруге арналған медициналық қолғаптар

1-ші шешкенге дейін 1 бұйым

  1. 4.

Үш қабатты медициналық маска

1-ші шешкенге дейін 1 бұйым

  1. 5.

Табаны резеңкеден жасалған туфли немесе тәпішке

2 жылға 1 жұп

6.

Дезинфекциялаушы құралдармен жұмыс істегенде қосымша:




  1. 7.

Көкірекшесі бар су өтпейтін алжапқыш

1 жылға 4 бұйым

  1. 8.

Су өтпейтін материалдан жасалған жеңқаптар

1 жылға 4 бұйым

  1. 9.

Қорғаныс көзілдірігі

тозғанға дейін 1 бұйым

  1. 10.

Респиратор

тозғанға дейін 1 бұйым


5.Үй-жайды жинау кезінде санитарка тек арнайы киіммен жұмыс істеуге, жеке гигиена ережелерін қатаң сақтауға, жұмысты орындағаннан кейін қолды жылы сумен сабындап жууға міндетті. Қолды жуу үшін тез жанғыш заттарды немесе басқа сұйықтықтарды пайдалануға тыйым салынады.

6. Су ішуге химиялық ыдыстарды пайдалануға және тамақты белгіленбеген жерлерде ішуге болмайды.

7. Жұмысты мас күйде, есірткі және уытты затты қолданған күйде орындауға жол берілмейді. Жұмыс уақытында және жұмыс орнында спирттік ішімдіктерді ішуге, есірткі, уытты және психотроптық заттарды пайдалануға қатаң тыйым салынады.



8. Санитарка еңбек шартында көзделген жұмысты орындауға, салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету ісінде жұмыс берушіге көмек көрсетуге және ынтымақтасуға, өзінің тікелей басшысына немесе басқа лауазымды тұлғаға жабдықтың, құрал-сайманның, құрылғылардың, қорғаныс құралдарының ақауы, денсаулығының нашарлағаны туралы дереу хабарлауға міндетті.

9. Жұмыс барысында аппараттардың, аспаптардың және жабдықтардың жұмысында кемшіліктер мен ақаулар анықталған жағдайда санитарка бұл туралы қызмет меңгерушісіне немесе ұйымның басқа лауазымды тұлғасына хабарлауға міндетті.

10. Осы нұсқаулықтың талаптарын орындамаған қызметкерлер заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
2-тарау. ЖҰМЫСТЫ БАСТАР АЛДЫНДАҒЫ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ БОЙЫНША ТАЛАПТАР

11.Жұмысты бастар алдында жеке қорғану құралдарының жұмысқа жарамдылығын тексеру, арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын кию керек.

12.Жұмысты бастар алдында санитарка:

- қажетті құрал-жабдықтардың, жуғыш және дезинфекциялаушы құралдардың болуын тексеруі;

- тазартылатын беттер мен едендердің жағдайын тексеруі, оларға майлар, химиялық заттар, шыны сынықтары және басқа да қауіпті заттар төгілген болса,оларды барлық сақтық шараларын сақтап, алып тастауы;

- жинау орындарындағы жарықтандырудың сәйкестігін, қорғалмаған саңылаулардың жоқтығын, шұралардың, шүмектердің жұмысқа жарамдылығын, сүртетін материалдарда және еден жуу құралдарында өткір және тесіп өтетін заттардың жоғын тексеруі;

- үй-жайды жинауға арналған мүкәммалдың барын тексеруі керек. Шелектер, щеткалар, шылапшындар және басқа да мүкәммал таңбалануы және бөлек үй-жайларғабекітілуі керек;

- қолданылатын қырғыштардың, щеткалардың, қалақтардың, шүберек ұстағыштардың, жүк арбаларының, баспалдақтардың және жұмысқа қажетті басқа да құралдар мен материалдардың жұмысқа жарамдылығын тексеруі керек.

13. Еден жууға арналған шылапшындар мен шелектерде«едендерге арналған» деген жазу болуы керек, оларды арнайы бөлінген сақтау орындарында сақтайды.

14. Әжетхананы тазалауға арналған мүкәммал таңбалануы және боялуы керек, оны басқа үй-жайларды тазалау мүкәммалынан бөлек сақтайды.

15. Санитарка жұмысты бастауға 30 минут қалғанда бактерицидтік шамдарды қосуы керек.

16. Үй-жайды жинауды бастар алдында санитарка орындықтарды, кілемшелерді, торларды және басқа заттарды алып тастауы керек. Ылғалдыжинаудың алдында қалақты пайдаланып, сыпырғышпен немесе щеткамен еденнен өткір және тесетін заттарды алып тастау керек.


17. Үй-жайды жинауға арналған керек-жарақтардың ақауы анықталғанда,олар таңбаланбағанда және қажетті түстерге боялмаған жағдайда жұмысқа кірісуге тыйым салынады.

18. Еңбек қауiпсiздiгi талаптарының анықталған бұзушылықтары өз күшімен жойылуы тиiс, ал мұны жасау мүмкiн болмаған жағдайда санитарка бұл туралы қызмет меңгерушісіне хабарлауға мiндеттi.
3-тарау. ЖҰМЫС КЕЗІНДЕГІ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ БОЙЫНША ТАЛАПТАР

19. Жұмыс кезінде санитарка қауіпсіздік техникасын сақтауға, жұмыста жарамды мүкәммалды пайдалануға және оны мақсатына сай қолдануға міндетті.

20. Тасымалданатын және жиналатын баспалдақтарды пайдаланып жұмыс істеген кезде олардың жарамдылығын және өздігінен қозғалуынан сақтайтын құрылғылармен жабдықталуын қадағалау қажет. Баспалдақтардың табандарында резеңке ұштар болуы немесе резеңкемен жабылуы керек.

21. Тиеу-түсіру жұмыстары жүргізілетін орындарды жинауға тыйым салынады. Санитарка люктердің, баспалдақтардың, есіктердің және түсетін жерлердің маңынжинағанда өте абай болуы керек.

22. Крандар мен шұралар біркелкі, серпілмей және күшсіз ашылуы керек. Қабырғаларды, терезелерді және басқа құрылымдарды дымқыл тазалау кезінде электр аспаптар мен құрылғыларды желіден ажырату қажет. Электр механикалық жабдықтар орнатылған үй-жайларды жинағанда оны электр желісінен ажырату керек, жабдықтың қозғалатын бөліктері толық тоқтаған кезде жинау қажет.

23. Санитарка электр аспаптарын, шамдарды, желдеткіштерді электр желісінен ажыратқаннан кейін сүрту керек. Электр қалқандарды, розеткаларды, ажыратқыштарды тек құрғақ шүберекпен сүрту керек.

24. Үстелдер мен басқа да жиһаздарды жинағандаорнықсыз және құлауы мүмкін заттарды алып тастау қажет. Үстел беттерін тазалау кезінде оларда өткір және тесетін заттардың жоқтығына көз жеткізу керек, салбырап тұрған электр және телефон сымдарын аяқпен іліп алмау керек.

25. Жуғыш және дезинфекциялаушы ерітінділер мен құралдарды дайындау кезінде санитарка ерітінділердің белгіленген концентрациясын және 50° С аспайтын температурасын сақтауы керек. Дезинфекциялаушы және жуғыш заттардың теріге және дененің шырышты қабаттарына тиюіне жол беруге болмайды.

26. Дезинфекциялаушы және жуғыш құралдармен жұмыс істегенде санитарка резеңке қолғап киюі керек.

27. Есік төсемін тазалағанда және жуғандаесік жабық немесе сыналанған болуы керек,бұл ретте шығып тұрған шегелер мен басқа да үшкір заттардың жоқтығына көз жеткізу керек.


28. Терезелерді тазалау және жуужұмыстарын орындағанда биіктіктен құлаудан сақтайтын құралдарды (сақтық белдіктері немесе арқандар) пайдалану, терезе жақтауларының ақаусыздығы мен беріктігін, сынық әйнектердің жоқтығын тексеру қажет.

29.Терезелерді жуғанда жәшіктерді, тақтайшаларды және басқа да заттарды тіректер ретінде пайдалануға, са ағызғышқа тұруға, терезелердің сыртқы әйнегін ашық форточкалар мен фрамугалар арқылы сүртуге болмайды. Жарықтары бар әйнекті жууға болмайды. Шыны беттерді жуғанда оларды қатты басуға болмайды.

30. Сүйеп қоятын баспалдақпен жұмыс істегенде баспалдақты витрина шынылары мен терезе жақтауларына тіреуге тыйым салынады. Баспалдақтардан жұмысты екі жұмыскер орындайды, олардың біреуі баспалдақты ұстап тұруы керек.

31. Жабдықтың үстіне шүберек қоюға, қоқыс жәшігіндегі қоқыстарды қолмен нығыздауға, жабдықтың қоршалмаған ток өткізетін бөліктерін, ажыратқыштың қозғалатын бөліктерін, ашық электр сымдарынқолмен немесе шүберекпен ұстауға тыйым салынады.

32. Электр жабдығының электр іске қосу аппаратурасын, электр сымдарын және электр қозғалтқыштарын дымқыл тазалауға тыйым салынады.

33. Ақаулы электр құрылғыларын (қайнатқыштарды, жылытқыштарды, электр плиталарын және басқаларды) электр желісіне қосуға, электр аппаратурасына күтім жасауға, электр аппаратурасына сымдарды қосуға және ажыратуға тыйым салынады.

34. Жұмыстарды орындау кезінде:

- қосулы аспаптар мен жабдықтарды қараусыз қалдыруға;

- қолданылатын препараттардың дәмі мен иісін көруге;

- заттаңбасы жоқ, сондай-ақ зақымдалған қаптамадағы, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен препараттарды сақтауға және пайдалануға;

- ұйымның аумағында қоқыс пен басқа заттарды жағуға;

- желдету, сумен жабдықтау және кәріз жүйелері өшіп тұрғанда жұмыс істеуге тыйым салынады.

35. Санитарка қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеудің барлық талабын сақтауы тиіс.

36. Физиотерапия, рентген кабинеттерін және клиникалық-диагностикалық зертхананы жинағанда желілік ажыратқышты өшіру қажет.

37. Рентген кабинетінде жұмыс істегенде қорғасынды бейтараптандыру үшін санитарка апта сайын аппаратураның бәрін сірке қышқылының 1% ерітіндісімен сүртуі керек. Рентген кабинетін күнделікті жинауды рентгендік зерттеулер аяқталғаннан кейін ғана жүргізу керек.

38. Жабдықтың жұмысында ақау, қауіпті немесе авариялық жағдай туындаған кезде жұмысты тоқтатып, бұл туралы қызмет меңгерушісіне немесе ұйымның басқа лауазымды адамына хабарлау қажет.