Файл: Келісілді бекітілді Ебекті орау жніндегі укілетті йымны бас дрігері адам.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.12.2023
Просмотров: 29
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
4-тарау. ЖҰМЫС АЯҚТАЛҒАННАН КЕЙІНГІ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ БОЙЫНША ТАЛАПТАР
39.Жұмыс аяқталғаннан кейін санитарка:
- электр жабдығын, құрылғыларды қуат беруші кабель арқылы желіден ажыратуға;
- құрал-саймандарды, құрылғыларды сақталатын орындарына қоюға;
- санитариялық-гигиеналық киім мен басқа да жеке қорғаныс құралдарын шешіп, сақтау орындарына қоюға;
- бір реттік қорғаныс құралдарын кәдеге жаратуға тапсыруға;
- қызмет меңгерушісіне жабдықты пайдалану кезінде анықталған кемшіліктер және еңбек қауіпсіздігіне әсер ететін басқа да факторлар туралы хабарлауға;
- қолды жылы сумен сабындап жууға, қажет болған жағдайда зарарсыздандыратын және басқа жуу құралдары мен кремдерін қолдануға міндетті.
5-тарау. АВАРИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДАҒЫ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ БОЙЫНША ТАЛАПТАР
40.Санитаркажұмысты орындауды тоқтатуға және электр жабдықтарын, аппараттарды, құрылғыларды тоқтан ажыратуға міндетті:
- қуат беру сымдарының үзілгені анықталғанда, жерге тұйықтау бүлінгенде және жабдықтар, аппараттар, аспаптар тағы басқа түрде зақымдалғанда;
- электр жабдығы қысқа тұйықталғанда және ол тұтанғанда;
- өрт болғанда немесе жазатайым оқиға орын алғанда.
41.Электр сымдары, жабдықтар жанғанда және осыған ұқсас оқиғалар кезінде электр қуатын өшіріп, көмірқышқылды немесе ұнтақты өрт сөндіргіштерді пайдаланып, қолда бар өрт сөндіру құралдарымен өртті сөндіру шараларын қолдану қажет.
Кернеу астында тұрған электр жабдығын сөндіру үшін көбікті өрт сөндіргіштерді және суды пайдалануға болмайды.
42. Өрт болған жағдайда тартып-сорғыш желдету жүйесін өшіру, өрт туралы дереу қызмет меңгерушісіне және өрт сөндіру бөліміне оның нақты орнын айтып хабарлау керек, басқаларға ескертіп, қажет болған жағдайда адамдарды қауіпті аймақтан шығару керек.
43. Желдету, сумен жабдықтау, кәріз жүйелерінің жұмысында технологиялық операцияларды орындауға кедергі келтіретін ақаулар болған жағдайда жұмысты тоқтатып, бұл туралы қызмет меңгерушісіне хабарлау қажет.
44.Өндірісте жазатайым оқиға болған жағдайда:
- зардап шегушіге жарақаттайтын факторлардың әсер етуінің алдын алу шараларын жедел қабылдау, зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету, оқиға орнына жедел жәрдем шақыру;
- болған оқиғаны қызмет меңгерушісіне немесе жауапты (лауазымды) адамға хабарлау;
- тергеу басталғанға дейін, егер бұл адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмесе, оқиға орны қалпының сақталуын қамтамасыз ету керек.
НҰСҚАУЛЫҚТЫ ӘЗІРЛЕГЕН:
КЕЛІСІЛДІ: