Файл: аза тілі мен дебиеті пнінен 4тосан бойынша жиынты баалау тапсырмалары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.12.2023

Просмотров: 16

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Сынып: 11 “А” “Б”

Оқу мақсаты:

11.3.6.1

11.4.2.1

қажетті ақпаратты орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп баға беру, өзіндік көзқарасын жүйелі, дәлелді жеткізу.

мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазуды, мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білуді, жазба жұмыстарын орынды қолдануды көрсету.

I.Тыңдалым. Мәтінді тыңдап, берілген тапсырмаларын орындаңыз. 10б

Бір минут – біреулер үшін еш маңызы жоқ зымырап айналған сағаттың ұзын тілі. Ал біреулерге жаңа мүмкіндіктің бастауы болса, бір кісілердің өмірінің соңғы сәті. Иә, әр минуттың өзіндік орны, әр секундтың маңызы бар. Себебі бай болсаңыз да, патша болсаңыз да 1 минутты сатып ала алмайтыныңыз анық.
.... Бізден екі көше әрі тұратын, үнемі ұзын көк шапан жамылып жүретін ауылдас кісінің айтқан әңгімесі әлі күнге ғибрат болып келеді. Қай қала, кімдермен болған қақтығыс екені есімде жоқ. Әйтеуір жолдасы екеуі бастарынан өткен жағдайды былай баяндайтын:
– «Алыс-жақын араласатын достар бас қосып, отырыс­ ұйымдастырдық. Тіпті, арасында бірнеше жылдар бірін-бірі көрмеген жігіттер де бар. Не керек, ­отырысымыз ұзаққа созылды. Түн ортасынан ауып та кетті. Ауыл алыс болғандықтан, отырыстан бірінші біз қайтатын болдық. Түн тас қараңғы. Тәуекелге салып, Хамза екеуміз ауылға қарай бет алып келеміз. Бар ойымыз – таң бозармай ауылға жету.
– Түн қараңғысында қайдан шыққаны белгісіз ірі-ірі жігіттер тап болды. Арасынан атаманы шығып, мінезін көрсетпекші. Қасымдағы Хамза қысқа бойлы, арық, әлжуаз болса да, сөзге шебер етін. Арыстанша ақырып келген жігіттің түріне қарап күліп жіберді. Оны көрген ол одан сайын ашулануда. Ақыры атаман қол көтеріп, әлімжеттік танытайын деп жатқанда: «Тоқта!» – деп саңқ етті. Ана жігіт қанша ірі болса да, Хамзаның дауысына кідіріп қалды. Еш асып-саспастан Хамза қолындағы сағатын шешіп, ақырын ғана бұзақы жігіттің қолына ұстатты. «Мықты болсаң, мына сағатты кері айналдыр, қолыңнан келмейді ме, уақытыңды пайдалы нәрсеге жұмса, сен қайдан білесің, біреулер үшін қазір таң атпайды ғой», – деген бойда маған қарап: «Кеттік», – деді. Ана жігіт тұрған орнында қазықша қағылды. Сөз сүйектен өтеді деген осы болар. Жақында сол жігітті көрдім. Басында – тақия, қолында – тәспі. Қасымнан өте шықты, танымады-ау шамасы. Бірақ мен оны анық таныдым», – деп сөзін қорытындылаған еді.

Иә, уақыт қолға алған құм секілді. Алақаныңда қалай таусылғанын өзің де сезбей қаласың. Уақытын текке өлтіріп, құмар ойын ойнап, ішімдікке салынып жүргендер үйіндегі аяулы жарына, мәпелеп өсірген ата-анасына қаншалықты уайым артып жатқанын өзі білсе ғой, шіркін! Бос уақыттың қадірін кеш түсініп, өкініп жатқандарды көз көріп, құлақ естіді. Бірақ не пайда?
Ақын Абай Құнанбайұлы он бесінші қара сөзінде ­­­­­­­ «...Егер­­­­­­де­­­ есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәрте, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Күнімізді қалай өткізіп жүрміз? Бүгін кімге қандай жақсылық жасадыңыз? Өкінбестей етіп өткіздіңіз бе? Ата-ана алдындағы қарызыңызды өтей алдыңы ба?

  1. тапсырма. Мәтінге тақырып қойыңыз. 1б

  2. тапсырма. Негізгі идеясын әрі көтерілген мәселесін анықтаңыз. 2б

  3. тапсырма. Мәтін бойынша кестені толтырыңыз. 6б

    Атауы

    Кейіпкерлер

    Қасиеттері қалай суреттеген?

    Кейіпкерлерге берілетін баға

    Мақал, даналық сөз келтіру, тұжырымдау
















  4. тапсырма. “Тез үйреніптез жоймажас уақытта көңіл - гүл” - кімнің сөздері, табыңыз( не туралы айтылған?) А) Абай В) Мұхтар С) Мағжан Д) Шәкәрім

II. Оқылым. Берілген мәтінді оқып, тапсырмаларын орындаңыз.

Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білгір жастар, яғни біздер. Қоғамның қозғаушы күші жастар екенін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үнемі айтады. Бүгінгі жастардың ерекше ұрпақ екенін қайталаудан жалықпайды.

Ерік-жігері күшті жастар ел ертеңі мен өз болашағы үшін бүгінгі бос уақытын қалт жібермеуі керек. Бос уақыт көп, жұмысымыз жоқ болып жатса, кінә өзімізден. «Қарны тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын» деп, Абай ақын айтпақшы, расында да еріккен жанның ойына түрлі жамандықтар келіп, жат қылықтарға, қылмысқа бой алдырары сөзсіз.



Уақыт демекші, біз, жастар, осы уақытты қалай пайдаланып жүрміз? Бос уақытымызда қандай іспен шұғылданамыз? Сол секілді қаншалықты тырысқанымызбен уақытты жүйелі пайдалануға дағдыланбай жататынымыз да белгілі. Бос уақытты тиімді пайдаланатын немесе жұмысбасты адамның бөтен пиғылды ойлауға мұршасы да болмайды.

Уақыт қашанда адам баласы үшін қымбат нәрсе болып келеді. Біз әрдайым уақытқа кіріптар екенімізді ұмытпауға тиіспіз. Берілген бос уақытқа бейғам қарамай, кездескен жат қылықтан қашық жүріп, қоғам үшін қандай да бір игі іс жасауға дағдылануымыз керек.

Бос уақыттың жастар өміріндегі рөлі орасан. Жұмыс пен оқудан тыс мезетті тиімді өткізу мақсатында қазір қоғамдық бірлестіктер қандай шаралар атқарып келеді? Жастардың таным-түйсігін арттыру, денсаулығын нығайту, шығармашылыққа баулу жолдарында атқарылатын қызметтер өз үдесінен шығып жүр ме? Бұл ретте қалалық Жастар саясаты басқармасының ұйытқы болуымен Алматыда «Дүйсенбілік футбол» өтіп жүр. Бұл шараның басталғанына биыл – үшінші жыл. Шараның басты мақсаты – базарда қарапайым жұмыс істеп, еңбегін маңдай термен адал тауып жүрген азаматтарға көңіл бөлу, бір сәт қуаныш сыйлау. Футболдан бөлек волейбол ойынын да кіргіздік. Биылдан бастап үстел теннисінен жарыс өткізу жоспарда бар. (249 сөз)

  1. Мәтіннен сөздердің синонимін тауып жазыңыз. 2б

айналысу- .... естен шығармау-.... .

6. Сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап беріңіз.

А) Қолы бос адамдар қандай теріс әрекеттерге барады?

В) Жастар саясаты жастарға арнап қандай шаралар ұйымдастыруда?

С) Ұйымдастырылған шаралардың мақсаты қандай?

III. Жазылым. Екі сұрақтың біреуін таңдап, жауап жазыңыз. Сөз көлемі: 150 -200 cөз. Өз жауабыңызды тиісті стильге, жанрға келтіріңіз. 10б

    1. Қазақстан халқының толерантты болуы саяси мәселелерді шешуге ықпал етеді ме? Ойыңызды дискуссивті эссе түрінде жеткізіңіз. Жазба жұмысында оқшау сөздерді орындықолданыңыз.

    2. Мемлекет қауіпсіздігін сақтауда халықаралық ұйымдардың маңызы қандай? Ойыңызды аргументативті эссе түрінде жеткізіңіз. Жазба жұмысында оқшау сөздерді орындықолданыңыз.

IV.Айтылым. Берілген тақырыптардың бірін таңдап, пікір білдіріңіз.


  1. Қазақстан – толерантты ел.

  2. 2) Уақытты тиімді пайдаланудың себептері.

  3. 3) Мұқағали - поэзияның қайнар көзі.